Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСПЭ каз 2014..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32 Мб
Скачать
☆

Модуль жетекшісі, фарм.Ғ.Д. Сакипова з.Б.

2 Кезең «б» рецептіне дұрыс жауаптар эталондары

  1. Емтихан тапсырушы берілген дәрілік қалыпты дайындау сусыз ерітінділер дайындаудың жалпы ережесі бойынша жүргізілетінін көрсетті.

  1. Дәріханалық қол таразыларда, тарирлік таразыларда натрий тетрабораты және глицериннің есептелген мөлшерін дұрыс өлшеді.

  1. Дәрілік қалыпты дайындауға қажетті реттілікті сақтады: құрғақ флаконға натрий тетраборатын салды, глицеринді қосты, флаконды тығындап, толық ерігенше су моншасында қыздырды.

  1. Ерітіндіні этикеткалармен безендірді: «Сыртқа», «Балалардан сақтаңыз».

  1. Жазбаша бақылау паспортын толтырды:

Күні_________рецептің №_____

Natrii tetraboratis 20,0

Glycerini 80,0

Мжалпы-100,0

Дайындаған:

Тексерген:

Босатқан:

  1. Емтихан тапсырушы жазбаша бақылау жүргізді: рецепт және жазбаша бақылау паспорты ұсынылған дәрілік қалыпқа дұрыс толтырылған.

  1. Дәрілік қалыптың орамдалуын, безендірілуін тексерді: дәрілік қалып құрамындағы ингредиенттің физика-химиялық қасиеттеріне сәйкес түссіз шыны флаконға орамдалған, «Сыртқа» және «Балалардан сақтаңыз» этикеткаларымен безендірілген.

  1. Ерітіндінің түсі, иісі құрамындағы ингредиенттердің физика-химиялық қасиеттеріне сәйкес - түссіз, иіссіз екендігін анықтады.

  1. % ауытқу НҚ рұқсат етілген нормаға сай екендігін анықтады (ерітінді массасы 50,0 - 150,0 ± 3 %).

  1. Сусыз ерітінділердің сапасын бағалауда арнайы көрсеткіштер жоқ екенін атады.

Модуль жетекшісі, фарм.Ғ.Д. Сакипова з.Б.

2 Кезең «в» рецептіне дұрыс жауаптар эталондары

  1. Емтихан тапсырушы берілген дәрілік қалыпты дайындау тамшыларды дайындаудың жалпы ережелері бойынша жүргізілетінін көрсетті.

  2. Ментол, камфора, сұйық парафинді дұрыс өлшеп алды.

  3. Ингредиенттердің физика-химиялық қасиеттеріне сәйкес дәрілік қалыпты дайындаудың дұрыс ретін сақтады: ментол мен камфораның есептелген мөлшерін босататын құрғақ флаконға өлшеп, 10 г сұйық парафинді қосты және толық ерігенше су моншасында 50° С-тан аспайтын температурада қыздырды.

  4. Флаконды полиэтиленмен тығынмен, үстінен пластмасса қақпақшамен тығындады. «Сыртқа», «Балалардан сақтаңыз», «Салқын, жарық түспейтін жерде сақтаңыз» этикеткаларымен безендірді.

  5. Жазбаша бақылау паспортын толтырды:

Күні_________рецептің №_____

Mentholi 0,05

Camphorae 0.06

Paraffini 10,0

Мжалпы-10,0

Дайындаған:

Тексерген:

Босатқан:

  1. Емтихан тапсырушы жазбаша бақылау жүргізді: рецепт және жазбаша бақылау паспорты ұсынылған дәрілік қалыпқа дұрыс толтырылған.

  2. Дәрілік қалыптың орамдалуын, безендірілуін тексерді: дәрілік қалып құрамындағы ингредиенттің физика-химиялық қасиеттеріне сәйкес қоңыр түсті флаконға орамдалған, «Сыртқа», «Балалардан сақтаңыз» және «Салқын, жарық түспейтін жерде сақтаңыз» этикеткаларымен безендірілген.

  3. Ерітіндінің түсі, иісі құрамындағы ингредиенттердің физика-химиялық қасиеттеріне сәйкес түссіз, камфора иісті екендігін анықтады.

  4. % ауытқу НҚ рұқсат етілген нормаға сай екендігін анықтады (ерітінді массасы 10,0 - 20,0 ± 8 %).

  5. Тамшылар сапасын бағалауда арнайы көрсеткіштер жоқ екенін атады.