- •Дәріс тезисі.
- •Отқа төзімді модель дайындау
- •Бюгельді протездің дәнекерленген каркасын дайындау
- •Доғалы протезге тістерді орнату және базисін дайындау
- •Әдебиеттер:
- •Бақылау сұрақтары ( кері байланыс)
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Ортопедиялық стоматология курсы
- •Көпіртектес протез дайындау барысында металлокерамикалық сауыттардың астына тістердің сауытты бөліктерін егелеу әдістерінің ерекшеліктері.
- •Қаңқанын дұрыс киілмеу себептері
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Ортопедиялық стоматология курсы
- •Жартылай алмалы-салмалы протездердің элементтері
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Ортопедиялық стоматология курсы
- •Сүттістер мен тұрақты тістердің шығу реті мен уақыты Сүттістер.
- •Тұрақты тістер.
Әдебиеттер:
Маженова А.М., Сейтмәмбетова Н.Қ. «Стоматологиялық ортопедия»
Копейкин В.Н., Л.М. Демнер «Зубопротезная техника»
В.Н. Трезубов, М.З. Штейнгард, Л.М. Мишнев «Прикладное материаловедение»
А.М.Гузиков «Клиническое зубопротезирование»
Бақылау сұрақтары ( кері байланыс)
Доғалы протездер деген не?
Доғалы протез конструкциясы?
Доғалы протездің дайындалу кезеңдері?
Параллелометрия, жүргізу тәсілдері?
Доғалы протез констукциясының сызбасы?
Доғалы протезге қолданылатын кламмерлер?
Дәріс № 3
Тақырыбы: Әртүрлі жүйедегі бекітілістерді қолдана отырып алмалы конструкцияларды әзірлеу технологиясы. ( аттачмендер, бөренелі жүйе, телескопиялық жүйе)
Мақсаты: Алмалы салмалы протездерді әзірлеуде олардың ауыз қуысында бекітілуі мен тұрақтылығы протездеу процесінде үлкен орын алады. Осы мақсатта жақтардың анатомо-топографиялық ерекшелігіне, тіс қатары ақауының орналасуына, оның көлеміне байланысты функциональдық және эстетикалық жағын ескере отырып әртүрлі жүйедегі бекітілістерді қай кезде қолдануға болатынын студенттерге оқыту.
Дәріс тезисі.
Протездеу ісінде алмалы жартылай протездерді бекіту әдістері жөніндегі мәселе едәуір орын алады. Протезді бекітудің мақсаттырақ әдісін таңдау протездің жақсы қызметтік сапасын және оған науқастың тез арада үйренуін қаматамассыз ететін ең негізгі шарт болып табылады.
Қазіргі уақыттағы ортопедтердің мүмкіншілігінде өте қиын жағдайларда протезді бекітугек мүмкіндік беретін кламмерлердің әртүрлі құрылғылары бар, бұл мақсатта табиғи тістер кеңінен қолданылады. Бірақ жартылай алмалы протездерді бекіту мәселесін шешуде ол жеткіліксіз болып табылады. Мұндай кламмерлер жүйесін протез бекітуде қолдану бір жағынан протез бекітуін қамтамассыз етсе, екінші жағынан тіреу тістеріне аз зиян келтіретіндей болуы негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Осы көзқарас тұрғысынан жартылай алмалы протездерді бекіту күрделі биомеханикалық мәселе болып табылады.
Телескопиялық кламмер.
Кламмердің бұл түрі: ішкі және сыртқы деп аталатын 2 бөліктен тұрады. Ішкі бөлігі тістің қалдығын жауып жататын металды қалпақшадан тұрады. Сыртқы бөлігі анатомиялық пішіні қалыптастырылған сауыт болып табылады. Ішкі бөлік ( қалпақша) тіске цементпен бекітіледі, сыртқы бөлік ( сауыты) протезбен қосылады. Кламмердің екі бөлігі де механикалық қосылысты құрайды, оның бөлінуі протездің вертикальды қимылында мүмкін болады. Тіреу тістеріне шайнау қысымының берілу принципі бойынша, телескопиялық кламмерді тіреп-ұстап тұратын кламмерлер түріне жатқызуға болады.
Телескопиялық кламмердің әртүрлі құрылғысы болады, бірақ көп жағдайда жоғарыда аталған толық телескопиялық, яғни екі қабатты сауыттар жиі қолданылады. Телескопиялық сауыт астына тістерді егеп, егеу жұмыстары құйылған сауытқа тісті егеп, дайындау тәсіліне ұқсас болады. Бұл кезде штампталған сауыт астына тістерді егеп дайындау жұмыстарына қарағанда, телескопиялық кламмер үшін тістер тінінің көбі алынады. Тістерді дайындау жұмыстарын рентген сурет бақылауымен жүргізу қажет. Егер тістерді егеп, тазалау кезінде қатты тіндердің қалың қабатын алып тастау мүмкін болса, сыртқы телескопиялық сауыт көркемдік тұрғысынан алғанда пластмассамен қапталу қажеттігі қамтамассыз етіледі. Мұндай сауыттар ұлпаның тарылған камерасында және тістің оральді қисаюында қолданылады.
Әдеттегідей тіреп-ұстайтын кламмерлер протездің жақсы бекітілуін қамтамассыз ете алмаған жағдайда, телескопиялық кламмерлер тіреу тістерінің төменгі клиникалық сауытында қолданылады.
Құлыптық және буындық бекітпелер.
Құлыптық бекітпелер 2 бөліктен тұрады. Біріншісі қосымшамен, жартылай сауытпен немесе толық сауытпен тіреу тістеріне бекітіледі. Ол қозғалыссыз болады және ұялы қалып деп аталады. Құлыпты байланыстың 2-ші бөлігі ұялы қалыпқа кіреді және қосымша бөлік деп аталуы мүмкін. Қосымша протезбен қатты байланысқан және сонымен бірге қимыл жасайды.
Барлық құлыпты байланыстар ереже бойынша протездің вертикальді бағыттаға қозғалысын қамтамассыз етеді, ол протездің еркін қойылып, шешілуіне мүмкіндік жасайды. Бір құрылғыларда қосымша бөліктің қозғалғыштығы осымен шектелсе, ал екіншілерін- буындық бекітпелер деп атауға болады.
Кламмерлер мен құлыпты бекітпелер арасында елеулі айырмашылықтар болады. Кламмерді протездің тыныштығында белсенді күшке ие бола алмайтындай етіп, келтіруге болады. Кламмер протез қимылы кезінде ғана күш түсу жағдайында болады. Құлыпты бекітпелер біршама басқа жағдайлармен ерекшеленеді. Үйкеліс күші пайда болу үшін сыртқы бөліктің біреуі барлық уақытта күш түсу жағдайында болады. Бұл материалдың тез тозуына және құлыпты бекітпенің сынуына әкеліп соқтырады.
Бөренелі бекітпелер.
Бөренелі бекітпелер шектелген ақауды протездеуде қолданылады. Бөренелі бекітпелердің негізгі түп нұсқасы төмендегідей болады. Тіреу тістерін сауытпен, ал түбірлерді қалпақшамен қаптайды. Оған төртқырлы пішінді немесе жұмыр сымнан жасалған штанганы ( бөрене) дәнекерлеп жабыстырады. Бөрене көмегімен тістер біртұтас блокқа біріктіріледі, ол оларды анағұрлым тұрақты етеді.
Доғалы протездің ершігіне бөрененің ішкі контурын дәл қайталайтын жартылай қауыз (гильза) дәнекерлеп бекітіледі. Ол протез үшін тіреу болып табылады. Бұл кезде протез қысымы бөренеге және аз дәрежеде альвеолярлық өсіндінің шырышты қабатына беріледі.
Бұл жүйені Шредер мен Румпель құрастырған, сондықтан Шредер-Румпель бекітпесі деп аталады. Сонымен бөренені қолдану барысында 2 протез (алынатын және алынбайтын) дайындалады, олар бір-бірлеріне дәл сәйкес келуі тиіс. Бөрене жүйесіне тістердің неғұрлым көп саны біріктірілсе, протезді дайындауда соғұрлым үлкен дәлдік қажет етіледі. Бұл бекітпе тіреу тістерінің жоғарғы клиникалық сауытында қолданылуы мүмкін. Тістердің сауыт бөлігі биіктігінің қысқа болуында протез базисі мен жасанды тістерге орын қалмайды.
Осы аталған екі кемшілікке тіреу тістер сауыттарынан бөрененің жұлынып кету қауіптілігін де қосуға болады, өйткені дәнекерленген жердің аз ауданы тиісті мықтылықты қамтамассыз ете алмайды. Тотықпайтын болатты және хромкобальтты құйманы қолдану барысында осы сияқты қауіптілік жағдайлары көп байқалса, ал алтын мен платиналы құйманы қолданғанда сәл аздау кездеседі.
Дәріс № 4
Тақырыбы: Тістерін толық жоғалтқаннан кейінгі тіс жақ жүйесінің анатомо-функциональді күйі. Жеке-дара қасық әзірлеу. Тістердің толығымен болмауы кезінде жақтардың орталық қатынасы туралы ұғым.
Мақсаты: Тістерін толығымен жоғалтқаннан кейін тіс жақ жүйесінің анатомо-функциональді күйін білу едәуір маңызды орын алады. Ол кейін протездеу кезінде болашақ протездің ауыз қуысында орнығуы және тиімді қызмет етуіне көп себебін тигізеді. Сол себепті тіссіз жақты протездеу кезінде протез орны тіндерінің жағдайын білуді студенттерге оқыту ортопедиялық стоматология саласында бір мәселенің бірі болып табылады.
Дәріс тезисі.
Тіссіз жақтың клиникалық анатомиясы. Тістерін толық жоғалтқан науқастарды емдеу функционалды және эстетикалық жағынан толыққанды протездерді жасауда күрделі мәселелер тудырады.
Тістер миллиондаған жылдар бойы тамақ жеу үшін, біріншілік механикалық өңдеуде жүргізетін мүше ретінде табиғатта қалыптасты. Кейбір жануарлардың өмірінің ұзақтығы тістердің функциональді іс-әрекетінің ұзақтығымен анықталады.
Тістердің жартылай немесе толық жоғалуы көбінесе 60 және одан жоғары жаста жиі кездеседі. Дегенмен 40 және одан жоғары жастағы адамдардың 15%-тіне толық алмалы протез салу керек. Кәрілік жас осы науқастарды емдеудің басты ерекшеліктерін және ортопедиялық емінің күрделілігін анықтайды. Бұнда науқастың психологиялық және соматикалық статусын ескеруді қажет етеді. Сонымен қатар жақ бет аймағында жасқа байланысты өзгерістері мен бұзылыстарында мүшелердің жағдайын ескереміз. Толық тістердің болмауы кезінде протездеудің функциональдық, эстетикалық және психологиялық мәні бар. Осы факторлардың мәні бірдей болмауы мүмкін, бұл жасқа, сыртқы өзгерістерге, мамандығына байланысты және тағы басқалардан болады.
Тістерді толық жоғалтқан кезде функциональді бұзылыстар ауырлайды, және бет сүйегі мен оны қоршаған жұмсақ тіндер редукциясы күшейеді.
Тіссіз жақтарды протездеу қалпына келтіру емінің әдісі болып табылады. Барлық тістерді жоғалтқан кезде ортопедиялық емінің күрделілігі атрофиялық процесстер нәтижесінде беттің формасын және оның төменгі бөлігінің биіктігін анықтайтын негізгі бағдарлар жоғалады. Тіссіз науқастарда буынның өзгерістері нәтижесінде, төменгі жақ қозғалысы өзгереді.
Тістерді толық жоғалтуының себептері әртүрлі. Жиі тіс жегі және олардың асқынулары, пародонтит, пародонтоз, жарақат, ісіктер және т.б. Тіссіз жақтардың клиникалық анатомиясының ерекшеліктерін зерттеу протездеудің табыстылығын қамтамассыз ететін басты жағдайлардың бірі болып табылады.
Тіссіз жақтың клиникалық суреті тістерді жоғалтуға алып келген себептерге, оларды жұлғаннан кейін өткен уақытқа науқастың жасына және организмнің жеке ерекшеліктеріне байланысты болады. Науқастарды қарағанда бет- әлпетінің өзгерісіне, кәрілік прогенияға, шайнау және сөйлеу қызметінің бұзылуына, альвеола өсіндісінің атрофиясына, қатты таңдайды жауып жатқан шырышты қабық жағдайына көп көңіл бөледі.
Ең алдымен науқастың бетінде жақтары жабылған кезде еріндердің дұрыс қабысу, мұрын-ерін, иек қатпарларының айқындылығына көңіл аударады. Табиғи тістердің орнын жасанды протездермен ауыстырғанда келесі мақсаттар орындалуы керек:
шайнау қызметін қалпына келтіру;
беттің эстетикалық нормаларын, сөйлеудің және адамның психологиялық жағдайын қалпына келтіру. Бұл емдік мақсаттар. Бұлардан басқа профилактикалық мақсаттар бар: а) асқазан- ішек жолдарының ауруларын алдын-алу; б) самай төменгі жақ буынының ауруларын алдын алу; в) бұлшықеттің атрофиясын алдын алу және т.б.
Адам бетінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Бұған көбінесе жақтардың мөлшері, маңдайдың биіктігі, мұрынның пішіні мен мөлшері, мимикалы бұлшықеттердің сипаты жатады. Ортопедиялық стоматологияда бетті үш бөлікке бөледі: жоғарғы, ортаңғы, төменгі.
Жоғарғы 1/3-і шашпен маңдайдың шекарасы және қас үсті доғасының ортаңғы сызығы арасында болады, содан мұрын қанатының негізіне дейін ортаңғы 1/3-і болады , мұрын қанатының негізінен иек шетіне дейін- төменгі 1/3-і болады. Осы үш бөліктерінің биіктіктері шартты түрде болады. Себебі әрбір адамда ол көрсеткіштер өзгеріп отырады. Мысалы: кейбір адамдарда маңдайдың биіктігі өзгеріп отырады. Төменгі бөлік тістесу түріне және тістердің сақталуына байланысты болады, Беттің ортаңғы бөлігі аз өзгеріске ұшырайды. Сондықтан беттің төменгі 1/3 бөлігі тістерді жоғалтқан кезде төмендейді, иек және мұрын ерін қатпарлары тереңдейді.
Алтын қиылыс. Sectio aurca- шеткі және ортаңғы қатынастағы белгілі мөлшердің бөлігі. Осылай мөлшер үлкен (maior), кіші (minor) бөлінеді. Осы мәселелер алтын қиылыспен шешіледі. Ол екі бөліктен тұрады: 1) үлкен циркуль 2) кіші циркуль. Ең жиі беттің төменгі 1/3 өзгереді. Беттің төменгі 1/3 бөлігінің биіктігі орталық окклюзияда окклюзионды биіктік деп аталады. Толық істері жоқ адамарда тістесу биіктігі бекітілмеген, сондықтан бұл беттің 1/3 бөлігі биіктігінің төмендеуіне әкеледі. Мұрын ерін және иек қатпарлары тереңдейді. Ауыздың бұрыштары төмен түседі. Бұлшықеттердің босаңсуы, атрофиясы болады.
Ортопедиялық стоматологияда тіс, альвеолярлы және базальды доғаларды ажыратады. Альвеолярлы доға альвеолярлы өсіндінің қырқасымен жүргізілген сызық. Базальды доға түбір ұштарымен өтеді.
Кәрілік прогения жақтардың қатынасының және трансверзальді бағытта өзгеруімен сипатталады. Бұл кезде төменгі жақ кең болады. Бұл протезде тістерді орнатуға қиындық тудырады. Оны бекітуде кері әсер етеді және олардың шайнау тиімділігін төмендетеді. Егер науқаста тістердің жоғалтуы алдында прогения болса, клиникалық суреті одан да күрделі болады. Бұл кезде жақтардың альвеолярлы доғаларының сәйкес келмеуі анықталады, яғни жоғарғы жақ кіші және төменгі жақ үлкен болады. Тістерді жоғалту кезінде және прогнатияда жақтардың қатынасы қалыпты болады. Атрофия процессі тістерді жоғалтқан кезде альвеолярлы өсіндіні ғана емес, сонымен қатар самай - төменгі жақ буынының элементтері де зақымдалады. Буын шұңқыры тегістеледі, ал төменгі жақ басы цилиндр пішінді болады. Төменгі жақтың қозғалысы бос болады. Функциональді күш түсу артрозға әкеледі.
Тіссіз жақтардың жіктелуі. Тісті жұлғаннан кейін альвеолярлы өсінділер жақсы айқындалған, бірақ уақыт келе олар атрофияға ұшырайды. Сонымен қатар, тісті жұлғаннан кейін көп уақыт өткен сайын, атрофия соғұрлым айқындала түседі. Альвеолярлы өсіндінің атрофиясы –қайтымсыз процесс және протездеу оны тоқтатпайды. Өйткені сүйкке адекватты қоздырғыш болып алмалы протез базисінен шығатын қысым күші емес, байламға бекітілген тартылым болып табылады. Атрофияның дәрежесі мен сипаты протедеудің сапасына байланысты немесе шайнау қысымын біркелкі таратуына байланысты болады.
Сондықтан әртүрлі адамдарда тіссіз жағында альвеолярлы қсінді әртүрлі дәрежеде болады. Сонымен қатар, бір адамда жақтың әртүрлі бөлімінде , атрофия әртүрлі дәрежеде болады.
Қатты таңдай пішіні үш мәнмен анықталады: ұзындығы, ені және биіктігі. Ұзындығы алдыңғы және артқы нүктелермен белгіленеді. Күрек тістік емізікше ұшынан артқы мұрын осьіне дейін. Ені екінші азу тістердің таңдай қабырғалары деңгейлері арасында. Биіктігі қатты таңдайдың ең иік нүктесінің жоғарғы жақтың альвеолярлы өсіндісі немесе тіссіз жақтың қаңқасы деңгейінде өтетін көлденең жазықтыққа дейін.
Н.И. Агапов бойыша адамның таңдайының биіктігі 0,5-тен 2,5 см-ге дейін.
Шредер жғарғы тіссіз жақтың 3 типін ажыратады. 1- ші тип сақталған альвеолярлы өсіндімен, жақсы айқындалған альвеолярлы төмпектермен және терең таңдай күмбезімен сипатталады. Өтпелі қатпар, бұлшықеттердің бекіну орны, салыстырмалы жоғары орналасқан. Тіссіз жоғарғы жақтың осы типі протездеуге ең қолайлы болып табылады, өйткені анатомиялық ретенция -пункттері жақсы айқындалған.
2-ші типте альвеолярлды өсіндінің 2-ші дәрежесі байқалады, альвеолярлы төмпектер сақталған. Таңдай күмбезі анық айқындалған. Өтпелі қатпар альвеоялрлы өсінді ұшына 1-ші типке қарағанда жақын орналасқан. Мимикалық бұлшықеттердің кездейсоқ жиырылуында протез фиксациясы бұзылуы мүмкін.
Жоғарғы жақтың 3-ші типі айқын атрофиямен сипатталады: альвеолярлы өсінді, төмпектер жоқ, таңдайы тегіс. Өтпелі қатпар көлденең жазықтықта қатты таңдай деңгейінде орналасқан. Осы типте протездеу көп қиындық тудырады, себебі протездің бекітілуі бұзылып бос болады.
Келлер тіссіз төменгі жақтың 4 типін ажыратады: 1-ші типінде альвеолярлы өсінді аз мөлшерде және біркекі атрофияланған. Бұл кезде тегіс жұмырланған альвеолярлы қырқа протез үшін жақсы негіз болады және оның қозғалысын шектейді. Бұлшықеттердің бекітілу нүктелері және шырышты қабық қатпарлары бекітілу нүктелері альвеолярлы өсінді негізінде орналасқан. Жақтың бұл типі тістер бір уақытта жұлынған кезде, атрофия баяу жүргенде байқалады. Бұл протездеуге қолайлы, бірақ сирек кездеседі
2-ші типте айқын біркелкі альвеолярлы өсінді байқалады. Бұл кезде альвеолярлы қырқа ауыз қуысы түбінен аз шығып, алдыңғы бөлігінде пышақ секілді болады. Бұлшықеттердің бекіну орны қырқа деңгейінде орналасқан. Тіссіз төменгі жақтың бұл типі протездеуге қолайсыз болып табылады, өйткені анатомиялық ретенция үшін жағдай жоқ.
3-ші тип альвеолярлы өсіндінің бүйір бөлімінде айқын атрофиямен сипатталады. Альвеолярлы өсіндінің бұл типі бүйір тістерді ерте жоғалтқаннан пайда болады. Протездеуге қолайлы.
4-ші тип. Альвеолярлы өсіндінің атрофиясы төменгі жақтың бүйір бөлімімен салыстырғанда , алдыңғы жағында айқын. Осының салдарынан протез адыңғы бөлімінде тірегін жғалтып және алдыға жылжыйды.
И.М.Оксман тіссіз жақтың жоғарғы және төменгі жаққа арналған жіктелуді ұсынды.
1-ші типте альвеолярлы өсіндінің атрофиясы аз мөлшерде және біркелкі. Жоғарғы жақ бұдыры және таңдай күмбезі жақсы айқындалған, өтпелі қатпар және үзбелер жақсы айқындалған.
2-ші типке орташа дәрежелі атрофия тән. Альвеола өсіндісінің, бұдырының орташа атрофиясы, таңдай таяздалған және шырышты қабық төмен бекітілген.
3-ші типке альвеолярлы өсіндінің және жоғарғы жақтың бұдырының айқын біркелкі атрофиясы. Таңдай күмбезі төмендеген. Қозғалмалы шырышты қабық альвеолярлы өсінді ұшы деңгейінде бекітілген.
4-ші тип альвеолярлы өсіндінің біркелкі емес атрофиясымен сипатталады.
Тіссіз жақтарда протез астындағы шырышты қабық жағдайына баға беру. Тісті жұлғаннан кейін ауыз қуысында дамитын өзгерістер тек альвеоялрлы өсіндінің ғана емес, сонымен қатар қатты таңдай және ауыз қуысын жауып жатқан шырышты қабықта да болады.
Суппле протез астындағы шырышты қабықтың жалпы сипаттамасын жазып көрсетті. Ол 4 классты бөлді.
1- тығыз, аз серпімді шырышты қабық,-қолайлы орын.
2- атрофияланған, жұқа, бозғылт шырышты қабық- қатты протез орны.
3- болбыр, гиперемияланған, жиі катаральды қабынған шырышты қабық. Суппле бойынша «жұмсақ ауыз»
4- Бос қозғалмалы альвеолярлы өсіндідегі толыққанды шырышты қабық. Әтештің немес қозғалмалы айдаршыққа ұқсас.
Жақтардың альвеолярлы өсіндісін, қатты және жұмсақ таңдайды, ауыз қуысының басқа бөлімдерін жауып жатқан шырышты қабықтың құрылысының анатомиялық және гистологиялық ерекшеліктері протездеу әдісін таңдауда мәні бар.
Ауыз қуысының шырышты қабығының анатомиялық түзілістері: қатпарлар, үзбелер, бұдырлар, біліктер, ойықтар, ерін, тіл, ұрт қозғалысын шектегіштерден, сілекей бездердің өзектерінен бұлшықеттер мен байламды бекіткіш жерлерден тұрады. Олар жақтарға белгілі рельеф береді және ас түйіршігін өңдеуде, дәм сезу апробациясында, дыбыстарды қалыптастыруда үлкен мән береді. Осы түзілістерді жеткіліксіз зерттеуде, протездеуде қателіктер тудыруы мүмкін және шайнау, сөйлеу функциясының зақымдалуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Жоғарғы және төменгі еріннің үзбелері ерінде басталып, альвеола өсіндісінің негізінде бекиді. Бұл түзілістер ерінді алдыға тартқанда жақсы көрінеді. Үзбелердің протездің бекінуіне әсері зор. Иттіс, екінші кіші азу тістер аймағында орналасқан ұрт қызыл-иек қатпарлары аз айқындалған жиі екіден, үштен болады. Олардың бекітілген қозғалмалы нүктелері жиі ассиметрияланады.
Қанатша жақ қатпары жоғарғы жақ бұдырының артында орналасып, қанат-төменгі жақ байламын жауып жатады. Протез орнын дұрыс анықтамаған кезде, ауызды кең ашқанда осы қатпарлардың қатаюының әсерінен протездің шығып кетуі. Сипаты бойынша шырышты қабықтың қозғалғыштығын былай ажыратады: белсенді қозғалмалы, белсенді емес қозғалмалы және қозғалмайтын. Бұлшықеттер үстінде орналасқан шырышты қабық белсенді қозғалмалы деп аталады. Ол жұмсақ таңдайды, ұртты, ерінді, ауыз қуысы түбін, аранды, жұтқыншақты жауып жатады. Бұл аймақта шырышты қабық өзі жауып жатқан бұлшықеттер мен басқа тіндік түзілістермен бірге барлық бағытта қозғалады. Сөйлеу, шайнау, жұтыну және басқа функционалды жағдайлар белсенді қозғалмалы шырышты қабықтың қозғалуына әкеледі.
Егер шырышты қабық сүйек үстімен тікелей байланысты болса, онда ол қозғалмайды. Белсенді қозғалмалы және қозғалмайтын шырышты қабық арасында белсенді емес қозғалмалы шырышты қабық болады. Егер осы белсенді емес қозғалмалы шырышты қабық аймағына қысым түсірсе, ол қысылады. Ал қысымды алғанда ол бастапқы қалпына келеді. Шырышты қабықтың бұл қасиетін серпімділік деп атайды.
Белсенді емес қозғалмалы шырышты қабық бейтарап аймақ деген атқа ие болды. Ол жолақ түрінде жоғарғы және төменгі жақтың вестибулярлы бетінде, төменгі жақтың тіл жақ бетінде және «А» сызығы бойынша таайды. Бұл аймақтың шекарасы болып, белсенді қозғалмалы шырышты қабықтың белсенді емес шырышты қабыққа өтетін жері, яғни өтпелі қатпар болады. Ал екінші жағынан қозғалмайтын шырышты қабықпен қосылатын жері.
Үзбелер, ерін, тіл, ұрт-қызыл иек және қанат – жақ қатпарлары аймағындағы бейтарап аймақтың ені 1-3мм-ден аспайды, ал осы түзілістер арасында 4-7мм-ге дейін жетеді. Осы бейтарап аймақтағы шырышты қабықтың шырыш асты қабығы жақсы дамыған. Бейтарап аймақ бүкіл бойы протез базисімен толық жабылады. Өтпелі қатпар шырышты қабықтың қызыл иектен ұртқа өткен аймағында орналасады. Ол жоғарғы жақта бейтарап аймақтың жоғарғы шекарасы (төменгі жақта – төменгі шекарасы) болып табылады. Протез шеті шырышты қабыққа отырып, клапан түзеді. Осы клапанды түзуде төменгі жақта өтпелі қатпардан жоғары, жоғарғы жақта төмен орналасқан ( 1-1,5 мм ) шырышты қабық қатысады. Шеткі клапанды түзетін шырышты қабықты клапанды аймақы деп атайды. Бұл терминді протездің тіндермен байланысында қолданады. Протезді ауыздан шығарғанда клапанды аймақ блмайды, яғни бұл түсінік анатомиялық емес, тек функциональды. Протез шеті кіретін серпімді шырышты қабық қозғалып айналмалы бітегіш клапан түзеді. Ол протездің функционалды жабысуын қамтамассыз етеді. Бейтарап аймақтың топографиясын дұрыс анықтау және базис шекарасын анықтау, протездің жақсы бекітілуі және функционалды тиімділігін қамтамассыз етеді.
А.Т. Бусыгин және Т.Д. Еганов тіссіз жақтың шырышты қабығының құрылысын, қалыңдығын, компрессия дәрежесін және сезімтал табалдырығын зерттеп, әртүрлі дәрежедегі серпімділік шекарасын анықтады.
А зонасы – альвеолярлы, серпімділігі аз, ал жоғарғы жақта оған көлденең таңдай қатпарлары жатады. Шырышты қабықтың өзіндік қабаты сүйек үсті қабатпен байланысады, ал сүйек асты қабаты үлкен емес өсінділер түрінде болады.
Б зонасы – торусальді. Таңдайдың шығыңқы жерін қаптап жатқан шырышты қабықты қамтиды.
В зонасы – таңдай – тілиекті , торусальді және альвеолярлы шекараның арасында орналасқан.Шырышты қабығы қан тамырларға бай.
Г зонасы – таңдай – шеттік немесе клапанды, таңдай – тілиекті және А сызығы арасында орналасқан, яғни қатты және жұмсақ таңдай шекарасының арасы болып табылады. Осы шекараның шырышты қабығында қалың шырыш асты қабық, ұсақ қан тамырлар, без және май тіндері бар. Жақсы серпімді. Ш.А. Городецкий мәліметі бойынша осы екараның ені 2-6 мм.
Д зонасы - өтпелі қатпар, жақтың альвеоляр өсіндісінің ұрт және ерін шырышты қабығына өтетін жерде орналасқан.
Е зонасы – ауыз қуысы түбімен шекараласады. Шекараның төменгі шеті ауыз қуысы түбін жауып жатқан шырышты қабық. Жоғарғы шекарасы А шекарасымен қосылады. Қантамырларға бай шырышты асты қабық, безді майлы тіндері бар.
Екі жақта да А – зонасы – негізгі, ал Б, В, Г, Д зоналары қосалқы болып табылады.
Е.И. Гавриловтың көз қарасы бойынша, шырышты асты қабатта қантамырлар торы көп болған сайын осы аймақтағы қабат серпімді болады. Серпімділігі ең жоғарысы қатты таңдайдың артқы аймағында. Бұл аймақты буферлік шекара деп атады. Негізгі альвеолярлы өсінді және ортаңғы шекара арасындағы шырышты қабықтың аймағында, А сызығы бағыты бойынша тығыздығы көбейетін қою қантамырлар шоғыры бар. Осының салдарынан А сызығы бағыты бойынша , қатты таңдайдың шырышты қабығының буферлі қасиеттері күшейеді.
Тіссіз жоғарғы жақтың протез орнының сипаттамасы. Тіссіз жоғарғы жақта көбінесе Шредер (1927 ж) жіктелуін немесе екі жаққа арналған
И.М. Оксман жіктелуін қолданады. Ең жақсы фиксация осы екі жіктелу бойынша бірінші типте жақсы болады.
Протездеудің тиімділігіне тіссіз жақтағы альвеолярлы өсіндінің вестибулярлы иілуі үлкен роль атқарады. Оның үш түрі бар: жазық, тік, еңкейген. Ең қолайлысы жазық вестибулярлы иілген альвеолярлы өсінді болып табылады.
Еңкейген альвеолярлы өсіндіде протездің бекуін қамтамассыз ету үшін альвеолатомия жасау керек. Бұған науқастардың көбі келісе бермейді. Бұл науқастарда анатомиялық ретенцияны максимальды пайдалану керек.
Беттің ерін аймағында ауыздың айналма бұлшықеттері орналасады. Ауыздың айналма бұлшықеттерінде екі қабат бар: беткей және терең. Беткей қабат ауыз бұрышын көтеретін және түсіретін бұлшықеттердің жалғасы болады. Осы бұлшықеттердің орамдары ауыз бұрышында қиылысып, төменгі- жоғарғы ерінге, жоғарғы – төменгі ерінге барады. Орталық сызық бойымен осы талшықтар қосылып, ауыз тесігін айналма бұлшықет торы түрінде қамтиды. Жоғарыда көрсетілген бұлшықеттермен қатар еріннің жоғарғы және төменгі күрек тістік бұлшықеттер қосылады. Бұл бұлшықеттер күрек тістер аймағында басталады: бірінші – жоғарғы жақтың альвеолярлы өсіндісінен және екінші – төменгі жақтың альвеолярлы өсіндісінен басталады.
Ауыздың кіреберісінде ұрт жағында үзбе және төрт ұрт – альвеолярлы қатпарлар орналасады, олар ит тістер ( алдыңғы) және кіші азу тістер ( артқы) аймағында орналасады. Бұл қатпарлар ауыз бұрышын көтеретін бұлшықеттермен байланысқан.
Қатты таңдай. Таңдайдың алдыңғы және артқы бөліктерін ажыратады. Алдыңғы бөлігі тығыз шырышты қабатпен жабылған. Кейде ( 7-12 % адамдарда ) орталық сызық бойында мөлшері және пішіні әртүрлі болатын сүйекті төмпек болады. ( торус).
