Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11111111111.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Ортопедиялық стоматология курсы

ДӘРІС

Тақырыбы: „Металдыкерамикалық және металдыакрилды көпіртектес протезді дайындау технологиясы“

TPDT 2232 «Тіс протезін дайындау технологиясы» пәні

Мамандық 051302 «Стоматология»

Курс: 2 (3 семестр)

Уақыты (ұзақтығы) 1 сағат

Қарағанды 2008

Курс отырыснда талқыланып бекітілді

Хаттама № __10___«__01_»____04________2008ж.

Ортопедиялық стоматология курсына жауапты м.ғ.к. _______ А.М.Ахметжан

Тақырыбы: Металдыкерамикалық және металдыакрилді көпіртектес протез дайындау технологиясы.

Металлокерамикалық протез дайындаудың клинико – зертханалық кезендері.

Клиникалық кезен:

1 – кезен:

  1. Тексеру;

  2. Диагноз қою;

  3. емдеу жоспарын құрып, протез құрлымын таңдау;

  4. Тісті егелеу;

  5. Екі қабатты қосымша жұмысшы үлгі алу;

  6. Егеленген тістерді уақытша сауыттармен жабу.

2 – кезен:

  1. Көпіртектес протездің құйылған қаңқасын шақтап келтіру;

  2. Түсін анықтау.

3 – кезен:

  1. Беткейлі қабат алдында металлокерамикалық көпіртектес протезді шақтап келтіру;

  2. Көпіртектес протез металлокерамикалық протездің пішіні және түсін коррекциялау.

4 – кезен:

  1. Металлокерамикалық көпіртектес протезді тапсыру және бекіту;

  2. Кеңес беру.

Зертханалық кезен:

1 – кезен:

  1. Екі қабатты үлгінің сапасын бағалау;

  2. Құрама аралас, модельді дайындау;

  3. Тірек тістердің модельін дайындау, бетін лакпен жағу;

  4. Көпіртектес протездің қаңқасының балауыз репродукциясын алу;

  5. Құю жүйесін орналастыру;

  6. Отқа төзімді пішінді дайындап, қаңқаны құю әдісі арқылы алу;

  7. Қаңқаны өндеу.

2 – кезен:

  1. Беткі қабатты майсыздандыру және тотықты пленка алу;

  2. Керамикалық беттің бірінші грундты қабатын жағу және оны күйдіру;

  3. Тірек қаптамалардың пішінің модельдеу, дентин массасынан аралық бөлікті пішіндеу. Екінші рет күйдіру, протезді соңғы үшінші рет күйдіру үшін сауытты бөлігін және сауыттың бетті керамикаылқ қабатының, пішініне және көлеміне коррекция жасау.

3 – кезен:

  1. Керек жағдайда керамикалық беткі қабаттың түсіне коррекция жүргізеді;

  2. Глазурьлеу;

  3. Керамикамен жабылмаған протездің металл бөлшектерін механикалық жолмен өндеу;

  4. Клиникаға бекіту үшін тапсыру.

Көпіртектес протез дайындау барысында металлокерамикалық сауыттардың астына тістердің сауытты бөліктерін егелеу әдістерінің ерекшеліктері.

  1. Жоғарғы тістерді егелеу. Тістердің пішініне және орналасуына, тістесу түріне, тістесу түрінің ерекшелігіне байланысты, металлокерамикалық сауыттар үшін алдыңғы тістерді егелеу салыстырмалы жүреді. Алдыңғы жоғарғы тістер металлокерамикаылқ сауыттар үшін жақсы жағдай туғызады. Мойын бөлігінен 08 мм – ден аспайтын домалақ пішінді саты жасалынады және тістің тіні 1,5 - 2,5 мм тереңдікте біркелкі алынады. Тістің пішініне қарамастан айтарлықтай тісті егелеу қауыпсіз аймақтарда жүргізіледі. Ал қалған аймақтарда тіңді құйылған қаптамадан етіп алынады. Саты тек қана тістің вестибулярлы бетінен жасалса ол жанасу бетіне келіп жіңішкереді. Ал егерде жанасу бетінде болса ол тіс аралық бүртіктер денгейінде орналасады. Тіл жағында саты қызыл иек денгейінде орналасады. Тісті егелеп болғаннан кейін оның қабырғалары тегіс және өткір бұрыштары болмауы тиіс.

