Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСПЭ каз 2014..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32 Мб
Скачать
☆

Модуль жетекшісі, фарм.Ғ.Д. Сакипова з.Б.

2 Кезең «з» рецептіне дұрыс жауаптар эталондары

  1. Емтихан тапсырушы берілген дәрілік қалыпты дайындау гомогенді линименттер дайындаудың жалпы ережесі бойынша жүргізілетінін атап көрсетті.

  2. Ментол, камфора майын және хлороформды дұрыс өлшеді.

  3. Дәрілік қалып құрамына кіретін ингредиенттердің физика-химиялық қасиеттеріне байланысты оны дайындау реттілігін дұрыс сақтады. Себілгіш заттарды ұнтақтап, араластырды, хлороформды қыздырмай еріткен (ұшқыш заттар болғандықтан).

  4. Флаконды тығындап, «Сыртқа», «Балалардан сақтаңыз», «Салқын және жарық түспейтін жерде сақтаңыз», «Қолданар алдында шайқаңыз» деген этикеткалармен безендірді.

  5. Жазбаша бақылау паспортын толтырды:

Күні_______рецепт №_____

Mentholi-3,0

Olei Camphorati - 15,0

Chloroformii - 15.0

М жалпы — 33,0

Дайындаған:

Тексерген:

Босатқан:

  1. Емтихан тапсырушы жазбаша бақылау жүргізді: рецепт және жазбаша бақылау паспорты дұрыс толтырылған.

  2. Берілген дәрілік қалыптың орамдалуын, безендірілуін тексерді: линимент, оның құрамындағы ингредиенттердің физика-химиялық қасиеттеріне сай қоңыр түсті флаконға орамдалған, «Сыртқа», «Балалардан сақтаңыз», «Салқын және жарық түспейтін жерде сақтаңыз», «Қолданар алдында шайқаңыз» деген этикеткалармен безендірілген.

  3. Түсі, иісі құрамындағы ингредиенттердің физика-химиялық қасиеттеріне сай екендігін анықтады.

  4. % ауытқу НҚ рұқсат етілген нормаға сай екендігін анықтады (линимент массасы 20 - 50 г ±5%).

  5. Гомогенді линименттердің сапасын бағалауда арнайы көрсеткіштер жоқ екендігін студент атады.

Модуль жетекшісі, фарм.Ғ.Д. Сакипова з.Б.

2 Кезең «и» рецептіне дұрыс жауаптар эталондары

  1. Емтихан тапсырушы жазбада қышқылдың концентрациясы көрсетілмегендіктен, сұйылтылған хлорсутек қышқылын (8,3%) алатынын атап көрсетті. Сұйылтылған хлорсутек қышқылын ассистенттік бөлмеде сақтауға болмайды, сондықтан оның 10% ерітіндісі қолданылады.

  2. Тазартылған су мен хлорсутек қышқылын дұрыс өлшеп алды.

  3. Дәрілік заттардың физика-химиялық қасиеттерін ескере отырып, дәрілік қалыпты дайындау реттілігін дұрыс сақтады. Босататын флаконға (МТО маркалы) 70 мл тазартылған су, 30 мл хлорсутек қышқылының ерітіндісін өлшеп, шыны таяқшамен араластырды.

  4. Дайын ерітінідіні «Микстура», «Балалардан сақтаңыз» этикеткалармен безендірді.

  5. Жазбаша бақылау паспортын толтырды:

Күні_______рецепт №_____

Aquae puificatae 70 ml

Solutionis Аcidi hydrochlorici diluti 0,83% (1:10) – 30 ml

V жалпы-100 ml

Дайындаған:

Тексерген:

Босатқан:

  1. Емтихан тапсырушы жазбаша бақылау жүргізді: рецепт пен жазбаша бақылау паспорты дұрыс толтырылған.

  2. Берілген дәрілік қалыптың орамдалуын, безендірілуін тексерді: ерітінді құрамындағы ингредиенттердің физика-химиялық қасиеттеріне сәйкес түссіз флаконға орамдалып, «Микстура», «Балалардан сақтаңыз» этикеткаларымен безендірілген.

  3. Түсі, иісі құрамындағы ингредиенттердің физика-химиялық қасиеттеріне сәйкес - түссіз, иіссіз.

  4. % ауытқу НҚ рұқсат етілген нормаға сай екендігін анықтады (ерітінді көлемі 50,0 -150 мл ±3%).

10. Стандартты ерітінділер сапасын бағалаудың арнайы көрсеткіштері жоқ екендігін студент атап көрсетті.