- •Дәріс тезисі.
- •Отқа төзімді модель дайындау
- •Бюгельді протездің дәнекерленген каркасын дайындау
- •Доғалы протезге тістерді орнату және базисін дайындау
- •Әдебиеттер:
- •Бақылау сұрақтары ( кері байланыс)
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Ортопедиялық стоматология курсы
- •Көпіртектес протез дайындау барысында металлокерамикалық сауыттардың астына тістердің сауытты бөліктерін егелеу әдістерінің ерекшеліктері.
- •Қаңқанын дұрыс киілмеу себептері
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Ортопедиялық стоматология курсы
- •Жартылай алмалы-салмалы протездердің элементтері
- •Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Ортопедиялық стоматология курсы
- •Сүттістер мен тұрақты тістердің шығу реті мен уақыты Сүттістер.
- •Тұрақты тістер.
Қаңқанын дұрыс киілмеу себептері
Жұмысшы модельдің ақаулары ,қалпақшанын балауыз репродукциясынын деформациясы ,қаңқаны құю барысындағы құиманын шөгуі ,тірек тістерді дұрыс емес егелеу
Окклюзиялық қатынастарды бағалау .Орталық окклюзия жағдаиында антагонистер арасында 1,5-2 мм алшақтық болуы керек Бүиір алдынғы окклюзия кезінде қаңқа уақытынан бұрын жанаспағаны жөн .Металл қаңқаны тексергеннен кеиін жақтардын орталық қатынасын тағы тексерген жөн .
.Болашақ керамикалық беткеилі қаббаттын түсін тандау . .Болашақ керамикалық беткеилі қаббаттын түсін тандау табиғи жарықта науқастын көмегімен жүреді .
Қалыптау- металдарды құюға арналған қалыптауды даиындау процессі, ал қалыптағыш масса осы қалыпқа арналған материал .Қалыптағыш массанын негізгі құрамы отқатөзімді ұсақдисперсті ұнтақ пен баиланыстырғыш заттар жатады
Қалыптағыш материалдын қасиеті
құю процессін дәл етеді , сонын ішінде құиылған бөлшектін аиқын беткеилігі
құимадан онаи алынуы керек ,оған жабыспаи .
қату уақыты 7-10 мин
металды құю барысында паида болатын газдарды жұтуға арналған газөткізбеитін қабатты қалыптастыру
Құю өңдірісінде келесі қалыптағыш материалдар қолданылады
1 .ғанышты
2 . фосфатты
3 .силикатты
Гипсті қалыптағыш материал -20-40 процент ғаныштан және кремнии тотығынан тұрады . Ғаныш-баиланыстырғыш зат, кремнии тотығы –толықтырғыш ,ол массағак шөгу деформациясынын қажетті көлемін және жылутұрақтылықты береді Қату жылдамдығын реттеу үшін жәнеКТР үшін қоспаға 2-3 процент натрии хлоридін немесе бор қышқылын қосады .Силуар- ұсақ алтын бөлшектерін құю үшін қолданылады
Фосфатты қалыптағыш материал –ұнтақтан (цинкфосфатты цемент,ұсақталған кварц, кристобалит, магнии тотығы т.б. жатады) және сұйықтықтан ( фосфор қышқылы , магнии тотығы, су т.б. жатады )
Силикан –универсальды қалыптағыш материал (, фосфатты баиланыстырғыш материалдан ,кварцтан кристаллобалит) негізіндегі массадан тұрады.Ол жоғарғы құималарды құю үшін қолданылады Массанын даиындау сапасын жоғарлату үшін вибраторды қолданған жөң
Вест-джи –кез келген құималарда қолданылатын фосфатты қалыптағыш материал
Силикатты қалыптағыш материал-фосфатты материалдармен ауыстырылған Олар өте мықты және жылуға тұрақты Оларды КХС және тот баспаитын болатты паидаланғанда қолданады
Тақырыбы: Алынбалы көпіртектес протезлермен протездеу.
Мақсаты: Алынбалы көпіртектес протездермен протездеу технологиясына үйрету.
Дәріс жоспары:
1. Алынбалы көпіртектес протездің клинико-зертханалық кезеңдері
2. Тіреп ұстағыш ілмектері бар алынбалы көпіртектес протез.
3. Құлыпты бекіткіштері бар алынбалы көпіртектес протез.
