- •1.1. Базалық көтеру-тасымалдау жабдықтарының даму бағыттары
- •1.2. Полиграфиялық шығын материалдарының, пакеттелген дайын полиграфиялық өнімдердің жəне жүктердің жіктелуі жəне оларға қысқаша шолу жасау
- •1.3. Полиграфия өндірісінде қолданылатын жүк қармау құрылғыларының құрылымдарын жетілдіру
- •1.4. Полиграфия өндірісіндегі көліктік логистика
- •2.1. Жердегі рельссіз көліктің жіктелуі, қолданылуы жəне жалпы мағлұматтар
- •2.2. Арба қозғалысындағы кедергіні анықтау
- •2.3. Тиеу-түсіру машиналары туралы жалпы мəліметтер
- •2.3.1. Қолданылуы жəне жалпы жіктелуі
- •2.3.2. Тиеп-түсіру машиналарының техникалық параметрлері
- •2.4.1. Əмбебап автотиегіштер
- •2.4.2. Жоғары маневрлігі бар автотиегіштер (қысқа базалы)
- •2.4.3. Жетілдірілген өтімділікті автотиегіштер (ұзын базалы)
- •2.5.2. Əмбебап электртиегіштер
1.4. Полиграфия өндірісіндегі көліктік логистика
Көліктік логистика – бұл полиграфия өндірісінде ақпараттық жəне материалдар ағымдарын басқару жəне ұйымдастырудың жоғары тиімді əдісі. Қазіргі заманауи əлемінде логистика полиграфиялық ба-сылымдарды шығару үрдісінде ақпаратты жəне материал ағымдарын
52
басқару тəжірибесі мен ұйымдастыруды тұжырымдайтын маңыз-ды бағыттардың бірі болып табылады. Тапсырыс беруші берген полиграфиялық өнімнің көлемі мен түрін ескергенде, шығын мате-риалдары мен дайын өнімді тұтынушыға дейін тасымалдауды негізге ала отырып, осыларға қажетті көлік ағымдарын тиімді ұйымдастыру мен үздіксіз басқару жүзеге асырылады.
Нарық экономикасы кезінде барлық өндірістік шығындарды мейлінше үнемдеу барлығымызға аян, мысалы, полиграфиялық өндірістердің икемділігін жəне тез технологиялық ауыспалығын ескерсек, онда полиграфиялық бұйымдардың белгілі көлемдерін шығаруға арналған шығын материалдарын, қажетті түрлері мен көлемдерін алдын ала анықтау керек. Басқа өндірістерге қарағанда, полиграфиялық өндіріс көп қырлы, сезімтал болып келеді, əсіресе, шығын материалының технологиялық тізбесіне байланысты тасы-малдауын немесе жылжуын ұйымдастыру кезіндегі арнайы талаптары бар. Біріншіден, олардың физикалық-химиялық қасиеттерінің қағаз сортына, бояу, желім, ылғалдатқыш сұйықтықтар, биохимиялық реак-тивтер сұрыптарына сəйкес келуі қажет. Екіншіден, полиграфиялық бұйымдарды басу алдында, қосымша технологиялық жұмыссыз баспаның сапалы үрдісін қамтамасыз ету мақсатында барлық шы-ғын материалдары цех ішіндегі температураға сəйкестендірілуі ке-рек. Үшіншіден, полиграфиялық өндірістердегі кеткен шығынды (15%-дан жоғары) ескере отырып, шығындалған материалдарды нақты, уақытында тізімге алып, кезекті басылымнан кейін артылып қалған қалдық материалдарды қаптап, уақытша сақтау үшін аралық қоймаға жіберіледі.
Рулонды машиналарға қызмет көрсету мақсатында көлік жұ-мыстарының автоматтандырылуын қарастырайық, себебі рулонды басылымға:
– əсіресе, газет өндірісі машиналарындағы бояудың көп шығыны;
– офсетті рулонды машиналардағы ылғалдатқыш ерітіндінің көп шығыны;
– техникалық жабдықтарды қолдану арқылы көп көлемдегі қағаздарды тасымалдау (себебі бірлік еніндегі рулон массасы жүз-деген килограмм болады) жағдайларды ескерген жөн.
