- •1.1. Базалық көтеру-тасымалдау жабдықтарының даму бағыттары
- •1.2. Полиграфиялық шығын материалдарының, пакеттелген дайын полиграфиялық өнімдердің жəне жүктердің жіктелуі жəне оларға қысқаша шолу жасау
- •1.3. Полиграфия өндірісінде қолданылатын жүк қармау құрылғыларының құрылымдарын жетілдіру
- •1.4. Полиграфия өндірісіндегі көліктік логистика
- •2.1. Жердегі рельссіз көліктің жіктелуі, қолданылуы жəне жалпы мағлұматтар
- •2.2. Арба қозғалысындағы кедергіні анықтау
- •2.3. Тиеу-түсіру машиналары туралы жалпы мəліметтер
- •2.3.1. Қолданылуы жəне жалпы жіктелуі
- •2.3.2. Тиеп-түсіру машиналарының техникалық параметрлері
- •2.4.1. Əмбебап автотиегіштер
- •2.4.2. Жоғары маневрлігі бар автотиегіштер (қысқа базалы)
- •2.4.3. Жетілдірілген өтімділікті автотиегіштер (ұзын базалы)
- •2.5.2. Əмбебап электртиегіштер
2.4.3. Жетілдірілген өтімділікті автотиегіштер (ұзын базалы)
Жаңа модельдердің архитектуралық формасы (2.16-сурет) қазіргі заманғы техникалық эстетика талаптарына сəйкес келеді, жүргізуші орны ыңғайлы, барлық бағыттарда көруі жақсы жəне алынбалы кабинамен жабдықталған. Тапсырыс иесінің қалауы бойынша, автотиегіштер кабиналы немесе кабинасыз түрде шығарылады. Жаңбырлы кездерде немесе суық температурада жүргізушінің жұмыс жағдайын жақсарту шартымен қамтамасыз ететін кабина жылыту жəне желдету қондырғыларымен жабдықталған. Барлық тұтқалар мен басқару басқыштары орындыққа жақын, ыңғайлы
94
2.16-сурет. Жетілдірілген өтімділікті автотиегіш:
1-кабина; 2-жүргізуші орындығы мен басқару пульті; 3-қозғалтқыш; 4-теңгеруші салмақ; 5-артқы басқарылымды белдік; 6-гидрокүшейткішті рульдік басқарылым жүйесі; 7-рама; 8-қозғалу механизмі; 9-алдыңғы жетекші белдік; 10-жүккөтергіш механизмі; 11-еңіс гидроцилиндрі
орналасқан, арқалықтың биіктігі мен еңісі əр жүргізушінің жеке ерекшеліктеріне сай реттеліп отырады. Жұмыс алаңын түнгі уақытта жарықтандыратын күндізгі, түнгі уақыттағы керекті қозғалыстағы жарық сигнализациялық фаралармен қамтылған.
Автотиегіштер артқы белдіктің шасси рамасымен топсалы түрде бекітілген жəне төрттіректі сұлба бойынша құрастырылған. Олар сыңарланған екі басқарылымды артқы, алдыңғы, төрт же-текші дөңгелекті түрде құрастырылған. Тербелмелі артқы белдік тиегіштердің тегіс емес жолдарда жүруін жеңілдетеді жəне бас-қарылымды, жетекші дөңгелектердің жол бетімен жақсы ілінісуін жақсартады.
Шасси рамасы болат беттер мен илемдерден пісірілген жəне бірыңғай шанақты құрайды, оның сыртқы беттері бір мезетте машина көрінісі болып табылады. Пісірілген бет рамаларды қол-дану конструкциясының тұтастығын жəне жүктелу қасиетін, авто-тиегіштердің сыртқы көрінісін жақсартады жəне жүктің қозғалу кезінде алдыңғы жəне артқы осьтеріне салмақтың бірқалыпты та-ралуын қамтамасыз етеді Сипатталған үлгілерде бұл салмақтық таралымы алдыңғы оське шамамен, 45%, артқыға 55% жүктелуді құрайды. Бұл автотиегіштердің жүксіз қозғалыс кезіндегі өтімділігін едəуір арттырады.