Толық штампталған қаптаманы тірек тістерге шақтап келтіру.
Жұмыс істеу кезендері |
Құрал - жабдықтар |
Өзін - өзі бақылау критериі. |
Дайындық кезені. |
Стоматологиялық айна, пинцет, зонд, балға және т.б. инструменттер. |
|
Алтыннан, күміс палади құймасынан, хром никель құймасынан жасалған штампталған қаптамалардың сапасын технологиялық критерилерін тексеру. |
|
Гипсті штампикте қаптама мынандай болуы керек: А) тістің анатомилық пішініне сай болуы керек; Б) тістің мойнына тығыз жанасуы керек. В) қарандашпен белгіленген тістің мойының жабуы тиіс. Қаптаманың жиектері қыртыссыз, бүртіксіз болғаны жөн. Қаптаманы гипсті штампиктен шешіп оның біртұтастығын тексеру. Қаптаманы саусақпен басқанда деформацияға ұшырамауы тиіс. Қаптаманы жақсылап сутегінің қос тотығымен және спиртпен өндеген жөн. |
Қаптаманы дәрі – дәрмектік өндеу. |
Мақта, спирт, су тегінің қос тотығы, пинцет. |
|
Қаптамаларды тірек тістерге шақтап келтіру. |
|
Жасанды қаптама тірек тістерге едәуір күшпен енгізіледі. Тістің анатомиялық пішініне сай келеді. Апроксимальді беттерінде жанында тұрған тістермен жанасады. Қаптаманың шеттері тіс қызыл иек қалташасына 0,1 – 0,3 мм кіріп тұрады. Орталық окклюзияда антогонист тістермен фиссуралы -төмпешікті жанасуды сақтайды. Төменгі жақтын қозғалысына кедергі келтірмейді. Бағалы құймалардан жасалған қаптамаларды тісті қосымша егелегеннен кейін тірек тістердің тұқылының окклюзиялық бетін балауызбен құйып оны шақтап келтіреді, одан кейін үлгі алынады. |
Егерде тірек қаптамалары технологиялық, клиникалық талаптарға сай келсе дәрігер үлгі алады. Жұмысшы үлгі алу. |
Стандартты қасықтар, гипс. |
Үлгі гипспен алынады. Үлгілік массасы бар қасық қозғалмалы шырышты қабатқа жеткізілмейді. |
Үлгінің сапасын бағалау. |
|
Үлгіге протездің орны толық түсуі қажет. |
Қосымша үлгі алу. |
|
Үлгі гипспен немесе басқа үлгілік материалдармен алынады. Оған тістің окклюзиялық бетін және кесу қырын экваторға дейін жақсы түсірілуі қажет. |
Модельді окклюдаторға гипстеу.
Жұмыс істеу кезендері |
Құрал - жабдықтар |
Өзін - өзі бақылау критериі. |
Модельді дайындау. |
Жабысқақ балауыз, ұзындығы 5 см сым, газды гарелька. |
Жақ модельдерін ортоалық окклюзияда құрастырады, төрт жерден сыммен немесе сіріңкемен жабысқақ балауыздың көмегімен қыздырып бекітеді. |
Модельді окклюдаторға гипстеу. |
Резиналы колба, шпатель, гипс, су, окклюдатор, стол. |
Резиналық колбаға су құйып оған қаныққанша гипс қосады. Одан кейін біртұтас масса болғанша араластырады. Столдың үстіне гипс салып оған окклюдатордың төменгі рамасын бекітеді. Оның үстіне төменгі жақтын модельін жабады, гипстің қалдығын шпательмен алып тастайды. Одан кейін азғантай гипсті жоғары жақтын модельіне салып оның үстіне окклюдаторды жоғарғы рамасын бекітеді. Оның үстіне де қосымша гипспен толықтырып жабады. Шпательмен модельдің пішіні бойынша пішіндейді, қалғаның алып тастайды. Гипс қатқаннан кейін модельді бекіткен сымдар алынып тасталынады. |
