Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bilim_Nazarbaeva-Koteru-tasymaldau.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8 Мб
Скачать
☆

2.1. Жердегі рельссіз көліктің жіктелуі, қолданылуы жəне жалпы мағлұматтар

Полиграфиялық өндірісте əртүрлі жүктердің, шығындалатын материалдың, жартылай жəне дайын полиграфиялық өнімдердің, сондай-ақ дестедегі, тюктегі жəне астаудағы (поддондағы), контей-нердегі жəне т.б. барлық жүктердің орын ауыстыруын, тиеп-түсіруін жəне тасымалдауды қамтамасыз ететін рельссіз көлік кеңінен қолданылады. Олар біраз қашықтыққа тегіс жолмен тасы-малдап, үлкен қойманың өндірістік алаңдарында қызмет атқарады. Рельссіз көлікке əртүрлі жылдам ауыстырылатын, жүк қармайтын айла-бұйымдар, өтімділігі жоғары жəне мобильді дербес жетек-пен жабдықталуы жəне шектелген орынға бекітілуінің болмауы оған əмбебаптық қасиет береді. Мысалы, рельссіз көлік тиеу-түсіру жұмыстарын өзі жүзеге асырады жəне қосымша: жүкті қармау, оны көтеру жəне тасымалдау, итеру жəне босату сияқты операция-ларды орындайды. Жүкқармайтын механизм конструкциясының жетілдіруінің арқасында оның қызметтік мүмкіндіктері: жүкті қозғалту, əртүрлі жазықтықта орын ауыстыру немесе кеңістікте ма-нипуляциялау көбеюде. Кейбір операциялар, көбінесе, толық неме-се жекелей біріктірілген. Операцияларды біріктіру – бұл жүргізуші маманның ептілігіне, жауапкершілігіне жəне машина маневрлігіне тікелей тəуелді еңбек өнімділігін жоғарылататын маңызды фактор [6, 7, 8, 9].

Жекелеген, дара, цилиндрлі, біртекті, сусымалы жүктерді қармау басқа қосымша қондырғысыз, қоректендіргішсіз, өздігінен тиеушілер көмегімен жүзеге асады, ол əсіресе, тоқтаусыз қозғалыстағы қон-дырғының көмегімен іске асырылып, қосымша жұмысшылардың қол жұмысын, тиеушілердің көмегін қажет етпейді.

Шағын көлемді, маневрлі, тиеушінің жоғары механизацияланған жұмыс органдарының пайда болуы, жекелеген дара жүктерді жабық вагондарда, контейнерлерде, автофургондарда, сондай-ақ тар өткелдер мен қозғалуға жағдай жоқ жердегі жұмыстарды механизациялауға мүмкіндік береді.

Рельссіз көліктің конструкциясының өзін жетілдіру (жүргінші бөлік, трансмиссия, жетек, рульдік басқарылым, тежеу жүйесі, т.б.), қызметтік мүмкіндіктерінің кеңеюі, жүк қармайтын айла-бұйым-

66

дардың тез алынып-салынуын қамтамасыз ету оның өнімділігін, маневрлігін, орнықтылығын, өтімділігін, энергия сыйымдылығын өсірді, өз кезегінде оның əмбебаптығын кеңейтуде жəне əртүрлі өндірісте кеңінен қолдануына əкеп соқты. Полиграфиялық өндірісте олардың қолданысы 40%-дан асып түсті [13, 14]. Рельссіз көліктің кемшілігінің бірі – ол тегіс, нығыз жолды керек етуі, егер қозғалыс аккумулятордан қоректенсе, онда көліктің үздіксіз 8 … 9 сағат жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, сонан соң аккумуляторды қайтадан қалпына келтіру (зарядтау) керек.

Жердегі рельссіз көліктер əртүрлі белгілері бойынша төмендегіше жіктеледі.

