Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bilim_Nazarbaeva-Koteru-tasymaldau.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8 Мб
Скачать
☆

2.3.2. Тиеп-түсіру машиналарының техникалық параметрлері

Осы машинаның техникалық көрсеткіштері əрбір ТТМ анық-талған параметрлермен сипатталады. ТТМ-нің негізгі техникалық көрсеткіштеріне: жүк көтергіштігі, ашаның алдыңғы арқасынан жүк массасының орталығына дейінгі арақашықтығы, ашаны көтеру биіктігі, номиналь жүкті көтеру жəне түсіру жылдамдығы, жүксіз жəне жүктеулі жағдайда каретка қозғалысының максимальді жылдамдығы, көтеру шамасы, номиналды жүк, сыртқы өлшемдері (ұзындық, ені, ашаны көтерген, түсіргендегі биіктігі), жолды жарықтандыру, бұрылу радиусы, база, алдыңғы, артқы дөңгелек арасы, аша немесе жүккөтергіштің еңіс бұрышы, машина массасы жəне жүкті, жүксіз алдыңғы, артқы дөңгелектерге түсетін күштер, 900 бұрышпен бұру кезіндегі радиусы жатады. Өткел ені жəне 1800-қа бұрылғандағы штабельдеу шеберлігі, техникалық жəне пайда-лану өнімділігі, пайдалану өңірі жəне жұмыс кестесі, сенімділік көрсеткіші, энергия көзі мен жетек түрі тиегіштердің жұмыс істеу сапасына əсер етеді [23].

Машина көтере алатын жүк массасын номиналды (максималды) жүк көтергіштігі деп атайды. Жүк көтергішке тасымалдау кезіндегі жүк массасы жəне жүк көтеру құрылғылары кіреді, ол тұрақты не-месе тұрақсыз болады. Тұрақсыз жүккөтергіш тірек контурының сыртында орналасқан жүкті көтеруге, биіктігін ұлғайтуға жəне жүк массасының түсу күшінің осі шығуы көп тиегіштерге тəн жəне ол қауіпсіздігін төмендетеді.

Өзіне тəн сипаттамасы бойынша жүктік момент (шығынға кететін жүккөтергіштігі) осы машинаға тұрақты болады. Осы заманғы ТТМ жүккөтергіштігі 0,63-тен 200 т-ға дейін жүкті көтереді.

Көтеру жағдайындағы вертикаль ось бойынша тірек бетінен жүкқармау айла-бұйымына дейінгі қашықтық – көтерудің номинал-

88

ды биіктігі болып саналады. Қабылданған көтеру биіктіктері 1,8; 2,2; 2,8; 3,2; 4,5; 5,6; максимальды тасымалдау мəні 15 тен 20 м-ге дейін. Жүк қармау айла-бұйымның жұмыстық биіктігінің шамасы жүк көтергіш конструкциясының қалыңдығы мен көтеру биіктігіне байланысты болады жəне сол шама еркін көтеру биіктігі болып са-налады.

Əртүрлі механизм қозғалысының жылдамдығына: көтеру жəне түсіру, тасымалдау, машина қозғалысы, айналу, еңкейту жəне жылжы-ту кинематикалық көрсеткіштер жатады. Қозғалыс жылдамдығын, технологиялық процесті, жұмыс сипаты жəне машина конструкция-сын, энергия көзін, номиналдық жүккөтергіштігіне тəуелді ретінде таңдайды. Осыған сəйкес əртүрлі машина түрлеріне жылдамдық диапазондарының стандарттары бекітілген. Жүккөтергіштігі артқан сайын жылдамдығы төмендейді.

Жол саңылауы – машинаның өтімділігін сипаттайды жəне маши-наның төменгі бөлігінен жол төсеміне дейінгі қашықтықпен анық-талады.

Бұрылу радиусы (ішкі жəне сыртқы) мен сыртқы өлшемдері машинаның маневрлік ептілік қасиеттеріне əсер етеді жəне жүріс бөлігінің конструктивтік орындалуына тəуелді келеді.

Тиегіштің меңгеретін асу биіктігі – жүктелген машинаға рұқсат етілетін ең жоғарғы асудан көтерілуі, шамамен 20…30% құрайды.