Тіс жасау тәжірибесінде тіс протездерінің бөлшектерін байланыстыру үшін дәнекерлеу кеңінен қолданылады. Оларға қойылатын негізгі талаптар түсетін күш салмақтарға байланыстардың мейлінше мықты болып, төтеп беретіндей қабілеттілігінің болуы. Дәнекерленген жердің мықтылығы негізінен дәнекердің қасиетіне байланысты. Дәнекерленген жердің сапасы балқыталған дәнекермен металдың жалғанатын бөлшегінің өзара диффузиясына байланысты. Балқыған дәнекер металға жақсы жағылуы қажет. Металдардың диффузиясына қыздырғандағы металл беттерінде түзілетін тотықтары және әр түлі бөгде заттардың болуы кедергі жасайды. Егер түзілген тотықтардан тазаламаса немесе түзелуінің алдын алмаса, онда дәнекерленген жер әлсіз болады немесе мүлдем дәнекерленбейді. Дәнекерлеу кезінде тотықтардан тазарту үшін және дәнекерленетін беттерде тотықтар түзілмес үшін арнайы заттар – флюстер қолданылады. Олар тотыққан қабатты ерітінді және балқыған дәнекердің бетіне шығады. Тіс жасау тәжірибесінде ең көп қолданылатын флюстерге натрий тетрабораты, бор қышқылы, қарағай шайырыжатады. Бұл заттар балқытылған күйінде металл беттеріне тез ағып, тотықтарды ерітеді және олардың түзілуіне жол бермейді. Флюсті таңдағанда дәнекерлеудің температурасын есепке алады. Флюстің балқу температурасынан төмен болып, дәнекерлеу кезінде бұл айналмауы қажет. Дәнекерлеу жұмсақ болу үшін флюс ретінде қарағай шайыры мен мырыш хлоридін қолданады.
Қарағай шайыры – қатты морт сыңғыш, түсі ақшылтам қоңырдан қою қоңырға дейінгі зат. 60С температурада жұмсарып, 120С температурада балқиды. Балқытылған қарағай шайыры металдарға жақсы жағылады, беткі қабатын коррозиядан сақтайды.
Натрий тетрабораты – дәнекерлеу қатты болғанда қолданылады. Ол ақ түсті кристалды ұнтақ. Балқу температурасы 741С. Натрий тетраборатын 400С қыздырғанды су бөлініп шығады. Егер сол тез арада қыздырылатын болса, онда масса ісініп көбіктенеді. Сондықтан дәнекерленетін жер біртіндеп қыздырылуы қажет. Дәнекерлеуді дәнекерленетін жерден бураны аздап себуден бастайды. Ол балқыған кезде металл беттеріне жақсы жағылады. Қыздыруды тоқтатпастан дәнекерленетін жерге дәнекерге салады. Балқытылған дәнекер тегі жағынан металға жақын және тығыздығы бураға қарағанда жоғары болғандықтан оны ығыстырып шығарып орнын басады.
Бор қышқылы – ақ түсті кристалдық ұнтақ. Флюс ретінде бор қышқылы жеке қолданылады немесе басқа компоненттердің құрамына кіреді. Мысал ретінде мына қоспаны айыруға болады: бура (50%), бор қышқылы (35%) және кремний тотығы (10%). Бұл қоспа бағалы металдарды дәнекерлеу кезінде жиі қолданылады.
Металл құймаларынан тіс протездерін жасау барысында әр кезендерде термиялық өндеулерден өтеді. Металды қыздырған кезде беткі қабаты тотығып, тотықты қабат түзеді. Түзілген тотықты қабат металдың бетін қарайтып, келімсіз жасайды. Тотықты қабат физикалық және химиялық қасиеттері жағынан таза металдан айырмашылығы бар: оның қаттылығы жоғары, морт сынғыш, кейбір кездерде металдың коррозиясын жылдамдатады. Тотыққан қабатты алу, сапалы түрде әрлеу және жылтырату үшін дайындық болып табылады. Өндірісте тотықты қабатты тазарту үшін электроэрозиялық, химиялық, электрохимиялық, электронды сәулелер, ультрадыбысты және басқа тәсәлдерді қолданады.
Тіс протезін жасау барысындағы металдардағы тотықты қабатты тазарту үшін химиялық тәсәіл қолданылады. Ол тотықты қабатты ерітіп металды ағартқандықтан ағартқыштар деп аталады. Ағартқыштардың құрамы, қасиеті металдың немесе құйманың түрлеріне байланысты болады.