Логистиканы енгізу:
– рулонды машинаға қызмет көрсету кезінде қиын қол жұ-мыстарын орындаудан полиграфия жұмысшыларын босатуға;
– машинаның жұмыс өнімділігін арттыру үшін, машинаның үздіксіз жəне тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ете отырып,
53
жүргізуші операторлардың жұмысты дəл жəне жылдам орындауына мүмкіндіктер береді.
Рулонды баспа машинаға қызмет көрсету кезіндегі логистика көлік ағымдарын ұйымдастыруды қарастырады жəне оған:
– машинаға рулон қағаздарының дайындығы мен уақытында берілуі;
– баспа цехтарына бояулар мен ылғалдатқыш ерітіндіні беру;
– басылымға дейінгі аймақтан басу формаларын тасымалдау (бұл операцияны автоматтандыру кең өріс алған жоқ);
– қағаз қалдықтарымен бірге босаған гильзаларды, макулатура баспа-таңбаны жылдам алып кету;
– басылымнан кейінгі полиграфиялық өнімді өңдеу аймағына не-месе тұтынушыға жіберуге дайындау, пакеттеу, қаптау кіреді.
Əр полиграфияның ерекшеліктеріне сəйкес дайын өнімдерді ар-найы қоймаға текшелеп жинап, уақытында тұтынушыға ең тиімді тасымалдау көліктері мен маршруттардың жүйесі жобаланады.
Бұл жүйені қолданудың негізгі артықшылықтарына:
– жаңа тапсырысқа өту кезіндегі машинаның басылым алдындағы уақытының біраз қысқаруы;
– полиграфия жұмысының тиімділігін жоғарылату жəне макула-тура қалдықтарын азайту;
– полиграфияны басқару тиімділігін жоғарылату, ішкі қағаз құжаттамаларын, бұйрық пен есеп беру жəне т.б. құжат санын (толығымен алып тастағанға дейін) азайту;
– баспагердің еңбек өнімділігін өсіру;
– өндірісті жоспарлау, оның тиімді жұмыс істеуін бағалау жəне оңтайлау үшін статистикалық ақпаратты жинақтау жатады.
Рулонды баспа машинаға қызмет көрсету, рулон қағаздарды қабылдау жəне сақтау аймағын (қойманы) ұйымдастырудан баста-лады.
Қойма шаруашылығын ұйымдастыру
Қойма шаруашылығын жобалау кезінде сақталатын мате-риалдардың толық түр жиынын, қорларды толықтыру жəне баспаға жөнелтілетін шығын материалдарының көлемін, жеткізу сипатын жəне кейбір басқа жағдайларды толығымен ескеру керек. Көптеген
полиграфияларда қойма шаруашылығы бір деңгейде болады (1.42-сурет) жəне бұл жағдайда қойма басу цехынан екі есе артық
ауданды алады [5].
Əсіресе, басылатын қағаз ассортименті көп емес, ал қағазды жеткізуші, қағаз материалдарын дер кезінде жəне жоғары дəрежедегі
54
1.42-сурет. Негізгі автоматтандырылған аймақтары бар логистика жүйесі (бір дейгейлі вариант, ЕРС – түрі – Lokhen)
сенімділікпен жеткізуді ұйымдастырғанда қойма көлемін біраз қысқартуға болады. Мысалы, газет өндірісіндегі сыйымдылығы
үлкен емес көп қабатты жинағыштар басу цехтарына жақын орнала-са алады (1.43-сурет). Бұл кезде жалпы қағаз қоймасы ауданы үлкен
емес жəне негізінде шығын материалдарын түсіру аймағымен басу
1.43-сурет. Қажетті құрылғылары бар логистика жүйесі (көп қабатты қоймаға жинақтау варианты, Media Print түрі)
55
цехтарындағы қоймалар арасындағы аралық қойма ретінде қызмет етеді [35].
Кез келген жағдайда қойма шаруашылығын ұйымдастыру:
– рулонды жеткізу жəне түсіру (кейбір жағдайларда оларды автоматтандырылған түсіру мүмкіндігі бар);
– кейінгі орналасу орнын анықтау үшін рулондарды маркалау;
– пилотсыз басқарылатын жүк арбаларымен полиграфия ішіндегі материалдарды тасымалдау;
– рулон қағаздарын дайындау: қаптаманы (амбалаж) шешу, ар-найы идентификациялық белгілер жəне рулон қағаздарды автоматты түрде беру;
– екіншісімен желімдеу үшін желім қабатын жағу жəне т.б. жұмыстардың орындалуын талап етеді.
