- •1.1. Базалық көтеру-тасымалдау жабдықтарының даму бағыттары
- •1.2. Полиграфиялық шығын материалдарының, пакеттелген дайын полиграфиялық өнімдердің жəне жүктердің жіктелуі жəне оларға қысқаша шолу жасау
- •1.3. Полиграфия өндірісінде қолданылатын жүк қармау құрылғыларының құрылымдарын жетілдіру
- •1.4. Полиграфия өндірісіндегі көліктік логистика
- •2.1. Жердегі рельссіз көліктің жіктелуі, қолданылуы жəне жалпы мағлұматтар
- •2.2. Арба қозғалысындағы кедергіні анықтау
- •2.3. Тиеу-түсіру машиналары туралы жалпы мəліметтер
- •2.3.1. Қолданылуы жəне жалпы жіктелуі
- •2.3.2. Тиеп-түсіру машиналарының техникалық параметрлері
- •2.4.1. Əмбебап автотиегіштер
- •2.4.2. Жоғары маневрлігі бар автотиегіштер (қысқа базалы)
- •2.4.3. Жетілдірілген өтімділікті автотиегіштер (ұзын базалы)
- •2.5.2. Əмбебап электртиегіштер
1.2. Полиграфиялық шығын материалдарының, пакеттелген дайын полиграфиялық өнімдердің жəне жүктердің жіктелуі жəне оларға қысқаша шолу жасау
Тасымалданатын жүктердің геометриялық, физикалық жəне биологиялық қасиеттерін ескеретін жүктерді қармау, ұстау, көтеру-тасымалдау жұмыс органы бар көтеру-тасымалдау машиналарының оптималды түрін таңдау жəне еңбекті дұрыс ұйымдастыру үшін полиграфияда тасымалдау материалының сипаттамасы туралы мəліметтер болуы керек.
Жүктер төмендегідей негізгі түрлерге бөлінеді:
үймелі, тасымалдау жəне сақтау кезінде сыртқы ортадан қорғауды (жаңбыр, қар, күн) талап етпейтін жəне төкпелі тасымал-данатын жүктер – құм, шағыл немесе шақпақ тас, көмір, т.б.;
төгілмелі, сусымалы тасымалданатын жəне тасымалдау мен сақтау кезінде жабық жүк сақтау орындарын талап ететін жүктер – би-дай, суперфосфат, қалдықтар жəне ақауланған қағаз, типографиялық макулатура, қолданылған картон өзектері;
сұйық – цистерналарда, танкерлерде жəне т.б. тасымалдана-тын жүктер;
даналық жүктер, қапталған жəне жеке орындардан құралған (пакеттегі немесе дара жүктер) жүк-пакеттер, контейнерлер, поли-графиялық өнім астаулары жəне т.б.;
дара немесе бос жатқан 250 кг массадан аспайтын жүктер;
ұзын өлшемді-ұзындығы 8 м-ден жоғары (кесілмеген рулонды қағаз) жүктер;
ағаш материалдары – бөрене ағаш, тақтай, фанера жəне т.б. Отқа қауіпті жүктер: мақта, бөшкелердегі бензин, бөшкелердегі
минералды жəне өнімдік майлары, ацетон жəне ацетилен мен оттегі бар баллондар ерекше топты құрайды, сонымен бірге химиялық жүктерде қауіптісі – күкіртті, азотты жəне тұзды қышқылдар, шыны ыдыстардағы, металды бөшкелердегі кальций карбид, бөшкелердегі бояулар, ылғалды еріткіштер, офисті формалар, биореактивтер ерек-ше топты құрайды.