  2. Алдыңғы төменгі тістерді егелеу егелеу барысында тістің тұқылын қалыптастырады. Ол фарфорлы беткей қабаттың металл бөлігінің минимальді қалындығын қалыптастырады. Тістің сауытты бөлігінің аумағының кіші болуына байланысты және төменгі жақтын алдыңғы тістеріне металлокерамикалық қаптама дайындағанда тіс улпасының таяу тұруына байланысты эстетика жағынан жағымсыз деп есептелінеді. Бұл уақытта қосымша алдын – ала тіс ұлпасын алып тастау жүргізіледі.

  3. Жоғарғы кіші азу тістерді егелеу. Жоғарғы кіші азу тістерді дайындағанда вестибулярлы жақтан көп мөлшерде тін алынады. Бұл тістер үшін тістің мойын бөлігінде саты дайындауға болады. Немесе ол қызылиек астына аздап еніп тұрады. Үлкен және кіші азу тістерде металлокерамикалық сауыттар сатысыз жасалынады. Қажетті фарфорлы беткейлі қабаттың алу үшін металда вестибулярлы төмпешікті көп мөлшерде егелейді.

  4. Төменгі кіші азу тістерді егелеу. Металлокерамикалық қаптама фарформен жабылу үшін төменгі кіші азу тістерді вестибулярлы бетімен қоса оккюзиялық және тіл беткейлерін егелейді. Бұл уақытта тістің окклюзиялық беті ауызды ашқанда көрінетіндіктен окклюзиялық беттен тістің шайнау бетінің рельефін сақтай отырып, 2 мм қалыңдықта егеленеді. Төменгі бірінші кіші азу тіс көрініп тұратындықтан тіл беткейінің окклюзиялық бөлігі фарформен қапталады. Кейбір жағдайларда екінші кіші азу тіс фарформен тек қана вестибуляр беті жабылады. Өйткені ерін оны мойын бөлінде жауып тұрады.

  5. Жоғарғы үлкен азу тістерді егелеу. Жоғарғы жақтын үлкен азу тістерін егелеу тура жоғарғы кіші азу тістерді егелеу сияқты жүргізіледі.

  6. Төменгі үлкен азу тістерді егелеу. Тістің окклюзиялық бетінен 1,5 – 2 мм алынады ал басқа беткейлері кіші азу тістерді егелегендей жүргізіледі. Үлкен азу тістерде металл керамикалық қаптамалар эстетика жағынан артық болып табылады.

Уакытша каптамалар сақтайды:

  1. Иленген тістердің ұлпасының пайда болу реакциясы;

  2. Өңелген тістердің бетін инфекциядан сақтайды;

  3. Протез дайындау барысында игеленген тістердің ығыспауын болдыртпайды.

Уақытша қаптамалар науқасқа тұрақсыз психикасында тістердің түсі, пішіні және көлемі өзгерген уақытта аурушан сезімнің болмауы үшін протез дайындау барысында ыңғайлы жағдай жасайды.

Уақытша қорғаныс протездері

Уақытша протез дегеніміз аралық фаза протезді соңғы барысына дайындауға дейінгі кезенде оны қорғау және тұрақтандыру функциясын атқарады. Уақытша қорғаныш протездері барлық алынбайтын протездерге дайыедалу керек. Металлокерамика және металлопластмассалық протездерді дайындағанда тістердің қатты тіндерінің 1,5 - 2 мм алынады. Олар ауыз қуысында егелегеннен кейін бекітіледі.