Қолдануы бойынша:

Жүк көтергіштігі 2 т-ға дейінгі қарапайым арбалар;

Жүк көтергіштігі 0,63…2 т-ға жəне көтеру биіктігі төмен (0,15 м-ге дейін) арбалар;

Жүк көтергіштігі 0,63…1 т., ал көтеру биіктігі жоғары (1,0...1,8 м-ге дейін) арбалар;

Өздігінен жүретін арбалар;

Жүк тиелген арбаларды тартушы;

Қосымша жүк қармау қондырғыларымен жабдықталған ар-балар;

Жалпы қолданысқа арналған ашалы, фронтальді электр-тиегіштер (0,63…10 т);

Ашалы фронтальді контейнерлерге арналған электртиеуіштер (2 т-ға дейін);

Жүк көтергісі бүйіріне орналасқан электртиегіштер (10…30 т);

Фронтальді электрштабелерлер (0,63…2,0 т);

Жүкпен үш жақта жұмыс жасайтын электрштабелерлер (0,63...1 т);

Жалпы қолданысқа арналған ашалы фронтальді автотиегіштер (40 т-ға дейін);

Жоғары өтімділікті, ашалы фронтальді автотиеуіштер (5 т-ға

дейін);

Арнайы ашалы фронтальді автотиеуіштер (7,5 т-ға дейін);

Жүк көтеру құрылғысы бүйіріне орналасқан автотиегіштер (32 т-ға дейін);

Контейнер тасушы, портальді, автотиегіштер (20...32 т );

Портальді тиегіштер (5...10 т);

Біршөмішті, пневматикалық доңғалақты, фронтальді, бұрыл-майтын тиегіштер (0,8….5,0 т);

67

Біршөмішті, шынжыр доңғалақты тиегіштер (1,5…15 т);

Бірқалыпты, үздіксіз қозғалыстағы тиегіштер.

Жетек түріне байланысты:

Қолмен жүргізу (жүк көтергіштігі 2 т-ға дейін);

Механикалық (жүк көтергіштігі 5 т-ға дейін);

Электрлік (жүк көтергіштігі 10 т-ға дейін);

Карбюраторлы немесе дизельді қозғалтқыштар (жүк көтер-гіштігі 40 т-ға дейін).

Жүріс жəне тірек дөңгелегінің саны бойынша:

Екі дөңгелекті (қолмен);

Үш дөңгелекті (қолмен немесе механикалық);

Төрт дөңгелекті;

Алты дөңгелекті;

Көп дөңгелекті.

Рульдік басқарылымның орналасуы бойынша:

Алдыңғы дөңгелекпен басқарылатын;

Артқы дөңгелекпен басқарылатын.

Жүріс дөңгелек жетегінің орналасуы бойынша:

Aлдыңғы жетекті;

Артқы жетекті;

Реттелген, толық жетекті.

Жүк қармаушы қондырғылардың орналасуы бойынша:

Фронталь орналасқан, алдыңғы жағымен жұмыс істейді;

Бүйірінде орналасқан, бүйір жағынан жұмыс істейді (шта-бельдейді, қаптайды, сорттайды, тиеу-түсіру жұмыстарын орын-дайды).

Жүріс дөңгелектің түріне байланысты:

Пневматикалық жүрісті;

Бүтін желсіз резеңкелі дөңгелекті.

Амортизацияланған қондырғы түріне байланысты:

Рессорлы;

Серіппелі;

Тербелетін;

Жекелей амортизацияланатын қондырғылармен.

Басқару тəсілі бойынша:

Қолмен;

Механикалық;

Электрлік;

Қашықтықтан (пультпен);

Орталықтандырылған, операторсыз.

68

Іс-əрекет қағидасы бойынша:

Кері бос жүрісіне ие, циклді;

Жүкті үздіксіз тиейтін жəне түсіретін, үздіксіз қозғалысты. Соңғы уақытта сыртқы геометриялық бейнесіне, қасиеті мен

əртүрлі шарттағы қармауға, көтеру жəне түсіру жылдамдығына, тасымалдаған кезде жүктің күйіне, жүкті қаттау тəсіліне бейімделген əртүрлі конструкциямен қамтамасыз етілген, тез алмастырылатын жүк қармаушы қондырғылар пайда болуда. Бұл осы машиналардың полиграфия өндірісінде кеңінен қолданылуына кең жол ашады [16, 17, 18, 19, 20, 21].