Жүкті тиеп-түсіру, тасымалдау жұмыстарында экономикалық тиімді арнайы астауларды (поддондарды) қолдану кезінде жүктерді пакеттеу тəсілі артады. Астаулар құрылымдарында ашалы жүк қармау немесе арнайы жүк ұстау құрылғыларымен тиеу жəне түсіру мүмкіндіктері қарастырылған. Астаулардың негізгі өлшемдері ұзындығы мен ені жүк тиелген астаулар тасымалданатын қойма
21
орындарына есептелген түрде таңдалады. Контейнер – бұл есік арқылы тиеліп түсірілетін, толықтай жабылатын жəшік ретінде ұсынылады. Кейбір өнеркəсіп кəсіпорындарына берілген өндірістің цехтарында, цехтан қоймаға тасымалданатын контейнерлер арнайы дайындалып қолданылады.
Жүктерді пакеттерде жəне контейнерлерде тасымалдау тиеп-түсіру жұмыстарының жоғары өнімділігін қамтамасыз етеді. Бірақ тасымалдаудың бұл түрінің бір кемшілігі – қойма орындарының пайдалану ауданын азайтады.
Полиграфия өндірісінде, дайын полиграфиялық өнімдерді шы-ғару цехтарында функционалды жоспарланған маршрут бойынша қажетті материалдардың жүк ағымы қалыптастырылған.
Тасымалданатын жүктер шартты түрде келесідей жіктеледі:
басылымға дейінгі шығын, технологияны қамтамасыз ету мате-риалдары (рулонды немесе кесілген табақты қағаз, бояулар, ылғалды еріткіштер, желім, қысымдағы ауа, басу формалары, биореактив-тер, жуу заттары), сонымен бірге барлық полиграфиялық қалдық-тар (ақауланған қағаз жəне қалдықтары, макулатура, қалған желім жəне т.б.);
жартылай фабрикаттар жəне басылым өндірісіндегі қалдық материалдар;
басылымнан кейінгі дайын полиграфиялық өнімдер;
қалыптастыру, пакеттеу, қоймаға жинау жəне тұтынушыларға жіберу-сату кезеңі.
Қағаз рулондары көбінде, Қазақстанға Ресей немесе Еуропа елдерінен теміржол вагондарымен, автофургондармен, ұшақпен (сирек) жеткізіледі. Сол кезден бастап, қағаз рулондары тиеп-тү-сіру жұмыстарында, штабельдеуде жəне əртүрлі қоймаларда сақ-тау жағдайында, көліктің сəйкес түрлерінде технологиялық сұл-балары бойынша, əсіресе, қағаз өнімдерін орын ауыстыру кезінде механикалық, физикалық-химиялық əсерлер ықпал етеді. Мысалы, ереже жүзінде рулон тауар вагондарынан немесе жүк машиналары-нан рулонды бүйір беттерінен қысатын қысқыштары бар арнайы тиегіштердің көмегімен түсіріледі. Одан кейін ол қысқышы бар авто-немесе электртиегіш көмегімен қысқа мерзімге сақтауға арналған қоймаға (вертикальді немесе көп ярусты) жеткізіледі.
Үлкен полиграфиялық кəсіпорындарда осыған арнайы жоба-ланған, түсіру үрдісін автоматтандыратын, түбінде орналастырылған транспортерлері бар жүк автомашиналары, сонымен қатар, бір көтергенде қағаз рулондарын киптермен (8-ге дейін) көтеретін
22
арнайы пневматикалық аспасы бар көпірлі крандар қолданы-лады [36].
Қазіргі уақытта ірі полиграфияларда қағаз рулондары негізгі қоймалардан автоматтандырылған көлік жүйелері көмегімен олар-ды баспаға дайындау оперативті қоймаға жеткізіледі. Басу маши-насына рулон қағазын орналастыру алдында оны қаптауынан бо-сатып, жалаңаш рулон қағазын автоматтың ауыстыру-желімдеу құрылғысына қондыру үшін беріледі. Егер түсіру, сақтау жəне оперативті қойма арасында рулонның орын ауыстыруы үздіксіз бол-са, онда оларды идентификациялау арақашықтығын сақтап, компью-термен бақыланып орнатылады. Егер бұл жағдай орын алмаса, онда этикетка рулонмен бірге келесі операцияға беріледі. Сондықтан олар өздігінен желімденетін болып жасалады.