Күрек тіс емізікше жоғарғы жақта орталық күрек тістер арасында таңдай жағында орналасады. Ол шырышты қабаттың дәнекер тінді тығыздалған сопақша конус тәрізді сүйек үстімен қозғалмай байланысқан, күрек тістік каналға кіреберісті жауып жататын түзіліс. Түзіліс механикалық және басқа тітіркендіргіштерге өте сезімтал, сондықтан үлгілік материалмен үлгі алғанда қысым түсірмеу керек. Көлденең таңдай қатпарлары қозғалмалы шырышты қабаттың тығыздалған түзілісі. Олар таңдай тігісінен әртүрлі ұзындықта қатты таңдайдың алдыңғы 1/3 бөлігінде орналасады. Тістерді жоғалтқаннан кейін олардың биіктігі төмендеп айқындыы азаяды.
Таңдай ойықтары А- сызығымен сагитальды таңдай тігісінің қиылысқан жерінде орналасады. Таңдай ойықтары конус пішінді шырышты қабатта орналасқан. Олар протездің дистальді шекарасын анықтау үшін жоғары топографиялық мәнге ие. Толық протез дайындағанда оның дистальді шеті таңдай ойықтарын немесе соқыр тесіктерді жабады.
Вибрация аймағы жұмсақ таңдайда орналасады. Осы аймақ пен қатты және жұмсақ таңдай шекарасын айыра білу керек. Протез шекарасы діріл аймағы тұсында өтіп, соқыр тесіктерді жабуы керек. Діріл аймағы-
«А» дыбысын айтқанда анықталатын шырышты қабат аймағы. Діріл аймағының бағыты таңдайдың пішініне байланысты болады. Жұмсақ таңдайдың скатының үш түрін ажыратады: тік, жазық, орташа.
Тіссіз төменгі жақтың сипаттамасы. Тіссіз төменгі жаққа протез дайындау қиындық тудырады. Осы кезде тіл асты кеңістігінің ерекшеліктеріне көп көңіл бөлу керек. Тіл асты кеңістігі келесі бөлімдерге бөлінеді: алдыңғы, бүйір, артқы. Тіл асты кеңістігінің алдыңғы бөлігі тілменльвеолярлы өсіндінің алдыңғы аймағының тіл жақ беті арасындағы, ит тістен екінші жақтағы ит тіске дейін созылып жаады. Бүйір жағынан ол m.geniohyoideus-тің латеральді шетіне сәйкес аяқталады. Ал астыңғы жағында ауыз қуысы түбінің шырышты қабатымен шектелген. Тіл асты кеңістігі сагитальды бағытта жүретін тіл үзбесімен қиылысады. Ол тіл асты кеңістігін екі жартыға бөледі. Тіл үзбесі белсенді қозғалмалы шырышты қабаттың түзілісі.
Тіл асты кеңістігінің бүйір бөлімі алдыңғының жалғасы болып табылады. Төменгі жаққа толық алмалы протезді бекітуде альвеоляр арты және ретроальвеоляр деп аталатын аймақтардың белгілі бір мәні бар, олардың шекарасы: жоғарғы жағынан – таңдайдың алдыңғы доғасы; төенгі жағынан – ауыз қуысының түбі; ішкі жағынан – тілің бүйір беті. Бұл аймақта протез қыры бұлшықетсіз үшбұрышты алып жатуы өте маңызды. Бұл орын жақсы басылатындығынан төменгі жақ қозғалғанда шырышщты қабат қозғалмайды да, протездің бекітілуіне қолайлы пункт ретінде қызмет етеді.
Төменгі жақ жұпсыз және бет қаңқасының жалғыз қозғалмалы сүйегі болып табылады. Сондықтан тіссіз төменгі жақты протездеу жоғарғы жақпен салыстырғанда күрделірек. Ол протез орны тіндерінің күйімен, үзбелердің, төменгі жақтың айналасындағы бұлшықеттердің бекітілу орындарымен анықталынады Сондықтан төменгі жақта олардың жеке ерекшеліктерін ескеру де маңызды орын алады. Бұндай ерекешеліктерге кедір – бұдыр түріндегі сүйек түзілістері, экзостоздар, торустар, ішкі қиғаш сызықтың және альвеолярлы өсіндінің өткір қырлары жатады. Тіс қатары болған кезде оларды көп жағдайда ескермейді.
Жеке дара қасықтар.
Тіссіз жақтан кез келген клиникалық жағдайларда қызметтік көшірмені тек қана жеке қасықпен алады. Оған материал ретінде металл (алюминий, болат немесе құрыш), термопластикалық заттар немесе пластмасса қолданылады. Жеке қасықтарды лабораториялық тәсілмен немесе науқас креслосында тікелей дайындайды. Лабораториялық әдіспен стандартты қасықпен анатомиялық көшірмені алады және сол бойынша гипстік модельді құяды. Тіс протездеу лабораториясында термопластикалық заттан қасық немесе қасықтың балауызды үлгісін дайындайды, сосын оны әдеттегідей жолмен пластмассаға ауыстырады. Металды қасық дайындау үшін металды штампы және констршампы құйылады, соның көмегімен оны штампылап шығарады. Қатты қасықтардан кең таралғаны пластмассалық қасықтар болып табылады, оның дайындалу процесі өте қарапайым. Бұл қасықтар ауыз қуысында деформацияға ұшырамайды және оның сәтсіз болуында көшірме алу іс-әрекетін қайталауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар жеке қасықтарды стандарттық пластмассалақ табақшалардан жасайды. Пластмассалық табақшаларды (АКР-П) фабрикалық жолмен дайындайды. Оларды ыстық суда жұмсартып, модельге қысып келтіреді, ал сосын ары қарай ауыз қуысында дайындайды.
Әдебиеттер:
А.М.Маженова, Н.Қ Сейітмәмбетова «Стоматологиялық ортопедия»
В.Н.Копейкин, Л.М. Демнер «Зубопротезная техника»
В.И.Аболмасов, Аль Хаким «Руковолство по ортопедической стоматологии»
С.Д. Калинин «Протезирование беззубой челюсти»
Қорытынды сұрақтар (кері байланыс)
Тіссіз жоғарғы жақтың анатомиясы
Тіссіз төменгі жақтың анатомиясы
Толық алмалы салмалы пластиналы протездің клинико-лабораториялық кезеңдері.
Жеке-дара қасық
Жақтардың орталық қатынасы.
Дәріс № 5
Тақырыбы: Окклюдаторлар мен артикуляторлар. Түрлері. Артықшылығы. Алмалы протезге қойылатын жасанды тістердің типтері.
Мақсаты: Балауызды базис және тістем белдіктерімен орталық окклюзия модельін анықтағаннан кейін, оларды төменгі жақтың қимылын туғызатын приборға бекітеді. Төменгі жақтың қимылын туғызатын приборлардың көп саны ұсынылған. Төменгі жақтың тек қана вертикальді қимылын жасайтын приборларды окклюдаторлар деп атайды. Төменгі жақтың барлық қимылдарын көп немесе аз дәрежеде жасайтын приборларды анатомиялық артикуляторлар деп атайды. Осы приборларға сүйене отырып тістерді дұрыс қою жүзеге асырылатынын студенттерге үйретіп оқыту.
Дәріс тезисі.
Окклюдатор қарапайым аппарат болып табылады, оның көмегімен төменгі жақтың вертикальді қимылын жасауға болады, ол ауызды ашып-жабуға сәйкес келеді. Бұл аппаратта басқа қимылдар жасау мүмкін емес. Аппарат 2 сымды немесе құйылған бір-бірімен шарнир арқылы қосылған жақтаудан (рама) тұрады. Төменгі жақтауы 100-110 бұрышпен иілген, ал жоғарғысы горизонтальды жазықтықта орналасқан және тістем биіктігін бекіту үшін вертикальді штифті болады. Окклюдаторлар мен артикуляторлардың жоғарғы жақтауы қозғалғыш келеді, дегенмен оның ешқандай тигізер елеулі маңызы жоқ.
Бонвиль артикуляторы.
Алғашқы анатомиялық артикулятор артикуляциялық мәселенің негізін салушы Бонвильмен құрастырылған.
Бас сүйекті зерттей келе, ол буын бастары мен күрек тістер нүктесі арасындағы орташа арақашықтық 10 см-ге тең екендігін анықтады. Бұл нүктелерді қосып, Бонвиль үшбұрышы деп аталатын үшбұрышты алады. Ол көптеген анатомиялық артикуляторларды құрастырудың негізгі элементтері болып табылдынемесе оның көмегімен артикулятордағы модельдің кеңістіктегі орнын анықтауға болады. Бонвиль артикуляторының бір кемшілігі ол буын жолдарының горизонтальді орналасуы болып табылады.
Буын жолдары иілуінің орташа қондырғылы анатомиялық артикуляторларын құрастырудың негізінде буын және күрек тістер жолдары бұрыштарының өлшемі жөніндегі орташа арифметикалық мәліметтер жатады. Сагитальды буын жолдары үшін бұл бұрыш 33 градусқа тең, ал бүйір буын жолдары үшін-17 градус, сагитальді күрек тістер буын жолдары үшін – 40 градус, бүйір күрек тістер буын жолдары үшін- 120 градусқа тең болады. Осы мәліметтер негізінде дайындалған аппараттар буын жолдарының орташа ( стандарттық) қондырғылы анатомиялық артикуляторлары деп аталады. Осы типтегі приборлардан ең көп таралғаны Гизи «Симплекс» артикуляторы болып табылады. Ресейде артикуляторлар Сорокинмен құрастырылған.
Сорокин артикуляторы.
Сорокин артикуляторы арқылы төменгі жақтың барлық қимылдарын (алға, оңға және солға) жасауға болады. Ол өзара байланысқан жоғарғы және төменгі жақтаулардан тұрады. Жоғарғы жақтау қозғалмалы. Сорокин артикуляторында буын жолдарының иілуі окклюзиялық жазықтыққа қатысты анықталынады және ол 30 градусқа тең, бүйір буын үшін 15 градус, сагитальді күрек тістер буыны үшін 40 градус, бүйір күрек тістер буыны үшін 120 градусқа тең болады. Артикулятор кеңістігіндегі төменгі модельді бекітудің нысандары: орта сызықтың көрсеткіші және төменгі жақтаудың вертикальді бөлігінің 2 шығыңқы жеріндегі 3 нүкте болып табылады.
Гизи «Симплекс» артикуляторы.
Бұл аппаратта төменгі жақтың барлық қимылдарын жасауға болады. Артикулятордың жоғарғы жақтауының 3 тірегі бар. Оның екеуі буын буындасуында, ал 3-шісі күрек тістер алаңында орналасады. Вертикальді штифпен тістем биіктігін бекітуге болады, ал горизонтальді штифтің өткір ұшымен орта сызықты және күрек тістер нүктелерін, яғни төменгі орталық күрек тістердің медиальді бұрыштары арасындағы нүктені бекітеді.
Гизи «Симплекс» артикуляторындағы модельді бекітудің аса қарапайым әдісі Васильевпен құрастырылған. Ол ең негізгі бөлшегі шыныдан жасалған трапеция түріндегі окклюзиялық жазықтықтан тұратын, оның кіші түбінің ұзындығы- 6,5 см, ал үлкен түбі – 11 см және трапециясы 9 см құрайтын приборды ұсынды.
Прибор төмендегідей жолмен дайындалды. Артикулятордың төменгі жақтауын күрек тістердің кемерінен (уступ) төменгі жақтаудың горизонтальді бөлігінің соңына дейінгі аралықта гипске салады, бірақ горизонтальді штифке 2 см-дей жетпейтіндей болуы керек. Гипс қатқаннан кейін оның бетіне 4 вертикальді балауыз бағананы орнатады. Ең соңғысына, оның жазықтығы артикулятордың окклюзиялық жазықтығына сәйкес келетіндей етіп, төменгі жақтаудың вертикальді бөлігінің кемерімен анықталынатын шыны табақшаны қояды. Шыны табақшаны балауызды белдікпен бекітеді, мұнан кейін табақша астындағы бос кеңістікті гипспен толтырады. Сосын артикулятордан гипсті шыныны алып тастайды, Оған орныққан пирамида пішінін беретіндей етіп, гипстің артығын кесіп тастайды. Сосын қайтадан приборды артикуляторға орналастырады және жоғарғы жақтың модельін балауызды шаблоны мен окклюзиялық тістемі бар шыныға отырғызады. Бұл кезде тістемдегі және модельдегі орта сызық шынының орта сызығымен сәйкес келуі тиіс, ал горизонтальді штифтің өткір ұшы жоғарғы тістем белдігіне белгіленген орта сызықтың соңына тиіп тұруы керек. Мұнан төмендегідей нәтиже шығаруға болады: артикуляторда модельді дұрыс орналастыру тістем белдіктерінде нақты қалыптасқан окклюзиялық беттің болуына байланысты болады.
Жоғарғы шаблонды орналастырғаннан кейін тістем белдіктерін балауызбен шыныға жабыстырады, ал модельді гипспен жоғарғы жақтауға бекітеді. Сосын приборды алып тастайды, жоғарғы модельдің тістем белдіктеріне балауызды шаблоны және тістем белдіктері бар төменгі жақтың модельін жалғайды. Модельдерді бекітеді. Артикулятордың төменгі жақтауына сұйық гипс құйылады және штифтің альвеоляраралық биіктігінің күрек тістер алаңымен жанасқанша оған төменгі жақтың модельін батырады, гипстің артығын алып тастайды және тістерді қоюға кіріседі.
Универсальді артикуляторлар.
Универсальді артикуляторлардың анатомиялық артикуляторлардан айырмашылығы, ол өлшеу арқылы науқастан алынған жеке мәліметтерге сәйкес күрек тіс және буын жолдарының жылжу бұрышын анықтауға мүмкіндік береді. Осындай приборлар қатарына Гизи-Трубайт артикуляторы, СЖА (Хайтпен құрастырылған советтік жеке артикулятор) және Ганау артикуляторлары жатады.
Аталған артикуляторлардан басқа құрылғы құрамы жаңадан буын жасайтын шығырдан тұратын артикуляторлар да жатады, сонымен қатар буынсыз (мысалы Вустров артикуляторы) артикуляторлар да болады.
Осы типтегі басқа приборлар сияқты универсальді артикуляторлардың жоғарғы және төменгі жақтаулары болады. Жоғарғы жақтауында 3 тірек нүктесі болады, екеуі буындарда және біреуі күрек тістер алаңында орналасқан. Артикулятор буындары самай-жақ буындасуы типінде құрылған. Прибордың жоғарғы және төменгі жақтауларын байланыстыра отырып, науқасқа тән төменгі жақтың әртүрлі жеке қимылдарын жаңадан жасайтын мүмкінділікке есептелінген. Артикулятордың буындары мен орта сызық көрсеткіші арасындағы арақашықтық 10 см-ге тең, яғни Бонвиль үшбұрышының жан-жақтылық принципі сақталынады. Универсальді буын артикуляторының құрылымы буын және күрек тістер жолдарының кез келген бұрышын анықтауға мүмкіндік беретіндей құрылған.
Дегенмен, мұны істерден бұрын, бұрынғы мәліметтерді ( сагитальды және бүйір буын жолдары, сагитальды және бүйір күрек тістер жолдары бұрыштарының көлемі) арнайы ауыз ішілік немесе ауыздан тыс жазбалар көмегімен алу қажет.
Жасанды тістерді таңдау.
Жасанды тістерді таңдау арқылы шайнау қызметін келтіруге және эстетикалық көркемдік жағынан жақсы нәтиже алуға болады. Көркемдік жағынан ең бастысы алдыңғы тістерді таңдау болып табылады. Олардың пішініне, түсіне, өлшеміне басты көңіл бөлінеді. 1907 ж Вильямс әртүрлі нәсіл және тайпа адамдарының бас сүйектерін тексеру нәтижесінде, ол тістердің қандай да нәсілге тән емес екендігін дәлелдейтін ойға келді. Өз тексерулерін қорытындылай келе, ол тістердің барлық нәсілге тән үш түрін ажыратады. Оларға тән белгілер алдыңғы тістерге, әсіресе орталық және бүйір күрек тістерде анық білінеді.
Бірінші типтегі тістер олардың кескіш шетінен басталатын ұзындықтың жартысы бойында немесе жартысынан астамында байланысу бетіндегі сызықтардың параллельді немесе соған жуық болуымен сипатталады.
Екінші типтегі тістердің байланысу бетінде конвергиялық өткір сызықтар болады, оны жалғастырғанда тістер ұшында оның қиып өтуі мүмкін. Бұл сызықтардың түзу болуы да мүмкін, кейде тістің медиальды бетінде сәл иілу мен оның дистальды бетінде біршама дөңестік байқалады.
Үшінші типтегі тістер дистальды, ал кейде медиальды беттеріндегі 2 түрлі дөңестікпен ерекшеленеді. Бұл типтегі тістердің барлық беттері мен бұрыштары аса тым дөңгеленген және әдемілеу болады.
Қазіргі кездері жасанды тістердің жоғарыда айтылған 3 типімен қатар өтпелі түрлері де дайындалады. Бұл кезде тістердің пішіні, ұзындығы және түсі де ескеріледі.
Тістердің пішіні мен бет типінің арасында белгілі бір байланыстылықтың бар екендігі анықталынған. Беттің төртбұрышты (квадратты), конус тәрізді және овальді деп аталынатын үш типін ажыратады. Беттің контуры бет сүйегі мен жақ бұрышы арасында орналасқан ұрттың сол бөлігінің иілуімен анықталынады. Егер ұрт сызығы параллельді болса немесе сәл төмен қарай түссе, онда беттің пішіні төртбұрышты болғаны. Егер ұрт сызығы төмен қарай тым көп тарылса, онда беттің конус тәрізді, яғни сопақша болғаны. Егер ұрт сызығы төмен қарай тараса, онда беттің пішіні овальді болғаны. Осы аталған үш типтің арасында әйелерде жиі кездесетін өтпелі жұмсақ пішініді деп аталатын түре де болады.
Төртбұрышты бетпен және оның түрлерімен тістердің бірінші типі үйлеседі. Байланысу беттері бет сызығына қарама-қарсы бағытта болатын конус тәрізді, яғни сопақша беттерге тістердің екінші типі қолайлылау болады. Беттің овальді пішініне тістердің үш типі де үйлеседі.
Әдебиеттер:
А.М.Маженова, Н.Қ Сейітмәмбетова «Стоматологиялық ортопедия»
В.Н.Копейкин, Л.М. Демнер «Зубопротезная техника»
В.И.Аболмасов, Аль Хаким «Руковолство по ортопедической стоматологии»
С.Д. Калинин «Протезирование беззубой челюсти»
Қорытынды сұрақтар (кері байланыс)
Окклюдатор деген не, қолданылуы
Артикулятор деген не, оның түрлері, қолданылуы
Жасанды тістерді қалай таңдайды?
Дәріс № 6
Тақырыбы: Тістердің толығымен болмауында жасанды тістерді орнату әдістері. Шыны бойынша орнату. Тістерді «нүктелі » орнату. Жекелей құрылғын окклюзиялық бет бойынша тістерді орнату. Тістемнің әртүрлі аномалиясы кезінде тістерді орнату.
Мақсаты: Тістердің толығымен болмауында жасанды тістерді орнату әдістерін студенттерге түсіндіру. Ең кеңінен қолданылатын және тиімді әдіс Васильев бойынша шыныда орнату әдісін талдау. Тістемнің әртүрлі аномалиясы кезінде тістерді орнату ерекшеліктері.
Дәріс тезисі.
Жақтардың орталық қатынасын анықтап, модельдерді окклюдаторға немесе артикуляторға гипстеп, жасанды тістерді таңдаған соң жасанды тіс қатарын құруға кіріседі. Тістердің толығымен болмауын протездеу тарихы жасанды тістерді орнатуда приборлар мен әртүрлі тәсілдерді іздеп ойлап шығаруда күрделі жолдан өтті. Әртүрлі реттегіш құрылғылар, күрделі приборлар- артикуляторлар ұсынылды, бірақ жалпы протездеу тәжірибесі жасанды тістерді орнатуды келесі тәсілдермен жүргізді: 1) шыны бойынша шарнирлі артикуляторда немесе окклюдаторда; 2) сфералық жазықтық бойынша шарнирлі окклюдаторда немесе артикуляторда; 3) жеке-дара окклюзиялық жазықтық бойынша шарнирлі окклюдаторда; 4) Төменгі жақтың қозғалысын ауыз ішілік жазудан кейін «Гнатомат» типіндегі артикуляторда.
Шыны бойынша тістерді орнатуды М.Е. Васильев ойлап тапты. Оны окклюдаторда немесе артикуляторда жүргізуге болады.
Шарнирлі окклюдаторда шыны бойынша тістерді орнату.
Тіс технигі клиникадан орталық қатынаста орнатылған балауыз шаблоны бар модельдерді окклюдаторға ғаныштайды. Модельдерді окклюдаторға ғаныштаған соң жоғарғы біліктің окклюзиялық бетіне жартыэллипсті пішіндегі шыны пластинканы жабыстырады. Бұл кезде шынының орталық сызығы жоғарғы окклюзиялық білікте біркелкі бағдарлануын ескеру қажет. Одан кейін шыныны төменгі окклюзиялық білікке ауыстыру қажет, оны бірнеше тәсілмен жасауға болады: 1) төменгі окклюзиялық білікті шыны қалыңдығында қиып, окклюдатор биіктігінің стерженьі бойынша, біліктің периметрі төменгі жақ альвеолярлы өсіндісінің айдаршық ұшына сәйкес болуы тиіс;
2) төменгі модельдің ішкі бөліміне жұмсартылған балауыздан үш бағананы орнықтырады, оған шыныны басып және бекітеді, биіктік стерженін өзгертпей; 3) төменгі модельге жаңа балауыз базис пен орнату білігін дайындайды.
Шыныны төменгі окклюзиялық білікке ерітілген балауызбен жабыстырып, стеклографпен шыныға жоғарғы біліктің периметрін, орталық сызық пен ит тіс сызықтарын сызады. Жоғарғы жаққа жаңа балауыз базис дайындайды, ені 3-4 мм білікті альвеолярлы өсіндінің ұшына жабыстырады.
Жасанды тістердің ұзындығы. Ені және орналасуы, соынмен қатар оларды орнату сипаты жақаралық қатынасқа байланысты. Тіс доғаларының қатынасы жоғарғы және төменгі жақтың адьвеолярлы өсінділерінің ұшын байланыстыратын сызыққа сәйкес келеді. Гизидің мәліметіне сай, протездің төзімділігін және шайнау қысымын біркелкі таратуды қамтамассыз ету үшін тістерді базиске адьвеолярлы өсіндінің ұшы бойынша қатаң түрде орнату керек. Гизи сызғышты ұсынды, оның көмегімен альвеолааралық сызықтың окклюзиялық жазықтықпен қиылысу бұрышын өлшеуге болады, соның көлеміне байланысты тістерді орнату түрін таңдайды. Егер қиылысу 80-90 градус бұрышты түзсе, онда шайнау тістерді ортогнатиялық қабысумен орнатуға болады. Егер 80 градустан төмен болса, онда кері немесе аралас орнату қолданылады.
Тіс осьтерінің бағдары тәжірибе жүзінде альвеолааралық сызықпен салыстырғанда келесі үлгіде жетуге болады. Мойын бөлімінде тістің үштен екі қалыңдығы альвеолярлық өсіндінің орталық сызығынан алдыға орналасады, ал үштен бірі осы сызықтың артында жатады. Бүйір тістерде альвеолярлы өсінді айдаршығының орталық сызығын осылай қиып жатуы тиіс. Жоғарғы тістер тіс доғасымен орнатылып және шыныда келесідей қатынаста болады. Орталық күрек тістердің кесу қырының мезиальді бұрыштары екі жағынан да эстетикалық орталықта болады, және оларға шыныға тиіп жатады. Шеткі күрек тістер өзінің кесу қырларымен ортаға қарай сәл қисайып, шыныға 0,5 мм жетпей тұрады, ал мойны орталықтан алыс жатады. Ит тістер де кесу қырымен ортаға жақын орналасып, өз осьінде аздап бұрылады, оның кесу бұдыры шыныға түйіседі. Ит тістер алдыңғы тістер тобын шектейтінін ескеру керек, сондықтан оларды тістің осьі тістесу білігінде белгіліенген сызыққа сай келуі тиіс. Ит тістердің медиальды ерін беті күрек тістердің жалғасы, ал дистальді-ерін беті бүйір тістер сызығының басы болып табылады, бірінші премолярды ит тістердің дистальды-ерін бетінің деңгейінде орналастырады, олардың ұрт бұдыры шынымен түйіседі, ал таңдай бұдыры 1 мм жетпей турады, екінші премоляр-бірінші премолярдың ұрт-дистальды бетінің деңгейінде және екі бұдырымен де шыныға тиіп тұрады. Бірінші молярдың медиальды-ұрт бұдыры ит тістің шығыңқы бетінің деңгейінде орналасатындай етіп есептейді. Шыныға қатынасы- алдыңғы таңдай бұдырымен түйіседі, қалғандары әртүрлі қашықтықта тимей жатады. (алдыңғы ұрт-0,5 мм, артқы ұрт1,5 мм, артқы тандай -1 мм). Екінші молярлары өз өсінде кері бағытта бұрылған, яғни бірінші молярдың дистальды бетінің деңгейінде емес, олардың мезиальды бетінің денгейінде. Бұл дегеніміз, екінші молярлар тіс доғасының тарылтпайды, керсінше, бірталай кеңейтеді.
Екінші моляр шыны бетіне тимей тұрады, оның артқы бұдырлары 2-2,5 мм жетпейді. Бұдырлардың осылай орналасуының арқасында сагитальды және трансверзальды окклюзиялық қисық түзіледі. Олар төменгі жақтың шайнау қозғалысында көптеген түйісуді сақтайды қамтамассыз етеді және протездің тұрақтылығына қолайлы жағдай жасайды.
Барлық алдыңғы тістрді орнатқан соң, премоляр мен молярды алдымен бір жағын, одан соң екінші жағын орнатадыбұл кезде орнатылған тістердің симметриялылығын қадағылайды. Жоғарғы жаққа тістерді орнатып болған соң төменгі балауыз білігінен шынына шешіп, төменгі жаққа тістерді орнатуды бастайды.
Ең алдымен вертикальды штифті втулкадан 0,5 мм-ге жылжытады, тістерді ақырғы тегістеуден өткізгенде альвеоллааралық биіктік төмендеп кетпеуін ескеру үшін. Төменгі тістерді орнатуды екінші премолярлардан бастайды, ойткені олар жоғарғы бірінші және екінші премолярлар арасына жақсы орнығады. Одан кейін бірінші және екінші молярларды, артынан бірінші премолярды қояды, жұмысшы және балансты жағында түйісудің болуын тексереді. Бүйірлі топтағы тістерді орнатқан соң алдыңғы тістерді орнатуға кіріседі. Қажетті қабысу дәрежесін түзе отырып, Бонвильдің үш пункті түйісуіне сақтай отырып және вертикальді штифтің күрек тістер алаңы бойынша тығыз сырғанауын ескере отырып қойылады.
Орталық және шеткі күрек тістерді орталық сызыққа қисайтпай параллельді орнатады, орталық күрек тістердің кесу қыры шеткі күрек тістердің кесу қырынан аласа болады. Ит тістің кесу қырын орталық сызыққа аздап қисайтады және өз осьінде бұрылады, ерін бетінің алдыңғы бөлімі жанындағы алдыңғы тістермен түзілген овалды жалғастыратын қызметте, ал артқы - шайнау тістердің сызығынан басы болып табылады. Премоляр мен молярларды фиссурлы- бұдырлы түйісуді сақтай отырып орнатады. Нәтижесінде төменгі тіс доғасы парабола пішінге ие болады.
«Симплекс» Гизи артикуляторында М.Е. Васильев бойынша жасанды тістерді анатомиялық орнату.
Гизи артикуляторы «Симплекс» ең кеңінен тараған түрі болып табылады, немесе оны басқадай орташа анатомиялық артикулятор деп атайды. Мынадай бөлімдерден тұрады.
Жоғарғы және төменгі пластинкадан
Алдыңғы вертикальді штифт
Стрелканы ұстап тұратын (орталықты көрсететін) винтті муфта.
Горизонтальді стержень
Күрек тісті алаң
Жоғарғы муфта мен артикулятор пластинкасы бар күрек тісті алаңшаны байланыстыратын екі стержень
Пружина
Модельдерді артикуляторға гипстеген кезде олардың кеңістікте орналасуын жеңілдету үшін М.Е. Васильев қолайлы құрылғыны ұсынды. Ол гипсті төсенішке бекітілген шыны пластинкадан тұрады және артикулятордың окклюзиялық пунктіне сәйкес орналасады. ( горизонтальді штифтің ұшы және төменгі раманың шығыңқы ұшы), оған артикулятордың орталық сызығы мен жоғарғы орталық күрек тістердің кесу қыры орналасатын сызық салынады.
Артикулятордың төменгі пластинкасын күрек тістер алаңынан артқы сатыға дейін гипске батырады және биіктігі гипс пен ортаны көрсеткіш арасында 2 см жуық саңылау түзеді. Қатқан гипске төрт балауыз бағанасын бекітеді. Балауыз қатпай тұрғанда оған орталықты көрсететін ұшы бойынша және төменгі пластинканың өрбитін бұтағындағы бүртік бойынша өтетін горизонтальді жазықтықта шыныны қояды. Шыныны балауыз бағаналарға ерітілген балауызбен бекітеді; шынының астында түзілген қуысты гипспен құяды. Қатқан гипсті шынының пішіні бойынша қияды. Шынының ұзындығы орталық сызық бойынша- 9 см, ені артқы бөлімде – 11 см, ал алдыңғы бөлімде- 6,5 см. Шыныдағы орталықты көрсеткіш орналасқан жерге сына тәрізді пішінде ойық жасайды. Негізінің биіктігі орта есеппен 4 см тең. Гипс қатқаннан соң шыныны уақытша алып тастап, ал гиспті төсенішке екі сызық жүргізеді: біреуі ұзыннан, ал екіншісі оған перпендикулярлы, көлденең. Осы екі сызықтың қиылысқан нүктесі прибор ортасы болып табылады, соған қатынасты жоғарғы орталық күрек тістердің мезиальді бұрышы орналасады. Модельдерді анатомиялық артикуляторға гипстеу техникасы келесідей: жоғарғы модельді тістесу білігімен бірге прибордың шынысына модель мен приборда өтетін ұзын сызық сәйкес келетіндей етіп орнықтырады, одан кейін орталықты көрсететін белдеуді бекітіп жәек вертикальді штифт орналасатын күрек тісті алаңды бекітеді. Тістесу білігін прибор шынысына жабыстырып, ал модельді артикулятордың жоғарғы пластинкасына гипспен бекітеді. Одан кейін приборды алып тастайды да, жоғарғы модельдің тістесу білігіне төменгі жақтың балауыз шаблоны мен тістесу білігі бар моедльді байланыстырады. Оларды дұрыс қоюға жақтардың орталық қатынасын анықтағанда жасалған сына тәрізді ойықтар мен бүртіктер көмектеседі. Модельдерді бір-біріне жабыстырады. Одан кейін артикулятордың төменгі рамасына сұйық гипсті салып, биіктік штифтінің күрек тістік алаңға түйіскенше төменгі жақ модельді батырады. Артық гипс қалдықтарын алып тастап, тістерді орнатуға кіріседі. Тістерді орнату окклюдаторда орнатумен ұқсас келеді, бірақ өте нақтылы болып келеді, және артикуляторда перпендикулярлы үш жазықтықта қозғалысты қайталауға болады.
Сфералық жазықтық бойынша тістерді орнату.
Артикуляцияның сфералық теориясын Монсон 1918 ж ұсынды және тіс қатарының сагитальді майысуы туралы Шпеенің ережесіне негізделген. Монсон теориясына сай барлық тістердің ұрт бұдыры шар тәріздес беттің деңгейінде орналасады, ал шайнау тістерінің осьінің ұзын бойымен жүретін сызық жоғ,ары бағытталып және бас сүйегінің белгілі-бір нүктесіне сәйкес келеді, Криста Галли аймағында. Монсон аталған сфералық жазықтың бойынша жасанды тістерді орнатуды жүзеге асыру үшін арнайы артикуляторды ойлап шығарды. Автордың көз қарасы бойынша тістерді бұлай орнату төменгі жақтың барлық қозғалысында толық протездердің анағурлым түрақтылығын қамтамассыз етеді.