Ең көп тараған қосымша рельссіз қондырғылар кішігірім арба-лар болып табылады, өйткені олар арзан бағалы жəне жоғары квали-фикациялы операторлардың басқаруын қажет етпейді. 3 т-ға дейінгі жүк көтергіш арбаларды қолмен, ал жоғары жүк көтергішті (5 т-ға дейін) арбаларды механикаландырып, тартқыш көліктің көмегімен қозғалтады. Арбаны орнынан қозғалтуға 200, 120, 80 Н кететін күш, ал жұмыс істеу уақытына сəйкесінше, 5,10 жəне 15 минут уақыт кетеді. Орнынан қозғалту кезінде оператордың ең үлкен мүмкін бо-латын күші – 300...500 Н.

Арбаға орналастырылатын механизмдер гидравликалық (қолмен қосылатын сорғы) немесе қолмен қосылатын механикалық жетек болып келеді.

Тасымалдау кезінде жүк массасының центрі арбаның ішкі тірек қарамағында орналасуы қажет, ал жүкті көтеру жəне түсіру кезінде арбаның қажетті орнықтылығын қамтамасыз ететін шартына қарай,

ішінде жатпауы да мүмкін.

2.1-суретте бұрылатын жəне бұрылмайтын жүріс дөңгелекті арбаның сұлбасы көрсетілген, ол оның дөңгелектерінің орналасуы жүк көтергіштігін, ептілігін, орнықтылығын анықтайды.

Арба екі бөліктен: жүріс пен шанақтан тұрады. Шанақ екі түрге: əртүрлі жүкпен жұмыс жасайтын əмбебаптық жəне жүктің арнау-лы түрлерімен жұмыс жасайтын (цилиндрлі бөлшекпен, əртүрдегі жүктермен, дайын бұйыммен, баспа таралымымен жəне т.б) болып бөлінеді.

Бір жағынан, бұрылмайтын дөңгелекті, екінші жағынан, тірек аяғы бар, жүккөтергіштігі 0,3…0,5 т арбаларды қозғалту үшін массасы 30…35 кг жартылай тіркемелі тартқыштар қолданылады. Тартқыш дөңгелектерінің арасына диаметрі 180…250 мм тесігі бар плита бекітілген. Тартқыш тек итеру таяқшасы тік күйде болған кез-де арбаға тіркеледі. Оны жіберген кезде плита бұрылып, тесігімен

69

2.1-сурет. Бұрылатын (өздігінен реттелетін ) дөңгелек арбаның жүріс бөлігінің сұлбалары

шквореньге киіледі. Бұл кезде арба аяғы жерден көтеріледі. Бұдан

кейін тартқыш жəне арба алдыңғы бұрылмалы осьті, екі осьті біртұтас көлік бірлігін құрайды (жүріс бөлігінің сұлбасы 2.1,о-суретте

көрсетілген).

Жеңіл жүктерге арналған арбаның жүріс бөлігі 2.1-суреттегі ғ сұлбасы бойынша орындалады: бұрылмайтын екі дөңгелекті алшақ орналастырады, ал бұрылатын екеуін оған кері арбаны осіне жақын орналастырады.

Үш ось бойынша бұрылатын арбаларда өздігінен реттелетін

дөңгелектер орнатады, кері жағдайда – бұрылмайтын артқы екі дөңгелегі болады (2.1, и - сурет). Екі осьті арбадан үш осьті арба жа-

сауға болады. Үш осьті арбалардың ерекшелігі, олар жердің кедір-бұдырлығын жеңе алады. Қоршауға арналған арбаның жиек жағын тұрақты немесе (жүкті қаттау ыңғайлығы, штабельдеуі үшін қажет) алмалы-салмалы етіп жасайды. Соңғы жағдайда оларды берік орна-тып, рама ұяларына сəйкес болуын бақылайды. Егер қоршау доғасын қолсап ретінде қолданса, оператор аяғын басып кетпеу үшін доға ені бойынша дөңгелек мөлшерінен шығып тұруы тиіс. Арба жиегінен қолсапқа дейінгі арақашықтық 1025 мм-ден кем болмауы қажет.