Пайдалану үрдісінде басу машинасы қағазбен, басу формалары-мен, бояулармен, ылғалдатқыш еріткіштермен, сығылған ауамен, ауа тазарту жəне үрлеу құрылғыларымен қамтамасыз етіледі.
Осы машиналардың жұмыс істеу нəтижесінде алынған жар-тылай фабрикаттар немесе соңғы дайын өнімдер келесі өндіріс аймақтарына үздіксіз беріледі. Келесіде материалдың үздіксіз рулон-ды офсетті басу машиналарымен жабдықталған газет шығаратын офсетті типография мысалында қарастырамыз. Қағаз жəне бояу негізгі шығын материалдарымен бірге басылым алдында басу фор-маларын дайындау керек.
Бояулармен қамтамасыз ету: газетті типография бұл негізінен айқындалған мысал болып табылады, себебі бұл жағдайда салыс-тырмалы түрде əр тапсырыс үшін формалы материалдар саны көп қолданылады жəне бақылау мен басқарудың қазіргі жетік əдістері пайдаланылады. Толығымен алғанда, газетті баспада басылым ал-дындағы үрдістердің кеңістікте бөлінуі: басылымға дейінгі дайын-дық, басу технологиясы жəне дайын типографиялық өнімдерді сақтау, пакеттеу, тарату айқын. Қазіргі уақытта газетті баспада фор-маларды жəне фотоформаларды өндіру үрдісі автоматтандырылған (компьютер – фотоформа технологиялары). Жиі түрде тек қана көшірмелі рамаға толық форматты фотопленкалы жүктеу қол опера-циясымен орындалады, қалғаны автоматтандырылған.
Газетті ротациялық басылым машиналарды қара жəне төрт-бояулы басылымға арналған қымбат түсті бояулар жəне арнайы (декоративті) бояулар қолданысында айырмашылықтар бар.
Қара бояулар жүк тасымалдау машиналар-цистерналармен жет-кізіліп бояуға арналған резервуарына қысыммен тиеледі.
23
Түрлі түсті жəне декоративті бояулар үшін сыйымдылығы 1000 кг көліктік контейнерлер қолданылады, олардан бояулар қысыммен тұрақты сыйымдылықтарға, одан кейін басу машинасының бояу ыдыстарына жеткізіледі.
Бояуларды сатып алу əрекеттері келісімшарттармен рəсімделеді жəне онда штрих-кодтармен EDIFACT қолдану қарастырылмаған (штрих-кодты оқитын бағдарлама).
Декоративті бояулардың көп шығыны, кейбір типографияларда оларды колориметриялық мəліметтер негізіне сүйеніп, өздігінше дайындауды жөн көреді. Бұл кезде 12-ге дейінгі түсті бояулар қолданылады, олар өлшеу арқылы белгілі бір қатынаспен бояуларды араластыру станциясына жіберіледі.
Ресурстарды үнемдеу мақсатында қалған бояу қалдықтарын ар-найы орында сақтау мүмкіндігі қарастырылған.
Бояуларды жасау рецептурасы автоматты түрде өзгертіліп қа-былданады. 12 компоненттен құралған декоративті бояулар түс-тері əртүрлі болуын қамтамасыз ететін триада бояуларымен жетілдірілген.
Рулонды жəне беттік басылымдарда арнайы ыдыстың толтыры-лу деңгейін датчиктермен реттеп, бар басу секцияларына бояуды мөлшермен беру үрдісін басқаратын автоматтандырылған жүйелер қолданылады [6,7].
Ылғалдандыру сұйығымен қамтамасыз ету
Ылғалдандыру сұйықтығы офсетті басылым үшін 95% судан құралады жəне ол қажетті параметрлерге қамтамасыз етілуі керек. Құбырмен келетін су көбінде кермек болып келеді. Себебі оның құрамында минералды тұздар саны көп болады.