Тексіз металл құймаларын қыздырған кезде, тотықтар текті металдарға қарағанда тез түзіліп қалың болады. Ағарту үшін қышқылдырдың немесе олардың қоспаларының судағы ерітіндісі қолданылады. Бұндай қоспалардың ерітіндісінің әсері өте күшті болғандықтан, тек тотықпен ғана әрекеттесіп қана қоймай сонымен бірге металға да әсер етеді. Ағартқыштырдың тек тотығы ғана ерітіп, тек металға әсер етпейтіндей қасиеті болуы керек.
Күміс – палладий құймалары 10-15% - тік тұз қышқылында ағартылады. Алтынның негізіндегі құймалары термиялық өндеуден кейін 30% - тік тұз қышқылының ерітіндісі арқылы тазартады.
Хром және кобальт құймаларынан біртұтас бюгель протездерін жасау барысында түзілген тотықтарды механикалық тәсілмен темір щеткалары арқылы немесе күйдіргіш калийге салып химиялық өндеуден өткізу арқылы тазартады. Құйманы балқыған күйдіргіш калийге 2 минутқа салады.
Дәнекерленген көпіртектес протездің қаңқасын тірек тістерге шақтап келтіру. Пласмассалы беткейлі қабаттың түсін анықтау, дәнекерленген көпіртектес протезді өндеу және жылтырату. Балауыздан фасетканың вестибулярлы бетін пішіндеу.
Жұмыс істеу кезендері |
Құрал - жабдықтар |
Өзін - өзі бақылау критериі. |
Дәнекерленген протездің қаңқасын технологиялық бағалау. |
Визуальді.
|
Дәнекерленген көпіртектес протездің өнделгенің, ағарғаның және дәнекерленген жерін толық тексеру қажет. Дәнекерленген көпіртектес протездің аралық бьөлігінде тексеру керек: 1) жасанды тістердің окклюзиялық беттерінің пішінделгенің; 2) окклюзиялық беттің тіл жақ бетіне өтетін орнын. 3) пластмассаны ұстап тұру үшін құйылған металл сымдарының сапасын. |
Дәрі – дәрмектік өндеу. |
Сутегінің қос тотығы, спирт, мақта, пинцет. |
Дәнекерленген көпіртектес протездің барлық беттерін сутегінің қос тотығымен және спиртпен жақсылап өндеу. |
Қаңқаны клиникалық бағалау. |
Визуальді, стоматологиялық айна, зонд, пинцет. |
1)Дәнекерленген көпіртектес протездің қаңқасы тірек тістерге онай киілуі керек. 2) Әр тірек қаптама тістің анатомиялық пішініне сай болуы керек, жалында тұрған тістермен жанасып, тістің мойын бөлігін толығымен жапқаны жөн. Қаптаманың жиектері қызылиек қалташасына 0,1 – 0,3 мм кіріп тұрады. 3) Қаптамалар алтогонист тістермен төмпешікті фисуралар жанасып төменгі жақтын қозғалысында ешқандай кедергі тудырмауы қажет. 4) Көпіртектес протездің аралық бөлігі. Тексеру керек: а) окклюзиялық беттердің толық қозғалысын; б) орталық окклюзия кезінде тістердің антогонистерімен фиссуралы төмпешікті жанасуы; в) аралық бөліктің тиілмелі формасында алдыңғы бөлікте альвеолярлы өсіндінің шырышты қабатын аз мөлшерде жабуы, тіс қатарының бүйір бөлігінде жуылмалы формасын қалыптастыру. г) дәнекер тіс қызыл иек бүртігін жарақаттамағаны жөн. д) окклюзиялық беттің тіл бетіне өтетін жері 2 мм – ден жоғары болуы керек, тегіс дөңгелектенген тілдің шырышты қабатын жарақаттамағаны жөн. |
Пласмасалы беткейлі қабаттың түсін таңдау. |
Айна, табиғи жарық, пластмассаның түр – түсі. |
Пластмассалық қабаттың түсін тандау пациентпен бірге табиғи жарықта жүргізіледі. Дәрігер әрқашанда түсініктеме беруі керек, өйткені пациент өзінің табиғи тсітерінің түсіне қарамай, одан да ашық түс тандауы мүмкін. Таңдалған пластмасса түсін нарядқа жазылады. |
Балауыздан фасетканың вестибулярлы бетін пішіндеу. |