Сфералық жазықтың бойынша тістерді орнату тәсілін жақтардың айқын прогениялық қатынасы кезінде қолдану көрсетілген, альвеолааралық сызық окклюзиялық жазықтықпен 70 градус бұрыш түзгенде. Бұл кезде айқас орнатуды қолданса тиімді шайнауды толық қамтамассыз етпейді де, протездің тұрақтылығы нашарлайды. Айқас орнату кезінде тілге кеңістіктің азаю салдарынан сөйлеу қызметі бұзылады, ерін мен ұртты тістеуіне әкеп соғады.
Сфералық жазықтық бойынша тіс қатарын орнату үшін жақтардың орталық қатынасын ауыздан тыс бет доға-сызғышынан және ауыз ішілік қалыптағыш пластинкадан тұратын құрылғының көмегімен анықтайды. Оның фронтальды бөлімі тегіс және төрт күрек тістердің еніне тең, ал дистальды бөлімі сагитальды бағытта радиусы 9 см сфералық майысқан. Қалыптағыш ауыз ішілік пластинкалар алынбалы және ауыздан тыс пазалармен байланысады.
Жоғарғы окклюзиялық біліктің фронтальді бөлімін кәдімгі тәсілмен дайындайды. Ары қарай оны тірек ретінде қолдана отырып, құрылғыны орнатады және алдын-ала жұмсартылған бүйір бөлімінің білігіне ауыз ішілік пластинканың көмегімен ауыздан тыс бөлімінің құрылғысын мұрын-құлақ және қарашық сызықтарына параллель етіп орнатады. Одан кейін ыстық шпательмен төменгі балауыз білікті қыздырады да, оны жаққа орнатады. Алдын ала суытылған жоғарғы білік пен қондырғының ауыз ішілік бөлімін ауызға енгізеді де, науқасқа аузын жабуын сұрайды. Бұл кезде окклюзиялық біліктер мен олардың арасындағы ауызішілік пластинка биіктігі салыстырмалы физиологиялық тыныштық күй биіктігін өзгертпеуін бақылау керек.
Одан кейін ауыз ішілік қалыптағыш пластинканы қалыңдығы 1,5-2,0 мм алып тастап, сфералық жазықтық бойынша құрылған білікке жақтардың орталық қатынасының биіктігін бекітеді. Біліктердің дұрыс қалыпталуын төменгі жақтың әртүрлі қозғалысында олардың арасында тығыз жанасудың болуымен тексереді.
Біліктерді бекіткен соң жұмысты тіс-техникалық лабораторияға жібереді, онда модельдерді окклюдаторға немесе артикуляторға гипстейді. Одан кейін жоғарғы бөліктің окклюзиялық бетіне сфералық орналастыру пластинкасын аздаң балауызбен желімдейді. Ол егер альвеолярлық сызықтың еңкеюі бүйір тістер аймағындағы вертикальға қатынасы бойынша 16 градустан аспаса бүтін болуы мүмкін немесе егер еңкею 16 градустан жоғары болса бөлшекті болады. Бірінші жағдайда жоғарғы білікке сфералық пластинканы жабыстырған соң төменгі тістесу білігін альвеолярлы айдаршықтың ортасы көрінетіндей етіп ені бойынша және пластинканың қалыңдығы бойынша жартысына дейін қиып алып тастайды. Жасанды тістерді алаңның бетімен түйістіріп қояды, (шеткі күрек тістерден басқаларын) ең бірінші жоғарғыларды, одан кейін жоғарғы бойынша төменгілерді.
Көрсеткіш кезінде 3 бөлімнен тұратын басқадай алаңды қолданады: алдыңғы және екі бүйірлі, сфералық бетінде 9 см радиусты және шарнирмен байланысқан. Бүйір бөліктерінің ортасында жазу стрелкасы үшін ойық болады. Алаңды ең бірінші жоғарғы окклюзиялық білікке фронтальды бөлімді бағдар ретінде қолдана отырып бекітеді, одан кейін төменгі білікке ауыстырады. Пластинканың бүйір бөлімі айналу үшін, оның бүйір бөлігін алдын-ала толығымен қиып алып тастайды. Жоғарғы білікті алып тастап, стрелкаларды сәйкес альвеолааралық сызықтарға қояды. Алаңның бүйір бөлігін бекітіп, стрелкаларды алып тастап, жасанды тістерді қояды.
Жеке-дара окклюзиялық жазықтық бойынша тістерді орнату.
Тіс қатарларын құрастыру кезінде буын жолының күрделі жекелей өлшеулерінсіз және күрделі аппараттарды қолданбай-ақ әрекет жасалып жүрді.
Ефрон, Катц-гельфанд бойынша тістерді анатомиялық орнату. Бұл авторлар жекелей окклюзиялық бет құру үшін ауызішілік жазба мен шарнирлі окклюдаторды қолдану жолымен Христянсен феноменін қолдануды ұсынады.
Әдебиеттер:
А.М.Маженова, Н.Қ Сейітмәмбетова «Стоматологиялық ортопедия»
В.Н.Копейкин, Л.М. Демнер «Зубопротезная техника»
В.И.Аболмасов, Аль Хаким «Руковолство по ортопедической стоматологии»
С.Д. Калинин «Протезирование беззубой челюсти»
Қорытынды сұрақтар (кері байланыс)
Васильев бойынша шыныда тістерді орналастыру.
«Симплекс» Гизи артикуляторында М.Е. Васильев бойынша жасанды тістерді анатомиялық орнату.
Сфералық жазықтық бойынша тістерді орнату.
Жеке-дара окклюзиялық жазықтық бойынша тістерді орнату.
Дәріс № 7
Тақырыбы: Жұмсақ эластикалық төсеніші бар толық алмалы протезді әзірлеу ерекшелігі және көрсеткіші.
Алмалы протездердің тұрақтылығы мен бекітілуін жақсарту үшін бірнеше әдістер ұсынылған.Бірақ кейбір жағдайларда тіссіз жақтың келенсіз анатомо- топографиялық жағдайында протездеу тиімділігі төмендейді.
В. Ю. Курляндский, Н. В. Калинина және басқалардың айтуы бойынша, қатты пластмассалардан әрқашан жақсы протез жасауға мүмкіндік болмайды, сондықтан дәрігер алдында тұрған барлық клиникалық жағдайлар шешілмейді.Әсіресе тіссіз төменгі жақтын альвеолярлы өсіндісінің жедел және біркелкі емес атрофиясы ерекше қиындықтар туғызады. Альвеолярлы бөлімнің жіңішке жұқа айдаршығы,үшкір сүйек шығынқылары,экзостоздар протездеу кезінде қиындық тұғызады.Жоғарғы жақта атрофияланған шырышты қабықпен қапталған альвеолярлы өсіндінің біркелкі емес атрофиясы, үшкір сүйек шығынқылары,«қозғамалы» айдаршық, айқын торус кезінде де,протездеу қиындық тұғызады.Осындай жағдайда эластикалық төсенішті қолдана отырып, протез базисі арқылы ауыз қуысының тіңдеріне шайнау қысымын біркелкі таратуға болады. Таким требованиям может отвечать двухслойный базис. Недостаточная податливость слизистой оболочки протезного ложа в этом случае компенсируется эластичным слоем базиса протеза.
Қатты базис пен протез орынының шырышты қабаты арасына жұмсақ төсенішті қолдану жақсы нәтиже береді,яғни жұмсақ төсеніш арқылы шайнау қысымы серіпенделеді(амортизацияланады).
Сөйтіп қосқабатты базистің дайындалу көрсеткішіі:
Құрғақ біркелкі емес альвеолярлы өсіндінің атрофиясы кезінде,нашар қозғалмалы шырышты қабық кезінде,жалпы белгілі әдістер арқылы бекітуге мүмкіндік болмағанда, үшкір сүйек шығынқылары немесе экзостоздар,хирургиялық дайындыққа керікөрсеткіші мен үшкір қисық сызығы,осының нәтижесінде қатты базисті протез ауырсыну сезімін тұғызады;акрилдан жасалған протезге аллергиялық реакциясы кезінде.
Отанымыздың өндірісінде Гос Сил- жоғары температурада(ыстықта) қататын эластикалық материал шығарады.Эластикалық қабат протез базисіне толық немесе кейбір бөліктеріне жағылуы мүмкін. Протезде орнатылған эластикалық төсеніш тіңдерге шайнау қысымын жұмсартады.
ГосСил эластикалық төсеніші бар,жаңа алмалы пластиналы протездің дайындалуы.Алдымен гиасті модель дайындаймыз.Дәрігер протездің балауыз композициясын кигізіп көргенен кейін,тістехнигі модеоьде балауыздан эластикалық төсеніштің орнын дайындайды(подложка),ол үшін пластиналы базисті балауызды қолдана отырып,протез шекарасы бойымен 1,8-2 мм қалыңдықта.Белгілі әдіспен жасанды тістері бар балауыз композицияны кюветаға гипстейміз.Содан соң кюветаны ашып балауызды балқытамыз, модельге айырғыш лакты,мысалы,«Изокол» жағады.
Модельге алдын –ала дайындалғани балауыз подложкасын целлофанмен жауып, қамыр кезіндегі пластмассаны салат.Пресстеуден кейін кюветаны и пакуют пластмассовое тесто твердого базиса. После прессования кювету открывают, целлофандағы балауызды, артық пластмассаны алып.Кисточкамен Гос Сил комплектіндегі адгезивті жағамыз.Екі қорғаныш пқапшығын алып, силиконды материалды 1-2 мин соң модельге саламыз.Артығын қайшымен немесе шпательмен аламыз, арасында 1,5-2 мм (припуск) аралық қалдырып.
Кюветаның екі жағын қосып пресстейміз су моншасында полимеризацияны іске асырамыз, полимеризацияны акрил пластассалардың инструкциясы бойынша жасаймыз.Кюветаны ашып ,өндеу ,жылтырату.
Дәріс № 8
Тақырыбы: Тістер мен жақтардың жарақаты кезінде қарапайым аппараттар мен протездерді жасау технологиясы.
Мақсаты:
Жақтар сынығын, операциядан кейінгі ақауларды емдеу, сонымен қатар жақ бет аймағының әртүрлі зақымдалу салдарынан болған асқынуларды ортопедиялық аппараттар көмегімен емдеу маңызды роль атқарады. Бұл үшін жасалған аппараттар мен протездер сапалы және тиімді болуына олардың технологиялық әзірленуі үлкен орын алады.
Дәріс тезисі
Сыртқы бет әлпетіне бір рет қараумен жақтың сынуының басымдылығын анықтау мүмкін емес және диагнозды нақтылау үшін ауыз қуысын зерттеу керек. Бүндай жағдайда жақ сынуының белгісі болып әсіресе төменгі жақты қозғалтқанда ауырсыну, ақау болады, жақ сынығының ығысуы вертикальді немесе жазыктықта болады, ол окклюзияның бұзылуы мен және тіс доғасының пішінінің өзгеруімен көрінеді. Соңғысы тістердің толық емес түйісуімен көрінеді: тістердің бір тобы өзінің антагонистермен түйісуде болуы, ал басқасы (сынықтын ығысуы) өзінің антагонстеріменен түйіспейді. Диагностикалау үшін бимануальді әдісті қолдануға болады (дұрыс емес қозғалғыштық белгісі): сұқ саусақты тістің шайнау бетіне сынықтың ені жағына да қояды, ал үлкен саусақты жақтың қырына қояды да және оларды бір бірінен ажыратады: сол кезде сынық болған жердегі тістер арасында саңылау пайда болады.
Кейбір белгілердің қатысты мағынасы болады (ақау, ауырсыну, шайнаудың бүзылуы) сонымен қатар олар жарақат кезінде жақтың сыныуынсыз орын алуы мүмкін, басқа белгілері-дұрыс емес қозғалғыштық, крепитация, сынықтың ығысуы, тіс қатарының артикуляциясының бузылуы-жақ сынуының басымдылығын көрсетеді. Жақтардың диагностикасының ең тиімді әдісі рентгенография болып табылады.
Альвеолярлы өсіндінің сынуы, сонымен қатар тіс қатары бұлшық етінен шеқарасындағы жақ санылауы қызыл иектің үзілуімен немесе сынық сызығында қызыл иек қырының тіс мойынан қабаттануы болады сондақтан бүл сынықтарды ашық немесе инфекцирленген түбінде қарайды. Жоғарғы жақ сынығы қаңқа негізі сынығымен немесе милы түзілістермен бірге жүреді, сондықтан анамнезді нақты анықтап және науқасты зерттеу жүргізу керек. Сұрастыру кезінде мынадай белгілерге көніл аудару керек: есінен тану, құсу, басының ауруы, жұлын –ми сүйықтығының ағуына. Өйткені олар қанқа негізінің зақымдалуымен сипатталады.
Беттің ақауы (ұзару, ассиметрия), коньюктиваға көз үсті (века) кеністігенең тері асты кеністігіне және көз асты аймағына қан құйылу жоғарғы жақ сынығының сызығы коз асты деңгейінде өтеді. Көздің шығып туруы ретробульбарлы қан қуйылудың көрінісі, жастық ағыу өзегі аймағындағы сүйектің белгісі болып табылады. Қолдың көмегімен пальпаторлы сынықтың орналасуын анықтауға болады. Мысалы жоғарғы жақтың алдыңғы тістерін қолдың бір саусағымен басқанда және екінші қолдың саусағымен шықшыт доғасы аймағындағы жұмсақ тіндерді басып қаңқа-бет ажыратылымының шекарасын және сипаттамасын анықтайды. Жоғарғы жақ жұмсақ тіндерінің және мұрынның сүйегінің қозғалғыштығы кезінде сынық сызығы алмұртәрізді ойықтан жоғары денгейінде орналасады. Жоғарғы жақтың шықшыт өсіндісімен бірге қозғалғыштығында ол шықшыт доғасы деңгейінде өтеді. Жоғарғы жақтың сагитальды сынығында зықымдалған жақтағы алдыңғы тіс топтарын таңдай жағынан басқан кезде бір жағынан ғана орталық күрек тістер арасындағы қуысты кеністіктең ұлғайуын шақырады.
Альвеолярлы өсіндінің сынығы кезінде жақ сынығының бір немесе бірнеше тістері аймағында қозғалуы (сынған орында) және пальпация кезінде өтпелі қатпар деңгейінде ауырсынады, бірақ бұл кезде таңдай тігісі аймағындағы пальпация кезінде ауырсыну болмайды.
Жақтың оң жарақаты әсерінен зақымдалуында сынықты диагностикалаудың қиындығы жоқ, ойткені терен жарақатта жақтың
және сынықтарын көруге болады. Кейбір жағдайларда жақ зақымдалғанда дейінгі науқастарда төменгі жақтың сынықтары көп болғанда тістердің түрін анықтау қиынға соғады. Сонымен бірге тістесүді дұрыс анықтамай емдеу шараларын жүргізгенде ас әртүрлі асқынуларға әкеп соғуы мүмкін.
А.А. Погодина тістесүді анықтаған кезде фронтальды тістердің окклюзионды бетінің фасеткасының сипатына сүйенуді ұсынады.
Төменгі жақтың денесі таға тәрізді пішінді болып келеді, соның әсерінен жаракат кезінде ол қысылып немесе созылып кетуі мүмкін. Сыртқы әсердің күшіне байланысты жарақат орнын қысу немесе жақ сүйегін созу оның эластикалығының шегінен асып кетеді сондықтан жақтын сынуы пайда болады.
Жақ сүйектерінің эластикалығының және нәзіктігінің деңгейі ағзадағы зат алмасу үрдістерінің өзгеруіне, әсіресе кальцидең (рахит, эндокринді жүйе корреляциясының бұзылуы және басқа) алмасуына байланысты.
Жақ сынықтары тік болады, егер де жақтың сынуы жарақат орынында пайда болса немесе жарақат орны болған жердегі қашықтықта болса. Төменгі жақта орналасуына байланысты ортанғы сынықты ажыратады, егер жақ денесінің ортанғы бөлімінде оның үшының иілетін әсерінде орналасса. Төменгі жақтың орталық сынығы иек асты аймағының (иек төмпегі) сүйегінің мықтылығына қарамастан салыстырмалы түрде жиі кездеседі.
А.Я. Катц төменгі жақтың ортаңғы сынығының пайда болуының механизімін төменгі жақтың кортикальды затының фибрилярлы құрылысымен байланысты: иектің ортаңғы бөлімінде фибрилярлы талшық горизонтальды бағытынан вертикальдағы өтеді, ол берілген шекарада үзілгенде сүйектің қарсы тұруы азаяды.
Төменгі жақ сынығының орналасуының келесі орыны тіс жақ доғасының ит тіс және кіші азу тіс аймағында иілетін жері. Осы берілген оймақта жақ доғасының мықтылығының әлсіреуі ит тіс пен кіші азу тістің төменгі қисық шекарада және иеқасты ойығында терең ұяшықтың басып болуымен байланысты. Бұл сынық төменгі жақтың иек асты сынуы және бүйір сынық атауына не болған.
Одан кейін төменгі жақ бұрышы аймағындағы сынықты ажыратады. Ал төменгі жақтың екінші рет иілуінен пайда болады-жақ денесінің бутаққа өтетін орнында. Бұрыш манындағы жақтың сынуы алдыға, артқа және шайнау бұлшықетінің бекітілген жерінде болады.
Бірінші жағдайда төменгі жақ сынығының вертикальды және горизонтальды жазықтықта ыгысуы (кішкене сынық мезиальды жаққа ығысады, ал үлкен- латеральдыға) сыртқы қанат тәрізді бұлшықетінің сынық жағына куш әсерінен және шайнау бұлшықетінің- қарама қарсы жағына күш түсіруі әсерінен болады. Қалған жағдайда жақтың шайнау бұлшықетіне бекітілген әсерінде жақ сынығының ығысуы болмауы да мүмкін, өйткені жақтың сынығы осы бұлшықеттің сінірлі талшықтарында ұсталып қалады.
Жақ буын өсіндісінің мойын аймағында сынғанда, олар тура емес (айқын сынықта) түрінде кездеседі. Бұл сынықтар төменгі жақтың үлкен сынығы; төмен және тіс окклюзиясының фронтальды аймағында және окклюзиялы түйісүдің 8/8 аймағында ығысуымен жүреді.
Жоғарғы жақта сынықтар жиі болатын аймақтар болады. Бұл зоналар: төменгі альвеолярлы өсінді деңгейінде (вестибулярлы бетінде альвеоланың қабырғасының жұқа болуынан), ортаңғы- гаймор қуысы және мұрын қуысы деңгейінде жоғары орбита және мұрын сүйек деңгейінде.
Сынық сызықтары жие сүйек жігі және таңдай сүйегімен негізгі сүйектең қанат тәрізді өсіндісінің қосылған аймағында өтеді.
Көрсетілген аймақтар бейбітшілік кездегі сынықтардың жоғарғы жақта орналасатын орны болып табылады. Оқпен жарақат кезінде жоғары жақтағы сынықтар оқ тиген жерде пайда болады. Жоғарғы жақ зақымдалуының сипаттамасы оның құрылымдың ерекшеліктерімен байланысты.
Жоғарғы жақтың жұқа қабырғасы қарама-қарсылық көрсетпейді, сондықтан оқ жарақаты кезінде ойықты сынықтар пайда болады.
Егер снаряд алдыдан артқа түссе жоғарғы жақтың зақымдалуымен қатар өмірлік манызды орталықтар жарақаттанады, қаңқа қуысы омыртқа, ойық және тағы басқа.
Сынықтардың механизмі.
Жақтардың сынуы ереже бойынша сынықтардың ығысуымен жүреді. Жақтың сынықтарының ығысу түрлері негізімен түтінше тәрізді сүйектердің сынықтарының ығысуымен сәйкес келеді. Айырмашылығы:
Сынықтардың бұрыштанып ығысуы. Мұнда сынықтар әртүрлі пішінді, көлемді бұрыш түзеді
Бүйір ығысу. Кейбір жағдайда сынықтар бүйір беттерімен жанасады. Бұл жақтың қысқаруына әкеледі.
Ал басқа жағдайларда периферия бойынша бір немесе екі сынықтардың ротациясы. Сынықтардың ығысуының аралас түрі де кездеседі. Сонымен қатар жақтардың сынуында сынықтардың вертикальды және горизонтальды жазықтыққа ығысуынажыратады. Сынықтардың аралас ығысуының екі жазықтықта болуы мүмкін. Сынықтардың горизонтальды жазықтықпен ағысуы бөлінеді: алдыңғы-артқы бағытта (сагитальды) және ұрт-тіл бағытта (трансверзальды) ығысуы.
Сынықтардың ығысуы біріншілік және екіншілік болуы мүмкін. Біріншілік ығысу жарақатты снарядтың күшінің және бағыттылық әсерінен болады. Сонымен қатар эластикалық бұлшық еттерден болуы мүмкін. Ол сынықтардың әсерінен қысқарады.
Сынықтар кезінде бұлшық еттердің жиырылуы бекітілген жердің жақындауынан тоқтайды. Бұлшық еттердің рефлекторлы жиырылуы жарақатты беттің рецепторларын тітіркендірумен, ауру сезімімен жүреді. Ұзақ тітіркендіргенде бұлшық еттердің рефлекторлы жиырылуы турақты бұлшық етті контратурасы отуі мүмкін.
Сынықтардың ығысуының механизмінде бұлшық етті фактордың негізінен төменгі жақтың сынықтарында орын алады. Себебі, шайнау бұлшық еттер төменгі жақта бекітіледі. Сондықтан сыну кезінде төменгі жақ жоғары жаққа қарағанда ығысуға тез және көп ұшырайды. Жақтың жарақатында, ығысуды шақыратын факторлар. Бірінші фактор- жарақаттың күші және бағыты. Бұл фактор уақытша ғана. Сынықтарды жөндегеннен кейін ол өз күшін жояды. Екінші фактор- жақтың сынықтарының ауырлығы. Бұл –тұрақты, күші аз. Себебі сүйек сынығының салмағы көп емес. Үшінші фактор- шайнау бұлшықетінің тәжінің әсері. Бұл кезде бұлшық ет шоғырларының әсерінің тұрақтылығы және бағытының әр түрлігі болады.
Сыну кезінде сынықтардың ығысуының сипаттамасын анықтау үшін төменгі жақтың қозғалысын қалыпты физиологиясы еске түсіру керек. Төменгі жақ-екі өсінділі, таң сүйек болып табылады. Сонымен қатар екі рычаг болады. Оның иықтары бір-бірімен иек асты аймақта қосылған.
Төменгі жақтың қозғалысы- жақтың ашылуы және жабылуы бұлшықеттердің екі антагонирлеуші тобымен жұргізіледі. Ашылу-шайнау, самай және ішкіқанат тәрізді. Бұлшықеттермен, ал жабылуы-ауыз құысының түбіндегі бұлшықеттер: екі құысты(алдынғы құыс), жақ тіл асты және иек асты тіл.
Төменгі жақтың бірінші топ бұлшық еттері-төменгі жаққа бекіткен жерінен буын басына деінгі аймақты қамтиды. Төменгі жақтың бірінші топ бұлшық еттері-төменгі жаққа бекіткен әсерінен буын басына дейінгі аймақты қамтиды. Төменгі жақтың түсіретің бұлшық ет тобына қарағанда қысқа рычагтың иығын түзейді. Бірінші топтың бұлшық еттерінің әсері қатты. Себебі олардың қөлденең диаметрі көбірек. Екі топ бұлшық еттермен әсері жақтың жағдайын теңестіреді. Әдетте осындай теңесу төменгі жақтың толықтығында болады.
Сүйектің бір жағының біркелкілігі бұзылғанда екі жақтық сынық және екі жеке рычаг пайда болады. Әрбір сынык қысымға тек бір бұлшық ет тобы әсеріне ұшырайды. Ол төменгі жақты көтереді немесе түсіреді. Сыну сызығының таралуына байланысты сынықтардың ығысуы сол немесе басқа жазықтықта болады.
Орталықты сыну- төменгі жақтағы иекасты аймағындығы айрылу сызығымен жүреді. Егер сыну сызығы көлденен болса-сынықтардың вертикальді ығысуы болмайды. Себебі әрбір сынық бұлшықеттерінің екі тобымен де байланыста болады.(көтеретін және түсіретін). Осының әсерінен теңдік сақталады және сынықтар ығыспайды.
Сынықтардың біреуінен вертикальды ығысуы- бұлшық етті тяжбен байланыссыз себептерден болуы мүмкін. Орталықты сынықта-сынықтардың горизонтальды ығысуы бұрыш бойынша жүргізіледі. Әсіресе, сыну сызығы қисық болса және сыну сызығының маңында тістер болмаса. Сонымен қатар тарылу да болуы мүмкін. Әрбір сыныққа жақ-тіл асты бұлшық еттерінің жеке әсері болуы мүмкін.Олар тіл жаққа ығысады. Тістердің ығысуы бұзылады: жоғарғы таңдай жақ ығысқында тек төменгі ұрт төмпешіктері тарылады, немесе төменгі тіл жағы жоғарғы ұртпен бірге. Төменгі жақтың ортаңғы сызығы қисық болғанда, альвеолярлы өсіндідегі сыну сызығы орталық күрек тістен емес, ит тістер деңгейінде өтеді. Бұл жағдайда жақ сынықтарының вертикальды ығысуы болады себебі иеқ асты-тіл асты және жақ-тіл асты бұлшықеттер сынықтардың біреуіне ғана жалғасады. Төменгі жақтың бүйір сынуында-ит тістер және кіші азу тістер деңгейінде төменгі жақты көтеретің бұлшықеттердің әсерінен вертикальды ығысу пайда болады. Вертикальды ығысу айналуымен жүреді. Әсерінен қысқа сынық кейде тіл жаққа ығысады. Осындай ығысу (жақ-тіл асты) шайнау бұлшықеттінің жақ тіл асты сызығымен сәйкес келеді. Бұл бұлшықеттер төменгі жақ денесіне бір деңгейде ғана емес, әр жақтан бекітілген. Соңдықтан олар жақ сынығына күш жұбы принципі бойынша әсер етеді. Буын басы буын ойығында айкалады. Жақтың сынығының сыртқы қыры латеральды қисаяды. Ал альвеолярлы өсінді және тістер –тіл жаққа.
Егер сыну сызығы қисық бағытта өтсе, мысалы үлкен азу тістер деңгейінде емес, ит тістер деңгейінде өтсе, өзара сынықтардың ығысуы болмауы мүмкін. Сол себептен қысқа сынықтық қисық қыры төменгі жаққа ығысуына әкеледі.
Төменгі жақтың сынуы (бұрыш аймақта) –сынықтардың ығысуы болмауы мүмкін. Егер екі сынық шайнау бұлшықеттерінің талшықтарымен байланысса.
Егер сыну сызығы шайнау бұлшық еттерінің бекітілуісіз алдында орналасса, онда ұзын сынықтар төмен және орта және ауыз құысының түбіне ығысады. Қысқа сынық осы жағдайда жоғары, алдыға және ішке ығысады. Бұл шайнау, самай қанат тәрізді бұлшық еттердің әсерінен болады.
Төменгі жақтың оның тармақтары деңгейінде сынуы. Егер олар сынықтың жазықтың сызығында кездессе, онда ығысу болмауы мүмкін. Егер бір сынықтың екіншіге қозғалуына, онда ығысу узындығы бойынша болады. Оның әсерінен ұзын сынықтың сыну аймағына қозғалуы, (болады) және иек асты аймақтың төмен түсүі жүреді. Оның белгісі болып орталық сызықтың бұзылуы болып табылады. Төменгі жақтың күрек тістермен орталық сызығы жоғарғы жақтың тістерінің орталық сызығының жалғасы болмайды.
Төменгі жақтың буын өсіндінің мойының сынуы сынықтың сынуы сызықтың ығысуына байланысты.
Сыну кезінде қөлденең сызық буын басына қарай алдыға, ығы жоғары және ішке қарай ығысады. Бұлшық еттердің жоғары сыртқы қанат тәрізді бұлшық етке, сонымен ұзын сынық, сынық жағында буын тіреген жоғалтып, сынық жаққа, тармағы- жоғары, иекасты бөлігі- төменгі бағысады. Тістердің доғасының тістесі ашық тістесу кезінде ортаңғы сызықпен бірге бұзылады. Жақтың сынуы оның ығысу дәрежесіне төменгі кұрекке немесе сынық жаққа жоғары жықтың тістеріне, ортаңғы күрек тістерге ортаңғы сызыққа дейін жылжиды.
Қисық немесе көлденең сызықта сынық басының артқы жағына, ал узын сынығы алдыға, сонымен қысқа сынық оны басып, алдыға қарай ығыстырады. Зигзагтярізді сызық сынығы ығысуды шықыра алмайды, өйткені қысқа сынық тістердің ұзындығына қарай ығысады.
Төменгі жақтың екі жақты сынығы шайнау бұлшық еттерінің алдыңғы бекінісі ортаңғы сынықтың алдыға немесе төмен ығысуы, егерде ортаңғы сынығы ішке немесе төмен, ерін жағына, немесе тіс жағына ерін жаққа сынық өлшемімен бекиды.
Ортанғы сынық бұлшық еттердің күшіне, ауыз қуысының түбіне, ал бүйір сынықтары- бұлшық еттерді көтергіш тобына әсер көрсетеді. Ортаңғы сынықтың ішке немесе төмен ығысуы асфиксацияға тілдің ішке қарай әкелуіне мұмкін.
Төменгі жақтың бұтағының екі жақты сынуы сынық узына бойы бір-біріне жылжуы екі жақтың бұтағының қысқаруымен, төменгі жақтың артқа және түсуіне әкеледі. Тістердің тістесуі прогнатиялық тістесуді немесе ашық тістесуге ығысуына алып келеді. Буын басының мойын аймағында екі жақты сынуы екі жақ басының алдыға және ішке төменгі жақта иек бөлігіне түседі.
Тістердің тістесуі сынықтардың прогнатиялық тістесуге және ашық тістесуге, бұтақшалар аймағына дейін жақсы айқындалады.
Мойын аймағының сынықтарында екі жақты сынуда буын басы төменгі жақ алдына, алдыға қарай жылжып, төменгі жаққа, ауызы ашық, тістер тобының қатынасына прогнатиялық тістесуге төменгі жақтың мойынына артқа қарай, әкеліп қозғалысы ығысады.
Буын басының ығысуы симметриялы, сынықтардың атипиялық болуы мүмкін.
Альвеолярлы өсіндінің сынуы денесінің толық болуымен болса да, төменгі жаққа тістердің тістесуімен бұзылуы мен олардың сынықтарының ығысуына алып келеді.
Сынықтың ығысуы ішкі кұшпен бірге сынықтың әсер ету бағытта болады. Төменгі жақтың сынуы төменгі жақтың бұлшықеттердің сынықпен сызыққа сәйкес келеді. Әйнек тәрізді сынықтар ығысқан кезде әртүрлі. Жоғарғы жақтың сынуы кезінде сұйектердің сынуы негізінен кұш әсеріне және бағытқа, сынықтың ауырлығына, сынықтың сипаттамасына, жақтың сынуына бет қаңқасына дейін немесе бас қаңқасының негізінен, кысымына, қан құйылуына, сынықтың үстінде, альвеолярлы өсіндінің сынуында жоғарғы жақтың тістерімен бірге ығысып, тістердің тістесуінің бұзылуына алып келеді.
Оқ жарақаты жақта әйнек тәрізді сыныққа сүйек тінінің, атипиялық жақтардың сынуы ығысу түрінде кездеседі.
Ортопедиялық ем жоспарының факторларын анамездеп, типиялық немесе атипиялық жақтарда ығысуды таңдау емнің дұрыс нәтижелігін көрсетеді. Ем ақ эффектілігі болуы мүмкін, кейде науқасқа әсер етеді.
Стандартты аппараттар
Транспортты шина ішінде ең тиімді қатты ол иекасты пращасы болып табылады. Ол бас байламынан бүйір валиктармен, иіқтың пращасынан, пластмассадан жасалған немесе резиналы белбеуден (2-3 және әрбір бетте) тұрады. (Д.А. Әнтин).