Сондықтан суды қолдану алдында оны жұмсартады. Бұл кері осмос қағидасы бойынша жұмыс істейтін құрылғылармен орын-далады. 8 pH (сутек көрсеткіші) деңгейіне жету қажет, бұл жақсы басылымды қамтамасыз ету үшін оптималды болып табылады. Судың pH жұмсақ деңгейін орнықтыру жəне талап бойынша беттік керілісті белгілі мөлшерге азайту үшін қоспалармен байытылады. Осы түрде алынған ылғалдандырғыш сұйықтық (еріткіш) үлкен ре-зервуарларда сақталады, ал одан еріткіш сораптар көмегімен басу машинасындағы сыйымдылықтарына жеткізіледі. Ылғалдандыру сұйықтықтарына су құбыры бітелуіне əкелетін консистенция жəне су шөптері қалыптаспайтындай, мөлшері бақыланатын пестицидтер қосылып отырады.
24
Қысымдағы ауа жəне ауаны айдау
Басу машиналары пневматикалық басқаруды қамтамасыз ететін жоғары қысымды сығылған ауамен бірге бүктемелеу аппараттағы воронкалар мен штангаларды үрлеуге арналған төменгі қысымдағы ауа берілу керек. Бұл үшін көбінде, полиграфияның жеке бөл-мелерінде орнатылатын қысым резервуары бар орталық компрес-сорлы станциялар қызмет етеді. Төменгі қысымды беру үшін мүм-кіндігінше шығынды болдырмауға арналған тұтыну жүйелеріне жақын орналастырылған радиалды жəне сақиналы ауа айдағыш қондырғыларды пайдаланады.
Сығылу кезінде ауа қызуына байланысты компрессорлы қон-дырғыларға суыту жүйелерін қосу қажеттігі туындауы мүмкін.
Салқындатқыш ауаның температурасын төмендете отырып, ай-налатын штангалар жəне бүркемелеу воронкаларда баспа таңбаның қызуы салдарынан бояудың жиырылуын болдырмайды. Ауа құ-бырларын машинаға жəне оның агрегаттарына жүргізу үлкен ше-берлікті талап етеді, себебі олар машина тораптарына кедергі кел-тірмеуі жəне эстетикалық сыртқы түрін бүлдірмеу үшін керек.
Қағазбен қамту:
Қағаз – бұл полиграфия наны. Қағаз қазіргі заманауи полиграфия-сында сапа мен рентабельділікке үлкен əсер етеді. Дұрыс таңдалған қағаз қолдану шарттарына сəйкес берілген полиграфиялық өнімнің сапасын анықтайтын қасиеттер кешенін құрайды. Мақта жəне синтетикалық талшықтардан дайындалған қағаздың орны ерекше, ал арзан жəне кең қолданылатын қағаз ағашты жəне ағаш массасын химиялық өңдеу жолымен алынатын ағаш целлюлозасынан дайын-дайды.
Қағаз қалыңдығы немесе бір квадрат метрінің массасы (г/м2) бойынша ажыратылады. Қабылданған кесте бойынша 1м2 баспа қағазының массасы 40-тан 250 г/м2-ге дейін, ал 250 г/м2-нан жоғары болса, картон деп аталады. Қағаздың маңызды техникалық көрсеткіштерінің бірі негізгі қасиеттеріне тəуелді: механикалық қасиеттер (беріктік жəне деформациялық; оптикалық қасиеттері, ақтығы, мөлдір еместігі жəне жылтырлығы); сорбциялық қасиеттері (ылғал өткізгіштігі, сіңіргіштігі); бұдан басқа жарыққа төзімділігі, пластикалығы, серпімділігі, тегістігі, пигменттілігі жəне қағаздың борлығы жəне т.б.
Отандық қағаз композициясы бойынша: №1, №2, №3 нөмірлер тобына жіктеледі.