Қауіпсіз болу үшін биік жүктерді олардың салмағына қарамастан қолмен басқарылатын арбада екі оператор тасымалдау керек.

Қаңылтыр материалдар мен үлкен көлемді жабдықтар жүк-көтергіштігі 0,75 т үш дөңгелекті арбамен тік күйде тасымалдануы

70

тиіс. Жүкті тірекке қондырғаннан кейін оны бұрама мен маховик көмегімен реттейді. Мұндай жүктердің тасымалдануы тік күйде көліктік өткелдердің енін азайтуға көмектеседі.

Жүкті рампалы теміржолдық платформаға үш осьті арбамен тасымалдайды, жүріс бөлігі 2.1-сурет м сұлбасындағыдай орын-

далады. Оның жүріс бөлігі, диаметрі 150 мм орташа дөңгелекке жəне бұрыштан диаметрі 120 мм төрт дөңгелегі бар, соған орай арба əрқашан төрт дөңгелекке тіреледі ( барлық дөңгелектердің ені 150 мм). Арбаға жүкті тиеу үшін алдын ала домкратпен көтереді.

Жоғары маневрлігі мен орнықтылыққа үйлесімділігі жоғары алты дөңгелекті арбалар болады (2.1-сурет, с сұлбасы); өздігінен

реттелетін төрт дөңгелек платформа бұрыштарында, екі бұрылатын

дөңгелек арбаның маңдайша осінде орналасқан. Өздігінен реттелетін төрт дөңгелекті (2.1-сурет, к сұлбасы) тар жерлерде арбаның бұ-

рылысын қамтамасыз ету керек болғанда, ал үш дөңгелекті – үлкен

вертикаль жүктерді тасымалдағанда, мысалы, бөшкелер (2.1-сурет ғ сұлбасы) қолданылады.

Сөрелерден тапсырыстарды жинақтау үшін механикаландырыл-ған арбаларды пайдаланады, жұмыс ыңғайлығын қамтамасыз ету үшін қозғалатын сатылармен толықтырады. Сатының екі бұрыл-майтын жəне екі серіппелі дөңгелекті тірегі бар. Дөңгелектер түйіспелі күйде арбаның бұрылатын дөңгелектерімен бір маңдайша осінде орналасады. Арба рамасының еңіс бөлігінде серіппемен ұсталатын саты бекіткішіне кіретін пішіндік саңылау қарастырыл-ған. Жұмыссыз күйінде бекіткіш арқанмен басқарылады, ал ке-рек кезінде оператор сатымен көтерілгенде, дөңгелек серіппелері қысылып, тіректер саты мен арбаның қозғалысына кедергі жасап тіреледі.

Көпосьті арбаның (Ұлыбритания патенті №2137161) астауының жылжуын жəне құлап кетпеуін болдырмау үшін жүкті тиегіштің əр ашасына бекітеді. Ішкі осінде теңестіргіштер аумақтарымен тірек жəне бағыттаушы дөңгелектері реттелген, ол П-тəрізді рамаға ұқсайды.

Алдыңғы теңестіргіш аумағы артқысынан жоғары орналасуына байланысты ашаның астауға соққысыз кіруіне жол ашады.

Көтеру өздігінен тиелетін жəне тасымалданатын жүктерді алыс емес арақашықтықтарға (100 м-ге дейін) тасымалдау үшін, тиеу-түсіру қойманың жəне өңдеу жұмыстарын орындау үшін жүккө-теру қондырғылары – көтеру ашалы жəне платформалы арбаларды, штабелер арбалар, кран-арбалар домкратты арбалар пайдаланы-лады.

71

Жүккөтергіштігі 3 т жəне массасы 150 кг-ға дейінгі көтеру аша-лы арбалар қол жетекпен жүреді жəне астауға қойылған жүкпен

жұмыс жасауға арналған.