Рулонды полиграфия қоймасына жеткізу кезіндегі тасымалдау шарттарының бұзылуы олардың механикалық ақаулануына себеп бо-лады. Рулон қағаздарын тасымалдау кезінде кездейсоқ соққыдан, ауа райының өзгерістерінен болатын бұзылуларды анықтау үшін жəне кеңістіктегі орнын мегзейтін, сонымен қатар сақтау үрдістерінде рулонға сырттан əсер ететін барлық ақпаратты хабарлайтын рулон гильзасына арнайы детектор орналастырылады. Бұл ақпарат басу машинасына орналастырғанға дейінгі рулон ақауларын айқындауға көмектеседі жəне нақты жағдайдағы машинаның тиімді жұмыс істеу режимін таңдауға (мысалы, сопақтық кезінде, рулонның эксцентрикалық болуы кезінде) мүмкіндік береді.
Рулондарды жеткізу кезінде əртүрлі маркадағы жүк автомо-бильдері қолданылады, бұл оларды түсіру жұмысын қиындатады. Осының салдарынан тиеу-түсіруде қол еңбегін қажет ететін жұ-мыстарды толығымен жоюға болмайды. Жапсырмаларды (этикет-каларды) сканермен (супермаркеттерде қолданылатын тауар штрих-кодтарды сканерлейтін қол сканерлі тəрізді) сканерлеу (рулондарды түсіру кезінде орындалады): қағаздың сорты, геометриялық сипатта-малары, партия нөмірі жəне т.б. ақпараттар, қабылданған рулон ту-ралы мəлімдемені басқару компьютеріне енгізу керек. Осыдан кейін рулон кəсіпорын қоймасына жеткізіледі.
Тасымалдау жұмыстарын автоматтандыру үшін көбіне, пилотсыз басқарылатын арбалардың екі негізгі модификациясы қолданылады (AGV, Automatically Guided Vеhicle), оларды шартты түрде: ашалы
жəне қысып қармаушы сияқты екі түрге бөлуге болады.
Ашалы тіректері бар арбаларда (1.44-сурет) рулон немесе басқа жүк бекітілмейді, ауырлық күші есебінде ұсталады. Осы арбалармен рулондар тасымалдаудан басқа оларды стеллаждан түсіру, сонымен
56
1.44-сурет. Ашалы пилотсыз басқарылатын арбалар
бірге макулатура, босаған гильзалар жəне рулон қалдықтарын шығару жұмыстары жүргізіледі. Кернеулер релакциясы əсерінен бүйір жағымен сақталған рулон қағаздарды ұзақ мерзімде сақталу кезінде
рулон цилиндрлігін
жоғалтып,
ақаулануын (сопақ) ескеру қажет.
Бүйірімен
орналасқан
немесе
сақталған рулонның екі жағынан
арнайы
призма
тіректер
етіп
қойылатын «Призматикалық» деп
аталатын сақтау түрі де жағдайды
жақсартпайды. Рулонды
тігінен
сақтау ең ыңғайлысы болып та-
былады.
Логистика
жүйесінде
рулондарды түсіретін,
айнал-
дыратын,
вертикальді
жағдайда
тасымалдайтын,
сонымен
бірге
бір-біріне бүйір жақтарымен
қысып
қармаушылары бар
пи-
1.45-сурет. Қармаушылармен
лотсыз
басқарылатын
арбалар
жабдықталған пилотсыз
қолданылады (1.45-сурет).
басқарылатын арба
57
1.46-сурет. Жүктерді тасымалдауға арналған пилотсыз басқарылатын арбаларды қолдану:
а – рельспен; б – индукциялы шиналар бойымен қозғалу
Қармаушылар массасы 1000 кг-ға дейін жəне одан көп массасы бар рулонды сенімді ұстайды жəне еден деңгейінен 5м биіктікке дейін көтереді.
Пилотсыз басқарылатын арбалар əртүрлі маршруттармен қозғалады; олардың орын ауыстыруына берілетін бұйрық еден-ге орналасқан индукциялы шиналар бойынша компьютермен
басқарылады жəне олар тұрақты рельс жолдарымен қозғалады
(1.46-сурет).