Жабдықталған машинаның массасы – бұл барлық жүйенің жүк-темемен, яғни, аша, құрал-жабдықтармен жəне қосалқы бөлшек-термен операторсыз алғандағы массасы.

Толық масса – бұл жабдықталған машинаның номиналды жүкпен жəне оператормен (жүргізушімен) алғандағы массасы.

ТТМ маңызды кешенді көрсеткіші – бұл техникалық жəне пай-далану өнімділігі. Техникалық өнімділігі деп – жүктің тоннадағы, текшеметрдегі, данадағы немесе басқа бірліктегі осы машинаның бір сағат ішіндегі үздіксіз жұмыс істеу шартында максимальді жүктеумен жəне еңбекті дұрыс ұйымдастыру мөлшерімен анықта-лады. Пайдалану өнімділігі дегеніміз жүктің бір сағаттағы тасымал-дау мөлшерін, еңбекті дұрыс ұйымдастырған жағдайда біржергілікті жерде, жеке жұмыс түрлерінде жаңа əдістерді пайдалану кезіндегі өнімділікті айтады. Техникалыққа қарағанда, пайдалану өнімділігі машинаны уақыт бойынша пайдалану, əртүрлі жүктерді тасымал-дау кезінде номиналды жүккөтергіштіктің мүмкіншілік төмендеуін ескереді. Пайдалану өнімділігі, сағаттық, ауысымдық, тəуліктік, айлық, тоқсандық, жылдық болуы мүмкін.

89

ТТМ техникалық өнімділігі, т/сағ:

Пт = 3600 Q/tц,

(2.8)

мұндағы: Q – бір циклда тасымалданатын жүк массасы (номиналды жүккөтергіштік), т; ty – жұмыс циклының ұзақтығы, С – пайдалану өнімділігі

Пэ = ПтквкгрТ,

(2.9)

мұндағы: кв – уақыт бойынша машинаны пайдалану коэффициенті

(таңдалынған

уақыт бөлігінің жалпы уақыт

бөлігіне

қатынасы

кв – кв≤1); кгр

– машинаны жүк көтергіштігі

бойынша

пайдала-

ну коэффициенті (орташа бір жұмыс циклінде тасымалданатын жүк массасының номиналды жүк көтергіштікке қатынасы кгр<1), тіркелген орта статикалық мəндері 0,5…0,7; Т – өнімділік анық-талатын уақыт ұзақтығының аралығы, сағ.

2.13-суретте тиегіштердің негізгі орындалатын өлшемдері келтірілген. Сұлбада пайдаланылған белгілер; k – көтеру биіктігі; k1 – жүккөтергіштің созылу кезіндегі тиегіш биіктігі; k2 – тиегіштің құрылыс биіктігі; kп-жол саңылауы; l – ашалы тиегіштің ұзындығы; G – жүктің ауырлық күші (салмағы); c – аша плитасынан жүк массасының ортасына дейінгі қашықтық; B2 – тиегіш базасы; φ жəне β – жүккөтергіштің алға, артқа еңкею бұрышы; b – тиегіш ені; b1 – артқы дөңгелектер колеясы; b2 – алдыңғы дөңгелектер колея-сы; Вп-900 бұрышта бұрылғандағы кіре беріс ені мен штабельденуі; Dk-жүріс дөңгелегінің диаметрі; R жəне r-ішкі жəне сыртқы бұрылу радиусы.

2.13-сурет. Тиегіштің негізгі сипаттамаларының сұлбасы:

а – бір жағынан қарағандағы көрініс; ə – жоспардағы көрініс

90

Жүріс дөңгелектеріне түсетін жүктеме ТТМ-дың əртүрлі жүк-тердің, контейнерлердің жəне жол төсемдерінің сапасына байла-нысты болады. Стандарт бойынша ең үлкен динамикалық жүктеме жүкті тиегіштің контейнер еденіне немесе вагон еденіне əсер ететін жүктеме, əр дөңгелекке түсетін орташа қысым 27,3 кН аспауға тиіс. Вагон ішінде жұмыс істейтін тиегіш үшін бұл жүктеме дөңгелектің түйісу ауданының қысымы орташа алғанда 1 МПа-дан көп емес жəне 22 кН-нен аспауы керек.

Тиеп-түсіру машиналарының техникалық сипаттамалары мен конструкциялары

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]