Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСПЭ каз 2014..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32 Мб
Скачать
☆

Модуль жетекшісі, фарм.Ғ.Д. Сакипова з.Б.

2 Кезең «к» рецептіне дұрыс жауаптар эталондары

  1. Емтихан тапсырушы берілген дәрілік қалыптың суспензиялық жақпа майлар дайындаудың жалпы ережелері бойынша, асептикалық жағдайда дайындалатынын атап көрсетті.

  2. Бензилпенициллин натрий тұзын, вазелин майын, вазелинді, сусыз ланолинді дұрыс өлшеді.

  3. Дәрілік заттардың физика-химиялық қасиеттерін ескере отырып, дәрілік қалыпты дайындау реттілігін дұрыс сақтады. Стерильді келіде 0,08г бензилпенициллин натрий тұзын, екі тамшы стерильді вазелин майымен ысқылады. Бөлшектей отырып, вазелин мен сусыз ланолинді қосты. Біртекті болғанша араластырды.

  4. Дайын жақпа майды сыйымдылығы 30 г қызыл-сары түсті (ОС және ОС-1 маркалы) банкаға ауыстырып, «Көз жақпа майы», «Балалардан сақтаңыз», «Салқын, жарық түспейтін жерде сақтаңыз» этикеткаларымен безендірді.

  5. Жазбаша бақылау паспортын толтырды:

Күні_______рецепт №_____

Benzylpenicillini natrii 0,08

Olei vaselini gtt. II

Vaselini 10,0

Lanolini anhydrici 1,0

М ж - 11,08

Дайындаған:

Тексерген:

Босатқан:

  1. Емтихан тапсырушы жазбаша бақылау жүргізді: рецепт және жазбаша бақылау паспорты дұрыс толтырылған.

  2. Берілген дәрілік қалыптың орамдалуы мен безендірілуін тексерді: дәрілік қалып ингредиенттердің физика-химиялық қасиеттеріне сай қызыл-сары түсті банкаға орамдалған, «Көз жақпа майы», «Балалардан сақтаңыз», «Салқын, жарық түспейтін жерде сақтаңыз» этикеткаларымен безендірілген.

  3. Түсі мен иісі дәрілік қалып құрамындығы ингредиентердің физика-химиялық қасиеттеріне сай екндігін анықтады - вазелинге тән иісі бар, ақ түсті жақпа май.

  4. % ауытқу НҚ рүқсат етілген нормаға сай екендігін анықтады (жақпа май массасы 10,0 - 20 г ±8%).

  5. Студент жақпа майлар сапасын бағалаудың арнайы көрсеткіштері - біртектілік, бөлшектер мөлшері екендігін атап көрсетті.

Модуль жетекшісі, фарм.Ғ.Д. Сакипова з.Б.

3 Кезең

Студентке арналған тапсырма

Дайын өнімді сипаттаңыз: нормативтік құжатқа сәйкес дәрілік қалыптың түрі, сыртқы түрі, негізгі белгіленуі, орамдалуы, сақтау жағдайлары, жарамдылық мерзімі. Технологиялық үрдістің дұрыс графикалық блок-сызбасын, қолданылатын құрал-жабдықтар мен өндірістің аппаратуралық сызбасын таңдап алыңыз. Аралық бақылау түрлерін, өндірістің негізгі бакылау нүктелерін, атап көрсетіңіз. Технологиялық процестің бақылау нүктелерін көрсетіңіз.

Тапсырмаға берілген уақыт: 15 мин.

Қосымша

Өндірістік технология бойынша тапсырмаларды орындауға арналған препараттар тізімі

А. Дибазол таблеткалары 0,02 / Tabulettae Dibazoli 0,02

Б. Мырыш жақпа майы 10%/ Unguentum Zinci 10%

В. Ацетилсалицил қышқылы таблеткалары 0,5 / Tabulettae Acidi acetylsalicylici 0,5

Г. Қант шырыны /Sirupus simplex

Д. Сульфацил-натрий ерітіндісі /Solutio Sulfacyli- natrii 30%

Е. Инъекцияға арналған новокаин ерітіндісі 0,5% /Solutio Novocaini 0,5% pro injectionibus

Ж. Сасық шөп тұнбасы /Tinctura Leonuri

З. Мия тамырының экстракты /Extractum Glycyrzhizae spissum

И. Қарапайым күкірт жақпа майы/ Unguentum Sulfuratum simplex

К. Ихтиол қосылған суппозиторийлер/ Suppositorium cum Ichthyolo

Емтихан алушыға ақпарат: бітірушінің дайын өнімді көрсете білуін, ұсынылған препараттың технологиялық үрдісінің дұрыс графикалық блок- схемасы және аппаратуралық сызбасын таңдауын меңгеруін бағалауыңызды өтінеміз.

№

Қадамдарды бағалау

критерийлері

Балмен

бағалау

1

Емтихан тапсырушы дәрілік қалып түрін (таблеткалар, жақпа май және т.б.) және дәрілік затқа сәйкес нормативтік құжаттарды дұрыс анықтады.

10

9

6

5

2

Дұрыс сипаттама берді: сыртқы түріне, қолданылуына, орамдау (тара), сақтау шарттарына және жарамдылық мерзіміне.

20

18

16

10

3

Емтихан тапсырушы технологиялық үрдістің дұрыс графикалық блок-сызбасын таңдады.

15

13

10

7

4

Технологиялық үрдісте қолданатын құрылғыларды дұрыс атап өтті

20

18

16

10

5

Берілген препарат өндірісінің сатылы аппаратуралық сызбасын таңдады.

15

13

10

7

6

Аралық бақылау түрлерін, өндірістің негізгі бақылау нүктелерін көрсетті.

20

18

16

10

Барлығы

100

89

74

49

Максимальды балл: 100

Тапсырмаға берілген уақыт: 15 мин.