Олардың жүріс бөлігі 2.1-сурет, о сұлбасы бойынша орындалған, олар 1,25; 2,0; 3,0 т жүккөтергішке ие «Көтеру», «Түсіру» жəне «Қозғалту» күйін орындау үшін, аяқпен баспалы басқарылым кеңінен таралған. «Түсіру» күйінде баспа серіппе əсерінде бола-ды, одан жүктемені алғанда «Көтеру» күйіне оралады, ол ашаның

өздігінен түсуін болдырмайды. «Қозғалу» күйінде итеру таяқшамен ашаны оңай көтеріп, оңай түсіруге болады (2.5 -сурет).

2.2-суретте полиграфиялық өндірісте қолданылатын əртүрлі жүк көтергіш арба үлгілері көрсетілген.

a) ə) б)

в) г)

72

ғ) д)

е) ж)

2.2-сурет. Жүккөтергіш арбалар:

а – екі тіректі қол күшімен жүретін арба; ə – үш тіректі қол күшімен жүретін арба; б – төрттіректі қол күшімен жүретін арба; в – қолмен аз биіктікте жүк көтеретін ашалы арба; г, ғ – жоғары биіктікке жүкті электр тогымен көтеру құрылғысы бар қолмен жүретін арбалар; д жəне е – электр жетекті төмен жəне жоғары жүк көтергіші бар арбалар; ж – гидрожетекті қол күшімен жұмыс жасайтын крандық арбалар

Бір осьті қолмен басқарылатын, жүккөтергіштігі 0,5 т-ға дейін жəне массасы 50…60 кг кішігірім арбалар ұзын жағы тік орналасатын жүктерді тасымалдауға арналған. Жүктеме қолсапқа берілмеу үшін,

ауырлық центрі дөңгелектерге жақын орналасуы қажет.

Мұндай арбалар (жүккөтергіштігі 0,4 т-ға дейін) 2.3,а-суретте көрсетілгендей құбыр темірден пісіріліп жасалады, жүк астына қойылатын амал тақтасы бар, қап немесе жəшік штабельге; сондай-ақ

73

баллондар мен бөшкелер-

ге арналады. Соңғы арба

бөшкенің жоғарғы жиегі-

мен

əрекеттесетін

қон-

дырғы қармаушымен жаб-

дықталған.

Кронштейнге

аяқпен

əсер ету арқылы криво-

шипті тірекке бұрып, ар-

баны тасымалдаушы күй-

ге аударады. Арбаның тө-

менгі

бөлігін

жылжыма-

2.3-cурет. Біросьті арбалар

лы етіп

жасайды,

қисық

жағын

жүктің

ауырлық

ц ентріне жақын орналастырады, ол бөшке ішіндегі сұйықты аз күш жұмсау арқылы аузынан төгіп тастауға мүмкіндік береді.

Орама жəне басқа да ортасында тесігі бар жүктерді тасымалдауға арналған арбалардың (2,3 ə-сурет) тік оське (4) киілетін тірек – бұрылмалы қондырғысы бар. Мұндай қондырғы құбыр (2) қатаң бекітілген екі фланец (3) жəне құрықтан тұрады. Құбырдан телес-копты түрде қармағышқа (1) ұзарады. Төменгі фланец (3), (5) фла-нецке тіреледі жəне соған байланысты бекітіледі. Тірекпен арбаны итеруші таяқша (6) бекітілген. Орама қағазды қармау, итеру арқылы таяқшаны тік орналастырып, құбырды (2) керекті бұрышқа бұрып, қармағышты (1) орама қағаз тесігіне бағыттайды. Одан кейін ите-

ру таяқшаны төмен ауыт-

қытып, ораманы көтеріп, ке-

рек орынға тасымалдайды.

Ұзын жүктерді тасымалдау

үшін бір

мезетте

осындай

екі арба қолданылады, қар-

мауды жүктің екі

басынан

біріктіріп тасымалдау арқы-

лы жүзеге асырады.

