Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСПЭ каз 2014..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32 Мб
Скачать
☆

Модуль жетекшісі, фарм.Ғ.Д. Сакипова з.Б.

1 Кезең «и» рецептіне дұрыс жауаптар эталондары

  1. Студент жазба құрамының рецептура бланкісіне сәйкес келетіндігін анықтады; рецепт дұрыс жазылған. Мына нормативтік құжаттарды көрсетті: ҚР МФ; 30 желтоқсан 2011 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1693 Дәрілік құралдар, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың көтерме және бөлшек сауда ережелерін бекіту тіралы Қаулысы; 19 қаңтар 2012 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 114 Дайындалған дәрілік препараттардың дәріханаішілік бақылауын жүргізу туралы ережелерін бекіту тіралы Қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30 желтоқсан 2011 жылғы № 1692 Дәрілік құралдарды, медициналық мақсатта қолдануға арналған бұйымдар және медициналық техниканы таңбалау ережелерін және «Дәрілік құралдар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған талаптар» Техникалық регламентін бекіту туралы Қаулысы; № 142 «Сұйық дәрілік қалыптарды дайындау ережелері»; Анықтамалық әдебиеттер: Справочное пособие по аптечной технологии лекарств. Синев Д.Н. и др. Изд. 2-е СПб.: Издательство СПХФА, 2001г.

  1. Фармакологиялық топтарға сәйкес дәрілік заттар тізімі бойынша дозасын тексеру қажет заттардың бар екендігін дұрыс атап көрсетті. Дозалары МФ X басылымында көрсетілген жоғары реттік жэне жоғары тәуліктік дозалардан аспайды. Сұйылтылған хлорсутек қышқылы: ж.р.д. - 2 мл (40 тамшы), рецепт бойынша 15 тамшы; ж.р.д.- 6 мл (120 тамшы), рецепт бойынша 30 тамшы.

  1. Жазбадағы ингредиенттердің сыйымдылығын дұрыс анықтады (сыйымдылық кестесі бойынша).

  1. Ерітіндіні даярлау үшін керекті дәрілік және қосымша заттарды есептеді:

- сұйылтылған хлорсутек қышқылының ерітіндісінен (1:10)-30 мл

- тазартылған су -70 мл

5. Өлшеуіш цилиндрді, пипетканы, воронканы, шыны таяқша дайындады.

6. Ішінде келесі ингредиенттері бар штангластарды дайындады: сұйылтылған хлорсутек қышқылы, тазартылған су.

7. Орамдау және тығындау материалдарын дайындады: сыйымдылығы 100 мл түссіз шыныдан (МТО маркалы) жасалған флакон, полиэтилен тығыны, пластмасса қақпақ және этикеткалар: «Микстура», «Балалардан сақтаңыз».

Модуль жетекшісі, фарм.Ғ.Д. Сакипова з.Б.

1 Кезең «к» рецептіне дұрыс жауаптар эталондары

  1. Студент жазба құрамының рецептура бланкісіне сәйкес келетіндігін анықтады; рецепт дұрыс жазылған. Мына нормативтік құжаттарды көрсетті: ҚР МФ; 30 желтоқсан 2011 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1693 Дәрілік құралдар, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың көтерме және бөлшек сауда ережелерін бекіту тіралы Қаулысы; 19 қаңтар 2012 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 114 Дайындалған дәрілік препараттардың дәріханаішілік бақылауын жүргізу туралы ережелерін бекіту тіралы Қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30 желтоқсан 2011 жылғы № 1692 Дәрілік құралдарды, медициналық мақсатта қолдануға арналған бұйымдар және медициналық техниканы таңбалау ережелерін және «Дәрілік құралдар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған талаптар» Техникалық регламентін бекіту туралы Қаулысы; Анықтамалық әдебиеттер: Справочное пособие по аптечной технологии лекарств. Синев Д.Н. и др. Изд. 2-е СПб.: Издательство СПХФА, 2001г.

  1. Студент дәрілік қалып сыртқа қолданылатын болғандықтан, оның дозасы тексерілмейтінін көрсетті.

  1. Жазба құрамындағы ингредиенттердің сыйымдылығын дұрыс анықтады (сыйымдылық кестесі бойынша ).

  1. Сусыз ерітінді дайындауға қажетті дәрілік және көмекші заттардың мөлшерін есептеді:

- бензилпенициллин натрий тұзынан 0,08

- вазелиннен 10,0

- сусыз ланолиннен 1,0

- вазелин майынан 0,04 (2 тамшы, НҚ 1 г-да 51 тамшы)

  1. Стерильді келі-келсап, су моншасы, қол және тарирлік таразыларды, өлшегіш тастарды дайындады.

  1. Ішінде келесі ингредиенттері бар штангластарды дайындады: бензилпенициллин натрий тұзы, вазелин, сусыз ланолин.

  1. Орамдау және тығындау заттарын дайындады: сыйымдылығы 30 г қызыл-сары түсті (ОС, ОС-1 маркалы) банка, пергаментті төсемесі бар пластмасса қақпақ, этикеткалар: «Көз жақпа майы», «Балалардан сақтаңыз», «Салқын және жарық түспейтін жерде сақтаңыз».