Қатты иек асты пращасы төменгі жақ, немесе жоғарғы жақта сынса қолданады. Жоғарғы жақ денесінің сынуы болса немесе төменгі жаққа жарақат тимесе тістердің болуы екі жақтада болса иек асты пращасы қолданылады. Бұл кезде пращаны бас байламына бекітеді, ол жоғарғы тіс қатарына беріледі.
А.А. Лимберг жоғарғы жақта тістердің ішкі бетіне шина- қасықтарды салады. Жінішке қабат қыздырылған стенс немесе гуттаперча салады.
Тістердің толық болмауы кезде шырышты қабықтың зақымдалуында қасық түбін төсініш иодоформді марліден салады.
Барлық стандартты шиналар жақ-бет жарақатының транспортировка кезінде қолданады. Тістердің лигатурлы байланысы. Жақтардың сынуында иммобилизация әдісінде қолданады. Лигатура бронза- алюминді немесе жұмсақ сым қалындығы 0,5 мм болу керек. Лигатураны салуда бірнеше әдіспен қолданады Айви, Тигерштедт, Гяйкин, Вильни немесе тағы басқа.
Сымды шендеуіш дайындау үшін керек: крампонды қысқыштар, плоскогубцы анатомиялық, тіс дәрігерлік пінцет, тіс дәрігерінің айнасы, металл напильник, сауыт қайшысы, металды балға, наковальня.
Сымды шинаның түрлері Тигерштед, шина скобасын, тегіс шина скобасы, шина крючокпен немесе бейімделу жазықтығы, шина крючоқтармен немесе жақ арасының қозғалғыштығымен сипатталады.
Көрсеткіш: жоғарғы немесе төменгі жақтың альвеолярлы өсіндісінің сынуы төменгі жақтың ортаңғы сызығы, тіс қатарының сынуынды тегіс шинаны-доғасы ойықталған.
Сынықтың вертикальды ығысуында сымдық шиналармен тізбектес петлямен немесе жақ арасы байламымен резиналы сақина болып табылады.
Жоғарғы жақтың сынуының емі. Барлық фиксирленген шиналар жоғары жақтың сынуында, бос байламына бекиді. Микельсонның айтуынша әйнек тәрізді жоғары жақтың ақауында сүйек затымен байланысты.(Я.М.Збирш, Курляндский, Литеск, Ликельсон, Оксман) жоғарғы жақтың сынуы кезінде сымды фиксирленген шиналарды қолданады.
Шиналардың мысалы: Збаржа, Курляндский, сымды алюминийді Бегельман,Фидель шинасы (жоғарғы жақ сынған кезде).
Лабораторлы аппараттардың жоғары жақтың сынуында пластмассалы қызылиек үсті шинасын, жоғарғы жақтың бекінуінді қолданады. Төменгі жақтың сынуында емі лабораторлы шина аппараттар керек.Оларға мыналар жатады. Катц аппараты ауызсыртылық рычагтармен, Курляндский репонирлеуші аппараттарымен, Каппа, штампты аппарат, Грозовский,Рудько аппарат, Ванкеевичтің пластмассалы шинасы, Щура жазықтығының пружиналы аппаратты. Порта шинасы тістердің сынығы болған жағдайда қолданылады.
Әдебиеттер:
А.М.Маженова, Н.Қ Сейітмәмбетова «Стоматологиялық ортопедия»
В.Н.Копейкин, Л.М. Демнер «Зубопротезная техника»
В.И.Аболмасов, Аль Хаким «Руковолство по ортопедической стоматологии»
С.Д. Калинин «Протезирование беззубой челюсти»
Қорытынды сұрақтар (кері байланыс)
Жақ сынықтарын ортопедиялық емдеуде қолданылатын аппараттардың протездердің жіктелуі.
Бекітуші аппараттар
Ауыспалы аппараттар
Аралас аппараттар
Толықтырушы аппараттар
Дәріс № 9
Тақырыбы: Дентальды имплантанттар жасау үшін қазіргі заманғы құрылымдық материалдар. Құрамы, қасиеті.
Мақсаты: Имплантанттарды дайындауға қолданылатын қазіргі заманғы материалдармен таныстыру.
Имплантанттарда протездеу.
Қазіргі кезде имплантанттарда протездеу протездеудің ең прогрессивті әдісі болып табылады. Көптеген зерттеулер және клиникалық тәжірибелер бойынша тіс имплантаты- алмалы протез қолданғанмен байланысты көптеген мәселелерді шешетін протездеудің сенімді әдісі болып табылады.
Көбі «имплантат» түсінігін жалпы жансыздандырумен жасалатын күрделі хирургиялық операциямен байланыстырады. Ал негізінде имплантация жергілікті жансыздандырумен жүргізілетін шағын амбулаториялық операция.
Операция мәні мынада: альвеолярлы қырқаның шырышты қабатын тіліп, сүйекке имплантат енгізіледі, ол алынбайтын протездерге немесе алынатын протездерге құлыпты бекітілу құрылымы үшін негіз болады. Имплантантты биолсәйкес материалдардан, мысалы: титаннан жасайды. Имплантантты енгізіп, жасанды тістерді бекітуге дейін 4-6 ай өтеді. Соңғы қадам протездеу бір немесе бірнеше фронтальді тістердің орнын толтыру үшін ең қолайлы әдіс, себебі көршілес тістерді егеуде қажеттілік болмайды. Егер, шайнау тістері болмаса, имплантант өзіне тірек тістің қызметін алады. Ал бірнеше имплантант қолданғанда протездің бекуі одан да берік болады. Ауқымды тіс ақаулары кезінде имплантанттар көпір тектес протездерге мықты тірек болады. Сол себептен алынбалы протездерге қажеттілік болмайды. Имплантанттар көмегімен толық адентияда алынбайтын протездер қоюға болады. Бұл ауқымды жұмыс нәтижесі барлық эстетикалық талаптарға сәйкес келеді, берік бекітілуге қол жеткізіледі.
Имплантанттың және протездің нәтижесі 99 пайызға стоматолог-имплантологтың және стоматолог-ортопедтің (жоғарғы мамандандырылған) бірлескен жұмысына байланысты.
Имплантологиядағы протездердің артықшылығы:
тіс имплантанттары өзіңіздің тісіңіз сияқты қызмет атқарады.
Алынбалы протездерден бас тартуға мүмкіндік бар.
Имплантанттар көпіртектес протезге көршілес тістерді егеуден сақтауға мүмкіндік береді.
Протездің бекуі жақсарады, себебі имплантант мықты тірек болады.
Толық адентия кезінде көптеген мәселелерді шешеді.
Имплантология. Имплантанттар.
Қазіргі уақытта протезді жасауды тіректерді –имплантанттарды орнатуда ерекше операциялар жүргізіледі. Имплантат бұл титанның ерекше құймасынан жасалған бұранда, ол тісі жоқ жерге сүйек тініне бұралады.
Имплантацияны қажет ететін әртүрлі көрсеткіштер бар. Егер бір тіс жоғалтылған немесе шықпай қалған болса дәрігер жақ ақауы орнына имплантантты қоя алады. Бұл кезде 1 сауыт бекітіледі, мұнда көрші тістер егелмейді. Егер көптеген тістер болмаса, және алмалы протез жасау керек болса, имплантанттар орналасады да оларға алынбайтын көпіртектес протез орналасады. Толық адентия кезінде имплантаттарды алмалы протез үшін тірек ретінде қолдануға болады. Имплантология жасалмас бұрын науқас дәрігер ортопедтің кеңесін алу қажет. Ол тістердің орналасу ерекшелігін ескере отырып түрлі протездер ұсынады. Сонымен қатар олардың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы хабардар етеді. Тәжірибелі хирург стоматолог операцияға белгілі бір кері көрсеткіштерінің бар, жоқтығын анықтайды, қажетті құжаттарды толтырып, имплантация жүргізетін күнді тағайындайды. Бұл кішігірім амбулаторлы операция жергілікті жансыздандырумен, еш ауырсынусыз жүргізіледі. Операциядан кейінгі кезең дәрігердің бақылауында өтеді. Имплантанттардың толық бітісуіне төменгі жақта 3-4 ай, жоғарғы жақта 4-6 ай қажет. Осы кезеңде жасанды тіректер сүйек ішінде шырышты қабаттың астында болып ауыз қуысында көрінбейді. Науқастың қалауы бойынша уақытша жасанды сауыттар жасалады. Бітіскеннен кейін имплантантта бастар енгізіліп, оларға сауыттар немесе көпір тектес протездер бекітіледі. Статистика бойынша сәтсіз операциялар мөлшері 3-7 пайызды құрайды. Имплантанттың бітіспеу мүмкіндігін азайту үшін науқас дәрігердің барлық ұсыныстарын орындау қажет. Имплантта орнату және оларда протездерді жүргізу шарасын жүргізу маманның жоғары квалификациясын және біршама материалды шығынды қажет етеді. Осының нәтижесінде имплантаттың бағасы әлі күнге дейін жоғары бооып отыр. Әрбір адам осы шараны қолдану мүмкіндігі болмайды.
Имплантологияда қолданылатын материалдар.
Стоматологиялық имплантаттар үшін қолданылатын материалдар бірнеше талаптарға сәйкес болуы керек: токсикалығы мен коррозияның болмауы, беріктік, технологиялылығы, табиғи тіндерге жақын, физикалық қасиетінің болуы және т.б. Материалдың осы көрсеткіштерінің біреуіне сәйкес болмауы имплантаттың функциональды құндылығын және қызмет ету мерзімін төмендетеді. Материалдың мінездемесінің оптимальді үйлесімділігі имплантаттың биосәйкестігін қамтамассыз етеді (биомеханикалық). Имплантат материалының биосәйкестігіне келесідей түсініктер кіреді: имплантанттың айналадағы тіндер ішінде коррозияға, механикалық және химиялық өзгерістерге ұшырамауы; ол остеогенездің табиғи үрдісін өзгертпеуі немесе бұзбауы қажет. Стоматологиялық имплантаттар үшін қолданылатын материалдарды келесідей жіктеуге болады: 1) биоинертті (титан және оның құймалары, циркони, корундты керамика, шыны көміртек және т.б.)
2) биотолерантты ( тот баспайтын болат, КХҚ және т.б.) 3) биобелсенді
(гидроксилапатитпен, кальцийфосфатты керамикамен жабылған имплантант және т.б.)
Биотолерантты материалдар қазіргі кезде қолданылмайды, себебі олардың биоинертті қасиеті жоқ. Басқа материалдар сүйек тінімен жоғары сәйкестік қасиетіне ие бола тұра, айтарлықтай кемшіліктері де бар. Жүктеме кезінде морт сынғыштық және керамикада жеткіліксіз технологиялылығы; биоактивті жабындыларда беріктілік және клиникада кейбір жағымсыз көріністердің болуы. Имплантаттар үшін материалдарды әмбебаптандыру үрдісі әлі де жүруде, бірақ та имплантологияда қалыптасқан тәжірибеде көбінде металл имплантаттар қолданылады. Әртүрлі авторлар мен тіндердің түрлі металл материалдарына реакциясын зерттеген. Осы зерттеулер нәтижесінде металдарды келесідей 3 топқа бөлді: токсикалық металдар, мысалы, ванадий, никель, хром және кобальт; аралық металдар, мысалы, темір, алюминий және алтын; инертті металдар, мысалы, титан және цирконий.Тіндердің титан имплантатына реакциясы ең қолайлысы.Тіннің имплантант материалына ионды алмасуы болмайды. Тіндерде РН өзгерісі болмайды және металл аймағында сүйек тінінің түзілуі байқалмайды. Титан биосәйкесті, коррозияға ұшырамайтын металл болып табылады. Титанның биосәйкестігі оның бетінде спонтанды түрде оксидті қабаттың түзілуі нәтижесінде қамтамассыз етіледі, оның қалыңдығы 50-100 мм, ол тұрақты керамикалық қосылыс, оның бетінде плазмалық ақуыздар және сүйектің органикалық және минерализденген матриксі жиналады. Сонымен қатар, титан үлес салмағы өте аз және жеңіл, берік имплантанттарды алуға мүмкіндік береді. Коммерциялық имплантаттардың көбі титаннан жасалады.
Имплантаттардың конструкциясы мен түрлері.
Имплантаттардың көптеген жүйелері болады. Имплантаттардың көптүрлілігі олардың жүйеленуін қажет етеді. Белгілі-бір белгі негізін ала отырып имплантаттардың тиімді бір жіктелуін құруға болады:
Материалдардың биосәйкестігі бойынша имплантаттар үшін қолданылуы:
Биотолерантты (тот баспайтын болат, ХКҚ)
Биоинертті ( алюминийоксидті керамика, титан, көмертек, титан никелиді);
Биобелсенді ( гидроксил апатит, үшкальций-фосфат, белсенді беттегі шыны керамика)
Пішіні бойынша:
Цилиндрлі (бүтін, қуысты)
Бұранда тәрізді
Жапырақ тәріздес
Конус тәріздес
Материал құрылымы бойынша:
Қуыссыз
Беткей қуысты, өтпелі қуысты
Аралас
Материал қуысы бойынша:
«есте сақтау» тиімділігі жоқ пішінде;
«есте сақтау» тиімділігі бар пішінде;
Орналасуы бойынша:
Түбір арқылы;
Шырыш қабаты арқылы;
Сүйек үсті қабығы астылық;
Сүйек ішілік;
Сүйек арқылы;
Аралас;
Қызметі бойынша:
Орынбасатын;
Тірек;
Тірек-орынбасатын;
Шайнау қысымын қабылдау бойынша:
Серіппесі бар (сүйектен тыс, сүйек ішілік, аралас);
Серіппесі жоқ;
Сүйек ішілік бөлімінің құрылысы бойынша:
Құрастырмалы;
Құрастырылмайтын;
Имплантаттың супрақұрылысымен байланысу конструкциясы бойынша:
Магнитті жүйе көмегімен ажырамайтын қосылыс.
Дайындалу әдісі бойынша:
Стандартты;
Жекелей;
Өндірілу орнына байланысты:
Зауыттық;
Зертханалық (тістехникалық лабораторияда)
Имплантат құрылысын үш негізгі бөлімге ажыратады: түбірлік, мойын және басты( тіреу басы). Басқа да терминдерді қолданады: түбірлі бөлігі- альвеола ішілік немесе тірек ішіндегі конструкция деп аталады, мойын бөлігі- имплантаттың мойын айғы, мойны мен басы бірге- имплантаттың альвеоладан тыс түбір бөлімі деп аталады. Жекелей конструкцияда иық, имплантат сирағы, қаңқа және т.б. Бұл құрылымды көпір тектес протездің ортаңғы тірегі ретінде қолдануға болады. Имплантатты дәстүрлі протондарды бекіту жүйесін қолдануда тірек ретінде қолдануға болады. ( Румпель және Дельдер бойынша)
Шетелдік әдебиеттерде имплантат конструкциясын жеке жүйеге біріктіріліп, оларға ат берілген: СВS, Скортеччи бойынша диск-имплантат, Линков бойынша имплантат, Шульт бойынша фриолит-имплантат, AMS, Кирш бойынша IMS, “Biolox” жүйесі және т.б. Әрбір жүйенің өз аспаптық жабдықталуы бар. Кейбір жүйелерге жеке тоқталу қажет.
Тақырыбы: Шайнау аппаратының биомеханикасы. Артикуляция және окклюзия. Тістесу түрлері.
Мақсаты: Биомеханика – бұл адам мен жан-жануарлардың қимыл-қозғалысы жөнінде зерттейтін ғылым. Механика заңдарына сәйкес ол барлық материалды денелердің қозғалыстарын қадағалап отырады.
Дәріс жоспары:
Окклюдатор мен артикулятор қолдану мақсаты
Окклюдатор мен артикулятор құрылымы
Жасанды тістерді таңдап орналастыру
Төменгі жақтың қозғалыстарын келтіретін аппараттар окклюдатор мен артикулятор.
Төменгі жақтың қозғалысын тек қана тік бағытта қайталайтын, яғни ауызды ашып - жабуға сай келетін аппарат окклюдатор деп аталады. Ол сымнан иілген, немес құйылып жасалған екі рамадан тұрады. Төменгі рама 100 – 110 С иілген ал жазық болып келеді де екі рама бір – бірімен шарнирлі бекіспен бекиді. Окклюдатор мен алмалы салмалы протезді жасак кезінде қолданылады. Ол тек қана тік бағытта қозғалыс жасағандықтан науқастың шайнау аппаратының жеке биомеханикалық құрылысына сай тістердің формасын, тіс доғасының формасына және төменгі жақтың барлық қозғалысын қайталап (ашып – жабуды, алға – артқа, оңға - солға) алатын аппаратты артикулятор деп атайды. Артикулятор универсальді және орташа немесе қарапайымдатылған болады.
Универсальді артикулятор. Артикулятордың бұл түрі тіс протездерін жасауға диагностикалық және зерттеу мақсаттарына қолданылады. Артикулятордың құрылысы төменгі жақтың жеке қимылдарын қайталауғы негізделіп жасалған, яғни төменгі жақ самай буынына ұқсас етіп жасалған. Артикулятордың буыны не болмаса біріккен жері төменгі және жоғарғы рамаларды бір – бірімен байланыстырып, бір – біріне қатысты қимылдар жасауғы ықпал етеді.
Артикулятордың ең типті өкілі Гизи және Хайт артикуляторлары.
Оларды негізгі екі рамадан – жоғарғы жне төменгі, аппараттың буын бірлестігінен (+1С-тан, -60С-қа дейін және –1С – 30С-қа дейін буындвқ жол жасай алады) және бүйірлі буын жолын жасайтын қондырғыдан, бүйірлі күрек тістік жол жасайтын (күрек тістік алаң) аппаратын, окклюзиялық жазықтық пен ортанғы сызықты көрсететін қондырғыдан тұрады.
әрбір артикулятордың үш тірек нүктесі болады: екеуі буын аймағында, біреуі күрек тістің алаңында. Күрек тістік алаңға бекітілген штифте орталық сызықты көрсететін қондырғы бар. Әрбір буын арасымен буыннан орталық сызықты көрсететін қондырғы арасындағы ара қашықтық 10 см-ге тең.
Ол адамның буын бастарынан күрек тістік нүктеге дейін (төменгі күрек тістердің медиальді бұрышына) ара қашықтыққа сәйкес келеді. Бұны Бонвильдің үшбұрышы деп аталады. Төменгі жақтың қозғалысын келтіретін бұл артикулятордың жоғарғы рамасы қозғалады (ол адамдарда төменгі жақ).
Артикулятордың жеке қимылдары науқас адамның буын басының жолы мен күрек тістік жолдарын беттік доға мен аппараттардың көмегімен жазып алғысын реттілік соң винттің көмегімен сол жағдайда бекітіледі.
Протез жасау үшін немесе диагноматикалық мақсатпен зерттелетін модельд артикуляторға бекітеді. Алдымен жоғарғы раманың окклюзиялық алаңына жоғарғы жақтың моделін ортаңғы сызықты көрсетіп тұратын қондырғының ұшы модельге күрке тістердің медиальді бұрышына тиіп тұратындай етіп орналастырады.
Бұл кезде модельдегі бекітілген ортаңғы сызық окклюзиялық жазықтықтың ортаңғы сызығына сәйкес келеді. Осылайша орналастырылған модельді жоғарғы жақтың төменгі жақ буынына байланысты орналасуы дәл қайталайды.
Артикуляторға бекітілетін жоғарғы модельге қатысты ортақ окклюзияда төменгі жақтың моделі орналастырылады да артикуляторлардың төменгі рамасына бекітіледі. Бұл жағдайда да төменгі күрек тістер мен буындық бекініс арасындығы ара қашықтық 100 см – ге тең болады. Қарапайым немесе орташа артикулятор. Ондай арткуляторлар тек қана тіс протездерін жасау үшін қолданылады. Универсальді артикулятордан айырмашылығы қайталайтын қозғалыстары (алға – артқа, жоғары - төмен, оңғв – солға) тұрақты бұрыштарда ғана қозғалады:
Сагитальді буын жолы – 33 С
Бүйірлі буын жолы – 17 С
Сагитальді күрек тісті жолы – 40 С
Бүйірлі күрек тісті жолы – 120 С
Бұл шамалар жиі кездесетін шамалар. Қарапайымдатылған артикуляторға төменгі жақтың қозғалыс жолын жазудың қажеті болмайды.
ДӘРІС
Тақырыбы: „Тіс протезінің түрлері. Негізгі және қосымша қондырғылардың жадиғаттарының жіктелулері“
TPDT 2232 «Тіс протезін дайындау технологиясы» пәні
Мамандық 051302 «Стоматология»
Курс: 2 (3 семестр)
Уақыты (ұзақтығы) 1 сағат
Қарағанды 2008
Курс отырыснда талқыланып бекітілді
Хаттама № __10___«__01_»____04________2008ж.
Ортопедиялық стоматология курсына жауапты м.ғ.к. _______ А.М.Ахметжан
Тақырыбы: Тіс протездерінің түрлері. Негізгі және қосымша құрылымдық материалдардың жіктелулері.
Мақсаты: Тіс протбездерінің түрлеріне анықтама беру. Негізгі және көмекші материалдардың жіктелулерін білу.
Дәріс жоспары:
1. Алынбалы тіс протездерінің түрлері
2. Алынбайтын тіс протездерінің түрлері
3. Негзгі материалддар
4. Көмекші материалдар
Емдік және алдын алу апараттары – бұл ортопедиялық қондырғылар шайнау – сөйлеу аппаратында болатын ауытқуларды, ақауларды қалпына келтіруге арналған. Шайнау - сөйлеу аппарты бұл бір бірімен тығыз байланыста болатын мүшелер тобын айтады, олар шайнауға, тыныс алуға, дыбыстарды құрауға және сөйлеуге арналған.
Аномалия – бұл белгілі биологиялық түрге тән қызметі мен құрылсынан ауытқу, ағзаның даму бұзылыстары салдарынан пайда болатын құбылыс.
Көптеген ортопедиялық алдын алуға және емдеуге арналған аппараттар бекітілу әдісіне, қондырғының түріне, орналасу орнына, әсер етуі мен тағайындалуына байланысты бөлінеді. Барлық протездер келесі ретпен топтастырылады:
· Бекітілу әдісі бойынша:
Алынбалы протездер – адгезия арқылы, анатомиялық ретенция және механикалық бекіткіштер (ілмектер, вестибулярлы доға, құлыпты бекіткіштер, тіс альвеолалық құрсау) көмегімен бекітіледі, керек жағдайда науқастың өзі протез орны тіңдерін, табиғи тістерді, олардың пародонтына, протездің өзіне ешқандай зиян келтірмей ауыз қуысынан алып шығып, қайтадан орнына кигізе алады. Бұл протездерге жартылай алынбалы пластиналы пртездер, толық алынбалы пластиналы протездер және доғалы протездер жатады.
Жартылай алынбалы пластиналы протез дегеніміз – бұл тіс қатарының жартылай ақауларын жасанды қондырғылардың көмегімен қалпына келтіруге арналған протез. Бұндай протездер қондырғыларына тек қана тіс қатарының анатомиялық пішінін келтіріп қоймайды сонымен бірге жоғалтылған жақтың қатты тіңдерінің және ауыз қуысының жұмсақ тіңдерінің рельефтерінің ерекшеліктерін келтіреді. Егерде ақауларды алынбайтын протездермен қалпына келтіру толық жүргізілмесе жартылай алынбалы протездер қолданылады. Жартылай пластиналы протездер көмегімен тіс жақ жүйесінің қызметі қалпына келеді және оның көмегімен айтарлықтай косметикалық нәтижеге жетуге болады. Пластиналы пртездер арқылы тек қана тістердің пішінінін және түсін келтіріп қана қоймай, ауыз қуысының шырышты қабатының рельефі мен түсінде келтіруге борлады. Жартылай пластиналы протез негізден және ақау аймағында орналасқан жасанды тістерден тұрады. Протездің құрамды бөліктеріне бекіткіш элементтер – ілмектер және аттачмендер жатады.
Толық алмалы – салмалы протез бұл – тіс қатарында барлық тістер болмаған уақытта қолданылатын протез. Барлық тістердің болмауы дистрофиялық (тіс жегісі, пародонтоз) және жарақатты процестердің әсерінен тіс – жақ жүйесіндегі функциональды және анатомиялық бұзылыстарға алып келеді. Альвеоляр өсіндісі мен жақтардың семуі жүреді. Жақта барлық тістер болмағанда самай төменгі жақ буынында өзгерістер кездеседі. Толық алмалы – салмалы протез көмегімен пайда болатын өзгерістерді тоқтатуға және шайнау қызметін қалыптастыруға, науқастың ішек жолдары қызметін қалыпты жағдайға келтіруге мүмкіндік туғызады. Толық алмалы – салмалы протездер пластмассалы негізден және жасанды тістерден тұрады.
Доғалы протездер бұл – алынбалы протездер, тірек ілмектерден немесе құлыпты бекіткіштерден, негізі бар жасанды тістерден және доғадан тұрады. Протездің металл бөлшектері протездің қаңқасы деп аталады. Доғалы протезде пластиналы протезге қарағанда, протезден өтетін шайнау қысымы тірек тістерге ілмектер арқылы таралады, ал протездің негізі арқылы альвеолярлы өсіндінің, жақ денесінің және таңдайдың шырышты қабатына таралады. Ілмектер арқылы тірек тістерге шайнау қысымы берілгендіктен пластиналы протезге қарағанда доғалы протездің негізін кішірек етіп жасауға болады. Доғалы тіс протезі ілмектерден, тістесу бастырғышынан, металды доға – бюгельден, ер тәрізді негізден және басқа да арнайы құрылымдардан тұрады.
Алынбайтын протездер – бұлар тірек тістерге немесе имплантаттарға уақытша (цинкоксидэвгенольды сықпалармен) немесе тұрақты бекіткіштермен (цементтер, композитті материалдар, құлыпты бекіткіштер) бекітіледі. Оларды ауыз қуысынан алып шығу тек қана дәрігердің көмегімен арнайы құралдарды қолдану арқылы жүргізіледі. Алынбайтын протездерге көпір тектес протездер, қаптамалар, салмалар, жартылай қаптамаларды т.б. жатқызуға болады.
Тіс қатарлары ақауларында олардың орналасуы мен аралығының ұзақтығына байланысты және сақталған тістердің тіректік аппаратының жағдайына байланысты көпіртектес немесе консольды протездер қолданылады. Консольды немесе көпіртектес протездер тіректі бөліктен және протез денесінен (аралық бөлік) тұрады.
Консольды протез бұл – алынбайтын протез түрі, тірек бөлігі бір жақта ғана болғанда тіс қатары ақауын қалыптастырады.
Көпір тәрізді протез – мұнда протездің тірек бөліктері ақаудың екі жағында орналасады.
Консольді және көпір тектес протездің тіректі бөліктеріне қаптамалар , жартылай қаптамалар, салмалар, штифті жасанды қаптамалар жатады.
Консольді немесе көпір тектес протездің денесін жасанды тістер құрайды, олар металдан немесе металл мен фарфордан, металл мен пластмассадан жасалады. Металдан жасалған протез денесін құйылған деп атайды, ал аралас түрін – фасеткалы деп атайды. Жасанды тістердің альвеоляр өсіндісінің шырышты қабатына байланысты консольді және көпір тектес протездің денесі жанаспалы немесе жуылмалы пішінді болып келеді. Көпір тектес протез денесінің жуылмалы түрін көбінесе косметикалық тұрғыдан алдыңғы тіс топтарына жасайды. Шырышты қабатқа протез денесін жанастырғанда дыбыстың шығуы дұрыс болады және сөйлеген кезде сілекей шашырамайды. Басқа барлық жағдайда көпір тектес протездің денесін шырышты қабатпен екеуінің арасына 2-3 мм алшақтық қалдырып жасайды (жуылмалы түрі).
Жасанды қаптамалар - тістің табиғи сауытының бұзылыстарын қалпына келтіруші протез. Жасанды қаптамамен әдетте сау тістерді де қаптайды. Егере де тіс қатарында ақау болса және көпір тектес протез қолданылса жасанды қаптама оның тірегі болады. Жасанды қаптамалар металдардан, пластмассадан, металл мен пластмассадан, металл мен керамикадан жасалынады. Жасанды қаптамаға қойылатын талаптар:
Қалыптастырушы тістің анатомиялық пішініне сәйкес келуі.
Айқын экваторының болуы.
Қызыл иек қалтасына 0,3-0,5 мм кіріп, тістің мойын бөлігін толығымен қоршап тұру.
Көршілес тістерімен жанасу нүктесін қалыптастыру.
Төменгі жақтың аклюзиялық қозғалысында тіс қатарының түйісуіне кедергі туғыбау.
Дайындалу жолына байланысты жасанды қаптамалар штампталған және құйылған болып екіге бөлінеді.
Салма – табиғи тіс тіндерінің жартылай бұзылыстарын қалпына келтіруге арналған протез. Салмаларды тірек ретінде доғалы және көпір тектес протездерде қолданады. Тістерді салмалармен протездеу келесі клиникалық және зертханалық кезеңдерден тұрады:
Тісте қуысты қалыптастыру.
Салманың балауыз репрадукциясын алу.
Балауыз репрадукциясын металға немесе пластмассаға алмастыру.
Салманың дұрыс дайындалғанын тексеріп оны ауыз қуысында бекіту.
Жартылай қаптама – бұл алынбайтын протез құрылымы, табиғи тісті ішкі, бүйірлі және шайнау беттерінен жауып тұрады. Жартылай қаптамалар көпір тектес протездердің тірегі ретінде жақсы косметикалық нәтиже беру үшін қолданылады. Жартылай қаптамаларды алтын – платина құймасынан немесе тот баспайтын болаттан жасайды.
Құрылма түріне байланысты протездер :
Пластиналы, өзінің құрылымында пластмассалы немесе металды пластиналы негізі бар.
Доғалы, өзінің құрылымында металды доға немесе бір және екі байланытырғыш доғалары болады.
Сымды, негізі металды сым болып табылады, соның ішінде – иілмелі сым.
Каппалы, құрылымның негізінде металдан немесе пластмассадан каппалар жатады.
Қалпақшалы.
Көпір тәрізді.
Орналасу орнына байланысты:
Ауыз ішілік – бір жақты немесе екі жақты тістерде, альвиолярлы бөлікте, таңдай күмбезінде бекітілген.
Ауыздан тыс – бет терісінде, шүйде сүйегінде, бас сүйегіне енгізілген имплантаттарда бекітіледі.
Ауыз ішілік және ауыздан тыс әдістер – аппараттың бір бөлігі ауыз қуысы ішінде, ал екінші бөлігі ауыздан тыс тұрады.
Әсер ету қызметіне байланысты:
Механикалық (белсенді) – құрылымның ішінде бар әрқашанда әсер етуші күш (бұранданың қысымы ; доғаның, серіппенің серпмділігі; резиналы тартқыштардың, лигатураның эластикалылығы) және бұлшық еттердің жиырылу қаблеттілігіне байланысты емес.
Функциональды ( інжарлы) – үзілмелі әсер етуші күш, күштің көзі болып шайнау және ымдау бұлшық еттерінің жиырылу қаблеттігін жатқызады.
Аралас – бұл жағдайда механикалық және функциональды әсер етуші элементтердің бірігуі арқылы болады;
Тағайындылуы бойынша:
Түзетуші аппараттар (орнына салу) – ортодонттық аппараттардың, қондырғылардың көмегімен, жақ аралық шеңдеуіштердің көмегімен жеклеген тістер, тіс топтары, альвеолярлы бөліктер немесе жақ бөліктері қалыпты жағдайға орналастырады.
Бекітуші аппараттар (ұстағыш, тұрақтандырғыш) – жақ сынықтарын дұрыс жағдайда ұстап тұру және олардың қозғалыссыздығын қамтамасыз ету.
Бағыттаушы аппараттар – төменгі жақ тістеріне немесе сүйекті сынықтарынан өзінің жазықты қисаю құрылымы арқылы белгілі бағыт береді.
Орнына келтіру аппарат – тістер, жақ және бет протездері арқылы тіс қатарының тіңдері ақауларын орнына келтіруге арналған.
Қалыптағыш аппараттар – олар пластикалық материалдың тірегі болады немесе олардың көмегімен, тіссіз төменгі жақ операциядан кейін алынбалы протездердің орындары қалыптасады, протездің жақсы бектілуіне бағытталған.
Бөлектегіш аппараттар – ауыз қуысын мұрын қуысынан бөліп тұрады. Оларды оптураторлар деп атайды.