Осы

сұлба

бойынша

екі осьті əмбебап арбаның

(жүккөтергіштігі

0,1 жəне

0,25 т, ал арбаның массасы

2.4-сурет. Көп осьті арба

10 жəне 50 кг) жүріс бөлігі

жасалған. Итеру таяқшаның

74

топсалы қосылысы оны жұмыссыз күйінде тік қоюға мүмкіндік береді (2.4-сурет). Қорапты арбалар типографиялық қажетті мате-риалдарды жəне дайын типографиялық материалдарды тасымал-дау үшін полиграфиялық өндірісте кеңінен қолданылады. Бекіту қондырғысын (1) босатқанда, шанақ жүкті түсіру үшін қолданылады.

Көтеру ашалы арбаның негізгі бөлігі 1 (2.5, а-сурет) пісірмелі рама болып табылады. Рама мен ось (2) топсалы, екі сыңарлы ры-чагпен, ұзын иін-тіректер траверсамен топсалы, ал қысқалары – ашалы көтеру механизмінің тартқышымен (12) қосылған. Травер-са төлкесінде орналасқан таяныш мойынтірегіне – көлденең осіне диаметрі 200 мм жəне ені 50 мм дөңгелек (5) орналастырылған жəне тік шквореньге (4) тіреледі. Əрбір дөңгелек қосқабат тіреуішті шарикті мойынтірекке тығыздалған 20 кН-ға дейінгі жүктемеде дөңгелекке массивті резеңкелі шиналар орнатылады, 30 кН кезінде шинаны полимерлі материалдан жасайды. Шквореньнің ішкі бөлігі плунжеріне кронштейн қорабы (10) тірелген гидроцилиндр қуысы болып табылады. Шкворень қорабындағы (11) осьте (9) орналасқан қолсап – итеру таяғымен (8) əрекетесетін серіппеленген плунжер-лі (7) сорғы орналастырылған. Осы қолсап алдыңғы дөңгелекті 90o-қа екі жаққа бұру үшін қызмет атқарады. Баспақ (6) көмегімен жүкті көтеріп-түсіреді немесе қайта қалпына келтіреді. Соңғы күйде арбаның жүрісін реттеу кезінде қолданады, ол кезде қолсап вертикаль жазықтықта еркін қозғала алады. Жүкпен бірге ашаны

а) ə)

2.5-сурет. Көтеру ашалы арбалар

75

көтеру үшін қолсаппен тербелмелі қозғалыс жасау қажет. Ашаны бірқалыпты жылдамдықпен əртүрлі жүкті түсіруге байланысты сорғыда гидравликалық демпфер орналасқан [33].

Аса жүктеуді болдырмау үшін сақтандыру клапаны қарас-тырылған.

Ашаны көтеру механизмі (2.5-сурет) үшбұрышты шанышқыдан (15) тұрады, ол рама осіне (16) бекітілген. Ашаның жоғарғы бұрышына тартқыш (12) шарнирлі , ал төменгісіне – жүк көтергіштігі 12,5 т болғанда қосымша ролик (14) бекітіледі. Жүккөтергіштігі 2 жəне 3 т арбаның қосымша теңгергіште (17) бекітілген (2) ро-ликтер орнатады. Жүк көтергіштігі 2 т-ға дейінгі арбалардың ро-ликтерін нейлоннан жасайды, жүккөтергіштігі 3 т болса, болаттан жасап, міндетті түрде домалау мойынтіректерімен қамтамасыз етеді. Астауға ашаны кіргізгенде роликтер (13) жерге тіреледі, ол кезде олар (14) көтеріңкі жағдайда болады.

Гидроцилиндр плунжеріне жұмыс сұйықтығын айдағанда крон-штейннен (10) раманың алдыңғы бөлігі көтерілгенде, ось те (2) бірге көтеріледі. Соңғысы бұрылғанда тартқышқа (12) əсер етіп, роликтерді (14) жерге тигенше төмен түсіреді. Əрі қарай жұмыс сұйықтығын ашаға (15) бергенде, ол оське (16) қатысты бұрылғанда аша ұшы нықталып көтеріледі.