Уақытша протездерді дайындау қажеттілігін негіздейтін жағымды факторлар:

  1. Науқас соңғы протез дайындағанға дейінгі кезеңді қиындықтарына шыдайды

  2. Науқастын бет пішіні өзгермеиді,тіс қатарынын ақауы толықтырылып, бұзылған тістін анатомиялық пішіні қалпына келіп бұлшық еттердін тонусы қалпына келеді сондықтан да еріннін, ұрттын, тілдін орналасуы өзгермеиді

  3. Окклюзиялық қатынас сақталып, самаи төменгі жақ буынынын жағдаиы қалыптасады

  4. Сөилеу, шаинау функциясы,эстетика бұзылмаиды

  5. Аурушан сезім жәнепсихикалық жарақатты болдырмау пациенттін жағдаиын жақсартады

  6. Тұрақты протезге беиімделу бірінші күннен бастап жүреді.

Уақытша протезге қоиылатын талаптар

Уақытша протез тіспен тығыз жанасып тұрады және егеленген бетті сыртқы ортадан тістін сезімталдығы болдырмау үшін және ұлпанын әрі қараи тітікенуінен сақтап тұрады

Егеленген тістін бетіне қараитын парадонт тінінің дұрыс жағдаиы, уақытша протездердін дұрыс шекараларымен ұсталынып тұрады

Уақытша протездер егеленген тістерді сыртқы тітіркендіргіштерден сақтап тқрады (механикалық, химиялық, термиялық)

Уақытша протездер әлсіз парадонты бар тістерді шендеп тұрақтандырады,емдеу барысында онын болашағын анықтаиды

Уақытша протездер жасалуы оңаи және бағасы төмен болуы керек

Уақытша қорғаны протездердін тура, жанама, аралас даиындау әдістері бар.

Оларды жалпы даиындау схемасы

Науқасты тексеру

Болашақ протездін балауыз композициясынын диагностикалық моделін оқу

Матрикс даиындау

Уақытша протез даиындау үшін тістерді егелеу

Протезді бекіту

Уақытша протездеу кезінде емдеу нәтижесін бағалау

Ортопедиялық стоматология кафедрасында уақытша протез даиындаудын үш әдісі белгілі ,олардын даиындалуы женіл және әрқаисыснын өздерінін артықшылықтары мен көрсеткіштері бар

Иммидиат протездегідеи тістерді егелегенде уақытша құрылымдарды даиындау әдісі.

Бұл әдіс тура әдіске жатады қозғалмалы тістер көп жұлынғанда парадонт ауруларында қолданылады.Науқасты әбден тексергеннен кеиін тұрақты протездін конструкциясын тандап тіс қатарынан элластикалық массамен толық анатомиялық үлгі алынады ,оны жылы суға салып қояды.Тірек тістерді егелеп , қозғалмалы тістерді жұлады.Тістерді жұлғаннан сон 15-20 минуттан кеиін тез қататын пластмассанын түсін тандап ,жіп тәрізді кезенге деиін даиындаиды, үлгінін үстіне салады .Болашақ протездін орнын пластмассанын химиялық әрекеті тірек тістерге және кілегеи қабатқа әсер етпеуі үшін бірнеше рет ерітіндімен өндеиді Жұлынған тістердін орнын жұқа целлофан жолағымен жабады Пластмассы бар үлгіні аыз қуысына енгізіп ,бұрынғы қалпнда бекітеді.Полимеризация кезінде пластмакссанын шөгуі болмауы үшін және уақытша құрылым жақсы шақтап келтіру үшін үлгіні ауыз қуысынан бірнеше рет кіргізіп шығарады пластмаса тығыз болғанша 15-20 минуттан кеиін үлгіні алып , уақытша протезді тірек тістерден алып өңдеиді Протез конструкциясын ауыз қуысында коррекциялап өңдеиді және уақытша дентинге отырғызады.