Аралас аппараттар – бұл аппараттарда бір уақытта бірнеше қызметтер атқарылады, мысалы, репозиция және бекіту, орнына келтіру және қалыптастыру.
ДӘРІС
Тақырыбы: „Металдар құймалары. Жіктелуі, құрамы, қасиеті, қолданылуы“
TPDT 2232 «Тіс протезін дайындау технологиясы» пәні
Мамандық 051302 «Стоматология»
Курс: 2 (3 семестр)
Уақыты (ұзақтығы) 1 сағат
Қарағанды 2008
Курс отырыснда талқыланып бекітілді
Хаттама № __10___«__01_»____04________2008ж.
Ортопедиялық стоматология курсына жауапты м.ғ.к. _______ А.М.Ахметжан
Тақырыбы: Металл қортпалары. Жіктелулері, құрамы, қасиеті, қолданулары.
Мақсаты: Ортопедиялық стоматологияда қолданылатын қорытпа түрлерімен таныстыру. Хромникельді тот баспайтын болат, кобальт негізндегі қортпалар.
Дәріс жоспары:
Асыл емес қортпалар. Титан, хром, кобальт негзіндегі қортпалар. Физико-механикалық қасиеттері.. Термиялық өңдеу
Асыл емес қортпаларды дәнекерлеуге арналған дәнекерлер.
Есте сақтау нәтижесі бар қортпалар. Әр түрлі қортпаларды қолдану көрсеткіштері.
Екі немесе бірнеше элементтердің қосылысынан тұратын затты қортпа деп атайды. Тек қана металл эелементінен тұратын және металдық қасиетке ие болған құйманы металлдық қортпа дейді. Қортпаның құрамы таза металлға қарағанда өте күрделі, ол қортпаны құрайтын компоненттердің өзара қандай қатынаста болуына байланысты. Компоненттердің өзара байланысы өз кезегінде құю просцесінің жағдайына тәуелді.
Қажетті мөлшерде әр түрлі металлды таңдап, өзімізге керекті қортпаны алуға болады, қортпа құрамындағы кампоненттердің қасиеті бір-бірінен айтарлықтай өзгеше болады.
Қатты ерітінді.
Бұл топқа жататын қортпаларының элементтері өзара сұйық күйде де, қатты күйде де бір-бірінде ерігіштік көрсетеді. Қатты ерітіндіде енгізгі еріткіштің металл торшаларына еріген заттың атомдары кірген бір келкі кристаллдардан тұратын денені айтады. Қатты ерітіндіде бір заттың атомы екінші бір заттың кристаллдық торындағы атомдардың орынын басуы мүмкін, ал атом аралық кеңістіктерде металл емес заттар орналасады. Бұл қосылыстарға мысал ретінде ортопедиялық стоматологияда кеңінен қолданылып жүрген хром-никель, хром-кобальт, алтын негізіндегі қортпаларды жатқызуға болады. Металл қатайғаннан кейін кесек әр түрлі құрылымға ие болады, аз немесе көп мөлшерде бір тұтастық белгілері болмайды, ол – қортпаның құрамына, салқындату жылдамдығына және басқа да факторларға байланысты болады.
Біртұтас еместіктің пайда болуы қортпа кристализациясының ерекшелігіне байланысты, өйткені оның кампоненттерінің балқу нүктесі әр түрлі болады. Бөлшек кристаллды құрылымының бір тұтас емсестіктің байқалуы кристаллішілік ликвация деп аталады. Кристаллішілік ликвацияға негізделген қортпаның біркелкі емес құрылымы оның эластикалық қасиетін нашарлатады. Сондықтан да алтын мен платина қортпасы тіс техникалық мақсатта өте нәзік және жарамсыз болады, платина алтында жеткілікті ерімегендіктен кристаллішілік ликвацияның пайда болуына алып келеді. Қортпаның біртұтастығын қалыптастыру үшін оған рекристализация жүргізеді, балқу температурасына жақын температурада ұстайды. Қарқынды диффузия қортпа құрылысының тең болуына алып келеді. Ортопедиялық стоматологияда қолданылатын негізгі қортпаларға біртекті қатты ерітіндіге жатқызылады. Олар жоғарғы физика-механикалық қасиетке ие.
Механикалық қосылыс.
Қортпаның бұл түріне бір-бірінде ерімейтін металл қосылыстары жатқызылады. Бұндай қосылыс ретінде, мысалы, қорғасын, лисмут және кардми қосылыстарын жатқызуға болады. Қортпаның әр бір кампоненті өзіне тән кристалл торын сақтайды және қасиеттері негізінен құрамдық бөліктерінің қатынастарына байланысты. Кампоненттерінің өзара әлсіз байланысы бұл қортпаларды тез балқығыш жасағанымен қолдану үшін олардың қаттылығы жеткілікті.
Химиялық байланыс.
Бұндай түрдің байланысуы әрқилы. Мысал ретінде темірдің карбиді және хромды жатқызады. Ол тот баспайтын болаттын технологиялық кезеңдерінде пайда болады. Кейбір металлдардың химиялцық қосылыстары нәзіктік және қаттылықпен ажыратылды. Осындай химиялық байланыстың түрлері өзінің құрамы жағынан тұрақты болмайды.
Қортпалардың қасиеттері және оларға қойылатын клиника-технологиялық талаптар
Стоматологиялық мақсатта қажетті сапамен қасиетке ие қортпалар қолданылады, қортпаға қажетті технология негізделген. Оған балқу температурасы, ағымдылық, иілімділік және басқа да медико-санитарлы талаптар жатқызылады. Мықтылық пен иілімділік қатынастары дұрыс келгенде қатты ерітінді материалдардың өңдеуін жеңілдетеді, сонымен қатар әр түрлі бұйымдар дайындағанда жеткілікті мықтылыққа ие болады. Қортпаға қойылатын басты талаптардың бірі сұйық күйдегі ағымдылық балқытылған металл пішінді дұрыс толтыру қасиетімен негізделген. Балқытылған металлдың температурасын одан әрі жоғарылатса, оның ағымдылығы да жоғарылап, тұтқырлығы төмендейді. Бірақ температураны балқу нүктесіне 100-150 градус жоғары көтеруге болмайды, өйткені бұл жағдайда газдардың сіңуі артады да, қортпада газ көпіршіктері пайда болады. Қортпа ерітіндісі біртекті зат. Бірақта, қатқан уақытта құрамының біртұтастығы бұзылады. Бірнеше салдардың әсерінен қортпа қатқаннан кейін пайда болатын біртұткас еместікті ликвация деп атайды. Ликвацияға алып келетін негізгі факторлардың бірі қортпаны салқындату жылдамдығы . Ликвация салдарынан қортпаның қасиеті әр жерде әр түрлі болуы мүмкін. Қатты ерітінді қортпаларындағы осындай құбылыстармен күресудің негізгі әдісі тез арада салқындату болып табылады. Металл қатқаннан кейін қортпаның ішінде шөгу көпіршіктері деп аталатын бос жерлар қалыптасады. Олар қатқан металл көлемінің кішіреюі салдарынан пайда болады. Негізгі шөгу процессі кристалл торшалардың пайда болу кезеңінде, яғни қатаю кезеңінде жүреді. Қалыпқа құйылған сұйық металлдың беткі қабатынан бастап қатаю процессі жүреді және бірнеше уақытқа дейін құйманың бетіне қатты қабыршықтар түзіліп, оның астында әлі сұйық металл орналасады. Сұйық металл қатая келе көлем кішірейіп кеңістікті толығымен толтырмайды, сондықтан да қатты қабыршық пен металл арасында көпіршіктердің пайда болуы жүреді. Кейбір жағдайда шөгу көпіршіктерінің орнында қортпаларда ішкі кернеу пайда болады, олар әсіресе қортпаның жіңішке бөлігінен жуан бөлігіне өткен жерлерде пайда болады. Өйткені қортпаның жұқа бөліктерінде металл ерте кристаллданады (қатаяды). Осылай пайда болған кернеу салдарынан қортпаның мықтылығы төмендейді және кейде оның біртұтастығы бұзылуы мүмкін. Бұндай жағдайды біз доғалы протез дайындағанда (ілмектер, өсінділер) жұқа және қалың бөліктерін бір уақытта құйғанда есте ұстаған жөн. Шөгу көпіршіктерін алдын алу үшін қортпадан тыс металл артықшылығын қалыптастырған жөн, ол жерден металл пішінге барып құйылады.
Қортпалардың негізгі қасиеттерін толығымен білген жөн. Өйткені клиника-технологиялық талаптарды дұрыс сақтамаса сапасыз бұйымдар шығарылады.
Қортпалардың негізгі қасиеттері:
механикалық қасиетінің жоғары болуы (иілімділік, қаттылық, тығыздылық, тозуға қарсылықтың жоғары болуы)
өңдеу технологиясы жеткілікті және жақсы болуы (штамптау, құю, дәнекерлеу, жалтырату, созу)
шөгу процесінің төмен болуы
физикалық процесінің жоғары болуы (балқу температурасы және тығыздығы жоғары емес)
аз концентрацияда қышқылдар мен сілтілерге химиялық тұрақты болуы, яғни коррозияға тұрақты болуы.
Аталған талаптарға жауап беретін стоматологияда келесі қортпалар қолданылады:
алтын қортпасы
күміс паллади қортпасы
хром-кобальт қортпасы
хром-никель қортпасы (тот баспайтын болта)
уақытша қолдануға арналған қосымша қортпалар-алюмини және қола қортпалары
тез иілгіштік қасиетке ие қорғасын және қалайы негізіндегі техникалық қортпа.
Қортпаларды алу технологиясын білу үшін оларды легирлеу процессін білген жөн.
Легирлеу бұл – қортпалардың құрамына басқа элементтерді қосу құрамы мен қасиетін өзгерту мақсатында белгілі концентрацияда енгізілген арнайы элементтерді легирленген элементтер деп атайды. Мысал ретінде, қортпаның құрамында 0,05-0,1 пайыз ваннади немесе 0,1 пайыз титан болса, онда ол титанды немесе ваннадиді легирленген деп атайды. Алтын көп жағдайда күміспен, мыспен, платинамен легирленеді. Алтынның құрамында еріген элементтер қортпаның балқу температурасына әсерін тигізеді. Платина алтынның балқу температурасын айтарлықтай жоғарылатады, сондықтан да негізгі металлды жағып жібермеу үшін лигатураны қандай температурада қосу керектігін білген жөн. Бұл мағлұматтар дәнекер дайындағанда ерекше өзектілікке ие болады, өйткені оның құрамында тез ерігіш кадми болады.
Қортпаларды өңдеу технологиясы.
Иілімділік дефформациясы металл құрылымының тұрақсыздық жағдайына алып келеді. Металлды тұрақты иілімділік дефформация жағдайына алып келу үшін, қыздыру арқылы кристаллды торшаларын бұзу қажет. Бұл жағдайда жоғарғы температура қажет емес, өйткені бұл уақытта атомдардың шамалы өзгеруі жүреді. Құрышты 400-500 градусқа дейін қыздырғанда торшалар бұзылып металл ішінде ішкі кернеу азаяды.
Рекристаллизация немесе жаңадан түзілу жоғары температура кезінде пайда болады. Рекристаллизация температурасының тәжірибелік маңызы жоғары. Қыздырылған металлдың құрамы мен қасиетін қалыптастыру үшін оны рекристаллизация температурасынан жоғарылату қажет. Бұндай өңдеу жасыту деп аталады. Кристаллизация температурасынан төмен қысыммен металлды өңдегенде буынтық пайда болады да, оны суық өңдеуден өткізу деп атайды. Егерде өңдеу барысында буынтық пайда болмаса оны ыстық өңдеуден өткізу деп атайды.
Бірінші реттік жасыту бұл – металлды қыздырудың термиялық түрі, алғашқы өңдеу салдарынан тұрақсыз жағдайынан металлды тұрақты жағдайға алып келеді.
Шынықтыру бұл – термиялық өңдеу металлды жоғарғы температураға дейін қыздырып, оны тез арада суытады, қортпаның тұрақсыз құрылымдық жағдайын алу үшін. Бұл термиялық өңдеулерден басқа бір-бірінен өзгеше екі әдіс бар онда термиялық өңдеу металлургиялық немесе механикалық өңдеумен бірге қосылады: химико-термиялық және термомеханикалық өңдеулер деп атайды.
ДӘРІС
Тақырыбы: „Полимерлер. Жалпы мінездемесі, жіктелулері“
TPDT 2232 «Тіс протезін дайындау технологиясы» пәні
Мамандық 051302 «Стоматология»
Курс: 2 (3 семестр)
Уақыты (ұзақтығы) 1 сағат
Қарағанды 2008
Курс отырыснда талқыланып бекітілді
Хаттама № __10___«__01_»____04________2008ж.
Ортопедиялық стоматология курсына жауапты м.ғ.к. _______ А.М.Ахметжан
Тақырыбы: Полимерлер. Жалпы мнездемесі, жіктелулері
Мақсаты: Пластмассалық қаптама астына пішіндеу негіздеріне түсініктеме беру.
Дәріс жоспары:
Полимерлердің түрлері.
Пластмассаны полимеризациялау ережесі
Пластмасса дегеніміз табиғи заттардан химиялық жолдармен алынатын немесе төменгі молекулалық заттардан синтез арқылы түзілетін күрделі органикалық заттар. Табиғатта пластмассаның негізін құрайтын заттар: табиғи газ, тас көмір, мұнай, торф және басқа табиғи заттар.
Пластмассалар жеке (плексиплас, полистирол) және бірнеше полимерлердің (аминопластмассалар, фенопластар және сополимерлер) қосындысынан тұруы мүмкін. Жоғарғы температураның пластмассаның физикалық, механикалық және химиялық қасиеттеріне тигізетін әсеріне байланысты пластмассалар термопластикалық және термореактивтік болып екіге бөлінеді.
Термопластикалық пластмассалар жоғарғы температурада жұмсарады. Ал температура төмендегенде өзінің құрамын өзгертпестен, қайтадан қатаяды. Термопластикалық полимерлерге мына материалдар жатады полиметилметакрилат, полистирол, капрон, поливинихлорид, полиэтилен, полипропилен, фторопласт, поликарбонат. Полиэтилен мен полипропиленнің құрамы біртұтас.
Жоғарғыда көрсетілген металдар физикалық, механикалық қасиеттерінің акрилаттармен салыстырғанда артық болғандарына қарамастан, техникалық қиыншылықтарға байланысты стоматологияда қолданылмайды. Мысалы: В.Н.Копейкиннің басшылығымен поликарбонатты полимерден алмалы-салмалы жасанды тістердің негізінде қолданылатын материал карбонет алынған болатын. Тістерді жасау технологиясының күрделігіне және оның технологияылық құрал-жабдықтары өте қымбатқа түсуіне байланысты карбодент іс жүзіне кең қолдау таппады.
Стоматологияда кең қолданылатын пластмассалар акрилаттар. Олар акрильді және метакрильді қышқылдардың полимерлерін немесе сополимерлері. Термореативті полимерлерге бакелит, аминопласт, фенопласт жатады. 1940 жылға дейін бакелиттен (иксолан, стомалит, эфнелит) негізгі материалдар жасалынған. Кейін бұл заттар кейбір кемістіктеріне байланысты жаппай қолданылудан ығып қалған.
Пластмассаны қолдану үшін оған қойылатын негізгі талаптарды білу қажет. Пластмассалар организм үшін оның зиянсыз болуы, ауыз қуысының шырышты қабықтарын тітіркендірмей және ауыз сілекейімен реакцияға түспеуі, ауыз қуысының кілегей қабығымен түстес болып және өзінің түсін ұзақ уақыт өзгертпеуі, технологиялық алу жолдарының оңай және құнының арзан болуы, кейбір физикалық және механикалық көрсеткіштерінің талапқа сай болуы, басқа материалдармен оңай және берік байланысуы, металмен және басқа пластмассалармен химиялық байланысқа түспеуі, пластмассадан жасалған жасанды тістер сынған жағдайда оңай жөнделуі қажет.
Тәуелсіз мемлекеттер бірлестігінде шығатын жасанды тіс жасау үшін шығарылатын өнімдердің ішінде жоғарғы талаптарға сай материалдар акрилатты полимерлер болып отыр. Қазіргі уақытта стоматологияда кең қолданылатын материалдар: этакрил немесе АКР – 15, фторакс, акронил, бакрил.
Бұл материалдардың бір-бірінен айырмашылығы олардың физикалық, механикалық немесе химиялық қасиеттерінде. Мысалы: фторакстың беріктігі, мықтылығы, соққыға тұрақтылығы және басқа көрсеткіштері этакрилден 1,5-2 есе жоғары. Технологиялық алу жолдары бірдей болса да, температуралық ереже жоғарыда көрсетілген заттардың физикалық және механикалық көрсеткіштеріне әр түрлі әсер етеді.
Полимерлі материалдарды химиялық байланыстарға байланысты үш түрге бөледі: жазық тізбекті полимерлер, тігілген полимерлер, егілген полимерлер.
Бірінші топтағы матреиалдардың полимерлерінің немесе сополимерлерінің молекулаларының структурасы ұзын тізбектелген мономерлерден тұрады, мысалы метилметакрилат бөлшектері. Тізбектелген молекулалар иіліп оралып жатады. Материал өзіне тән еріткіштерде еруге бейім. Бұл топтағы материалдарға Этакрил жатады.
Екінші топтағы материалдардың полимерлерінің молекулаларының структурасы ұзын тізбектеліп, бір-бірімен кейбір жерлерде байламдар арқылы жалғасқан, мысалы глинольдің диметакрил эфирі. Тізбектер бір-брімен жалғасқандықтан еркін орын алмастыра алмайды. Бұндай материалдар ешбір еріткіштерде ісінеді. Бұл топтың өкілі ретінде Акрелді айтуға болады.
Үшінші топтағы материалдардың полимерлерінің молекулаларының ұзын тізбектері құрамында фторы бар каучуктермен жалғастырылған. Егілген сополимерлердің өте ұсақ бөлшектері бұл топтың материалдарына соққыға төзімділік және эластикалық сияқты қасиеттер береді. Бұл топтың негізгі өкілдері ретінде «Фторакс», «Акронил» сияқты материалдарды келтіруге болады.
Стоматологияда қолданылатын акрилатты пластмассалар екі заттың қоспасынан тұрады. Полимер – ұнтақ және мономер – сұйық. Этакрилдің ұнтағы үш эфирдің сополимері: метил және этил эфирлерінің меракрилді қышқылдарымен, акрил қышқылының метил эфирінің қосындылары. Қатынастары 89:8:2. Этакрилдің мономері метилакрилат және метилметакрилаттың қосындыларынан тұрады. Қатынастары 89:8:2. Мономердің құрамында ингибитор гидрохинон (0,005%) және пластификатор дибутилфталат (1%) бар.
Фторакс – құрамында фтор бар акрилаттардың сополимері. Фторакс пластмассасының физикалық және химиялық қасиеттері өте жақсы: химиялық тұрақтылығы және мықтылығы өте жоғары. Ол жартылай мөлдір түсі ауыз қуысының жұмсақ тканьдеріне мейлінше жақын.
Акронил – метилметакрилаттың сополимері, құрамында поливиниэтилал бар. Мономерінің құрамында пластмассаның молекулалық байланысы күшейтетін диметакрилат триэтиленгликоль бар және ингибитор антиескірткіш қосылған. Акронил басқа материалдармен салыстырғанда технологиялық көрсеткіштері жоғары және суда ісіну көрсеткіші төмен.
Бакрил – басқа материалдармен салыстырғанда өте берік, мықты алмалы-салмалы тістерді жасауға қолданылатын негізгі акрилатты пластмасса. Бакрил полимерінің құрамында эластомер бар. Бакрилдің құрамында полимеризациядан кейінгі болатын мономердің қалдығының дәрежесі де төмен 0,2-0,3%.
Полимер және мономер қосылғанда химиялық реакция – полимеризация жүреді. Полимеризация дегеніміз төменгі молекулалы заттардың химиялық реакциясынан пайда болатын жоғарғы молекулалы зат алу.
Бұл пластмассаларды алудың үш технологиялық жолы бар: а) полимермен мономер қосындысының қамыртәріздес түрінде үлкен қысымның әсерімен полимеризациялау; ә) полимер мен мономер қосындысын қыл тәріздес түрінде құю; б) полимер мен мономер қосындысын құм тектес түрінде құю.
Пластмассаның химиялық, физико-механикалық көрсеткіштеріне полимер мен мономердің салмақ қатынастарының әсері бар.
ДӘРІС
Тақырыбы: „Өздігінен қататын және ыстықта қататын пластамасса, құрамы, қасиеті, қолданылуы“
TPDT 2232 «Тіс протезін дайындау технологиясы» пәні
Мамандық 051302 «Стоматология»
Курс: 2 (3 семестр)
Уақыты (ұзақтығы) 1 сағат
Қарағанды 2008
Курс отырыснда талқыланып бекітілді
Хаттама № __10___«__01_»____04________2008ж.
Ортопедиялық стоматология курсына жауапты м.ғ.к. _______ А.М.Ахметжан
Тақырыбы: Өз бетімен және суық күйінде қатаятын пластмассалар. Құрамы, қасиеті және қолданулары.
Мақсаты: Студенттерді өз бетімен және суық күйінде қатаятын пластмассалармен және олардың қолданылуларымен таныстыру.
Дәріс жоспары:
Өз бетімен қатаятын пластмассалар
Полимеризация
3. Құрамы, қасиеті және қолданулары.
Бұл пластмассалардың қрамына сыртқы температураның әсеріінсііз полимеризацияға кіретін акрилатты пласмассалар жатады. Егер де акрилатты пластмассалардың қөұрамында реакцияны тездеткіштер болса, сыртқы температураның әсерінсіз полимеризация реакциясы жүргізіледі.
Өз бетімен қатаятын пластмассаларға протакрил, редонт 02, 03 норакрил, стадонт, карбопласт, акрилоксид және басқалар жатады. Бұлардың құрамында дисульфаномин және диметилпаратолуидин активаторлары бар.
Протакрил, редонт ортопедиялық стоматологияда сынған алмалы-салмалы протездерді жөндеу үшін және қозғалған тістерді бір-біріне байлап бекіту үшін қолданылады. Сонымен қатар ортодонтиялық аппараттарды жасау үшін кеңінен қолданылады.
Кезеңдері |
Полимер мен мономердің қосындысынан алынған заттың физикалық және химиялық көрсеткіштері |
Тексеру дәрежесі |
1. құмтектес |
Полимер мен мономер қосылғанда полимердің сыртқы қабатында химиялық реакция бар, сыртқы қабаты жұмсақ, ішкі қабаты қатты. |
Ұнтақ пен сұйықты қосқан кезінде суға салынған құм тәріздес болып көрінеді. |
2. қыл тәріздес |
Мономер полимерге толық сіңіп, полимердің сыртқы қабығы толық еріп, ішкі қабаты жұмсарады. |
|
3. қамыр тәріздес |
Полимер толық мономерге еріп, біртұтас болуы. |
Қола жабыспайды және өте жұмсақ. |
4. резина тәріздес |
Біртұта, өте тыыз, қаттылау |
Жұмсақтау, қолға алған кезде температурасы жоғары жылу білініп шығады |
5. қатаюы |
Бірқадыпты жалтыр шыны тәріздес |
Қатты пластмасса |
Қатынасы |
Мономер |
Полимер |
Жалпы |
Көлемі |
1 |
3 |
1:3 |
Салмақтығы |
1 |
2 |
1:2 |
Полимеризация кезінде полимер мен мономер химиялық реакциясның бес сатысынан өтеді: құм тектес, қыл тәріздес, қамыр тәріздес, резина тәріздес, қатаюы.
Құм
және қыл тектес кездерін ісіну процессі
деп атайды. Бұл процесс 20-22
С
30-40 минут уақыт іішінде өтеді. Қамыр
резина және қатаю кездерін пластмассаның
полимеризациялық процессі деп атайды.
Полимердің ісінуіне бірнеше факторлар әсер етеді:
Полимердің аумағы мен көлемі;
А) үлкен ккөлем, аумағы полимерлік реакцияны баяулатады;
Б) кіші көлемі, аумағы кіші полимер реакцияны жылдамадатады.
2. Сыртқы температураға байланысты: жоарғы температура жылдамдатады, төменгі температура бәсеңдетеді.
3. Полимердің молекулалық салмағына байланысты үлкен молекулалық салмақты полимер баяу ісінедіі, ал кіші молекулалық салмақты полимер тез ісінеді.
4. Полимердің құрамында пластификатордың болуы полимердің, мономердің тез еруіне әсерін игізеді.
Алынған пластмассаның физикалық, химиялық көрсеткіштері жоғары болуы үшін дұрыс температуралық тәртіп болу керек. Жоғарғы температура полимерлік байланыстардың санын көбейтеді. Бұл процесс экзотермиялық реакция бойынша жүреді. Массаның ішкі темрпературасы 100 С аспауы керек. Егер температура одан асып кетсе мономер қайнап, буға айналады, пластмассаның құрамында кеңістііктер пайда болады.
Пластмассаның физикалық және химиялық көрсеткіштері жоғарыда көрсетілген жағдайлардан төмендейтіндіктен полимеризация кезінде температуралық ережені қатаң сақтау керек.
Полимер мен мономердің қосындысын қамыр тектес кезеңінде қалыпқа салып пресс-станогымен 30-40 минуттай қысым түседі. Сонан соң қалыпты 20-22 С суға салып, оның температурасын біір сағаттың ішінде біртіндеп 100 С жеткізеді де, 30 минут осы температурада ұстайды. Біртіндеп судың температурасын төмендетіп салқындатады, толық суыған кезінде қалыпты ашып, протезді өңдейді.
Пластмасса дегеніміз табиғи заттардан химиялық жолдармен алынатын немесе төменгі молекулалық заттардан синтез арқылы түзілетін күрделі органикалық заттар. Табиғатта пластмассаның негізін құрайтын заттар: табиғи газ, тас көмір, мұнай, торф және басқа табиғи заттар.
Пластмассалар жеке (плексиплас, полистирол) және бірнеше полимерлердің (аминопластмассалар, фенопластар және сополимерлер) қосындысынан тұруы мүмкін. Жоғарғы температураның пластмассаның физикалық, механикалық және химиялық қасиеттеріне тигізетін әсеріне байланысты пластмассалар термопластикалық және термореактивтік болып екіге бөлінеді.
Термопластикалық пластмассалар жоғарғы температурада жұмсарады. Ал температура төмендегенде өзінің құрамын өзгертпестен, қайтадан қатаяды. Термопластикалық полимерлерге мына материалдар жатады полиметилметакрилат, полистирол, капрон, поливинихлорид, полиэтилен, полипропилен, фторопласт, поликарбонат. Полиэтилен мен полипропиленнің құрамы біртұтас.
Жоғарғыда көрсетілген металдар физикалық, механикалық қасиеттерінің акрилаттармен салыстырғанда артық болғандарына қарамастан, техникалық қиыншылықтарға байланысты стоматологияда қолданылмайды. Мысалы: В.Н.Копейкиннің басшылығымен поликарбонатты полимерден алмалы-салмалы жасанды тістердің негізінде қолданылатын материал карбонет алынған болатын. Тістерді жасау технологиясының күрделігіне және оның технологияылық құрал-жабдықтары өте қымбатқа түсуіне байланысты карбодент іс жүзіне кең қолдау таппады.
Стоматологияда кең қолданылатын пластмассалар акрилаттар. Олар акрильді және метакрильді қышқылдардың полимерлерін немесе сополимерлері. Термореативті полимерлерге бакелит, аминопласт, фенопласт жатады. 1940 жылға дейін бакелиттен (иксолан, стомалит, эфнелит) негізгі материалдар жасалынған. Кейін бұл заттар кейбір кемістіктеріне байланысты жаппай қолданылудан ығып қалған.
Пластмассаны қолдану үшін оған қойылатын негізгі талаптарды білу қажет. Пластмассалар организм үшін оның зиянсыз болуы, ауыз қуысының шырышты қабықтарын тітіркендірмей және ауыз сілекейімен реакцияға түспеуі, ауыз қуысының кілегей қабығымен түстес болып және өзінің түсін ұзақ уақыт өзгертпеуі, технологиялық алу жолдарының оңай және құнының арзан болуы, кейбір физикалық және механикалық көрсеткіштерінің талапқа сай болуы, басқа материалдармен оңай және берік байланысуы, металмен және басқа пластмассалармен химиялық байланысқа түспеуі, пластмассадан жасалған жасанды тістер сынған жағдайда оңай жөнделуі қажет.
Тәуелсіз мемлекеттер бірлестігінде шығатын жасанды тіс жасау үшін шығарылатын өнімдердің ішінде жоғарғы талаптарға сай материалдар акрилатты полимерлер болып отыр. Қазіргі уақытта стоматологияда кең қолданылатын материалдар: этакрил немесе АКР – 15, фторакс, акронил, бакрил.
Бұл материалдардың бір-бірінен айырмашылығы олардың физикалық, механикалық немесе химиялық қасиеттерінде. Мысалы: фторакстың беріктігі, мықтылығы, соққыға тұрақтылығы және басқа көрсеткіштері этакрилден 1,5-2 есе жоғары. Технологиялық алу жолдары бірдей болса да, температуралық ереже жоғарыда көрсетілген заттардың физикалық және механикалық көрсеткіштеріне әр түрлі әсер етеді.
Полимерлі материалдарды химиялық байланыстарға байланысты үш түрге бөледі: жазық тізбекті полимерлер, тігілген полимерлер, егілген полимерлер.
Бірінші топтағы матреиалдардың полимерлерінің немесе сополимерлерінің молекулаларының структурасы ұзын тізбектелген мономерлерден тұрады, мысалы метилметакрилат бөлшектері. Тізбектелген молекулалар иіліп оралып жатады. Материал өзіне тән еріткіштерде еруге бейім. Бұл топтағы материалдарға Этакрил жатады.
Екінші топтағы материалдардың полимерлерінің молекулаларының структурасы ұзын тізбектеліп, бір-бірімен кейбір жерлерде байламдар арқылы жалғасқан, мысалы глинольдің диметакрил эфирі. Тізбектер бір-брімен жалғасқандықтан еркін орын алмастыра алмайды. Бұндай материалдар ешбір еріткіштерде ісінеді. Бұл топтың өкілі ретінде Акрелді айтуға болады.
Үшінші топтағы материалдардың полимерлерінің молекулаларының ұзын тізбектері құрамында фторы бар каучуктермен жалғастырылған. Егілген сополимерлердің өте ұсақ бөлшектері бұл топтың материалдарына соққыға төзімділік және эластикалық сияқты қасиеттер береді. Бұл топтың негізгі өкілдері ретінде «Фторакс», «Акронил» сияқты материалдарды келтіруге болады.
Стоматологияда қолданылатын акрилатты пластмассалар екі заттың қоспасынан тұрады. Полимер – ұнтақ және мономер – сұйық. Этакрилдің ұнтағы үш эфирдің сополимері: метил және этил эфирлерінің меракрилді қышқылдарымен, акрил қышқылының метил эфирінің қосындылары. Қатынастары 89:8:2. Этакрилдің мономері метилакрилат және метилметакрилаттың қосындыларынан тұрады. Қатынастары 89:8:2. Мономердің құрамында ингибитор гидрохинон (0,005%) және пластификатор дибутилфталат (1%) бар.
Фторакс – құрамында фтор бар акрилаттардың сополимері. Фторакс пластмассасының физикалық және химиялық қасиеттері өте жақсы: химиялық тұрақтылығы және мықтылығы өте жоғары. Ол жартылай мөлдір түсі ауыз қуысының жұмсақ тканьдеріне мейлінше жақын.
Акронил – метилметакрилаттың сополимері, құрамында поливиниэтилал бар. Мономерінің құрамында пластмассаның молекулалық байланысы күшейтетін диметакрилат триэтиленгликоль бар және ингибитор антиескірткіш қосылған. Акронил басқа материалдармен салыстырғанда технологиялық көрсеткіштері жоғары және суда ісіну көрсеткіші төмен.
Бакрил – басқа материалдармен салыстырғанда өте берік, мықты алмалы-салмалы тістерді жасауға қолданылатын негізгі акрилатты пластмасса. Бакрил полимерінің құрамында эластомер бар. Бакрилдің құрамында полимеризациядан кейінгі болатын мономердің қалдығының дәрежесі де төмен 0,2-0,3%.