Газды гарелька, шпатель, пішіндеуші балауыз, дәнекерленген көпіртектес протездің металл қаңқасы, жабысқақ балауыз. |
Дайындық кезені: 1) тіс технигі дәнекерлеген көпіртектес протездің аралық бөлігін жақсылап жуып, көпіртектес протездің қаңқасын ауамен кептіреді. 2) (ЭДА) лагын металл фасетканың бетіне жағылады. Қорғаныш бетті кептіреді, дайындалған көпіртектес протездің қаңқасын гипстік модельге орналастырады. 3) Гипстік модельге көпіртектес протездің қаңқасын жабысқақ балауызбен тірек қаптамалардың вестибулярлы және аральді беттеріне бекітеді. 4) Балауыз гипстік модельге жабысып қалмау үшін модельді суға 5-10 минутқа салады. 2 кезен: балауыздан фасетканың вестибуляр бетін пішіндеу. 1) Сұйық балауыздың бірінші порциясын сымның денгейіне дейін оларды толықымен жабады. 2) Одан кейін ерітілегн балауызды фасетканың вестибуляр бетін толығымен жауып, керек тістің анатомиялық пішіні қалыптастырылады. |
Тақырыбы: Тіс қатары ақауларының жіктелулері
Жартылай тістердің болмауы тіс – жақ сүйек аппаратының патологиялық жағдайының көп тараған түрі. Оның улиникасы әр түрлі, тістердің қалай және қай уақытта жоғалтқанын анықтау керек, тіс қатарында олардың орналасуы мен саны, қалған тістердің пародонты мен қатты тістерінң жағдайы, тістесу түрлерін анықтаймыз. Бұл кезде науқастың жасы, созылмалы аурулары, бұрын ауырған аурулары, тұқым қуалаушылық факторлары біраз әсерін тигізеді. Протездеу, ортопедиялық терапияның бір түрі бола тұрып, тіс қатарларын бұратын механизмдер мен тістерді жартылай жоғалтудың этиологиясын толығымен білгенде ғана нәтижелі болады. Протездеу тек жоғалтқан функцияны қалпына келтіру емес, сонымен қатар тіс доғасының әрі қарай сақталуын алдын алады. Осының бәрі ортопедиялық стоматологияның басты мәселелерін құрайды.
Жартылай тістерді жоғалту себептері әр түрлі. Олардың себебі тіс жегісінің асқынуы пародонтопатия, жарақаттар, бет жақ аймағында жаңа қалыптасуларды алуға жасалынған операциялар. Тіс жоғалту жиілігінің тек жасқа байланысты емес, жынысқа да байланысты екенін атап өткен дұрыс. Тіс жұлынғаннан кейін тіс доғасы өзгереді. Клиникалық көрінісі әр түрлі, ол жоалтқан тістердің санына, олардың тіс доғасында орналасуы, шайнау актісінде қызметі, тістесу түрі, қалған тістердің қатты тіндерінің және пародонттың жағдайы.
Жартылай тістерді жоғалту клиникасының басты симптомдары:
Тіс қатарының бір тұтастығынан бұзылуы
Тіс қатарының өздігіімен қозғалушы тіс топтарына бөлінуі және екі басты тіс топтарымен байланыстың пайда болуы.
Қалған тістердің пародонтына функциональды қысымы
Тіс қатарының окклюзиялық беткейінің екіншілік деформациясы
Сөйлеу және шайнау қызметінің бұзылуы
ЖТЖ жүйесінің қызметінің бұзылуы
Бұлшықет қызметінің бұзылуы
Эстетикалық қалыптың бұзылуы
Көп себептердің бірі тіс қатарының оның бір тұтастығының жоғалуы, екі топ тістердің пайда болуы, сөйлеу қызметінің бұзылуы, тіс пародонтының функциональды салмақ түсіруі, тіс қатарының окклюзияның беткейінің деформациясы, осылардың бәрі тез арада пайда болмайды, тістердің одан әрі жоғалтуымен және тірек аппаратының ауруларымен байланысты.
Тіс қатарының тұтастығының бұзылуы ақаулар пайда болуынан туады. Тіс қатарының ақауы болып тістердің бірден он үшке дейін болмауы. Әр ақау оның тіс қатарында орналасуымен сипатталады. Ақау екі жағынан тістермен қоршалған немесе бір жағынан шеткері ақаулары.