Жеңіл жүктерді көтеру жылдамдығын жоғарылату үшін арбаның кейбір модельдеріне екі гидроцилиндрлі екі сорғы қондырады. Ауыр жүкті көтеру кезінде екі сорғыны бір гидроцилиндрмен іске қосады.

Электржетекті көтеру механизмі бар ашалы арбалар 1600 мм биіктікте 1т жүккөтергішке ие.

Өте ауыр жүкті тасымалдау кезінде үлкен диаметрлі дөңгелекті арбаларды қосымша онша үлкен емес роликтермен қамтамасыз етеді, олар жүкпен толықтырылған астаумен биік емес биіктікте жұмыс істеуге арналған, төмен қарай иінтірек пен тартқыш көмегімен қоз-ғалады. Жүкті түсіру кезінде жүріс дөңгелектері жиырылып қа-лады.

Көтеру платформалы арбалар тіреуі бар ыдыстарға салынған жүктерді тасымалдауға қолданылады. Арбаның жүккөтергіштігі 2,5 т-ға дейін, массасы 300 кг-ға дейін болады. Ашалы арбаларға қарағанда, олар əмбебап емес, өйткені стандартты астаумен жұмыс жасауға мүмкіндік болмайды.

Жүккөтергіштігі 1,1 т арбаларда платформаны көтерудің иін-тіректі механизмі бар, олар параллелограмм иін-тірекпен рамаға бекітілген. Бұрылу шквореньде орналасқан бұрылмайтын артқы

76

2.6-cурет. Платформасы көтерілетін арбалар

дөңгелектермен бірге дөңгелектің алдыңғы осьтеріне рама тіреледі. Шквореньнің жоғарғы жағымен көлбеу осьпен итеру таяқшасы қосылған. Қапсырма платформасын көтеру үшін оның алдыңғы бөлігіне бекітілген итеру таяқшасы төменгі бөлігіне ілмекпен қосылады, одан кейін төменгі күйге орын ауыстырады. Жоғары күйде (төменгіден 100 мм жоғары) платформа итеру таяқшасымен реттеледі. Тиелген платформаны баяу түсіру үшін рама мен плат-

форма арасына гидравликалық демпфер орналастырылады (2.6-су-рет).

Басқа типті арбада платформа аяқпен басқыш көмегімен көтеріледі, түсіріледі, ал итеру таяқшасы арбаның жүрісін реттеуге қызмет етеді. Арбаның алдыңғы дөңгелектері өздігінен реттеледі.

Жүккөтергіштігі 0,25 т (2.6,а-сурет) арбалар да алдыңғы екеуі өздігінен реттелетін өтпелі осьте орналасқан төрт дөңгелекке тіреледі. Арбаның бұрылу радиусы (осы дөңгелек шкворенінің осьтері бойынша) 1000 мм.

Штабелер – арбалар жүккөтергіштігі 0,6 т-ға дейінгі массасы 180 кг, жүкті көтеру биіктігі 2600 мм көп ярусты қаттауға, сөрелерге

салуға жəне астаудағы жүкті тасымалдауға, сондай-ақ дара жүктерді тасымалдауға арналған. 2.1-суреттің з жəне о сұлбасында көрсе-

тілген жүріс бөліктеріне ие, жүк қармау органдары ретінде ашамен,

қадалық, кранды жебе платформамен қамтамасыздандырылған. Штабелер – арба П – тəрізді рамалы (8) (2.7,а -сурет) екі

алдыңғы дөңгелектері (1) бұрылу шкворенінің осінде орналасқан төрт дөңгелекке тіреледі. Шкворень гидроцилиндр (3) корпусына бекітілген, ол өз кезегінде рамада орналасқан (2.7-сурет). Гидроци-линдр соташығына жұлдызша (6) бекітілген, ол шынжырды (5) орап өтеді. Шынжырдың бір жағы рама кронштейніне, екіншісі көтеру ашасына (7) бекітілген.