Полимер және мономер қосылғанда химиялық реакция – полимеризация жүреді. Полимеризация дегеніміз төменгі молекулалы заттардың химиялық реакциясынан пайда болатын жоғарғы молекулалы зат алу.
Бұл пластмассаларды алудың үш технологиялық жолы бар: а) полимермен мономер қосындысының қамыртәріздес түрінде үлкен қысымның әсерімен полимеризациялау; ә) полимер мен мономер қосындысын қыл тәріздес түрінде құю; б) полимер мен мономер қосындысын құм тектес түрінде құю.
Пластмассаның химиялық, физико-механикалық көрсеткіштеріне полимер мен мономердің салмақ қатынастарының әсері бар.
ДӘРІС
Тақырыбы: „Қосымша жадиғаттар. Үлгілік жадиғаттардың және үлгілердің жіктелулері. Анатомиялық қалып алу үлгісі“
TPDT 2232 «Тіс протезін дайындау технологиясы» пәні
Мамандық 051302 «Стоматология»
Курс: 2 (3 семестр)
Уақыты (ұзақтығы) 1 сағат
Қарағанды 2008
Курс отырыснда талқыланып бекітілді
Хаттама № __10___«__01_»____04________2008ж.
Ортопедиялық стоматология курсына жауапты м.ғ.к. _______ А.М.Ахметжан
Тақырыбы: Көмекші материалдар. Үлгілік материалдардың жіктелулері.
Анатомиялық үлгі алу әдісі.
Тіс протездерін жасау үшін ауыздағы тістің, иектің үлгісін алу керек.
Үлгілік материалдар қатқаннан кейін физикалық жағдайына байланысты былайша жүйеленііп жүр:
Қатты кристалданатын материалдар
Эластикалық материалдар
А) альгинатты
Б) силиконды
В) тиоколды
Г) гидроколлоидты материалдар
3. Термопластикалық материалдар
Стоматологиялық үлгілік материалдардың мынандай қасиеттері болуы керек:
Ауыз қуысындағы кілегей қабықтың және тістердің рельефтерін дәл түсіруі және үлгін ауыз қуысынан алған кезде қалыбын өзгертпеуі
Көлемінің өзгермеуі
Ауыз қуысына апарып салғн кезде қамыр тәріздес иленгіш болып, қатқаннан кейін эластикалы болуы
Ауыз қуысындағы температура мен ылғалдылық жағдайында тез және толық қатуы
Ауыз қуысына кіргізілуінің және алынуының ыңғайлығы
Ауыз қуысында болатын термиялық және химиялық процесстердің әсерінен туындайтын зияндық әрекеттердің болмауы
Жаман иісі мен дәмінің болмауы
Пайдаланған материалдардың жеңл залалсыздандырылып қайтадан қолдану мүмкіндігінің болуы
Модельді құйғаннан кейін одан жеңіл ажыратылуы
Жеңіл қапталынып, сақтауға, алып жүруге ықшам және арзан болуы.
Эластикалық үлгілік материалдар.
Ауыз қуысындағы тіс қатарларының әсіресе тістердің қисаюы кезінде, орналасуы қалыпты жағдайдан ауытқыған кезде стоматологтардың жұмысын жеңілдету және үлгі алған кезде аурудың қал-жағдайын жақсарту үшін эластикалық үлгілік материалдар ұсынылды. 1940 жылы Wilding альгин қышқылының кейбір көп валентті металдармен гель түзуін қолданып альгинатты эластикалық материалдар алды. Қазіргі кезде бұл материалдар шет елдерде кеңінен қолданылып жүр. Химия полимерлерінің жетістіктерінің нәтижесінде жоғары дәрежелі эластикалы, силиконды және тиоколды үлгілік материалдар ұсынылды.
Стоматологияда қолданылатын эластикалық үлгілік материалдарды төтр топқа бөлуге болады: гидроколлоидтік, альгинатты, тиоколды, силиконды.
Гидроколлоидтік үлгілік материалдар
Бұл үлгілік материалдардың қасиетін түсіну үшін коллоидті химияның кейбір сұрақтарын еске түсірейік. Коллоид деген сөз грек тілінде желім деген сөзді білдіреді. Коллоидты жағдай барлық заттарға тән болуы мүмкін, ол негізінен заттың дисперстік жәрежесіне байланысты. Қорытына айтқанда, коллоид деп, бір заттың екінші бір ортаға біркелкі, тарап, жүйелі түрде орналасуын айтамыз.
Коллоид заттың бөлшектернің фазасы 100 ден 1 ммк аралығында жатқанда түзіледі. Сұйық коллоидтерден басқа, қатты эластикалық денелердің қасиетін беретн коллоидік жүйелер де бар. Бұл коллоидттарды ұйынды немесе гель деп атау қалыптасқан.
Сұйық коллоидттар суытылса ұйып желімденеді. Мысалы крахмалды, агар-агарды суытқан кезде бұл құбылысты айқын көруге болады. Коллоид бөлшектері бір-біріне ілінісіп, кеңістікте құрылыс түзеді. Қыздырған кезде бөлшек аралық байланыс бұзылып, қайтадан сұйық коллоид түзеді. Желім тәріздес ұйынды – тұрақсыз жүйе. Біраз уақыт өткеннен кейін ол ескрп, бетіне суы шығады.Сонымен бірге гельдің көлемі кішірейеді. Бұл құбылысты синерезис деп атайды. Үлгілік материал ретнде гидроколлоид материалдарын қолданатын болса, тез арада модель құйылуы керек.
Альгинатты материалдар
Альгинатты материалдар осы асырдың 40-шы жылдарынан бастап қолданыла бастады. Бұл материалдар қазіргі кезде гипсті ығыстырып, оның орнын басуда. Альгинатты үлгілік материалдардың негіз – альгин қышқылдарының натрий тұздары. Ол өзі ұнтақ, суға тиген кезде ісініп және колоидты жүйе түзетін гель. Гельге физикалық қасиет беріп, сапалы үлгілік матреиал ретінде қолдану үшін оның эластикалық және қаттылық қатиестін арттырып, жабысқақтығын азайту қажет. Оның құрамына гипс және толтырғыштар енгізіп қажетті материал алу өте маңызды. Ол натрий альгинатының ерігіштік гелін ерімейтін кальций альгинатына ауыстыру мақсатында қолданылады.
Альгинатты үлгілік материалдарды бір қолданған соң қайтып қолдануға болмайды. Өндірсте бұл материалдар көптеп шығарылады. Ең көп тарағаны барлық компоненттерінің ұнтақ қоспа ретінде қолданылуы. Үлгілк масса болуы үшін ұнтақты сумен араластырады. Аьгинатты үлгілік материалдармен протез орналасатын орындардан жоғарғы дәлділікпен таңба болуға болады. Бұл үлгілік массаның дайындаудың және ауызға енгізудің қарапайымдылығы, тіс протездерін орналасатын орнының такеньдерінің дәлділікпен үлгіге көшуі, үлгініің ауыз қуысынан толығымен бұзылмай шығуы, дәмі мен иісінің жағымды болуы. Қатайған үлгілік масса серіппелі, қаттылығы жеткілікті және қысымға төзімді. Альгинатты үлгіден модель алу өте жеңіл және ыңайлы болады.
Альгинатты материалдардың артықшылығымен бірге біраз кемшіліктері де бар. Оларда гель түзгеннен кейінгі макромолекулаларының тығыздығына байланысты синерезис құбылысы болады да көлеміі кішірейеді. Материалдың бетіне шыққан сұйық гипстің қатуын төмендетіп, алынатын модельдің беткі қабатының тазалығын бұзады. Үлгінің бетіне шыққан сұйықты тазалау үшін модельді құймастан бұрын ағын суға салып жуады да, 3-5 минутқа 2 %-ті натрий сульфатына салады. Үлгіні аық жерде сақтайтын болса, масса кеуіп 15-20 минуттан кейін көлемі кішірейгендііктен құюға жарамсыз болады.
Альгинатты массаның тағы бір кемшілігі оның механикалық қаттылығының төмендігі. Бұл жағдайды модель алған кезде есте ұстаған жөн. Үлгіні тек қана жақсы ағып, барлық шұңқырлардың еркін толтыратын массалармен құю қажет. Үлгіге ешқандай қысым түсірмеу керек, өйткені оның жұқа бөліктері қалыбын жоғалтуы мүмкін. Альгинатты массалар үлгілік қасықтарға жабыспайды, сондықтан тесік қасықтарды, болмаса лейкопластырь жапсырып ретенциялы орын жасап қолданылады.
Үлгіні алған соң көлемі кішірейіп қалмай тұра тез арада құйылуы қажет. Модель еш қысымсыз сұық гипсті құю арқылы алынады.
Силиконды үлгілік материалдар
Силиконды үлгілік материалдар тобы 50-ші жылдардан бастапқолданыла бастады. Қазіргі кезде кремнийорганикалық полимерлердің негізінде силиконды үлгілік материалдар стоматологиялық тәжірибеде кеңінен қолданылып жүр. Силиконды материалдардың негізін құрайтын активті гидроксил топтары бар түзу полимер.
Катализатордардың ісерімен түзу полимерлер конденсация арқылы байланысып, тігілген полимер түзеді. Масса қатқаннан соң созылмалы резеңке тәріздес болады Катализаторлар ретінде қалайы және титанорганикалық заттар қолданылады. Қатаю процесін тездету үшн катализаторларға әсер ететіін инициаторлар қосады. Полимердің улканизациялау процесін және созылмалығын тігін-агентін, ктализаторлар, толтырғыштар қосып реттеуге болады.
Қазіргіі кезде қолданыылып жүрген «Сиэласт-69» материалының құрамы төмендегідей:
Полиметилсилоксан – 48,0
Алюминий тотығы – 35,8
Барий сульфаты – 16,0
Бояғыш – 0,2
«Сиэласт - 69» жоғары сапалы силикон полимерлерінің негзіндегі үлгілік материал., көлемі кеуіп кішіреймейді, сондықтан үлгілерді көпке дейін сақтауа және алынан бір үлгімен бірнеше модель алуға болады. Ауыз қуысында үлгнің вуоканизациялану уақыты 4-5 минут. Егер катализатордың қатынас көлемі көбейтілсе немесеайналадағы ортаның температурасы жоғары болса, онда қатаю уақыты жылдамдайды. Модельді құяр алдында 15 ми нутқа үлгні сабынды суға салып, содан соң суменен шаяды да ауада кептіреді.
Тиколды материалдар
Тиоколды үлгілік материалдардың негізін металл тотықтарымен реакцияға түсіп эластикалық қосылыс түзетін меркаптен құрайды. Қазіргі кезде шығарылатын тиоколды үлгілік материал «Тиодент» екі сықпадан және тездеткіштен тұрады. Негізгі сықпаның құрамында полисульфидті каучук және қоспалар бар.
Үлгі алу үшн едәуір қысым қолданған жөн. Тиоколды массалар, силиконды массалар сияқты айызға енгізген кезде жоғары иілімділік көрсетеді, Қатқаннан кейін созылғыш резеңке тәріздес. Көлемі өзгермей, көпке дейін сақтауға болады. Тиоколды массалардың вулканизациялану жылдамдығына температура мен ауаның ылғалдылығы әсер етеді.
Тақырыбы: Балауыздар. Жіктелулері. Құрамы, қасиеті, қолданылулары.
Пішіндеуіш материалдар.
Болашақ жасалатын протездердің, апараттардың және шеңдеуіштердің қалыптарын уақытша материалдардан жасайды. Бұны пішіндеу деп атайды. Тіс технигінің жұмысында пішіндеу маңызды орын алады. Алдымен уақытша жасалған қондырғыларды тексеріп, содан соң оларды негізгі материалдармен алмастырады. Алмастырудың ең жиі қолданылатын тәсілі құю болып есептелінеді.
Ортопедиялық стоматологияда пішіндеуге арналған материалдардың өздеріне тән қасиеттері бар. Бұл материалдарға төмендегідей талаптар қойылады:
Ауыз қуысында қолданғанда және олармен жұмыс істегенде зиянсыз болуы.
Белгілі бір температуралық аралықта жақсы иімділік қасиетінің болуы.
Мүсінге қабатталынатын қабілеттілігінің болуы.
Мүсінделгеннен кейін жеткілікті қаттылығының және серпімділігінің болуы.
Массаны балқытқаннан немесе күйдіргеннен соң қалыпта қалдық қалдырмау.
Шөгуінің аз болуы.
Қалыбын өзгертпеуі.
Түсінің индифферентті және оның жағылатын материалдардың беткі қабатының түсінен бөлек болуы.
Пішіндеуге арналған материалдардың көпшілігі әр түрлі балауыздардың қосындысы немесе копозициялары болып келеді.
Стоматологияда балауыздарды 4 топқа бөлу қалыптасқан: жануарлар, өсімдіктер, минералдар және синтетикалық.
Жануарлар балауызына жәндіктер мен жануарлар бөліп шығаратын балауызды жатқызуға болады.
Өсімдіктер балаызы. Кейбір өсімдіктер әр түрлі бөліктерінде балауыз тектес заттар бөліп шығарады: Пальманың жапырағында – карнауб, жемістерінде – жапон, шөптерде – канделилл балауыздары.
Минералды балауыз. Бұларға парафин, озокерит, церизин және монтан балауыз жатады.
Синтетикалық балауыздарға қасиеті жағынан табиғи балауыздарға ұқсас жасанды алынған заттарды жатқызуға болады. Бұл балауызды композициялары дәл құйма тәсілдері кезінде протездердің бөлшектерін пішіндеу үшін қолданылады.
Жабысқақ балауыз. Тіс протездерін жасау барысында олардың әр түрлі бөліктерін бір – бірімен уақытша желімдеп байланыстыру үшін қолданылады. Ол цилиндр тәріздес, ұзындығы 82мм, диаметрі 8,5мм, қоңыр түсті таяқша. Жабысқақ балауыздың құрамы: қарағай шайыры 7%, бал ара балауызы 25%, монтан балауызы 5%; екінші рецепт бойынша бал ара балауызы 66%, қарағай шайыры 17%, дамар резеңкесі 17%. Балқу температурасы +65 +70 Сº. Жанған кезде күл қалмайды.
Негіздік балауыз. Алмалы – салмалы протездердің негізін пішіндеуге, арнайы үлгілік қасықтар жасауға, негіздерге тістесу білік жасауға, протездерге жасанды тісті орналастыру кезінде қолданылады. Құрамы парафин 78%, бал ара балауызы 22 %, бояу – 0,004%, көлемі 170 х 80 х 1,8 мм пластина. Балқу температурасы +50 +63 Сº.
Көпір тектес протезді пішіндеуге арналған балауыз. Көпір тектес протездердің аралық бөлігін пішіндегенде, қаптама жасау кезінде тістің анатомиялық қалыбын қалпына келтіру кезінде қолданылады. Құрамы: парафин 94%, синтетикалық церезин 4%, бал ара балауызы 2%, бояу – 0,004%, көлемі төрт бұрышты призма тәріздес 6 х 6 х 45мм. Балқу температурасы +60 +75 Сº.
Доғалы паротездерге арналған балауыз. Доғалы және шеңдеуіш протездер, ілмектер және басқа күрделі қалыптарды алу кезінде қолданылады. Құрамы: парафин 29%, бал ара балауызы 65%, карнауб балауызы 5%, бояу – 0,02%, көлемі таяқша дөңгелек пластина. Қалыңдығы 0,4-0,5 мм. Балқу температурасы +58 +60 Сº.
Микропротез дайындауда қолданылатын балауыз - лавакс. Микропротезді, штифті, жартылай қаптамаларды пішіндегенде қолданылады. Құрамы: парафин 88%, бал ара балауызы 5%, карноуб балауызы 5%, синтетикалық церезин 2%, бояу – 0,006%, көлемі түрлі түсті таяқша, балқу температурасы +60 Сº болады.
ДӘРІС
Тақырыбы: „Тіс протездерін дайындау кезеңдеріндеқолданылатын басқа да көмекші жадиғаттар“
TPDT 2232 «Тіс протезін дайындау технологиясы» пәні
Мамандық 051302 «Стоматология»
Курс: 2 (3 семестр)
Уақыты (ұзақтығы) 1 сағат
Қарағанды 2008
Курс отырыснда талқыланып бекітілді
Хаттама № __10___«__01_»____04________2008ж.
Ортопедиялық стоматология курсына жауапты м.ғ.к. _______ А.М.Ахметжан
Тақырыбы: Тіс протездерін дайындау кезеңдерінде қолданылатын басқа көмекші материалдар.
Мақсаты: Тез балқығыш металлмен көмекші материал ретінде студенттерді таныстыру.
Дәріс жоспары:
Тез балқығыш металлдар, құрамы, қасиеті, қолданулары.
Қышқылдар, ағартқыштар. Тағайындалуы құрамы, қасиеті, қолданулары
Флюстер: қасиеттері және қолданулары
Айырғыш материалдар, қолданулары.
Металдар және металл құймалары
Тот баспайтын болаттар
Хром-кобальт құймасы
Бағалы металдар және олардың құймасы
Ортопедиялық стоматологияда протездерді дайындау үшін әр түрлі металл құймалары қолданылады. Металдар таза күйінде қолданылмайды, өйткені олардың қасиеттері негізгі материалдарға қойылатын талаптарға сай емес. Ортопедиялық стоматологияда қолданылатын барлық металдар көп компанентті құймалар болып табылады.
Металдардың химиялық қасиеттері құрамындағы атоммен әлсіз байланысқан қозғалғыш электрондардың санына байланысты.
Металдардың құрылысы. Металдар қатты күйінде анық байқалатын кристалдық құрылыста болады. Металдың бет қабатын мұқият жалтыратып содан соң белсенді химиялық заттармен улай отырып микроскоппен қарағанда оның құрылысының кристалды екенің көруге болады. Кристалды дененің негізгі ерекшеліктері атомдардың молекулалардың немесе иондардың кеңістікте белгілі бір орында орналасуы болып табылады.
Металдардың көпшілігіне тән кристалдық тордың үш түрі бар:
кубтық қабырғаларынан орталықтандырылған , бұдан кристалдық тор темірде 910-1390º С температура аралығында алюминийде, алтында, мыста, қорғасында болады.
Кубтық көлемді – орталық таңдырылған, бұндай кристалдық тор темірде 910 ºС төмен болғанда және 1390ºжоғары болғанда хромда, ванадида болады
Гексагональды бұндай кристалдық тор мырышта, магнийде, кадмийде болады. Кристалдық тордың байдамдарында оң зарядталған иондар орналасады.
Атомдардың валентілігін анықтайтын электрондар кристалдық торда бос қозғалыста болып, электрондық газдар түзеді. Олардың белсенділігінен металдың электр және жылу өткізілетін қасиеті өзгеріп отырады.
Кристалдық құрылыстың кемшіліктерінің бірі - атомдар арасындағы қуыстардың болуы, басқаша «вакансия». Торлардың бұл кемістіктері құймалардың балқу кезінде бір-біріне енуі үшін өте маңызды және термиялық өндеуге байланысты. Кристалдық құрылыстың екінші бір кемшілігі дислокация деп аталады. Бұл жағдайда кристалдардың шоғырлануына байланысты жартылай жазықтық түзіп, бір сызықтың бойына орналасқан кемістікке әкеліп соғады басқаша айтқанда жиектік дислокация. Бұл дислокация түзу болуы болмаса бұралып спираль тәрізді болуы да мүмкін. Соңғысы “бұрандалы дислокация“ деп аталады.
Құймалардың кристалдық құрылысы: Құймалар сұйық күйден қатты күйге көшкен кезде кристалдық тор түзеді. Осы қату кезінде құйма құрамындағы компоненттерінен бір-бірімен әрекеттесуін негізгі үш түрге бөледі механикалық қосылыс, қатты ерітінді және химиялық қосылыс.
Механикалық қосылыс. Құйманың бұл түріне бір-бірінде ерімейтін металл қосылыстарын жатқызады. Бұндай қосылыс ретінде, мысалы қорғасын, висмут және кадмий қосылыстарын жатқызуға болады. Құйманың әрбір компоненті өзіне тән кристалдық торын сақтайды және қасиеттері негізінен құрамдық бөліктерінің қатынастарына байланысты. Компоненттерінің өзара әлсіз байланысы бұл құймаларды тез балқығыш жасағанымен қолдану үшін олардың беріктігі жеткілікті.
Қатты ерітінді. Бұл топқа жататын құймалардың элементтері өзара сұйық күйде де қатты күйде де бір бірінде ерігіштік көрсетеді. Қатты ерітінді деп негізгі еріткіштің металл торларына еріген заттың атомдары кірген біркелкі кристалдардын тұратын денені айтамыз. Рентгеналогиялық тексерулердің нәтижесі қатты ерітіндінің бір ғана торы болатындығын анықтап отыр. Қатты ерітіндіде бір заттың атомы екінші бір заттың кристалдық торындағы атомдардың орнын басуы мүмкін, ал атом аралық кеңістіктерде металл емес заттар орналасады. Осы қосылыстарға мысал ретінде ортопедиялық стоматолгияда кеңінен қолданылып жүрген хром – никель, хром – кобальт құймаларын жатқызуға болады.
Метал коррозиясы Коррозия деп металдардың сыртқы ортамен химиялық және электрохимиялық әрекеттесулерінің нәтижесінде болатын бұзылуын айтамыз.
Коррозиялар біркелкі, жергілікті және интеркристаллитті болып бөлінеді.
Біркелкі коррозия басқа коррозияларға қарағанда қауіпсіздеу. Бұйымның қалыңдығы жергілікті болғанда оның механикалық қаттылығы шамалы ғана өзгереді. Өйткені коррозияға ұшыраған бөлігін тазартатын болса, онда ұйыиның беткі қабаты бұдыр лайып тұрады.
Жергілікті коррозия металдардың кейбір бөліктерін қамтиды және оюды дақ немесе нүкте сияқты әр түрлі тереңдіктегі бүліністер ретінде көруге болады.
Интеркристалиттік коррозия металдық кристалдарының арасындағы болған бұзылыс.
Тот баспайтын болат.
Негізгі 2 топқа бөлуге болады: хромды және хромникельді. Құрамындағы никель болаттың жұмсақтығын артырып, кристалиттік құрылысын майда түйірлі жасап, оны қысыммен өңдеуді жеңілдетеді. Құйманың қаттылығын арттыру үшін оның құрамындағы көміртегіні көбейтеді, бірақ құрамындағы көміртегінің көбеюі коррозияның болуына әкеп соғады.
Тот баспайтын болаттын механикалық қасиеттері оны суық күйінде соққылап өңдеген кезде күрт төмендейді. Болаттың магниттік қасиеті болмайды, бірақ оны суық күнінде өндеген кезінде аздап магниттелінеді және қатаяды. Соққылап суық күнінде өндеген кезде қатты, ерітінді бөлініп хром карбидің түзеді. Оны жұмсарту үщін 1100°С-дейін қыздырып, тез суға салып шынықтырады. Қыздыру ұзақтығы 6-8 минтут. Жайлап суыту болаттын қаттылығын төмендетудің орнына, онда керісінше хром карбиді түзілуіне байланысты жоғарылатады да кристаллит аралық коррозия пайда болатын жағдай жасалынады.
Қыздырып өңдеу. Тот баспайтын болаттын, механикалық және химиялық қасиеттерін жақсарту үщін қыздырып өңдеу қолданылады. Болатты қыздырып өңдеудің мәні металды ұстап тұрып және соңына жайлап немесе тез сутуынады. Шынықтыру деген термин болаттың, қаттылығын жоғарлату деген емес, ол 1100°С-1200°С тудырылған затты тез суытып тұрақты аустиниттік құрлым алу.
Егер болатты қайтадан қыздырып болсақ, оның құрылысындағы өзгерістер кері бағытта сол тәртіппен өзгереді. Бұл металдық 2 рет кристалданды деп аталды. Тот баспайтын болаттын аустениттік құрылысы ең тиімді болғандықтан, оны сол қалпында сақтап кою керек. Ол үшін тот баспайтын болатты 1100°С-1200°С қыздырып тез суға сала қою қажет. Бұл жағдайда кристалдық құрылысы бұзылмастан аустениттік құрылысы сақталады.
Хром - колбальт құймасы.
Салмағы жағынан 85% кобальт хром және никельден тұрады. ХКҚ қасиетің молибден никель, темір, ваннадий, кремний, магний, мыс берилий қосып жақсартуға болады. Құйманың тұрақтылығы оның құрамындағы хромның көптілігіне байланысты, ол металл бетінде әрекетке түспейтін қабат түзеді. Кобальт құймаға жоғары температурада қаттылық береді. Металл құрылысының ұсақ кристалды болуы және байланыстарының бекімділігі оның құрамына кіретін молибденге байланысты. Құймада көміртегі мөлшері өте аз. Металдың қасиетін сақтау үшін көміртегінің бір тұрақты саны қажет. Карбит түзгіш зат ретінде вольфрам қосады. Мырыш, кремний және темір қоспаның құйылғыштығын арттырады.
ХКҚ балқу температурана байланысты 2-ге бөлінеді
1. Балқу температурасы 1316°С-ге дейінгі
2. Балқу температурасы 1316°С жоғары
ХКҚ сүйек ткандеріне енгізіп тіс протездеріне тірек ретінде қолданады. Себебі оның коррозияға тұрақтылығы жоғары және аустостотикалық қасиеті жоқ ХҚҚ көлемі күйғаннан кейін 1,8-2 % дейін кішірейеді. Алынған заттың құрылысы ұсақ түйіршікті болу үшін балқу температурасына жақын температурада құю керек.
ДӘРІС
Тақырыбы: „Салмаларды дайындау технологиясы. Дайындауға арналған жадиғаттар. Керамикалық массалар. Құрамы, қасиеті, қолданылулары“
TPDT 2232 «Тіс протезін дайындау технологиясы» пәні
Мамандық 051302 «Стоматология»
Курс: 2 (3 семестр)
Уақыты (ұзақтығы) 1 сағат
Қарағанды 2008
Курс отырыснда талқыланып бекітілді
Хаттама № __10___«__01_»____04________2008ж.
Ортопедиялық стоматология курсына жауапты м.ғ.к. _______ А.М.Ахметжан
Тақырыбы: Салма дайындау технологиясы. Дайындауға қажетті материалдар. Керамикалық масса. Құрамы, қасиеті, қолданулары.
Мақсаты: Салма дайындау технологиясы және керамикалық масса дайындауға қажетті материалдар.
Дәріс жоспары:
Салмаларды дайындау
Екі жақты кеңістікті дайындау
Блэк бойынша негізгі кеңістіктерді дайындау
Салма – тістің жартылай бұзылған тіндерін қалпына келтіруге пайдалынатын протез. Олар сау ұлпасы бар тістерде және ұлпасы алынған тістерде дайындалады, егерде тістің сауытты бөлгі көп сақталса. Салмаларды көпірлі және доғалы протездердің тіреуші бөлігі ретінде де қолданылады. Тістерді салмалармен протездеу бірқатар қлиникалық және зертханалық кезендерден тұрады:
тіс сауытында қуыс қалыптастыру
салманы дайындау.
балауыз репродукцияның металға немесе пластмассаға ауыстыру
салма дәлдігін тексеру және оны тіс қуысында бекіту.
Салманың қолдану көрсеткіштері:
Тіс сауытының әр түрлі ақаулары, егерде тіс бітемемен жабылмаса.
Бүйір тістегі салмалар мұқалудан сақтайды.
Пародонтит кезінде тістерді салмамен шеңдеу.
Кері көрсеткіштер :
Қызылиек астында орналасқан өте терең қуыстар.
Сауытты бөлігі төмен тістердегі ақаулар.
Салмалардың топтастырылуы:
Тістерде орналасуы бойынша:
а) Inlay – пішіні жәшік тәрізді, тістің ішінде орналасып оның анатомиялық пішіні және окклюзиялық бетін қайталайды;
б) Onlay – фальці сыртында.
в) Overlay – тістің бір қабырғасы сақталған, басқа жері салма.
г) Pinlay – қосымша қуысы бар салма немесе бекітуге арналған штифті қосымшасы бар.
2. Материал бойынша:
а) Металды (алтын, КХҚ, күміс паладий құймасы) ;
б) Пластмассалы;
в) Керамикалы (IPS жүйесі = Empress, Cerec)
г) Аралас (металл+пластмасса, метал + керамика)
3. Жасалуы бойынша :
а) Тура әдіс
б) Жанама әдіс.
Салма тіс сауытының протезі ретінде бітемеге қарағанда зертханада жасалынады және алдын – ала қалыптастырылған қуыста бекітуші материалмен орнықтырылады. Сондықтан бұл қуыстарға ерекше талаптар қойылады, оларды сақтау арқылы салманың балауыз моделін еркін шығарып протезде орналастыруға болады.
Салма үшін дайындалған тіс қуысының пішінінде түбі тегіс және қабырғалары тік болғаны жөн. Тістің қатты тіндерінің зақымдалу көлеміне және орналасуына байланысты тістегі салма үшін қуыс қарапайым немесе күрделі болып жасалады, ол негізгі және қосымша бөліктерден тұрады немесе штифтар үшін арнайы өзекшелерге негізгі қуыс қалыптастырылады. Бұл салманың мықты тұруына жағдай туғызады. Салмалардың топографиялық белгілеріне байланысты қуыстардың үш түрі болады.
Бір жақты – тістің бір бетінде орналасқан: шайнау, кесу, сыртқы, ішкі және бүйір беттерінде.
Екі жақты – тістің кез – келген екі бетінде орналасқан : мысалы, шайнау немесе бүйір беті, кесу немесе бүйір бетінде.
Үш жақты – тістің үш бетінде орналасқан: мысалы, екі бүйірлі және шайнау бетінде және т.б.
Тіс сауытының екі беткейі зақымдалғанда оны салмамен қалпына келтіру дұрыс емес, бұл уақытта жасанды қаптама қолданылады.. Тісте салма үшін қуысты қалыптастыру көбіне қатты тіндердің зақымдалу ерекшелігіне, оның көлеміне, орналасуына және протездеу міндеттеріне байланысты болады . Тіс ұлпасының болуы немесе болмауы маңызды орын алады. Дайындалған қуыстың пішіні клиникалық және техникалық талаптарға сәйкес келуі керек. Тіс ұлпасы сақталған тістерде қуысты дайындағанда ұлпаға дейінгі қатты тіндердің қалыңдығын білген жөн, өйткені салма тек қана осы қатты тіндер деңгейінде бекітіледі. Бұл жағдайда қалыптастырылатын қуыстың тереңдігі анықталады. Қатты тіндердің қалыңдығы кесу қырынан немесе шайнау бетінен бастап ұлпаға дейін 3 – 5 мм құрайды, ал төменгі жақтың күрек тістерінде және жоғарғы жақтың бүйір тістерінде ол тереңдік 1,2 – 2,5 мм болады. Төменгі жақ күрек тістерінің және жоғарғы жақ бүйір тістерінің вестибуляр қабырғасының экватор аймағындағы ұлпаға дейінгі қалыңдық 1,5 – 3 мм, жоғарғы жақ орталық күрек тістерінің, барлық ит тістерінің және кіші азу тістерінде 2,5 – 4 мм болады. Үлкен азу тістерде 4 – 5 мм. Тістің мойны аймағында вестибуляр жақтан қатты тіндердің ұлпаға дейінгі қалыңдығы төменгі жақтың күрек тістерінде және жоғарғы жақтың бүйір тістерінде 1,2 – 2,5мм, жоғарғы жақтың орталық күрек тістерінде, барлық ит тістерде және кіші азу тістерде 2,5 – 5 мм болады. Оральды қабырғаның қалыңдығы төменгі жақтың күрек тісінде және жоғарғы жақтың бүйір тістерінде ұлпаға дейін 1,2 – 2,5 мм, жоғарғы жақтың орталық күрек тістерінде, барлық ит тістерде және кіші азу тістерде 2 – 4 мм, үлкен азу тістерде 2,5 – 5 мм болады. Бүйір қабырғаның ұлпаға дейінгі қалыңдығы төменгі жақтың күрек тістерінде және жоғарғы жақтың бүйір тістерінде 1,5 – 3 мм, жоғарғы жақтың орталық күрек тістерінде, барлық ит тістерде және кіші азу тістерде 2 – 4 мм болады. Ұлпасы алыңған тістерде салма тістің қатты тіндерінде және ұлпа ішілік камерада бекітіледі, соған байланысты салмаға орын дайындау және оны тіс сауытында механикалық бекітуге жақсы жағдай туғызылады.