№1 қағаз – бұл таза целлюлозалы қағаз. Таза целлюлозалы қағаз көбінде, жоғары ақтығымен, жоғары беріктігімен, сақтау
25
кезінде ескірмейтіндігімен ерекшеленеді. Мұндай қағаз жоғары жəне сапалы көркемділікті талап ететін полиграфиялық өнімдерді, сөздіктерді, энциклопедия, анықтамалық басылымдарды дайындау-да қолданылады.
2-ші нөмірлі қағаз 1-ші нөмірлі қағазға қарағанда, арзан жəне 50%-ға дейін ағаш массасының құрамы кіреді. Ағаш массасы қағазға бірқатар пайдалы қасиеттер береді баспа қасиеттері жақсарады, ауа райының өзгеруі кезінде қағаз өлшемдердің тұрақтылығы, бет мас-сасы азаяды жəне т.б.
3-ші нөмірлі қағаз – толығымен ағаш массасынан құралады. Бұл арзан, сапасы төмен, қызмет көрсету мерзімі ұзақ емес басылымдар-да пайдаланылатын, типографиялық басылымда ғана қолданылады.
Басылым əдісі бойынша, қағаз көбінде: офсетті, типографиялық жəне терең басылымда қолданылатын болып бөлінеді. Қағаздың ба-сылым қасиеттері – бұл басылымға дейінгі (яғни басу машинасының қағазды дайындық жүйесінен өткізу), басылым кезіндегі (қағаздың басу бояуымен өзара əрекеті жəне көріністі бекіту үрдісі) жəне ба-сылымнан кейінгі (бүктемелеу, кітапшалау, кесу операциялары, сонымен бірге дайын өнімнің пайдалану сипаттамалары) тəртібін анықтайтын қасиеті.
Басылымға қажетті қағаз көбінесе, рулонды қапталған түрде басу машиналарына беріледі, бірақ тиеу-түсіру, тасымалдау жəне көтеру-тасымалдау жабдықтармен манипуляциялау, қоймаға жинау жəне сақтау кезінде рулонды механикалық зақымданудан қорғау жəне тарқатылып кетуді болдырмау, ылғалдылықтың оптималды деңгейін ұстау, қағаздың бастапқы қасиеттерін сақтау жəне қағазды дымқылдану, күннен жəне кірден қорғау мақсаттарында қағаздар қапталған түрде полиграфиялық басу машиналарына жеткізіледі.
Оралған қағаздың барлығы қағаз кесу машинадан кейін арнайы цехта рулон ретінде жəне қағаз сортына байланысты:
– жұмсақ рулондар (қорғағыш, жұқа қатаңдатылған жəне санитарлы-гигиеналық пен тұрмыстық арналудағы қағаз түрлері);
– жартылай қатты рулондар (газетті, компьютер баспасына арналған жəне баспалы қағаз);
– қатты рулондар (сульфатты-целлюлоза қағаздары, гофрлау
жəне қалыңдатуға арналған қағаз) түрлерінде қапталады.
Жұмсақ рулон қағаздарын қолдануға қойылатын талаптар:
Мұндай рулондарды қармау жəне тасымалдау үшін стандарт-ты құрылымдағы қармаушыларды қолдануға болмайды, себебі рулондарға ақаулар түсуі мүмкін. Қысқыш қуысының өлшемдері
26
өсуі кезінде рулон бетіне бағытталған қысу күші үлкен ауданға та-райды, осының салдарынан деформациялану жəне майысудың пай-да болуын болдырмайды. Қысу кеудешелері доға, ал шеттері мен бұрыштары шеңберленген, сонымен қатар қысқыштары жеткілікті түрде тірек беті болу керек. Жұмсақ рулондарды қармап, тасымал-дау кезінде қысқыштармен рулонның цилиндрлі бетіне əсер ететін
қысым 5 Н/см2 аспауы тиіс.