77

2.7-cурет. Штабелер-арбалар

Аша роликтері тік бағыттарда рама бойымен жылжиды (2.7-сурет). Жұмыс сұйықтығы гидроцилиндрге бір мезетте, ите-ру таяқшасы болып есептелетін қолсапты (4) қол сорғысымен

(2) беріледі, оның көмегімен арбаның платформасы көтеріліп-түсіріледі, сүйретіледі жəне басқару дөңгелектері басқарылады. Кран гидрожүйесін сорғышқа қосқанда аша төмен түседі.

Арбаның поддондарымен (астауымен) жұмыс істеуі кезінде аша

платформасымен қамтамасыз етілген конструкциясы келтірілген

(2.7,ə-сурет).

Кран – арбалар жүккөтергіштігі 2 т-ға дейін (2.7,б-сурет) жəне массасы 350 кг-ға дейін болады, олар көліктік – тиеу (сонымен қатар контейнер ішінде), монтаждық, жөндеу жұмыстарын механиза-

циялау үшін қолданылады. Жүріс бөлігі бұл арбалардың 2.1-сурет г сұлбасындағыдай түрде орындалады.

Көтеру биіктігі жоғары болған жағдайда штабелер арбаның орнықтылығын қамтамасыз ету үшін тірек – винтті домкратпен жабдықтайды.

Массасы 300 кг, биіктігі 1200 мм-ге дейінгі биіктікке дайындама затын тасымалдау үшін қол лебедкасымен бұрамдықты бəсеңдеткіш көмегімен платформа ашаны қозғалтып, тік бағытта рамалы штабе-лер – арбаларды пайдаланады. Раманың алдыңғы бөлігіне роликті конвейер шарнирлі қосылыспен бекітілген. Арбаның алдыңғы екі

дөңгелегінің итеру таяқшасымен басқарылатын төрт дөңгелегі бар

(2.8-сурет).

Жүкті түсіру үшін платформа төмен түседі, дайындама заты кон-

78

2.8-сурет. Технологиялық арба 2.9-сурет. Кран арба

вейермен платформаға қарай итереді жəне жүкті таяныштарымен

түсірілуі реттеледі.

Жүк көтергіштігі 0,5 т (2.9-сурет) П – тəрізді құбырлы рама (6) арбаның екі бұрылмайтын дөңгелекпен (7) бұрылатын тіректі (1) қосарланған дөңгелекпен итеру таяқшасымен (2) жабдықталған. Тіректің жоғары бөлігінде телескоптық (биіктікті қолмен өзгерту) жебе (4), аяқ жағында ілмек (5) ілінген топсалы бекітілген жебе негізгі көтеру гидроцилиндрінің (3) сотағышына тіреледі, жұмыс сұйықтығы рамада орналасқан плунжерлі қол насосымен беріледі.

Тартушы арба құрамында бірнеше арбалармен тартқыштан тұратын беті тегіс, қатты жолдармен жүруге арналған, цех ішінде жүк тасымалдауын қамтамасыз етеді. Əртүрлі жүктерді тасымалдайтын жалпы арналудағы арбаларда платформаға жүктің бір түрін тасымал-дайтын жəне көтеру, бекіту жəне т.б. толықтыру қондырғыларымен жабдықталған арнайы қондырғылары бар (2.10-сурет).

2.10-сурет. Тартқыш арбалар

79

Арбаны жүргізу үшін 5....7 км/сағ жылдамдықпен ілмегінде тартқыш күші 1,25 кН жəне массасы 790 кг кіші өлшемді ЭТ – 250 электртартқышын немесе ілмегінде тартқыш күші 2,5 кН жəне мас-сасы 1800 кг АТБ – 250 қондырғысы қолданады. Тартқыш арбаға ілінісу қондырғысы арқылы автоматты түрде жалғасады, оператор иін-тіректі басқанда шынжыр тартылып, бекіткіш бетін қозғалтып ажыратады. Арбаларды, сондай-ақ электрарбаларды, авто- жəне электртиегіштерді жетелеу үшін қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]