Кеннеди бойынша жіктелу
Тіс қатарлары ақаулары 4 классқа бӛлінеді.
Бірінші класқа екіжақты шеткі ақауы бар тіс доғасы жатады.
Екінші класқа – біржақты шеткі ақауы бар тіс доғасы.
Үшінші класқа – бүйір бӛлімдегі тіс доғасының ішінара ақауы.
Тӛртінші класқа – тіс доғасының алдыңғы бӛлімінің ішінара ақауы. Соңғысынан басқа класстар кіші класстарға бӛлінеді.
Шет елдерде Кеннеди бойынша жіктелуі, тіс қатарларының ақаулары 4 классқа бөлінеді:
бір жақты шеткері ақаулары, шайнау тістерін жоғалтқаннан пайда болған. Бұл жағдайда тіс қатары үзіліссіз болады.
бір жақты шеткері ақаулары бар, қосымша изьяндардың болуына байланысты тіс доғасы екінші класстың подкласына жатуы мүмкін
тіс қатарының бір жағында бүйір бөлігінде аралық ақауы бар тіс қатары жатады. Доғада қосымша ақаулар болған жағдайда үшінші класстың бір пподкласына жатқызамыз
фронтальды бөліктегі ақау алдыңғы тістер жатады. Бұл класста подкласс жоқ.
Кеннеди жіктелуін қолданғанда бірнеше ақаулар болған жағдайда қиындықтар тууы мүмкін. Келесі тәртіп бойынша, егер бірнеше ақау болса, әр түрлі классқа жатқызады, тіс доғасын кіші классқа жатқызады.
Е. И. Гаврилов бойынша жіктелу.
Оның ерекшелігі – бір тіс 17 сақталған жақтарды бӛлек бір топқа бӛлген. Бұл жіктелуде ақаулар тӛрт топқа бӛлінеді. 1) шеткері (біржақты және екіжақты); 2)ішінара (бүйірлі – біржақты, екіжақты және алдыңғы); 3)комбинирленген; 4)жалғыз тісті жақтар. Бұндай ақауларды протездеудің дайындығы мен әдісінің ӛзіндік ерекшеліктері бар.
Гаврилов бойынша жктелуі:
шеткі ақау
қосылған ақаулар
комбинерленген ақау
жалғыз тұрған тістер
Жіктелуді аяқтай отырып бұлардың әрқайсысы өзінің қосымы мен алымы бар деуге болады. Кез келген жіктелу аурудың клиникасын зерттеуді жеңілдете отырып, сонымен қатар протездеудің жоспарын толығымен бере алмайды, протез конструкциясын таңдау ақаудың орналасуына ғана емес, сонымен қатар сауыттың жағдайына және қалған тістердің тірек аппаратына, окклюзиялық беткейге байланысты орналасуына, тістесу түріне, тіссіз альвеоляр өсіндінің сипатына, науқастың жасына және т.б. байланысты.
Тіс қатарының өздігімен қызмет жасайтын тістер тобына бөлінуі, функционирлеуші және функционирлемеуші тістер топтарының пайда болуы тістерді жартылай жоғалту клиникасында негізгі симптом болып саналады. Тіс қатарының біртұтастығы оның функционирлеуі мен қызметі үшін басты жағдай. Жеке тіс топтарының функциясы, сонымен қатар оның істе болуы тек тіс доғасының құрамында болады.
Тістерді жұлу оның біртұтастығын бұзып, оны бөлшектейді. Тістің бөлігі жоғалғаннан кейін тіс доғасының біртұтастығы морфологиялық, функциональдық қатынаста да жоғалады. Мұндай жағдайда тіс қатарлары өз алдына топтар болып бөлінеді немесе тұрған тістер болып бөлінеді. Олардың біреуі тіс – антогонистерін сақтап, қызмет жасап, функционирлеуші тіс топ қалыптастырады. Басқалары одан тыс қалып функционирлемеуші тіс топтары аталады.
Пародонтқа функциональды күш түсіру жартылай тістер болмағанда шайнау қысымын таратудың өзгеруіне байласынты, бұл тіс қатарының тұтастығының бұзылуы, тістердің санының азаюы, бұл тістер өзінің антогонистерімен қатынаста болады, аралас қызметтің болуы, окклюзиялық беткейдің екіншілік деформациясы, бұл деформация тістердің екіншілік ығысуымен туған өзгерістерге байланысты.