Бір жақты қуысты дайындау
Бір жақты қуыстар шайнау тістерінің сайлары аймағында, франтальды тістердің кесу қырында, қаптаманың ұрт, мойын аймағында және тістің апроксимальды бетінде арнайы құралдардың көмегімен қалыптастырылады.
Қаптаманың сайлары зақымдалғанда салманың астына қуысты дайындау. Қуыстың пішіні қатты тіндердің зақымдалу көлемімен анықталады. Қуысты қалыптастыру арнайы құрал – жабдықтармен жүргізіледі. Құралдың көмегімен зақымдалған эмаль, дентин және ілінбелі шеттері алынып, сау тің сақталынады. Бұдырларды біріктіріп тұратын эмаль біліктерін және бұдырлардың тіндерін сақтаған жөн, егерде олар тіс жиегісімен зақымдалса. Егер де олар толығымен алынып тасталса тістің сауытты бөлігі әлсірейді де сол жерде оның сынуы жүреді. Қуыс түбі тегіс болғаны жөн. Оны сызатты бұрғының көмегімен немесе жіңішке цилиндр тәрізді карборунд тастарының көмегімен жүргізледі, оның ұшы тегіс сондықтан ол қуыстың түбін ақырын өңдеп ұлпаның ашылмауына жағдай туғызады. Қуыстың қабырғалары сызатты ұштықтармен қалыптастырылады және оның көмегімен бұдырлар біріккен аймақтың сайлары кеңейтіледі. Дайын қуыстың қабырғалары қосымша карборонд тастың көмегімен тегістеледі. Бұл уақытта тіннің жұқа жиегі алынып салма дентинда жақсы орнығу үшін тірек қалыптастырылады. Сонымен бірге тамақ қалдықтары қалмау үшін салма жиегі мен тіс тіңінің қосылатын жерінде ретенционды аймақтарды болдырмау қажет. Тіс сауытының бір жағында барлық қуыстарды дайындағанда ортақ болатыны келесі :
Қуыстың шығатын тесігі қуыс түбінен кең немесе бірдей болуы қажет.
Қуыс қабырғалары ілінбелі, тегіс.
Қабырға жиектерінде ылди болған жөн.
Салма қуысының ішінде жақсы тұруы үшін, қуысты дөңгелек, сопақша, төртбұрышты немесе симетриялы етіп жасау қажет емес, қуыстың бір жағы екінші жағынан пішіні бойынша ерекшеленгені жөн.
Тістің кесу қырында ақау болғанда қуысты қалыптастыру
Әдетте дайындық салманы қуыста штифтің көмегімен бекітуге бағытталған. Бұл үшін негізгі қуыстан басқа қатты тіндердің зақымдалмаған бөліктерінде штифтер үшін өзекшелер бұрғыланады. Тістің сауытын егелеу жұмсарған дентинді алғаннан кейін басталады, тістің кесу қырын карборунд таспен тегістелінеді, егелеу ішкі бетке аздап қиғаш жүргізіледі. Бұның салдарынан кең беткей пайда болады, онда ең бірінші сызатты ұштықпен, ал кейін карборунд тастың көмегімен салма үшін аймақ дайындалады. Одан кейін жіңішке сызатты ұштықпен өткір кесу қыры арқылы штифтер үшін апроксимальды өзектер дайындалады. Штифтерге арналған өзектер дентиннің ортасында эмаль мен ұлпа қуысы аралығында орналасқаны жөн. Егер де тіс ұлпасыз болса қуысты қалыптастыру оңай болады. әдетте бұл жағдайда салманы бекіту үшін бір ғана ортада орналасқан штифт қажет . штифтің ұзыныдығы ұлпа қуысының тереңдігіне сай болуы керек. Егерде тістен ұлпа арнайы алынса онда штифке арналған өзек цементтің ішінде әрі қарай бұрғыланады ұлпа қуысы толтырылғаннан кейін.
Тіс сауытының апроксимальды бетіне қуыс қалыптастыру. Егерде жанында тіс болмаса қуысты қалыптастыру қиын емес. Егер де қасында тіс болып, олар бір – бірімен тығыз жанасып жатса, қуысты қалыптастыру қиындық туғызады. Қуысты ішкі бетінен қалыптастырады. өйткені тіс сауытының ерін бетінен зақымдалмаған тінді аз алу үшін.
Балауыз репродукциясы 2 әдіспен алынуын мүмкін:
тікелей әдіс-тіс қуысында пішіндеу
жанама әдіс – тістің цемент не амальгамды моделінде пішіндеу
Тікелей әдіс: пішінделген қуысқа жұмсартылған пішіндеуші материалды енгізіп, тістің жоқ болған бөлігін қауыптастырады. Бұдан кейін сай келетін металл штифті таңдап, бір ұшын сәл жылытып салманың пішінделген репродукциясына енгізеді. Суығаннан кейін штифт көмегімен қуыстан салманың дайындалған балауыз репродукциясын алып шығып, салқын суға салып зертханаға жіберіледі.
Металдан салма жасау. Металл салмасының дайындау жұмысы:
штифттің орналасуы мен диаметрін анықтау
құйма пішін алу
балауызды балқытып шығару
пішінді кептіру және дәнекерлеу
пішінді металлмен толтыру
Салма штифтің диаметрінен аз болса, оны қабат-қабат балауыз жауып ұлғайтады немесе тағы бір штифт орналастырады.
Салмаға жуықтап штифтке балауыздан муфта жабады. Кейінде бұл шөгіп қалуларды болдыртпайтындай жағдай жасайды. Балауыз репродукциясынын өзгермей бір қалыпта сақталуы мақсатында репродукцияға міндетті түрде отқа төзімді қаптама қабат жабады. Бұдан кейін модельді отқа төзімді массамен пішіндеуге кіріседі. Салма репродукциясының жұқа жиектері сынып қалмас үшін қаптама қабатты тамызып не жұмсақ қықаламмен жабады. Модельді конустан жеңіл айналуы арқылы босатып, штифтің бос ұштарын жылытып, крампонды қысқышты пайдаланып, оларды алып тастайды. Қалыпты муфель пешіне балуызды жандырып шығару үшін орнатады. Бұдан кейін қалыпты металл қорытпаларымен толтырады. Құйылған салманы ағартады да, өндемей,клиникаға тапсырады. Онда салмааның тіс қуысы бойынша дәлдігін тексеретін дәрігер өндеуді де жүргізеді.
Пластмассадан салма дайындау. Клиникадан балауыз репродукциясын алып, дәлдікті сақтау үшін тіс технигі репродукцияның тіс қуысына қарайтын беткейлерін қоюлатылмаған фосфат-цементепен жабады. Цементтегі балауыз репродукциясын цементпен жабылмаған балауыз бөлігін қалдырып, көпірлі жұмыстарға қалыптың негізіне ғаныштайды. Балауыз қатқанда қуыстан салманы алуға пайдалынған штифтің бос ұшы жылытылып, балауыздан алынады. Бұдан кейін қалыпты екінші бөлігімен жабады да контрштамп құяды. Ыстық су ағынымен балауызды ерітіп, суытылған қалыпқа түсі сай келетін пластмассаны салып полимеризация жүргізеді. Полимеризациядан кейін техник пластмасса қалдықтарын прессформа ажырамалы қуысынан кетіреді. Салмадағы цементті оңай кетіру үшін, оны НСI-ң 10-20% ерітіндісіне салып қояды. Салманы тегістеп жылтырататын – дәрігер.
Салманы дайындаудың жанама әдісі келесідей реттілікте орындалады:
тісте қуыс қалыптастыру
тістен және тіс қатарынан мүсін алу
құрама модель алу
салманың балауыз репродукциясын модельдеу
салманы балауыздан металға немесе пластмассаға ауыттыру.
Салманы жанама әдіспен жасаудың алдында тіс пен тіс қатарынан мүсін алу клиникалық кезең мен модель алудың зертханалық кезеңі өткізіледі.
Мүсінді тіске келтірілген мыс сақина мен ММСИ-В-2 типтегі термопластикалық мүсіндеу масса арқылы алады. Масса қатқанда бүкіл тіс қатарынан мүсін алады. Екі қабатты мүсін қолдануға болады. Мүсін алып, техник амальгама (7-10 г) дайындайды да алынған массамен мүсінді толтырады. Амальгаманы тіске кішкене бөліктермен мүсіннің ең терең бөліктеріне енгізеді де штопфермен тығыздайды. Қуыс толтырылғанда, мүсін үстінен амальгамадан квадрат немесе конус модельдеп қатуға қалдырады. Келесі кезеңде сақиналы масса және амальгамамен мүсінге орналастырып, модель құюғанда жылжып кетпеуі үшін мүсін ғанышына балауызбен жабыстырады. Бұдан кейін ғаныш моделін алып, одан сақина мен мүсіндеу массасын ыстық суда жылытып алып тастайды. Осы әдіс арқылы фосфат – цемент пен ғанышпен құрама модель алады. Модельдерді окклюдаторға бекітіп, салманы модельдеуге кіріседі. Амальгамадан жасалған тіске вазелин жағып, жылытылған пішіндеуші балауызбен қуысқа басып кіргізеді. Балауыз қатпай тұрғанда, шайнау беткейіннің пішінін алу үшін окклюдаторы қысады. Салманы пішіндегеннен кейін, оны қуыстан алады (бос жеріне құюшы пішіндеуші штифт енгізеді, соны пайдаланып салма репродукциясын алып шығады). Бұдан кейінгі жүретін жұмыс тікелей әдістегідей болады.
Фарфордан салма жасау технологиясы.
Тіс тәждерін салмамен протездеу келесі кезеңдермен тұрады:
а) қуысты тіс тәжіне дайындау
ә) қуыс пішіні көрінісін тікелей (мүсіндеу) және (балауызбен) әдіспен алу
б) салма дайындау
в) салманы тіс тәжінде келтіру және цементпен бекіту
Фарфордан салма жасаудың тікелей әдісі. Салмаға қуыстан мүсінді алтын немесе платинді фольгамен алады. Тістегі қуысты дайындап, шеттері қуыс жиегінен шығып тұратындай өлшемде фольганы алады. Оны алдымен қуыс түбіне, кейін іргелеріне мақтаны пайдаланып жуықтап жазып тастайды. Қуыстан мүснді шымшуыр немесе экскаватормен алады.
Жанама әдіс. Мүсінді қуыстан мүсіндеу массасымен мыс сақинасымен алады. Тіс мүсінінін берік ғанышпен, амальгамадан жасайды. Салмаға қуыс дайындаған соң, тіс бойынша мыс сақинасын келтіріп термопластикалық массамен мүсін алады, бұдан кейін, мүсінді тістен алмай, ғанышпен не силиконды массасымен тіс қатарының жалпы мүсінін алады. Мүсінді мыспен өңдейді, ол үшін мыс сақинасы мен мүсіндеу массасының бос бөлігін оқшаулаушы лакпен жабады, мүсіннің жұмысшы бөлігін ток өткізгіш ұнтақпен жауып немесе хлорлы қалайынның 2% ерітіндісіне салып, үстіне мыстың орнығуы үшін электролитикалық ваннаға 20-30 минутқа іледі. Мыспен өңдеуге электролит құрамы: 20-300 г/лмыс сульфаты, 50-70 г/л сірне қышқылы. Жұмыс тәртібі: температура –15-20ºС, ток тығыздығы – 1-2А/кв.м. мыспен өңдегеннен кейін оқшаулаушы лакты алып тастайды, мүсінді тіс қатарының жалпы мүсініне орнатып ғанышпен жалпы модель құяды. Мүсіндеу массасы алынып тасталғаннан кейін ғанышпен жалпы модель, және онда салмаға арналған металл беткейлі тіс қалыптасады. Бұдан кейін тіс қуысында фольгадан мүсін жасайды, кейін фарфор массасың дайындап, онымен фольга мүсінін толтырады. Бұдан кейін фольганы пеште күйдіреді. Ол үшін фольганы арнайы керамикалық тіренішке орнатады. Күйдіруді қарапайм немесе вакуумдық пеште өткізеді. Алдымен фарфор массасын әлсіз «бисквит» кезеңіне дейін күйдіреді, сонсоң фарфор массасы толғаннан кейін қайта күйдіреді. Бұдан кейін фольганы алмай тұрып, салма дәлдігін тіс қуысында тексереді, салманың шайнау және кесеін жиек беткейлерінің астыңғы жақтың окклюзиондық қозғалыстарыңдағы беттерін анықтайды. Күйдіруді беткейін жылтыратумен аяқтайды. Дайын фарфор салмадан фольганы алып тастайды. Дайын салманы тіс қуысында цементпен бекітеді.
Керамикалық материалдар.
Керамикалық материалдар халық шаруашылығын әр саласында кеңінен қолданылады. Олардың көпшілігнің механикалық мықтылығы жоғары, тозуға төзімділік және химиялық тұрақтылық сияқты қасиеттері бар.
Керамикалық материалдардың іішінде стоматологияда қолданылатыны фарфор мен соңы жылдарда ұсынылған кристалды шыны (ситалл). Фарфордың эсттеикалық сапалығының жоғарылығы және мықтылығы мен қаттлығының жеткілкті дәрежеде жоғары болуы, тіс салу мақсатында қолдану үшін өзіне ерте кезден назар аударады. 20-ы ғасырдың басынан бастап фарфордан жасанды тіс жасаудың фабрикалық тәсілдері меңгеріілген.
Пластмассадан жасалынған тістерді қолдануға дейін, алынбалы протездерді дайындау үшін фарофр тістер кеңінен қолданылып жүрді. Қазіргі кезде де фарфордан жасалған тістердің көптеген түрлері шығарылады. Оның негізгі себебі пласьмассадан жасалынған тістердің физикалық, механикаылық және эстетикалық көрсеткіштерінің фарофрдан жасалынған тістерден төмен болуында.
Металдардан жасалынған протездерді керамикалық массалармен әшекейлеу тәсілдері фарфор материалдарына деген сұранысты көбейтуде.
Ортопедиялық стоматологияда қолданыла бастаған кристалды шыны материалдар арнайы термиялық өңдеуден өткеннен кейін ерекше кристалдық құрлысқа ие болады да, мықтылығы мен қаттылығы жоарылайды. Бірақ, ол иілімсіз және морт сынғыш. Осы қасиетіне байланысты бұл материалдардан жасалынатын протездер серпімділіік кернеуіі болмайтын конструкциялар үшін қолданылады.
Керамикалық массалар жасанды тістер, жасанды қаптама, микропротез жасау үшін және металдан жасалынған протездерді әшекейлеу үшін қолданылады.
Тәуелсіз мемлекетер достастығында стоматологияға арналған керамикалық массаларды Санк-Петербургтың медполимер заводы шығарады.
Стоматологиялық фарфор
Ортопедиялық стоматологияда қолданатын фарфор массалары дала шпатынан 60-75%, кварцтан 15-35%, каолиннен 3-10% тұрады. Фарфор массаларының қолданылуына байланысты көрсетілген кампоненттердің проценттік қатынсы өзгеруі мүмкін. Массаның құрамына бояулар қосады, ал кейбір кезедерде арнайы қасиет беру үшін басқа комплненттерді қосады.
Дала шпаты – фарфор массаларының негізгі компоненті. Химиялық құрамы жағынан күрделі қосылыс болып табылады.
Кварц
– фарфордың қаттылығын
жоғарылататын және керамикалық бұйымдарға
химиялық тұрақтылық беретін негізгіі
компоненттерінің бірі. Кварц кремнеземнің
SiO
бір түрі және табиғатта ең көп тараған
минералдар болып есептеледі. Таза кварц
ол тау хрусталі. Металлл тотықтарымен
боялған кварцтың түстері әр түрлі болып:
күлгін, сары және т.б. Кварцтың балқу
температурасы 1700
С.
Кварцтың тығыздығы 2,65 г/см
,
моостың көрсеткіші бойынша қаттылығы
– 7.
Кәдімгі жағдайда кварцтың жылулық коэффицентінің ұлғаюы өте төмен, тек қана қорғасын қышқылында еріп басқа қышқылдармен және слтілермен әрекеттеспейді. Фарфордың құрамында кварцтың мөлшері 15 тен 25% дейін. Кварцтың 500 С жоғарғы температурада өзінң стркутурасын өзгертетіні және көлемінің ұлғаятыны сияқты қасиеті бар. Кварцтың бұл қасиеті метал құю үшін қолданылады. Кварцтың негізіндегі қалыптың массаларды қаздырғанда оның көлемі 1,2-1,3% ұлғайып, құймалардың құю кезіндегі шөгуінің орнын толтырады.
Фарфор массаларында кварцтың болуы оның қоймалжыңдығын арттырады, ал егер оның мөлшері көп болса масса түйіршіктеніп, балқу температурасы жоғарылайды.
Каолин – ақ саз балшық. Ол стоматологиялық фарфордың құрамындағы қажетті бөлігі болып табылады. Оны 3-10% мөлшерде қосатын болса фарфор массасы бұлыңғырланады және аққыштығы төмендейді. Құрамында каолиннің көбеюі фарфор массасының күйдіру температурасын жоғарылатады.
Ақ саз балшық – бұл дала шпатынан тұратын ұзақ уақыт бойы тау жанастарының судың, желдің, күннің температурасының әсерінен ыдыраудан болатын зат. Табиғаттағы ақ саз балшықтың құрамында металл тотықтары, қос тотықты кремний, жерсазы және басқа каолинге әр түрлі түс беретін заттар болады.
Каолин өндірістің көптеген салаларында қолданылады: отқа төзімді бұйымдарды дайындағанда, қағаз өндірісінде, фарфюмерлк заттар шығару үшін және т.б.
ДӘРІС
Тақырыбы: „Пластмассадан, фарфордан және биокерамикадан қаптама дайындау технологиясы. Металды керамикалы және металды акрилды қаптама дайындау технологиясы“
TPDT 2232 «Тіс протезін дайындау технологиясы» пәні
Мамандық 051302 «Стоматология»
Курс: 2 (3 семестр)
Уақыты (ұзақтығы) 1 сағат
Қарағанды 2008
Курс отырыснда талқыланып бекітілді
Хаттама № __10___«__01_»____04________2008ж.
Ортопедиялық стоматология курсына жауапты м.ғ.к. _______ А.М.Ахметжан
Тақырыбы: Пластмассадан, фарфордан және биокерамикадан қаптама дайындау технологиясы. Металдыкерамикалық және металдыакрилді қаптама дайындау технологиясы.
Мақсаты: Пластмассадан, фарфордан және биокерамикадан қаптама дайындаудың кезеңдерімен студенттерді таныстыру.
Дәріс жоспары:
Жасанды қаптамалар.
Металдыкерамикалық протездерді қолданудың абсолютті кері көрсеткіштері.
Металдыкерамикалы қаптаманы орнықтыру
Пластмасса – дегеніміз табиғи заттардан химиялық жолмен алынатын немесе төменгі молекулалық заттарды синтездеу арқылы түзілетін күрделі органикалық заттар. Табиғатта пластмассаның негізін құрайтын заттар: табиғи газ, тас көмір, мұнай, торф және басқа табиғи заттар.
Пластмассалар жеке (плексиплас, полистирол) және бірнеше полимерлердің (аминопластмассалар, фенопластар және сополимерлер) қосындысынан тұруы мүмкін. Жоғарғы температураның пластмассаның физикалық, механикалық және химиялық қасиеттеріне тигізетін әсеріне байланысты пластмассалар термопластикалық және термореактивтік болып екіге бөлінеді.
Термопластикалық пластмассалар жоғарғы температурада жұмсарады. Ал температура төмендегенде өзінің құрамын өзгертпестен, қайтадан қатаяды. Термопластикалық полимерлерге мына материалдар жатады: полиметилметакрелат, полистерол, капрон, поливинилхлорид, полиэтилен, полипропилен, фторопласт, поликарбонат.
Стоматологияда кең қолданылатын пластмассалар акрилаттар. Олар акрилді және метакрилді қышқылдардың полимерлері немесе сополимерлері.
Термореактивті полимерлерге бакелит, аминопласт және фенопласт жатады. Пластмассаны қолдану үшін оған қойылатын негізгі талаптарды білу қажет. Пластмассалар ағза үшін оның зиянсыз болуы, ауыз қуысының шырышты қабықтарын тітіркендірмей және ауыз сілекейімен реакцияға түспеуі, ауыз қуысының кілегей қабығымен түстес болып және өзінің түсін ұзақ уақыт өзгертпеуі, техналогиялық алу жолдарының оңай және құнының арзан болуы, кейбір физикалық және механикалық көрсеткіштерінің талапқа сай болуы, басқа материалдармен оңай және берік байланысуы, металмен және басқа пластмассалармен химиялық байланысқа түспеуі, пластмассадан жасалған жасанды тістер сынған жағдайда оңай жөнделуі қажет. Стоматологияда кең қолданылатын пластмассалар: этакрил немесе АКР15, фторакс, акронил, бакрил.
Фторакс – құрамында фтор бар акрилаттар сополимерлер. Фторакс пластмассаның физикалық және химиялық қасиеттері өте жақсы: химиялық тұрақтылығы және мықтылығы өте жоғары. Ол жартылай мөлдір, түсі ауыз қуысының жұмсақ тіндеріне мейілінше жақын.
Акронил – метиметакрлаттың сополимері, құрамында поливинилэтилал бар. Мономерінің құрамында пластмассаның молекулалық байланысын күшейтетін диметакрилатэтиленгликоль бар. Акронил басқа материалдармен салыстырғанда техналогиялық көрсеткіштері жоғары және суда ісіну көрсеткіші төмен.
Бакрил – басқа материалдармен салыстырғанда өте берік, мықты. Алмалы – салмалы тістерді жасауға қолданылатын негізгі (базисті) акрилатты пластмасса.
Полимер мен мономер қосылғанда химиялық реакция – полимеризация жүреді. Полимеризация дегеніміз – төменгі молекулалы заттардың химиялық реакциясынан пайда болатын жоғарғы молекулалы зат алу. Бұл пластмассаларды алудың үш технологиялық жолы бар :
а) Полимер мен мономер қосындысының қамыр тәріздес түрінде үлкен қысымның әсерімен полимеризациялау.
ә) Полимер мен мономер қосындысын қыл тәріздес түрінде құю.
б) Полимер мен мономер қосындысын құм тектес түрінде құю.
Пластмассалы қаптамалардың металды қаптамағанда артықшылықтары болады, қаптаманың түсі табиғи тістердің түсіне сәйкес келеді, сондықтан оларды алдыңғы тістерге косметикалық мақсатымен дайындайды.
Пластмассалы қаптама дайындаудың клинико - зертханалық кезеңдері
Клиника (дәрігердің жұмысы) |
Зертхана (тіс – технигінің жұмысы) |
1- келуі : Науқасты тексеру, диагноз қою, емдеу жоспарын құру. - Тісті егелеп, екі жақтан да үлгі алу; - Пластмассалы қаптама үшін түсін анықтау;
2-келуі: Шақтап келтіру және қаптаманы цементке бекіту |
Модель құю ; Модельді орталық оклюзияда құрастырып, оклюдаторға бекіту; Пластмассалы қаптаманың балауыз мүсінін дайындау;
Балауызды пластмассаға ауыстыру. Пластмассалы қаптаманы өңдеу және жылтырату. |
Кестеде пластмассалы қаптама дайындаудың клинико – зертханалық кезеңдері көрсетілген. Қаптама дайындау екі клиникалық және екі зертханалық кезеңдерден тұрады.
Егерде модель орталық оклюзияда құрастырылмаса тіс технигі тістесу біліктерін дайындайды. Бұл жағдайда пластмассалы қаптама науқастың үш рет келуімен бітеді.
Модель құйғаннан кейін тіс технигі егеленген тістің мойынын оюлайды және оны 0,3 мм ұзартады. Одан кейін балауыздан жасанды қаптаманың пішінін келтіреді. Балауыздан пластмассалы қаптаманың анатомиялық пішінін толық көлемде қалыптастырады, кейде ол аздап үлкен болады, өңдеу және жылтыратуға байланысты. Пішіндеуді ақ немесе сары балауызбен жүргізеді, өйткені түсті балауыз бояғыштары пластмассаның түсін өзгертуі мүмкін. Пішінделген балауыз қаптаманы көршілес тістер аймағымен аздап модельден кесіп алады да қалыпқа ғаныштайды. Ғаныш қатқаннан кейін балауызды ыстық судың көмегімен ағызып жібереді. Қалыпты суытады, керек түсті пластмассаны алып араластырады. Пластмасса ісінгеннен кейін оны қалыпқа салады, нығыздайды, бюгельге қысады да полимеризация жүргізеді. Көпіршіктер мен ішкі жарықшалар пайда болмас үшін полимеризацияны өте ұқыпты жүргізеді. Суыған қалыптан қаптаманы алып оны өңдейді, әрлейді, жылтыратады.
Пластмассалы қаптама дайындаудың клиникалық кезеңдер
Жұмыс істеу кезеңдері |
Жұмыс істеу реттілігі. |
Ғаныштық үлгіні желімдеу. ғанышты модель дайындау. Балауыз біліктерін дайындау. модельді оклюдаторға ғаныштау. Пластмассалы қаптаманың балауыз мүсінін дайындау.
6. балауыз мүсінді қалыпқа ғаныштау.
7.пластмассалы қаптаманы қалыптау.
полимеризация.
9. пластмассалы қаптамны өңдеу және жылтырату. |
· Қызыл иек жиегі сызығын белгілеу және тіс аралық кеңістікті ажырату. · Ерітілген балауызды егеленген тіске құяды және қаптаманың анатомиялық пішінін келтіреді. · Пластмассалы қаптама пішінделген тісті модельден кесіп алады.
· Қалыпты жұмысшы жағдайына келтіру. · Қалыптың төменгі бөлігіне сұйық ғаныш құйылады да оның ішіне қаптаманың балауыз құрылымы салынады. · Қалыптың жоғарғы бөлігі салынып үстінен ғаныш құйылады. · Ғаныш қатқаннан кейін қалыпты ыстық суы бар ыдысқа салады. · Қалыпты ашып ыстық сумен балауызды ағызып жібереді.
· Қамыр тәріздлі пластмассаны дайындау. · Қаптаманы қалыптау. · Қалыпты қыспақтың астына салу. · Қалыпты қыспақтың астына алып оны бюгельге бекітеді.
· Қалыпты бюгельмен бірге суға салады. Полимеризация жүргізіледі, одан кейін суыған қалыптан қаптама алынады.
· Тегістегіш моторда тегістеу, зімпара қағазымен өңдеу. Ішкі бетін бұрғымен тегістеу.
|
Кестеде пластмассалы қаптама дайындаудың клиникалық кезеңдері және жұмыс істеуге арналған құрал жабдықтармен жұмыс істеу реттілігі көрсетілген.
Дайын пластмассалы қаптаманы ауыз қуысында бекіткенге дейін судың ішінде сақталады.
1. Жасалынатын пластмассаның сауыт қалыңдығы 0,5-0,7 кем болмау керек. Бұл сауыттың беріктігі мен түсінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Сауыт жасамас бұрын целлулоидты қалпақша дайындап алады. Содан кейін қалпақшаны тез қататын пластмассамен құйып толтырады. Пластмасса қатқан соң сыртқы қалпақшаны кесіп алып тастайды. Алынған сауытты тегістеп, жылтыратады.
2. Ең жақсы нәтижені алу үшін аралас әдістерді қолдану керек. Әуелі үлгі арқылы пластмассадан сауытты дайындап аламыз. Содан кейін оны жақтың қабысуына кедергі жасамау үшін оның енін пішінін және биіктігін қалыпқа келтіріп, тіс сауытына орналастырады. Содан соң сауытты тістен шешіп алып, оынң ішкі жағын мономерлеу сүртіп, ішіне тағы тез қататын пластмассамен толтырамыз. Бұны жасап біткеннен кейін сауытты тіске отырғызады. Сығылған пластмассаны алып тастайды. Пластмасса әбден қатқаннан кейін сауытты тістен шешіп аламаыз. Артық пластмассаны кетіріп, сауытты жылтыратып, оны гипске бекітеді. Бұл әдіс басқа әдістерге қарағанда тиімді.
3. Сақина көмегімен қалып шешу арқылы пластмассадан сауыт жасау. Сауытты термопластикалық масса мен цементпен құйып толтыру арқылы алады. Цементпен жасалған тістің үлгісін әуелі балауыздан үлгіні жасайды, оны гипстейді, пішінін келтіреді, сығады да пластмассаны жылтыратады. Цементпен жасалған тістің берік үлгісіне қарап, сауытты дайындағанда сауыт дәл шығады. Ол ауызда сауыттың тісте орнығуын жеңілдетеді.
Тұтасымен құйылған металлокерамикалық қаптаманың дайындалу технологиясы.
Металлокерамикалық жұмыстар үшін хром-никель құймасы (виронт-77, вирон-88) кобальтхром құймасы, алтын негізіндегі құймалар (дегудент), алтын мен пластина, алтын мен палладий негізіндегі құйма, керамикалық масса «Виводент-ИТС», «ВМК-68», «Керамика», «Биодент», Мк массалары қолданылады.
Металлокерамикалық қаптаманың дайындалуының реттілігі.
Тістерді егелеу, қос қабатты үлгі алу;
Құрама модель дайындау;
Тірек тістердің моделін дайындау;
Қаптамалардың пластмассалы қалпақшасын алу;
Қаптамалардың каркасын пішіндеу;
Құю жүйесін құру, қалыптау, құю;
Каркасты өлшеп өңдеу;
Каркасты майсыздандыру, оксидті қабық алу;
Грунтты қабатты жағу және оны күйдіру;
Қаптаманың пішінін дентинді массадан пішіндеп, күйдіру;
Керамикалық жабынның пішінін, окклюзиялық беткейлерін, размерін коррекциялау;
Протезді ауыз қуысында өлшеу;
Протездің түсін коррекциялап, глазурлеу;
Протезді ауыз қуысында бекіту.
Құрама модельді алу методикасы.
Егеленеген тістің үлгідегі ұяшыға құйрықшылар орнатылады. «Мультивак» вакуумды қоңдырғысында мықтылығы жоғары гипс араластырады. Араластырылған гипстің құрамында ауа көпіршіктері болмайды, гипс біркелкі аралысады. Вибрациялы стөлше үстінде үлгі бір қабат жаңағы гипс құйылады. Құйрықшаның серпімді бөлігі алынғасын, кәдімгі тіс технигі гипсінен елесі қабат құйылады. Гипстің екі қабаты бір бірімен жақсы бірігуі үшін ретенциялық біліктер орнатқан жөн.
Сосын құрама модельдің жұмысшы бөлігін кесіп алып, протезделетін тістің тұқылы культясы алынады да тұқыл негізі көртіктен штифтке қарай 1,5-2 м қашықтықта конус тәрізді етіліп өңделеді.
Ал модельдің негізі цилиндрлі металды фрезаның көмегімен бармашинаның аз айналымда өңделеді.
Құю кезінде металдың шегуін теңестіру үшін және бекітетін цементке орын қалдыру үшін, протездің балауыз моделін дайындамас бұрын, тірек тістің гипсті тұқылына арнайы лак немесе екі түсті тырнақ бояйтын лак, қос қабат етіліп жағалады. Бірінші қабат тістің тұқылын, көртікті және алынбалы модельдің негізін (көртіктен 2 мм төмен) жағылады. Ал еікнші қабат тістің тұқылына, көртікке 2 мм жеткізбей жағылады.
Протездің балауыз моделін деформацияланбау үшін қалыңдығы 0,6 мм арнайы полимерлі пластинадан пластмассалы қалпақша дайындайды. Оны оттың жалынына барлық беткейлері мөлдірленгенше қыздырады да гипсті тұқылмен «Керамопласт» немесе мольдинге батырады. Сосын қалпақшаны көртіктен 1 мм жоғары жерде кеседі.
Қаптаманың каркасын «Модевакс» балауызымен пішіндейді. Қаптаманы жасыл балауызбен, ал мойын бөлігін – қызыл балауызбен.
Пішіндеп ережелері.
Керамикалық жабыңға орын қалдыра отырып, тістің анатомиялық пішінін қалпына келтіру, айқын экватор, қажет биіктік жәнешайнау бетіндегі бұдырлар;
Қабырғаларының қалыңдығы 0,4-0,5 мм аспауы;
Қаптаманың оральді бетінде, фарформен жабылмайтын бөлігінде қалыңдығы 1 мм, өні 2-3 мм болатын, металды жаға (гирлянды) пішінделеді, ол жылу өткізгіштікті жақсартады.
