Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Koterip tasmaldaityn mashinalar.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
12 Мб
Скачать
☆
    1. Қауіпсіз жұмыстарға арналған құралдар (аспаптар).

Жұмыс барысында барлық жүккөтергіш крандары қауіпсіздікті қамтамасыз етуші аспаптармен қондырғылармен жəне сигнализациялау құралдарымен жабдықталуы тиіс. Оларға жататындар: автоматты тоқтау механизмдеріне арналған ажыратқыш қондырғылар; артық салмақтан жебелердің ұшып шығуын (тез жүрісін) өзгерту немесе жүк көтеру механизмін ажырату (өшіру) жолымен сақтандырғыш крандар жүккөтергіштігін шектегіштер; кранға еңкіштігін жəне жүккөтергіштігін көрсеткіштері;

Кранға қауіпті жел жүктеменің (күшінің) жақындағанына жабдықталған сигнал беретін қондырғыларымен жел күші мен жылдамдығын тіркеуші анемометрлер; қауіпті

кернеу сигнализаторлары; қауіпсіздік жөнінде жұмыс істейтіндерге алдын алу ескертуге арналған дыбыстық жəне жарық сигнализациясы.

Жүккөтергіш кранға орнатылған сигнализациялау құралдары мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуші қондырғылар мен аспаптар өздерінің əр түрлігімен қозғалту (əрекетету) принциптері бойынша жəне конструкциялық орындалуы бойынша ерекшеленеді.

      1. Ажыратқыш (бөліп тастаушы) қондырғылар.

Ажыратушы (бөліп тастаушы) қондырғылар белгілі жағдайда (орында) соңғы сөндіргішке əсер етуші иінтірек жүйесін өзімен бірге ұсынады. Оларды міндеті (мақсаты) бойынша қозғалтудың ажыратқыш қондырғыларына (5.9.а - сурет), жебенің ұшып шығуына (5.9.б - сурет) көтеру биіктігіне (5.9.в - сурет) жəне бұрылуына (5.9.г - сурет) бөлуге болады.

Жүккөтергіш кранға орнатылған сигнализациялау құралдары мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуші қондырғылар мен аспаптар өздерінің əр түрлігімен қозғалту (əрекет ету) принциптері бойынша жəне конструкциялық орындалуы бойынша ерекшеленеді.

5.9- сурет. Ажыратқыш (бөліп тастаушы) қондырғылар.

а – қозғалту (жылжыту), б – жебенің ұшып шығуы, в- көтеру биіктігі, г- бұрылу

(бұрылысы) 1- соңғы сөндіргіш; 2- линейка (сызғыш); 3- жебе; 4- тірек; 5 – ілгекті ілме (аспа); 6 -жүкше; 7 – соңғы сөндіргіш контактісі; 8 – кранның бұрылыстық бөлігі (бөлшегі); 9 –айыр (қос тілі); 10 – кранның бұрылмайтын бөлігі.

Қозғалтудың ажыратқыш қондырғылары жүріс арбасы немесе кранға бекітілген соңғы сөндіргіштерінен жəне кран астына орнатылған ажыратқыш сызғыштарынан (тіректерінен) тұрады. Кранның қозғалту барысындағы (5.9.а - сурет) 2 сызғышы (тірек) 1 соңғы сөндіргіш иінтірегіне əсер етеді, соның салдарынан сөндіргіш контактісі электр шынжырын ажыратады.

Жебенің ұшып шығуының ажыратқыш қондырғылары крандарға көтергіш жебесімен орнатылады. (қондырылады) (5.9.б - сурет) (3) жебенің көтеру барысында (4) тіректі (1) соңғы сөндіргіш штогіне басып, сол контакт ажыратылып, жебенің көтеру механизмі тоқтатылады.

Ілгектің көтеру биіктігінің ажыратқыш қондырғылары (5.9.в - сурет) соңғы жоғары жеріне (орнына) оны көтеру барысында (5) ілгекті ілмегімен іске қосылып, осыдан оған орнатылған тірегі соңғы сөндіргіштің (6) жүкшемесіне əсер етіп, жүк шығырының электр қозғалтқышын басқару шынжырына соңғысын (7) контактпен ажыратылады.

Кран бұрылуының ажыратқыш қондырғылары кранның (8) бұралатын бөлігіне орнатылған (1) соңғы сөндіргіштен жəне кранның (10) бұрылмайтын бөлігіне топсамен бекітілген (9) айырдан (қос тілден) тұрады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]