Жартылай қатты рулондарды қармап, тасымалдауға қойы-латын талаптар:
Бұл топтағы қағаздар диаметрі 30...125 см, массасы 100...1500 кг, ені 80...180 см шегіндегі рулон орамымен шығарылады. Осындай ру-лондарды тасымалдау үшін қысқыштары ұзын жəне қысқа өз осінен айналмалы қармаушылар қолданылады. Қолдану барысында қағаз
бетіне əсер ететін күш 8 Н/см2 шамадан аспауы шарт.
Қатты рулонды қолдануға қойылатын талаптар:
Қатты рулон қағаздарының өлшемдері көбінесе, үлкен болып келеді: диаметрі 75...150 см жəне одан да үлкен, массасы 1000...3000 кг, қағаз бетінің ені 3,5 м-ге дейін болады. Осының салдарынан қармаушы құрылғыны таңдау кезінде олардың құрылымдарының беріктігі, сонымен бірге шамасы рулонның қаптамадан немесе қысқыштың қысу беттері арасынан сырғып түсіп кетпеуге жеткілікті болуы керек. Рулон беттерінің жоғары тегістігін, жылтырлығын олармен жұмыс істеу барысында ескерген жөн.
Бұдан басқа қармаушы рамасының ені туындаған қысу күшінен иілуі рулонды ақауламайтындай болуы керек. Ені 1...2 м рулондарда
ауытқу ±3 мм болуы рұқсат етіледі.
Рулон қағазы
Гильзаға қағаз лентаның барлық жүктемесі əсер етеді, сондықтан жеткілікті түрде өзек берік болуы, стандартты жұмыс жүктемелеріне шыдамды, қабаттарға бөлінбеуі жəне жоғары жылдамдықтағы ма-шиналарда дірілдемеуі керек.
Себебі гильза оралатын ленталы қағаздың бір ұшы берік желіммен отырғызылып, сыртына қағаз оралады, нəтижесінде рулонды қағаз құрылады. Полиграфиялық басу машинасына жалаңаш рулон қағаз көлденең түрінде орналастырылады. Гильзаның ішкі тесігіне екі бүйірінен шпиндель еніп, қатаң бекітіледі. Типографиялық жұмыс кезінде рулон қағазды арнайы жетек шпиндель арқылы əртүрлі жылдамдықпен айналдырады, тежейді. Сол кездерде гильза сыртқы инерциялық күштердің əсерінен сырғып, қабыршақтанып, майы-сып кетпейтіндей етіп, берік жасалады. Тіпті, гильзаларды 2...3 рет
27
1.10-сурет. Рулонның қаптама материалдарының элементтері жəне жинақталу реті:
1-сыртқы бүйір жақты ылғал өткізбейтін қорғаныс беті; 2-ішкі бүйір жақты қорғау беті; 3-ылғал өткізбейтін қаптамасы; 4-этикетка жəне штрих-код; 5-гильза; 6-тығын
қайтадан қолдануға болады. Екіншіден рулон қағаздың қаптамасын аршып алғаннан кейін, рулонды тек қана гильзаның ішкі тесігінен ұстап көтеріп, тасымалдап, əртүрлі жағдайға бұрып полиграфиялық машинаның арнайы ұяшығына орналастырады. Оны арнайы ваку-умды іштен қармау құрылғысымен орындайды. Рулон қаптамасы төмендегідей элементтерден тұрады (1.10-сурет).
Кейбір жағдайларда рулондардың бүйір жақтарына шаншылау əдіспен таңба жəне белгілер салынады. Ондағы берілетін ақпарат өндірушіге тəуелді. Ереже бойынша олар:
– рулон нөмірі; – 1 м2 массасы; – орау бағыты; – фабрикалық жапсыру орны мен ақпарат мəлімдемелері.