95
Тиегіштердің жүккөтеру механизмдері екі түрде жасалады: көтеру биіктігі 3,3 м жəне 5,2 м. Ол сыртқы жəне ішкі рамадан, жүк көтеру ашасынан біржақты қозғалыстағы гидравликалық цилин-дрден жəне шынжырлы жұлдызшалары екі еселі күштелген полис-пастардан тұрады.
Сыртқы рама бағыттаушысы швеллерлі профильді, ішкісі-қоставрлы болады. Роликтің бір ішкі сыңары рама бағыттаушысының төменгі бөлігінде, екінші сыңары – сыртқы раманың жоғарғы бөлі-гінде орналасқан. Рама орын ауыстыру процесінде ролик арасындағы база өзгереді. Ашадағы роликтер мен жүккөтергіш рамасы инелі мойынтіректерде, біржақты тірек роликтері негізгі бағыттаушы раманың шет мойнында орналасады.
Цилиндр көтергіші плунжерлі түрде орындалады. Оған манжет тұрақты қысқышпен бекітілген, ол бекіту жəне маятникті дөңгелек сеператорынан серіппе көмегімен жүзеге асырылады.
Екі жақты қызмет ететін цилиндр еңісі топсалы мойынтіректерде орналастырылады, ол бекітудің ұзақ мерзімділігін қамтамасыз етеді.
Унификацияланған тақталы аша тиегішке əртүрлі жүкқармау бұйымдарымен ауыспалы жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Арнайы тапсырыс бойынша автотиегіштер қалдық газдарды та-зартатын сүзгіштермен жабдықтайды.
Автотиегіштер 40912-01 жəне 4022М үлгілі сырты қысқа базалы, 4081,40822,4018,4008 М – жоғары өтімділікті ұзын базалы, ал 40261 жəне 40271-жүк көтергіші жоғары биік көтерімді, телескоптық ар-найы ұзын базалы түрде орындалған, ол оны əртүрлі əмбебап контей-нерлер мен басқа күрделі пішінді жүктерді тасымалдауға қолдануға мүмкіндік береді (мысалы, авиациялық қозғалтқыштарды), 4075 үлгісі– ұзынбазалы ені жетекші белдікті (артқы мен алдыңғы), бұл оның текшеленген жерлерінде де жоғары өтімділігін қамтамасыз етеді.
4018 жəне 4008М автотиегіш ауыр салмақты жүктерді тасы-малдау үшін жебемен жабдықталады, əмбебап контейнерлерді тасымалдауға мүмкіндік береді, ал гидравликалық грейферлерді жебедегі ілмек орнына жүктемелеу жұмыстарын механизациялау үшін қажет болғанда қолданады, əмбебап тиегіш ретінде пайдала-нылады.
96
Электртиегіштер
Жалпы мəліметтер, қолданылуы, жіктелуі жəне конструкциясы
Жүкқармау айла-бұйымды жердегі қозғалатын көліктік қон-дырғыларға авто-жəне электртиегіштер, электрштабелерлер жата-ды. Өзінің конструктивті ерекшеліктеріне байланысты олар рулонды қағаздарды, сондай-ақ табақ қағаздарды тасымалдауға бейімделген. Жұмыс айла-бұйымдарын ауыстыру мүмкіндігі бұл машиналарды əмбебап етеді. Əр үлгі тиегіші əртүрлі пішіндегі жүктермен жұмыс жасауға арналған.
Авто- жəне электртиегіштер жүк көтергіштігі 0,5…3,0 т дай-ын өнімді тиеп-түсіру, тасымалдау, текшелеп жию жұмыстары қоймаларында тиімді қолданылады, олардың тиімді жүру қашықтығы 60…100 м. Соңғы жылдары жоғарғы маневрлікті жүккөтергіштігі 0,8; 1,0; 1,25 жəне 2 т-ға дейінгі тар өткелді қоймаларда жұмыс жа-сайтын, сондай-ақ жабық вагондарда, автофургондарда, кемелерде жəне т.б. жерлерде жүктемелеу жұмысымен айналысатын шағын өлшемді электртиегіштерге сұраныс өсті. Жүккөтергіштігі 5 т-ға дейінгі электртиегіштердің қолдану аясы əсіресе, контейнерлерді тиеп–түсіруде кеңеюде.