Үшкір қырлар мен бұрыштар болмауы керек.
Каркастың мойын бөлігімен керамикалық жабын жабылатын жердің шекарасында кертік жасалынады.
Қаптаманың фарформен жабылмайтын бөлігі жасыл балауыз бен қабат –қабытымен пішінделеді.
Фарфордың металға өтетін жері орталық окклюзияда антагонист тістердің қабысу зонасына сай келмеуі керек.
Диаметрі 2,0-2,5 мм, ұзыңдығы 5-6 мм болатын, «Восколит-2» балауызынан жасалған литниктер әр-бір құйылатын бірлікке орнатылады, ал өні 3-5 мм болатын «коректендіруші» әр-бір литникке бекітіліп, литникті конуспен жалғасып тұрады. Қалыптау алдында балауыз композициялары майсыздандырылады («Новость», ОП-6, ОП-7 ерітінділері). Қалыптау үшін «Сиолит» массасы қолданылады, ол қатқан соң (30 мин кейін) қалыпты термиялық өндеуден өткізеді. 200ºС температурада балауызды ағызып, 30-60 минт ұстайды да, біртіндеп температураны 350ºС-қа дейін көтереді, қалыпты 30 минут аралығында қыздырады.
Құйылғаннан кейін каркасты құю жүйесінен дискнің көмегімен кесіп алады; сосын құйманы қалыптағыш массаның қалдығынан құм ағымды аппараттың көмегімен тазартады; өрлегіш дөңгелектер және абразивті тастардың көмегімен беткейлері бір қалыпты болғанша өңделіп, көртік сызығын металл-фарфор шекарасында тегістейді. Егер каркастың ақауы болса, қайта жасауға тура келеді. Клиникада каркасты өлшегеннен кейін, оны ақырғы рет механикалық өңдеуден өткізеді: ұсақ дисперсті алмазды бастармен беткейлері өрленіп, құм ағысымен өңделенген кейін каркастың беткейлері біркелкі ашық сұр түсті болады.
Каркасты майсыздандыруды сірке қышқылының этил эфирінде жүргізіледі, содан кейін өңделген беткейлеріне қол тигізуге болмайды. Каркас кептіріліп , вакуумды пещте термиялық өңдеуден өткізіледі, пайда болған тотық қабаты фарфор массасының жақсы ұсталып тұруына әсерін тигізеді.
Базисті немесе грунтты қабаты жағылып, конденсацияланғаннан кейін күйдіріледі (1080ºС-та пештің кіре берісінде 4-5 минут ішінде қыздырылады. 750º-та шығарылған күйдіру үстелшісінің үстінде және 750ºС-1080ºС-та 7 минут ішінде күйдіріледі). Металл көрінбеу үшін қайталап грунтты қабат жағылады да, тағы да бір рет күйдіріледі. Сосын дентинді массадан қаптама мен фасетканың анатомиялық формасы пішінделеді. Кіре беріс бетінде кесу қырынан экваторға қарай дентинді қабат жанып алынады да, мөлдір массамен алынған бөлік қалпына келтіреді. 920ºСөда пештің кіре берісінде 5 минут, күйдіру үстелшесінде 5-10 минут және 750ºС-тан 920 аралығында күйдіріледі.
Ауыз қуысында өлшенген соң, глазуровка жасалынады. (Микрорельеф жасалынып, «Колорит» бояғышымен боялады). Пештің кіре берісінде 920º- С та 5 минут, күйдіру үстелшесінде 750º С – та 3 минут, 920º С – да 1, 5-2, 5 минут күйдіріледі.
Протез суығыннан соң металды бөлігі (гирлянды) механикалық тәсілімен жылытыратылады.
Тірек қаптаманың ішкі қабырғаларынан тотықтар (скалина) бөлшектерінің диаметрі 100 мкм-ден аспайтын абразивтерінен ауа қысымын қолдану арқылы тазаланады.
Керамикалық беттегішті сақтау үшін, алдын-ала балауызбен немесе пластырмен жабады.
Тақырыбы: Штифті тістер дайындау технологиясы. Жіктелулері
Мақсаты: Штифті тістерді дайындау технолгиясымен таныстыру.
Дәріс жоспары:
Штифті тістердің түрлері. Қолданулары.
Тірек тістерге қойыдлатын талаптар.
Штифті тістерді дайындаудың клиникалық кезеңдері мен реттілігі.
Штифті тістерді бекіткеннен кейін болатын асқынулар.
Штифті тістер – штифтің көмегімен түбір өзегінде бекітіліп, табиғи тістің сауытты бөлігін қалпына келтіретін алынбайтын протездің бір түрі. Ол сауытты қаптамадан бөліктен түбір қорғаныс пластинкамен штифтен тұрады. Сауытты бөлігі табиғи тістің (сауыттың) едәір бұзылған немесе жоқ болған кезінде анатомиялық пішінін және қызметін қалпына келтіреді. Түбірлік қорғаныс пластина түбірлі зақымдалуын және цементтің сорылуын сақтайды.
Штифті тістер – бір түбірлі, сирек көп түбірлі тістерде қолданылады. Oл төменгі жақтың күрек тістерінің түбір өзектері қолданылады. Штифті тіс түбір өзегіндегі бүйірлі қысымға төтеп бере алатын штифтен және сауытты бөліктен тұрады.
Л. В. Ильина – Маркосян жіктелуі бойынша штифті тістер 3 топқа бөлінеді.
Штифті тістредің сауытты бөлігі немесе түбір үстілік қалқаны түбірге кигізіліп (жанасып) тұрады.
Түбірдің шығыңқы бөлігі қалпақшамен жабылады.
Штифті тістің бекітуші бөлігі түбірдің шығыңқы бөлігіне ғана емес, түбір өзегінің қабырғаларына да вкладка арқылы кіріп тұрады.
Е. И. Гаврилов стандартты штифті тістердің тістреді жеке топқа бөлуді ұсынады. Түбір қорғаныс пластинасының конструкциясында байланысты В.Н. Копейкин штифті тістердің сақиналы және тұтас құйылған деп бөлуді ұсынады. Ол штифті тістерді культті қаптама және Логанның қаптамасына жатқызады. Дайындалу әдісіне байланыты – штитфі тістер құйылған және дәнекерленген; материалына байланысты – металлддан пластмассалы, фарфорлы және беттелген;
Тағайындалуы байланысты – қалпына келтіруші, тіректі, тіректі – қалпына келтіруші болып бөлінеді.
Штифті тістер кигізілетін түбірге қойылатын талаптар:
Түбір ұшы маңында созылмалы қабыну ошағы болмай, түбір өзегі түбір ұшына дейін цементпен керек.
Түбір тұқылы қызыл иек деңгейінде немесе одан сәл шығыңқы болуы керек.
Түбір өзегінің қабырғалары қалың, кариеспен зақымдалмаған болуы керек.
Түбірдің ұзындығы сауыт ұзындығының 2: 1 қатынасындай болуы керек.
Штифті тістерге қойылатын талап:
Түбірді қоршаған тіндерді зақымдамауы керек;
Түбір өзегіндегі цемент еріп, сарылып кетпеуі үшін түбірге нығыз отыруы керек;
Штифтің көмегімен түбір өзегінде жақсы бекітілуі керек.
Эстетикалық талғамға сай болуы керек.
Құйылған культті штифті толтырғыштар
Тіс сауытты толығымен зақымдалып, жоғалған кезде, қаптама, штифті тіс және толтырғыштарды пайдалану мүмкін болмаған уақытта құйылған штифті толтырғыштардың көмегімен протездеуге болады.
Ол тұтас құйылған штифтен, толтырғыштан және культті сауытан тұрады. Сауыт фарфорлы, пластмассалы және құрасты оылған болады.
Құйылған культті штифті толтырғыштың штифті тістердің алдында мынандай артышылықтары бар:
Бір тұтас құйылған болғандықтан олар мықты келеді, түбір өзегінде жақсы бекиді;
Алдыңғы және бүйірлі тістердің түбірлерін қолдануға болады.
Жабынды қажеттілігіне қарй ауыстырып отыруға болады.
Тіс түбірі терң деңгейде зақымданғанда да қолдануға болады
Жекеленген (қисық) дұрыс орналаспаған тістерді түзету үшін қолданылады
Дәрігер бірінші клиникалық қабылдауда тістің сауытты бөлігінің қалғанын немесе түбір бөлігінің жұмсарған дентинінен тазалай отырып, өткір қырларын егелеп, дайындайды.
Түбір қабырғаларының сақталуына және мықтылығына байланысты құйылған культті түбірге орналасуы әр-түрлі болады.
Егер түбірдің ортаңғы бөлігі зақымдалса құйылған культ түбір өзегінің сағасына орналастырады да шеткері бөліктері бос қалады.
Ал егер түбірдірдің беткей бөлігі түгел зақымдалса, құйылған штифті толтырғыш түбірдің осы ауданға түгел жанаса орналасады да, шетінен жабын конструкцияға арналып уступ жасалынады.
Түбірдің беткей бөлігі өңделіп біткен соң түбір өзегі болашақ сауыттың биіктігіндей тереңдікке өңделеді. Ол үшін өзек сағасына овальді немесе тік бұрышты, тереңдігі 1-2 мм, көлденені 2-3 мм болатындай қуыс өнделеді. Бұл қуыс штифтің тіс өзегінде айналып кетуін тудырмайды және түскен күшке төтеп беретін амартизатор қызметін атқарады.
Өнделген өзекке жұмсарған балауызды штифт кіргізіп, тістің болашақ сауытын модельдейді. Бұл балауызды конструкцияны шығару үшін оральді беткейіне қыздырылған штифт кіргізіледі, салқындаған соң тістің өсі бағытымен ептеп шығарылады.
Штифті толтырғыштардың балауызды репродукциясын жасаудың басқа да методикасы бар.
Модельдеуге арналған балауыз таяқшасы жұмсартылып балауыз штифт пішінделеді де түбір өзегіне кіргізіліп, өзек сағасындағы қуысқа нығыздалады. Алдын – ала өзекке өлшеніп, жасалған штифтің бір ұщын қыздырып , балауызды (вкладка) олтырғыш тұрған өзекке енгізіледі. Штифтің айналысына балқытылған блауызды қоса отырып, болашақ жасанды сауыттың культясын пішіндейді. Штифт салқындаған соң бір ұшынан ұстап ептеп шығарылып алынады да металға ауыстырылады.
Құйылған штифті толтырғыштың жасалуын жеңілдетіп, жылдамдату үшін ағылшынның Cottrell Compani фирмасы стандартты металдан жасалған дайын, бір шетінде винтті бұрамасы (нарезкасы) бар якорьлерді шығарады. Якорьлер түбір өзегіне арналған ұзындығы 17 мм, оның 10 мм-і түүбір өзегі үлесіне тиеді. Комплект ішіне отвертка фреза түбір өзегін кеңейткішт түбір өзегі ішіне бұранда (нарезка) жасайтын метчик кіреді.
Тіс сауытын культа арқылы қалпына келтіру методикасы.
Түбір өзегінің 2:3 бөлігін өңдеп , түбір өзегі сағасына қуыс жасалынады. Түбір өзегінің ұзыңдығы анықталған соң, азғантай цементтің көмегімен , күш түсірмей , отверкамен якорь түбір өзегінің ұзыңдығы анықталған соң, азғантай цементтің көмегімен, күш түсірмей , отверкамен якорь түбір өзегінің ішіне бұралып (ввинчивать) енгізіледі. Якорьдің қызыл иек үстілік бөлігіне сауыттың пішіні беріліп, шеткері бөлігіне уступ жасалынады да мыс сақина енгізіліп, жабын жасау үшін үлгі алынады.
Сыртқы сақинасы бар штифті тіс сыртқы сақинасы бар штифті тісті Ричманд ұсынған. Штифті тістредің ішіндегі ең тиімдісі болып табылады. Ерекшелігі түбір өзегіне кіргізіліп тұратын штифтке дәнекерленген, тұқылды жауып тұратын қалпақшаны болады. Алғашқы кезде қалпақша алтыннан жасалынған . Қазіргі кезде штампталып жасалынады. Қалпақшаның шеттері қызыл иек астына барынша кіріп тұруы қажет. Тіс тұқылының қалған эмалін егелеп алып тастаса қалпақша аз орын алып тұрады және пародонт тіндерін зақымдамайды.
Қалпақшаның табеліне штифке арналған тесік жасалынады. Осы арқылы штифті тіс ұсталынып тұрады. Штифт түскен бүйірлі күшке төтеп бере алатындай болуы керек. Штифт 250 пробалы алтыннан, тот баспайтын болаттан КХС жасалынады.
Түбір өзегінде штифті тістің ұсталып тұруы көптеген факторларға байланысты: беткейіннің ауданына, формасына, конвергенцияға, штифтпен өзек қабырғалары арасындағы саңылауға байланысты. Штифт неғұрлым жуан, ұзын болса соғұрлым оның беткейінің ауданы үлкен болады, сондықтан түбірмен штифтің арасындағы бекініс үлкен болады. Түбір өзегінің қабырғалары 1,5 мм жұқа болса түбірдің сынып кету қауіпті болады. Сондықтан көп кеңейте беруге болмайды. Штифтің жуандығын арттыру үшін және оның айналып кетпеуін қамтамасыз ету үшін түбір өзегінің саңылауы (устье) түбір өзегінің формасы және түсетін күштің бағыты ескеріле отырып кеңейтіледі. Жалпайған түбірлер вестибулярлы бағытта, қосымша қуыс арқылы (2 мм аспау керек) кеңейтіледі.
Конвергенция штифтің дұрыс орнығып отыруында маңызды роль атқарады. Цилиндрлі штифтердің бұл жағдайда жақсы қасиеті бар. Ол үшін өзек арнайы құралмен өңделеді де стандартты штифтер қолданылады.
Конус тәрізді формалы штифтер жиі қолданылады. Олар түбір өзегінің формасына сай болғандықтан оңай алынады.
Штифтердің қуысты, сайлы, қырлы түрлері де қолданылады. Штифтің ұзыңдығы қуыстың ұзындығымен бірдей немесе ұзын болса берік орналасады. Штифт айналып кетпеу үшін формасы овальді және түбір өзегі формасына сәйкес ұшына қарай жіңішкертіліп жаслынады. Ал штифтке кертпелер жасалынса түбір өзегінде берік отырады. Штифтің ұшы қалпақшадан 5-6 мм шығып тұруы керек. Қалпақша мен штифті тіс өзегіне кіргізіп, припасовка жасаған соң дәрігер көшірме алады да модель қойылады. Модельде штифті қалпақшамен дәнекерлейді. Дәнекерленген штифпен қалпақша ауыз қуысы ішінде тіске өлшеніп, қалпақшаның қызыл иекке отыруын, тексереді де қайтадан көшірме алынады, қарама-қарсы жақтан да көшірме алады. Бұлардан қайтадан модель құйылып, штифпен қалпақша модельге отырғызылады. Штифті тістің сауытты бөлігі құрастырылған болады.
Еріндік бөлігіндегі фасетка қандай материалдан жасалуына байланысты, техникалық дайындалу этапы да басқаша болады. Фасетканың негізін балауыздан пішіндеп, металлдан құяды да қалпақшамен дәнекерлейді. Фарфордан немесе пластмассадан фасетка пісіріледі.
Дайын штифті тіс ауыз қуысында тексеріледі. Қызыл иекке қатысты жағдайы тістің анатомиялық формасы фасетканың түсі, тістерге қатынасы, антогонистерге қатысты тексеріледі. Альвеола аралық биіктіктің сақталуын мұқият тексеруі жөн. Себебі биіктік өзгерсе штифті тіс қозғанғыш болады.
Түбір өзегі мед. өңдеуден өткізіледі және штифті тіс өңделіп, цементке отырғызылады. Түбір өзегіне цемент салынады, қалған цемент штифтке жағылып, түбір өзекке енгізіледі.
Ричмондтың штифті тісінің артықшылығы – қалпақшаның болуында. Қалпақша түбір өзегіндегі цементтің сілекейде еріп кетуін болдырмайды. Тістің жақсы бекінуін қамтамасыз етеді.
Жағымсыз жағы – металды қалпақша көрініп қалмас үшін қызыл иекке терең отырғызу керек. Ол пародонт тініне зақымдау әсерін тигізеді.
Вкладклы штифті тіс
Куб тәрізді құйылған вкладка жасалынады. Қабырғасының ұзындығы 3-4 мм. Ол сымнан жасалған штифпен дәнекерленген амартизатор қызметін атқарды. Тіс тұқылында куб тәрізді қуыс егеленеді. Ол штифт тісінің айналып кетпеуін қамтамасыз етеді. Бұл Л.В. Ильина – Маркосянның конструкциясы.
Түбір өзегі кеңейтіліп, вкладкаға куб тәрізді қуыс егеленеді.
Штифте өзекке припасовка жасап, балауызбен қуыстан көщірме алады.
Түбірге құйылған вкладканы өлшеп, көшірме алу.
Шаргородский бойынша сақиналы штифті тістер.
Түбірді дайындағаннан кейін оның параметрін сымнен өлшейді. Лабораторияда жаңадан сақина дайныдайды. Клиникада кейін, сақиналы кигізіп, түбір өзегіне штифті енгізгеннен кейін, көшірме алынады. (Жұмысшы – протездерінен жақтан және көмекші – қарама-қарсы жақтан) . Лабораторияда модель құйып алғаннан кейін оны орталық окклюзияда окклюдаторға бекітіп, фасетка дайындай үшін қорғаныс бөлігін балауыздан пішіндейді.
Модельден қорғаныстың балауыз өнімін штифпен бірге алып, оны металға ауыстырада, онда сақинаның дәлі көрінісі жақсы айқын түседі. Модельге құйылған бөліктерді орналастырып оны балауызбен желімдеп, дәнекерлейді. Сонан кейін қорғанысқа фасетканы бекітеді.
Логанның фарфорлы қаптамасы штифті тістері. Бұл тістер фабрикада дайын күйінде шығарылады, штифпен біріккен фарфорлы қаптамалар немесе бөле-бөлек (штифт, фарфорлы қаптама). Олар алдыңғы 6 тіске арналға. Әр түрлі пішінде және көлемде гарнитур түрінде шығарылады, олардың түсі табиғи тістер мен сәйкес. Оларды ауыз қуысында тістерге кигізіп тексерген соң фосфат цементке бекітеді. Ахмедов бойынша құрама пластмассалы штифті тістер. Бірінші тістің тұқылын штампталған қаптама астына дайындау (жұмысшы және көмекші). Клиникада қаптаманы кигізгеннен кейін, таңдай беткейінен тістің түбірінің өзегеіне дәлдеп тесік жасалынады. Ол үшін қаптаманың балауызбен толтырып тіске кигізіледі, балауыз түбір өзегіне кіріп штифт түзеді, соның бойымен қаптамаға тесік дайындалады да оны қайтадан балауызбен толтырып тіске кигізген соң тесік арқылы штифт енгізіледі. Гипстен көшірме алынып, лабораторияда модель құйылады. Қаптаманы оттың жалыына қыздырып модельден штифпен бірге алып, дәнекерлейтін бөлігін тазалағаннан кейін, модельге орналастырылады және штифті қаптамаға желімдегеннен кейін, гипстейді және дәнекерлейді. Штифтің артығын қияды, қаптаманың вестибулярлы беткейін тістің мойынына қарай жіңішке белдеу қалдыра отырып алып тастайды, оның шетіне кертіктер жасалынады да модельге отырғызылады және вестибулярлы беткейін балауызбен пішіндейді. Мұнан соң пластмассаға ауыстырылады.
Тақырыбы: „Метал құймаларынан, пластмассадан, биокерамикадан құйылған және беткейлі қабаты әшекейленген көпіртектес протезді дайындау технологиясы“
TPDT 2232 «Тіс протезін дайындау технологиясы» пәні
Мамандық 051302 «Стоматология»
Курс: 2 (3 семестр)
Уақыты (ұзақтығы) 1 сағат
Қарағанды 2008
Курс отырыснда талқыланып бекітілді
Хаттама № __10___«__01_»____04________2008ж.
Ортопедиялық стоматология курсына жауапты м.ғ.к. _______ А.М.Ахметжан
Тақырыбы: Металл құймаларынан, пластмассадан, биокерамикадан жасалған құйылған және әрленген көпіртектес протезді дайындау технологиясы.
Мақсаты: Металл құймаларынан, пластмассадан, биокерамикадан жасалған, құйылған және әрленген көпіртектес протезді дайындау технологиясымен студенттерді баныстыру
Дәріс жоспары:
Пластмассадан жасалған көпіртектес протездер.
Металлды қортпалардан жасалған көпіртектес протездер.
Биокерамикадан жасалған көпіртектес протездер.
Тіс қатарының ақауында ақаудың ара қашықтығына, орналасуына және сақталған тістердің тірек аппаратының жағдайына байланысты консольді немесе көпіртектес протездер қолданылады.
Консольді протез – бұл алынбайтын протез конструкциясы тіс қатарының ақауы алдыңғы аймақта болғандағы тірек бөлікті бір жақты дистальді орналасқандағы протез болып табылады.
Көпіртектес протез - бұл протез конструкциясы, ондағы тірек элементтер тіс қатары ақауының екі жағында орналасады.
Тірек элементтері болып жасанды қаптамалар, жартылай қаптамалар, штифті қаптамалар, штифті тістер және вкладкалар жатады. Бұл протездің денесін жасанды тістер құрайды. Олар металдан, металдың фарфорымен немесе пластмассамен комбенациясынан тұрады. Егерде протез денесі металдан болса оны құйылған тістер деп атайды. Ал аралас болса онда фасетка болып табылады.
Көпіртектес және консольды протез дайындау келесі клиникалық және зертханалық кезендерден тұрады.
Тістерді егелеп үлгі алу.
Тіс қатарының орталық ара қатынасын анықтау.
Тірек бөліктерді зертханалық дайындау (қаптамалар, жартылай қаптамалар, вкладкалар және штифті тістер).
Тірек бөліктерді шақтап келтіру және үлгі алу.
Үлгіні бір – біріне біріктіріп модель құю.
Протез денесін балауызбен пішіндеу.
Көпіртектес протездің денесін құю.
Көпіртектес протездің бөліктерін дәнекерлеу.
Өндеу және жылтырату.
Протезді тірек тістерге бекіту.
Жартылай қаптама – бұл шартты түсінік, алынбайтын протез конструкциясы табиғи тістің ішкі бүйір және шайнау беттерінен жауып тұратын протез. Жақсы косметикалық эффект үшін көпіртектес протездің тірек бөліктерінде қолданылады.
Жартылай қаптаманы дайындау реттілігі:
Табиғи тісті дайындау;
Тістен және тіс қатарынан үлгі алу;
Аралас модель дайындау;
Тіс модельін өндеу;
Жартылай қаптаманы балауыздан пішіндеу;
Балауыз репрогдукциясын пластмассаға немесе металға айырбастау.
Егерде тіс ақауы бір жақтан немесе екі жақтан тіс түбірлерімен шектелсе және олар көпіртектес протездің тірек нүктелері қызметін атқара алса онда штифті тістері бар көпіртектес протездер дайындалады.
Салма (вкладка) – бұл микропротез жартылай бұзылған табиғи тістердің тіңдерін қалпына келтіру үшін және көпіртектес протездің тірек бөлшектері ретінде қолданылатын протез. Тістерді салмалармен протездеу келесі клиникалық және зертханалық кезендерден тұрады.
Тісте қуыс қалыптастыру;
Үлгі алу және тіс модельімен тіс қатарынан модель құю;
Салманың балауыз репродукциясын алу;
Балауыз репродукциясын металға ауыстыру, егерде салма фарфордан жасалатын болса – фарфорлы массаны күйдірілуі жүргізіледі;
Салманың дұрыс дайындалғаны тексеріліп, ауыз қуысында бекітіледі.
Алынбайтын құрама көпіртектес протездерді, протез бекітілетін тірек тістер бір – біріне өте қисайған жағдайда қолданылады. Протезді тұрақтандыру айтарлықтай қиындықтар туғызады. Құрама көпіртектес протездің денесі екі бөліктен дайындалған, олар бір – бірімен құйылған кламмер немесе құлыпты байланыстырғыш арқылы байланысады.
Пластмасса дегеніміз табиғи заттардан химиялық жолдармен алынатын немесе төменгі молекулалық заттардан синтез арқылы түзілетін күрделі органикалық заттар. Табиғатта пластмассаның негізін құрайтын заттар: табиғи газ, тас көмір, мұнай, торф және басқа табиғи заттар.
Пластмассалар жеке (плексиплас, полистирол) және бірнеше полимерлердің (аминопластмассалар, фенопластар және сополимерлер) қосындысынан тұруы мүмкін. Жоғарғы температураның пластмассаның физикалық, механикалық және химиялық қасиеттеріне тигізетін әсеріне байланысты пластмассалар термопластикалық және термореактивтік болып екіге бөлінеді.
Термопластикалық пластмассалар жоғарғы температурада жұмсарады. Ал температура төмендегенде өзінің құрамын өзгертпестен, қайтадан қатаяды. Термопластикалық полимерлерге мына материалдар жатады полиметилметакрилат, полистирол, капрон, поливинихлорид, полиэтилен, полипропилен, фторопласт, поликарбонат. Полиэтилен мен полипропиленнің құрамы біртұтас.
Жоғарғыда көрсетілген металдар физикалық, механикалық қасиеттерінің акрилаттармен салыстырғанда артық болғандарына қарамастан, техникалық қиыншылықтарға байланысты стоматологияда қолданылмайды. Мысалы: В.Н.Копейкиннің басшылығымен поликарбонатты полимерден алмалы-салмалы жасанды тістердің негізінде қолданылатын материал карбонет алынған болатын. Тістерді жасау технологиясының күрделігіне және оның технологияылық құрал-жабдықтары өте қымбатқа түсуіне байланысты карбодент іс жүзіне кең қолдау таппады.
Стоматологияда кең қолданылатын пластмассалар акрилаттар. Олар акрильді және метакрильді қышқылдардың полимерлерін немесе сополимерлері. Термореативті полимерлерге бакелит, аминопласт, фенопласт жатады. 1940 жылға дейін бакелиттен (иксолан, стомалит, эфнелит) негізгі материалдар жасалынған. Кейін бұл заттар кейбір кемістіктеріне байланысты жаппай қолданылудан ығып қалған.
Пластмассаны қолдану үшін оған қойылатын негізгі талаптарды білу қажет. Пластмассалар организм үшін оның зиянсыз болуы, ауыз қуысының шырышты қабықтарын тітіркендірмей және ауыз сілекейімен реакцияға түспеуі, ауыз қуысының кілегей қабығымен түстес болып және өзінің түсін ұзақ уақыт өзгертпеуі, технологиялық алу жолдарының оңай және құнының арзан болуы, кейбір физикалық және механикалық көрсеткіштерінің талапқа сай болуы, басқа материалдармен оңай және берік байланысуы, металмен және басқа пластмассалармен химиялық байланысқа түспеуі, пластмассадан жасалған жасанды тістер сынған жағдайда оңай жөнделуі қажет.
Тәуелсіз мемлекеттер бірлестігінде шығатын жасанды тіс жасау үшін шығарылатын өнімдердің ішінде жоғарғы талаптарға сай материалдар акрилатты полимерлер болып отыр. Қазіргі уақытта стоматологияда кең қолданылатын материалдар: этакрил немесе АКР – 15, фторакс, акронил, бакрил.
Бұл материалдардың бір-бірінен айырмашылығы олардың физикалық, механикалық немесе химиялық қасиеттерінде. Мысалы: фторакстың беріктігі, мықтылығы, соққыға тұрақтылығы және басқа көрсеткіштері этакрилден 1,5-2 есе жоғары. Технологиялық алу жолдары бірдей болса да, температуралық ереже жоғарыда көрсетілген заттардың физикалық және механикалық көрсеткіштеріне әр түрлі әсер етеді.
Полимерлі материалдарды химиялық байланыстарға байланысты үш түрге бөледі: жазық тізбекті полимерлер, тігілген полимерлер, егілген полимерлер.
Бірінші топтағы матреиалдардың полимерлерінің немесе сополимерлерінің молекулаларының структурасы ұзын тізбектелген мономерлерден тұрады, мысалы метилметакрилат бөлшектері. Тізбектелген молекулалар иіліп оралып жатады. Материал өзіне тән еріткіштерде еруге бейім. Бұл топтағы материалдарға Этакрил жатады.
Екінші топтағы материалдардың полимерлерінің молекулаларының структурасы ұзын тізбектеліп, бір-бірімен кейбір жерлерде байламдар арқылы жалғасқан, мысалы глинольдің диметакрил эфирі. Тізбектер бір-брімен жалғасқандықтан еркін орын алмастыра алмайды. Бұндай материалдар ешбір еріткіштерде ісінеді. Бұл топтың өкілі ретінде Акрелді айтуға болады.
Үшінші топтағы материалдардың полимерлерінің молекулаларының ұзын тізбектері құрамында фторы бар каучуктермен жалғастырылған. Егілген сополимерлердің өте ұсақ бөлшектері бұл топтың материалдарына соққыға төзімділік және эластикалық сияқты қасиеттер береді. Бұл топтың негізгі өкілдері ретінде «Фторакс», «Акронил» сияқты материалдарды келтіруге болады.
Стоматологияда қолданылатын акрилатты пластмассалар екі заттың қоспасынан тұрады. Полимер – ұнтақ және мономер – сұйық. Этакрилдің ұнтағы үш эфирдің сополимері: метил және этил эфирлерінің меракрилді қышқылдарымен, акрил қышқылының метил эфирінің қосындылары. Қатынастары 89:8:2. Этакрилдің мономері метилакрилат және метилметакрилаттың қосындыларынан тұрады. Қатынастары 89:8:2. Мономердің құрамында ингибитор гидрохинон (0,005%) және пластификатор дибутилфталат (1%) бар.
Фторакс – құрамында фтор бар акрилаттардың сополимері. Фторакс пластмассасының физикалық және химиялық қасиеттері өте жақсы: химиялық тұрақтылығы және мықтылығы өте жоғары. Ол жартылай мөлдір түсі ауыз қуысының жұмсақ тканьдеріне мейлінше жақын.
Акронил – метилметакрилаттың сополимері, құрамында поливиниэтилал бар. Мономерінің құрамында пластмассаның молекулалық байланысы күшейтетін диметакрилат триэтиленгликоль бар және ингибитор антиескірткіш қосылған. Акронил басқа материалдармен салыстырғанда технологиялық көрсеткіштері жоғары және суда ісіну көрсеткіші төмен.
Бакрил – басқа материалдармен салыстырғанда өте берік, мықты алмалы-салмалы тістерді жасауға қолданылатын негізгі акрилатты пластмасса. Бакрил полимерінің құрамында эластомер бар. Бакрилдің құрамында полимеризациядан кейінгі болатын мономердің қалдығының дәрежесі де төмен 0,2-0,3%.
Полимер және мономер қосылғанда химиялық реакция – полимеризация жүреді. Полимеризация дегеніміз төменгі молекулалы заттардың химиялық реакциясынан пайда болатын жоғарғы молекулалы зат алу.
Бұл пластмассаларды алудың үш технологиялық жолы бар: а) полимермен мономер қосындысының қамыртәріздес түрінде үлкен қысымның әсерімен полимеризациялау; ә) полимер мен мономер қосындысын қыл тәріздес түрінде құю; б) полимер мен мономер қосындысын құм тектес түрінде құю.
Пластмассаның химиялық, физико-механикалық көрсеткіштеріне полимер мен мономердің салмақ қатынастарының әсері бар.
Әдебиеттер:
Гаврилов Е.И., Щербаков А.С. «Ортопедическая стоматология»;
Демнер Л.М. «Зубопротезная техника»;
Гаврилов Е.И., Альшиц И.М. «Ортопедическая стоматология»;
Копейкин В.Н. «Руководство по ортопедической стоматологии»
Қорытынды сұрақтар:
Пластмассадан жасалған көпіртектес протездерді дайындау технологиясы
Технологический метод изготовления мостовидных протезов из биокерамики
Технологический метод изготовления мостовидных протезов из металлических сплавов
Ф КГМА 1-8-21/02
МУ «Организация методической
работы в соответствии с ГОСО 2006
года» от 04.07.2007 г