Типографияда қолданылатын көлік жабдықтары жабық бөл-мелерде қолданылатындықтан оларға арнайы талаптар қойылады. Мысалы, дизель немесе газ жетекті арбаларды қолдануға рұқсат етілмейді. Бұдан басқа атмосферада тарайтын қағаз шаңы, бояудың булану өнімдері жəне т.б. компоненттері бар газдар, цехтарда жұмыс істейтін көлік жабдықтарын электр доғасынан, жарылудан қорғауды қамтамасыз етеді. Қазіргі нарық заманында тұтынушылардың қо-йылған талаптарды қанағаттандыратын көлік түрлерінің таңдауы көп.
Стеллаждарды жобалау кезінде рулондардың геометриялық өлшемдері мен сипаттамалары жəне тиегіштердің мүмкіндіктері
58
1.47-сурет. Лифт көтергіші бар көп қабатты қойма
ескеріледі. Кейбір жағдайларда, мысалы, едендегі орын алатын ау-данды қысқарту үшін лифт-көтергіштермен немесе көпірлі крандар-мен жабдықталған көп қабатты қойма қолдану тиімді (1.47-сурет).
Бірақ көп жағдайда типография қоймасындағы стеллаждар бір деңгейлі болады (1.48-сурет).
Баспа цехынан рулон түрі немесе қағаздың анықталған сортына сұраныс болса, пилотсыз арба арнайы компьютер бағдарламасымен
1.48-сурет. Бір деңгейлі стеллаждары бар қойма
59
қағаз рулонын, қай қоймада, стеллаж нөмірін, ұяшығын іздеп таба-ды, сонымен қатар қоймада сол қағаздың қанша мөлшері қалғанын операторға хабарлайды.
Пилотсыз басқарылатын арба рулонды дайындау аймағына жеткізеді.
Басу цехында немесе қойма аймағында босаған қаптамаларды əкету жəне пайдаланудан қалған рулонды қайтадан қаптап, бүйіріне штрих-кодты жапсырып дайындауға арналған құрылғылармен жаб-дықталған бір немесе бірнеше аймақтар болады.
Қаптаманы шешу көбіне, қолмен орындалады, тек қана қаптаманы алу кезіндегі рулонның айналуы ғана механикаландырылған. Опе-ратор рулонның сыртқы түрін, ақаулардың болуын тексеріп, рулон қалыптастырушы бойымен рулон таралмауы үшін шетіне лентаның жапсар қабатын жабыстырады. Рулон идентификациясын жеңілдету үшін рулон туралы барлық ақпарат беретін арнайы жапсырма штрих-код бүйір жағына жабыстырылады.
Басу машинасына рулонды беруді автоматтандыру
AGV пайдалану шығындары жеткілікті түрде көп, сондықтан рулондардан басқа жүктердің тасымалдауын қамтамасыз ету керек. Сол себепті қағаздардың тасымалдау жүйесінде рельсті тасымал-дау құрылғылары дұрыс қолданыс тапты. Бұл жүйе көбіне, еден бетінде жүргізуші шынжырлы тасымалдаушымен біріктірілген бірқатар модульдерден тұрады. Модульді тасымалдау əдісі көбіне, жеке сұраныстарына сəйкес жобалануы мүмкін. Баспа цехындағы жүйенің негізгі элементтері 1.49-суретте көрсетілген.
1.49-сурет. Басу цехындағы қағазды еден бетінде тасымалдау жүйесінің негізгі элементтері:
а–рулонның беткі қабаттарын алу аймағы; б–қағаздың шетін жапсыруға дайын рулон; в–бағыттаушы рельстер; г–рулонды қабылдағыш; д–рулондарды тасымалдауға арналған платформа; е–орын ауыстырудың сызықтық модулі; ж–бұрылу модулі.
60
1.50-сурет. Еденге орналасқан бағыттаушы рельс құрылымы:
а – қоршау пластиналары; б – төлкелі-роликті шынжыр; в – бағыттаушылар.