Олардың қолдану аясының кеңеюіне тұрақты техникалық же-тілдіру əсер етуде: қозғалу жəне жүккөтеру жылдамдығының өсуі, қисықтық радиусымен айналуы жəне сыртқы өлшемдерінің азаюы, соның əсерінен өткелдердің керекті өлшемдері едəуір қысқарады, сондай-ақ əртүрлі тез ауыстырылатын жүкқармау айла-бұйым-дарының қолданылуы жəне қызмет ету мерзімі 10 жылға ұзаруда.
Жоғары пайдалану шығыны мен қысқа қызмет ету мерзіміне қарамастан (8 жылға дейін) автотиегіштер кең қолданылады. Бұл мұндай механизмдерде автономды қозғалтқыштардың қолдануымен, олардың қоректену көзіне тəуелді еместігі, əсіресе, машина екі не-месе үш ауысымда жұмыс істеу жағдайымен түсіндіріледі. Жүк көтергіштігі 2 т-дан 10 т-ға дейінгі ашалы тиегіштер, көбінесе, ІЖҚ-нан жабдықталады, бірақ соңғы кездері жүккөтергіштігі 2 т-ға дейінгі аз өлшемді автотиегіштердің жабық вагондар мен қоймаларда қалдық газдарын тазартқыш жүйемен жабдықталған не-месе сығылған газда жұмыс істей алатын түрі де пайдаланылуда.
Электр- жəне автотиегіштер көтеру-тасымалдау жəне қойма-лық жұмыстарда кеңінен қолданылады. Олардың əртүрлері мен
7–1572 97
өлшемдерінің болуы, əртүрлі пайдалану жұмыс жағдайына бе-йімделуіне қажет.
Ашалы тиегіштерді пайдалануда үлкен резервтер қарастырылады. Уақыт бойынша пайдалану коэффициенті ашалы тиегіштерде əртүрлі пайдалану шартына байланысты жүккөтергіштігі бойынша 0,4…0,75 құрайды, яғни бір ауысымдағы жүккөтеруі машинаның орташа массасының номиналдық жүккөтергіштігіне қатынасы 0,4…0,7 пайдалану коэффициентін құрайды (дестеленбеген жүктер үшін – 0,4 …0,7; дестеленген үшін – 0,9). Цех ішіндегі тасымалдауда қолданылатын тиегіштердің орташа жүрісі 25…65 м құрайды, дай-ын өнімді теміржол вагондарына тиеу кезінде 80…100 м, су көлігі паромдарда жүктегенде – 50…150 м құрайды.
Тиегіштерді жүккөтергіштері бойынша пайдалану коэффициенті жүк массасының ұлғаюына, өндірістік емес жүрісінің қысқаруына орай өсуі мүмкін. Ол үшін кəсіпорындарда жүктерді астаулар, контей-нерлер, сондай-ақ арнайы қаптау ыдыстармен (зауыт ішінде, сондай-ақ жалпы мақсаттағы) тасымалдауды қамтамасыз ету керек; жүктерді мейлінше, үлкен етіп қаптап жасау құрылғыларын ұйымдастырып, өндіріске енгізу тиегіштермен тасымалдау жұмыстарын ыңғайлы етеді жəне өнімділігін жоғарылатады.
Тиегіштердің қолданылу тиімділігі, цех ішінде жəне қоймадағы жүк лектерін ғылыми негізделген басқару жүйесімен орындауды көтеру-тасымалдау құрылғыларының жұмысын автоматты түрде реттеу мен бақылау негізінде жасауға болады.
Аккумулятор батареясынан қоректенетін, тұрақты токта жұмыс істейтін электрқозғалтқыштар өздігінен жəне жерде жүретін етіп жасалынады, бұл оларды автономды етеді жəне еркін қозғалуға мүмкіндік береді. Автотиегіштерге қарағанда, олар зиянды қалдық газдарын шығармайды, сондықтан цех ішінде ауа ластанбастан жұмыс жасайды. Зиянды қалдықтар аккумуляторды зарядтау кезінде ғана пайда болады. Бірақ бұл машиналардың кейбір кемшіліктері бар: зарядсыз жүруі шектеулі (7…8 сағ.); үлкен массасы; бағасының жоғарылығы жəне жақсы жолдарды қажет етуі.