Тістердің жартылай жоғалуында болатын функциональды күш түсіру, тез арада пайда болмайды. Жарақатты окклюзияның дамуында жоғалған тістердің жалпы саны әлі де анықтаушы сәт болып саналмайды. Тістесудің биіктігін ұстап тұрушы және өзіне қысымды қабылдаушы жоғалған антогонистер саны маңызды. Ақау маңайында басында болатын күрделі қайта құрылыс, жеке тістер мен тіс топтарының орнының өзгеруімен байқалады.
Антогонистен қалыпта окклюбзиялық қатынасты бұзатын тіс орналасуын өзгертетін, пародонтқа функциональды күш тудыратын, окклюзия кезінде қалыптан тыс бағытта еңкеюіне, тіс айналуына әсер етуші күш пайда болады. Сондықтан тіс орналасуының кез келген өзгерісі шамадан тыс күш түсуге жағдай жасайды.
Окклюзиялық беткейдің екіншілік деформациясы жарақатты окклюзияның дамуында басты себептерінің бірі болып табылады.
Біріншілік және екіншілік тістердің ығысуы болады. Біріншілік ығысу немесе бат-жақ аймағының форма қалыптастыру процесімен өтетін заңды биологиялық процесі болатын жарып шығару. Екіншілік ығысу түсінігіне деформация немесе басқа патологиялар әсерінен болған тіс қатарының қалыптасуы мен жарып шығуынан кейін тіс орналасуының өзгерісі кіреді. Осымен байланысты беткейінің деформациясы екіншілік аталуы мүмкін.
Тіс қатарының біртұтастығы бұзылған кезде жабық күш шынжыры үзіліп, артикуляциялық тепе-теңдік бұзылады. Пайда болған ақаулар шайнау кезінде іске қосылатын жеке күштерді нейтронуацияланады. Мұндай кездерде шайнау қысымдар физиологиялық және жарақаттаушы факторлар тіс аппаратының бұзылуын күшейтіп, дамытатын болады. Екіншілік тіс ығысуы, тіс қатарының окклюзиялық беткейінің екіншілік деформациясы осы ыдыраудың мағынасы болады.
Адамның тіс аппараты үлкен функциональды мүмкіншіліктерге ие, сондықтан шамалы тіс болмағанда, басқа тістер көмегімен асты қажетті дәрежеде ұсақтап, компенсирлейді. Кеңінен қос антогонист тістердің саны қысқарғанда, шайнау әсері азайып, тамақты шайнау уақыты ұлғайып, ас түйірін қалыптастыру фазасы ұлғайып, асқорыту трактісінің төмен жатқан бөліктеріне салмақ түседі. Тісті жұлу сөйлеудің бұзылуына әкеліп соғады. Сөйлеу тек алдыңғы тіс болмаған жағдайда емес, сонымен қатар бүйір тістер болмағанда да өзгереді, өйткені бүйір тістер дыбыс қалыптастыруға қатысады.
Соңында тістердің болмауы науқастың сырт бет әлпетін бұзып, эстетикалық норманы бұзады.
Тістердің жартылай болмағанында шайнау қысымын бөлуде жадайының өзгеруіне байланысты буынның қалыпты қызметінің бұзылуы, тістесу биіктігінің төмендеуіне және тістердің екіншілік ығысуымен төменгі жақтың побочный экскурсиясының пайда болуы. Осы үш фактор буынның қайта құрылуымен функциональды күш түсіруіне әкеледі. Басында күш түсірудің ұлғаюы үйрену яни компенсаторлы, қайта құрылу, сосын өсуші функциональды қысым өзгеріске әкеледі.
Әдебиеттер
Гаврилов Е.И., Щербаков А.С. «Ортопедическая стоматология»;
Демнер Л.М. «Зубопротезная техника»;
Гаврилов Е.И., Альшиц И.М. «Ортопедическая стоматология»;
Копейкин В.Н. «Руководство по ортопедической стоматологии»
Қорытынды сұрақтар (обратная связь)
Ф КГМА 1-8-21/02
МУ «Организация методической
работы в соответствии с ГОСО 2006
года» от 04.07.2007 г