Цех ішінде рулондарды тасымалдауда пилотсыз басқарылатын арбалар жəне рельсті тасымалдаушылар қолданылады. Ішкі жағында шынжырлы беріліске сəйкестендіріп орналасқан бағыттауыштар еден бойымен орналастырылады. Бағыттауыштар жоғары жағында пластинкалармен жабылған (1.50-сурет).
Тəжірибе көрсеткендей, бағыттауыштар жəне шынжырлар жиі-жиі қағаз шаңы, кір жəне май қоспасымен ластанып, саңылаулары то-лып қалады. Бұл жағдайды болдырмау үшін өнеркəсіп сорғыштарын қолдану арқылы тазалауды жиі жүргізу керек.
Баспаға берілетін рулон бірнеше тексеруден өтеді, бұл «дұрыс емес» рулонды орнатуды болдырмайды. Оператор алдын ала тағы бір рет рулонды, қарап шығады жəне қажет жағдайда қосымша бірнеше ақауланған беткі орам қабат қағаздарын алып тастайды.
Рулонды рулон қабылдағышына орнату кезінде лазер сəулесімен өлшеп, оның диаметрін сканерлейді жəне рулондағы белгіге есептегіш сəулесін дəл келтіреді.
Бояуды жəне ылғалдатқыш ерітіндіні басу машинасына беру
Басу машиналарын бояумен автоматты түрде қамтамасыз етуді əртүрлі əдістермен ұйымдастыруға болады. Көп шығын кезінде, мы-салы, қара бояуды қолдануда арнайы автоцистерналардан сорғымен алынатын, сыйымдылығы бірнеше тонна арнайы бункерлерді ұйымдастыруға болады (1.51-сурет).
Шығыны аз бояуларды, мысалы, триад бояуларын тасымал-дауда сыйымдылығы 1000 кг болатын стандартты контейнер-лер қолданылады. Бұл контейнерлерде бояу өз ағынымен немесе
61
1.51-сурет. Қара бояуы бар тұрақты бункерлер (газет типографиясы)
қысыммен типографияда орналасқан тұрақты бункерлерге немесе машинаны бояумен қамтамасыз ету осы контейнерлерден болуы мүмкін.
Бұл жағдайда бояуды беруді үздіксіз қамтамасыз ету үшін алдыңғы контейнер босағанда жаңа контейнерге автоматты түрде өтудің механизмін қарастырған жөн.
1.52-сурет. Басу машинасын бөшкедегі бояумен қамтамасыз ету
Бояу шығыны өте аз кезінде үлкен сыйымды-лықты ыдыстарды қолдану тиімсіз. Бұл жағдайда басу машинасынан бояумен қамтамасыз етуде кіші сыйымдылықтар, мысалы, 200 литрлі бөшкелер қол-данылады. Олардан бояу сорғы арқылы құбырмен
бояу аппаратының резер-вуарына беріледі (1.52-су-рет).
Ылғалдатқыш ерітін-діні орталықтан беру ке-зінде барлық басу секция-лары үшін бірыңғай құ-быр орнатылады. Ерітінді 95% жəне одан көп судан құралады, суды көбіне, қатаңдығы 5...2 рН дейін жұмсарту талап етіледі, ал
62
1.53-сурет. Ылғалдатқыш ерітіндіні дайындау жəне регенерациялау жүйесі
суланудың қажетті қасиеттерін алу үшін рН деңгейі 4,8...5,5 бола-тындай бақыланатын арнайы қоспалар қосылады.
Бір уақытта ерітіндіні температурасы 10...11ºС дейін суы-
тып, сүзіледі, осыдан кейін ерітінді басу секцияларына беріледі
(1.53-сурет).
Макулатура жəне басқа қағаз қалдықтарын əкету
Кейбір жағдайларда қағаздың жалпы шығынындағы қағаз қалдықтарының үлесі 25% жəне одан жоғары болады. Бұл үлесті анықтау өте күрделі, себебі ол көптеген факторларға: – тираж са-нына, тапсырыстар сипатына, машиналардың түрі мен техникалық жағдайына, қолданылатын материалдарға жəне т.б. байланысты тəуелді келеді.