Фабрика салған таңбамен рулонның арнайы ұяшыққа орна-
1.11-сурет. Рулонның стандартты этикеткасы
28
ластырғандағы таңбалары дəл келуі керек, сонда ғана шығындалған
орам саны компьютерде есептеліп, орамды қалған қалдық қағаздың мөлшерін анықтап, штрих-кодты өзгертіп отырады (1.11-сурет).
Фабрикалық жапсыру орындарын детекторлармен анықтау жəне сұрыптау үшін қосымша бояйды (1.12-сурет).
1.12-сурет. Рулонның бүйір жағындағы белгілер
Рулон қалдықтарын сақтау
Қоймаға қайта əкелінген рулондар қалдықтары ақаулану мен атмосфералық факторлардан қорғау мақсатында қайта қапталады. Оригинал этикеткасын қайта жапсыру керек немесе рулон нөмірін, 1 м2 массасын, қағаз түрі маркасын белгілеп көрсету керек. Келесі жұмыс басталарда қалдықтар бірінші болып іске асуы тиіс, бұл қойма орындарын үнемдеуге жəне қағаз сапасының жоғалуын бол-дырмайды.
Қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеуді оңайлату жəне сырт-қы ортаны қорғау
Қалдықтар: крафт – қалдықтар (рулонның бүйір жақты қорғау беті мен қаптамасы); фибралы гильза (ақ қағазы толығымен гиль-задан босатқаннан кейін); ақ қағаз (гильзадағы рулон қалдықтары) басылым ақаулары.
Штрих-кодты қаптамаға жапсырғаннан кейін, арнайы сканер штрих-кодтағы қағаз туралы ақпаратты өңдейді жəне компьютерлі интерфейсті басқару көмегімен қайтадан жоспарлап жəне шығын материалдарды есептеп, типографиядағы қағаз ағымдарымен үздіксіз қамтиды, логистикалық жүйелеріне сəйкес, сонымен қатар жүк қармау құрылғысы бар көлік түрін таңдайды жəне олардың жұмыс істеу режимдері анықталады.
Қоймадан келген қағаз басу цехындағы температура мен ауа ылғалдығына дəлме-дəл сəйкес келмейді, сондықтан рулон қап-тамадан ашылғаннан кейін, цех ішінде жағдайы мен қоршаған ауаға байланысты өзіне ылғал тартады немесе құрғайды. Қағаз 20…230C
29
1.13-сурет. Стандартты таралар мен астаулар:
а – фанералы тара; ə – ағаш еуроастау; б – ағаш тара; в– металды торлы тара; г – толық металды тара; ғ – жиналатын пластикалық жəшік
30
температурада жəне ылғалдығы 50…55% кезінде тұрақты болады, сондықтан ақаулануды мүмкіндігінше азайту жəне ылғалдықтың əсер етуі мен қағаздың динамикалық кеңеюін болдырмау үшін мүмкіндігінше рулонды қаптамадан типография баспасына жібе-рудің алдында ғана босату (аршу) керек.
Сондықтан басу машиналарын қағазбен, бояулармен, ылғалдау еріткіштерімен, желіммен, басу формаларымен автоматты қамту жəне саны мен сорты бойынша реттеу кезінде штрих-код көмегімен көп функционалды логистикалық үздіксіз тасымалдау үрдістерін орындау полиграфия өндірісінде дайын өнім шығарудың ең тиімді шарты болып табылады.
Жартылай фабрикат материалдарының үздіксіз орын ауысты-руы, тасымалдануы қатаң технологиялық тізбектер бойынша əртүрлі ағымды конвейерлер, рольгангтар, кантовательдер көмегімен орын-далады.
Астаулар жаңа стандарт бойынша екі модификацияда дайын-далады: ағаш ылғалдығы 22%-ға дейінгі кезіндегі өзіндік массасы 40 кг аспайтын тақтайлардан бұрандалы шегелер көмегімен жа-салады. Астаулар төрт ярусқа дейін жүкпен бірге штабельденуі
мүмкін. Олардың құрылымы жеткілікті түрде сенімді болады
(1.13-сурет).
