Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Koterip tasmaldaityn mashinalar.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
12 Мб
Скачать
☆
    1. Конвейерлердің иілмесіз тартым элементтері.

Конвейерлердің иілмелсіз тартым элементтері бір-бірінен жұмыс істеу принциптерімен ерекшелінеді.

Бұл машиналардың бөлекше түрлері басқа жүктерге немесе басқа жағдайларға қарағанда жұмысқа лайықталынған. Конвейерлердің бұл түріне, бұрандалы, инерциялы.

Аумақшалы адымдаушы конвейерлер, сонымен бірге тасымалдаушы айналмалы құбырлар жатады.

Бұрамалы конвейерлер төгілмелі жүкті арнаға (9.3а - сурет) бұрама арқылы аралыстырады. Бұраманың негізгі параметрлері (МЕСТ2037-75) стандартталған. Бұрамалы конвейерлердің өнімділігі П=200 т/ч, ал 60 м-ге дейін жетеді. Бұл тасымалдайтын машиналардың айырықша ерекшеліктері болып, олардан құрылымының қарапайымдылығы жəне саңылаусыздығы, əсіресе созылмалы, ыстық жүктерді жылжытуда өте маңызды. Бұрамалы конвейерлердің кемшіліктері, энергияның жоғары шығыны, жүктің ұсақталуы жəне майдалануы.

Инерциялық конвейерлер төгілмелі жəне даналап салынатын жүктерді арнаның немесе құбырдың түбі, бойынша берілген бағытқа қарай жылжыту үшін қызмет етеді. Тасымалдайтын машиналардың инерциялы түрінен тербелмелі (9.3б – сурет) жəне шайқалмалы (9.3в - сурет) конвейерлері кеңінен тараған жүкті тасымалдауды жүкті жүйелі қайта жылжыту немесе жүкті алып жүретін элементтер бойынша жүктің секірілуі болады. Бұл конвейерлердің өнімділігі П = до 300 т/ч дейін, тасымалдау ұзындығы 50 м.

Аунақшалы конвейерлер даналап алатын жүктерді, кесектерді, бөлшектерді т.б. жылжыту үшін арналған. Жүк стационарлы доңғалаққа көшіріледі. Аунақшалы конвейерлерді жетекті жəне жетексіз деп бөледі. Жетексіз конвейерлерде жүк еңіс үстінен өздігінен жүріп қозғалады (гравитациялық конвейерлер) немесе үстіне қойылған сыртқы күштердің əсерінен қозғалады, ал жетекті конвейерлерде ықтиярсыз айналмалы тығыршықтардың күшімен біріктіріледі. Аунақшалы конвейерлердің өнімділігі 1000 т/ч, дейін көтерілуі мүмкін, ал ұзындығы шектеусіз.

Адымдаушы жəне штангалық конвейерлер даналап алынатын жүкті цехтың қойманың бір шетінен жылжыту үшін арналған. Соңғысы цехтың, қойманың еденіне тереңдетіліп салынған тік сызықты жəне көлденең бағытта қайталама үдемелі қозғалысты болғызатын бөрене мен штангалардан тұрады (9.3 д - сурет). Еденде тұрған немесе бағытталған жүк, бөренедегі тіреуіштермен ұсталынып тұрады жəне белгілі бір қашықтықта (адым) алға қарай итереді. Конвейерлердің бұл түрінің ұзындығы 50 м дейін, ал даналап алынатын жүктің массасы бірнеше ондаған тоннаға көтеріледі.

    1. - сурет. Тартым элементтерінің конвейерлердің иілмесіз сұлбасы.

а - бұрамалы; б - тербеткіш; в - шайқалмалы; г - доңғалақша; д - штангалық; 1 - бұрама; 2 - арна; 3 - тербеткіш; 4 –тегіс рессор; 5 –тіреуіш катогы; 6 – қисық шипті шайқалмалы жетек; 7 - аунақшалы; 8 -жүк; 9 - балка-шт

Айналмалы тасымалдаушы құбырлар төгілмелі жүктерді жылжыту үшін арналған. Оларды бұрамалы жəне тегіс қабырғалы деп бөледі. Тегіс қабырғалы құбырлар құрылмалық жағынан бұрамаға ұқсас. Бұрамалы құбырлар онша үлкен емес еңіспен жəне тік сызықпен қондырылуы мүмкін. Олар төменге түскендей, көтеріліпте жұмыс істей беруі мүмкін. Тегіс қабырғалы құбырлар негізінде жантайтылған төмен жəне көлденең қондырылады. Тасымалдау құбырларын цемент зауыттарында, тау жұмыстарында т.б. төгілмелі материалдарды араластыру үшін, кептіру үшін технологиялық құрал-жабдық ретінде қолданылады. Бұл қондырғылардың құндылықтары: құрылмаларының қарапайымдылығы, саңылаусыздығы жəне пайдалануда сенімділігі болып есептелінеді. Кемшіліктері көлденең түйісуде үлкен габариттік өлшемдері жəне жоғары темір сыйымдылығы тасымалдаушы құбырлар 800 - 1500 мм диаметрмен жəне 250м ұзындықта жұмыс істейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]