Типографиядағы макулатураның негізгі көздеріне:
– ақауланған рулондардың қайтарылуы; – гильзалардағы қағаз қалдықтары;
– қаптама жəне рулон ішіндегі гильзалар; – «ақ» макулатура, яғни баспада қолданылмаған қағаз (рулонды дайындау кезінде);
– қосу жəне реттеу кезіндегі, баспа қателіктері жəне тиражды басу кезіндегі ақаулар;
– жинақтан артық баспа-таңбалар жəне ақауланған өнімді қай-тару жатады.
Қоршаған ортаны қорғаудың қазіргі талаптарына сəйкес маку-латураны өңдеу үшін сұрыпталу керек. Макулатура қалдықтары пилотсыз басқарылатын ашалы түрдегі арбалармен тасымалдануы мүмкін (1.54-сурет). Көптеген типографияларда қағаз қалдықтарын жинауға арналған бункерлерде автоматтандырылған жəне макулату-
раны жинауға арналған орағыш-қысқыш престермен жабдықталған
(1.55-сурет).
63
1.54-сурет. Пилотсыз басқарылатын «ашалы» арбамен қалдықтарды жинауға арналған контейнерге макулатураны автоматты түрде əкету
1.55-сурет. Қаптамалы өндірісті типографиядағы кесінділерді престеу жəне алып кетудің автоматты жүйесі
64
Бақылау сұрақтары
Полиграфияда əртүрлі материалды тасымалдауда қандай қарапайым механизация құрылғылары пайдаланады?
Рулон жəне ортасында тесігі бар цилиндрлі жүкті іліп, кеңістікте манипуляция жасап тасымалдауға арналған механизмнің техникалық си-паттамасын келтіру керек.
Автоматтандырылған еденде жүретін Rocla типтес арбаның жаңа буыны дегеніміз не?
Полиграфия өндірісінің технологиялық жүйелері бойынша рулон немесе табақты қағазды тасымалдау процесін орындайтын көтеру-тасы-малдау машиналарының қандай түрлері бар?
Көпірлі типтес кранды полиграфия өндірісінің қай саласында пай-далану ұтымды?
Германияда жасалынып шығарылған, автоматтандырылған екі бал-калы ДЕМАG көпірлі кранның техникалық сипаттамасын келтіріңіз.
Көпірлі кранға баламалы, жерде жүретін көлік түрі – тиегіштердің қандай артықшылықтары бар?
Финдік АҚ «Меклифт ЛТД» жасап шығарған модульдік ги-дравликалық автотиегіш «Melift» констракциясының артықшылықтары мен техникалық параметрін келтіріңіз.
Жапондық фирма «Toyota» мен «Komatsu» жасап шығарған, жүк қар-мауыш айла-бұйымы бар тиегіштердің конструктивті құрылымы қандай?
Полиграфия өндірісіндегі жүк көтеру-тасымалдау жабдығының бəсекелестікке қабілетті даму бағыты қандай?
Полигарфиядағы тасымалданатын жүктердің түрлері қандай?
Полиграфия өндірісінде қажетті материалдарды жүктер ағымы бойынша немесе технологиялық сатыға байланысты көтеру-тасымалдау машиналарын қалай бөлуге болады?
Қағаз рулондарын жеткізу кезінде , тиеп-түсіру жұмыстарында жəне тасымалдау кезінде олар қандай əсерге ұшырайды?
Жұмсақ , жартылай қатты жəне қатты қағаз рулондарын тиеу кезінде қандай талаптар қойылады?
Жеке дара жүктерді өндірістік цех ішінде тиеп-түсіру, қойма ішіндегі жұмыстар мен технологиялық жылжытуды механизациялаудағы мəселелерін шешудің қандай жолдары бар?
Авто- жəне электртиегіштерде қолданылатын жүк қармаушы айла-бұйымдарды унификациялау мақсаты қандай?
Ауқымы үлкен жүктерге арналған қармауыштың конструктивті құрылымы қандай?
Тиегіштен бір уақытта тасымалдайтын жүктер жиынтығын қалай атау қабылданған?
Стандартты астау мен поддондар түрін айтыңыз.
Полиграфия өндірісіне көліктік логистиканы енгізудің мақсаты
қандай?
Полиграфия өндірісінде қолданылатын көлік логистикасына қо-
йылатын талаптар қандай?
5–1572 65
2-тарау. ПОЛИГРАФИЯЛЫҚ ӨНДІРІСТЕГІ РЕЛЬССІЗ КӨЛІК