ТІС ҚАТАРЫНЫН АҚАУЫ БОЛҒАНДА УАҚЫТША ПРОТЕЗДІ ДАЙЫНДАУ ӘДІСІ

Бұл әдіс тікелей әдіске жатады .Тістін жартылай ақауы болғанда ,ақау 1-4 аралықта болғанда осы әдіс көрсетілген .Ауыз қуысында тірек тістерге егелегенге дейін болашақ көпіртектес протездін аралық бөлігіне жабысқақ балауыздын жолағын жабыстырады.Онын үстіне стандартты пластмассалы тістерді тандап жабыстырады,окклюзияны сақтай отырып элластикалық массамен үлгі алынады.Тістерді егелегеннен кейін ,егеленген тістер мен тіс қатары бар аймаққа тез қататын пластмассаны үлгіге салып, ауыз қуысына енгізіп, уақытша протезді қалыптастырады .Уақытша протезді қалыптастырғанда пластмассаны даиындау технологиясын сақтау керек ,ол сұиық болмағаны жөн –бұл уақытта протезде көпіршектер пайда болады ,егерде констистенция қою болса –үлгі тістерге дұрыс салынбайды және онын деформациясы жүреді.Ауыз қуысында протезді тексерген уақытта пластмассанын тірек тістердіе қызыл иек жиегіне тығыз жанасуына көніл аударады.

Металдан құйманы құю.

Құю процессі келесі кезендерден тұрады

1. балауыз конструкциясын дайындау

2 .құю штифтерін орнатып ,құю жүиесі қалыптастыру

3. балауыз құрылымды отқа төзімді беткеилі қабатпен жабу

4 .отқа төзімді массамен модельді муфельде қалыптау .

5 .балауызды еріту

6 .қалыпты кептіру және күидіру

7. құиманы еріту

8 .құиманы құю

9 .бөлшектерді отқа төзімді массадан және құю жүиесінен босату .

Құюдын барлық түрінде құю пішінінде құю жүиесі болады, онда каналдар бар ,осы өзек арқылы сұиық металл бөлшекке жетеді

Құюдын барлық аимақтары құиған уақытта бір денгеиде болуы керек

Қалын қабатты аймақтарда қосымша депо болуы керек ол арқылы металлда шөгу көпіршектері болмаиды

Жұқа қабатты аимақтарға ең ыстық металл келгені жөң .

ҚАЛЫПТАҒЫШ МАССАНЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП МЕТАЛЛОКЕРАМИКАЛЫҚ ПРОТЕЗДІҢ ҚАҢҚАСЫН ҚҰЮ.СИОЛИТ .ҚАҢҚАНЫ ӨҢДЕУ .

1 .КХС құимасы үшін құю жүиесін орналастыру. Балауыздан жасалған құималарды «восколит 2» д

м 2,0-2,5 мм ұзындығы 5 мм құиманын әр бөлшегіне аралық бөліктін пішінделген сауыттын қалын бөлігіне орналастырады Воскатон -2 балауызынан жасалған сіңіргіш дм 3.0-3.5 мм доғатәрізді пішіні бар,әр құимаға бекітіледі .Сіңіргіштін ұштары бір-бірімен бірігіп құима конусымен қосылады.Қаптаманын жұқа жерлеріне дм кішкентаи ауа өткізетін каналдар орнатылады Бұдан. кеиін балауыз қаңқасын деформацияға ұшыратпаи аралас модельден алып , құю қалыбын даиындаиды .

  1. Балауыз композициясын отқатөзімді Сиолит қабатымен жабу . Опокаға қалыптау .Сиолит аралас ұнтақ пен сұиықтықтан тұрады . Қалыптау алдында балауыз композициясын маисыздандырады немесе ОП-6, ОП-7 ертінділерімен өңдеиді .Сиолит массасын балауыз даиындығына жұқа қабатпен жабады .Осы қабат қатқаннан кеиін қалыпты вибратордын үстіне ауа көпіршіктері болмауы үшін массамен толтырады . Қатқаннан кеиін сиолит массасы қатты қызады , сондықтан опоканы түбі бар ыдыстын үстіне қояды ,еріген балауызды жинау үшін .

  2. Қалыпты күидіру және кептіру тәртібі .30 минуттан кеиін қалыпты термиялық өңдеуге көшеді. Ең бірінші кептіру шкафында оны 200 градусқа деиін қыздырады, балауызы ақырына деиін еріту үшін . Одан кеиін муфельді пешке орнатып ақырын 30-60 мин ішінде температураны 500 градусқа деиін көтереді , 30-60 мин ұстаиды , пеште қыздырады 850 градусқа деиін , қалыпта 30 мин күидіреді .

Қанқаны өңдеу Қанқаны құю жүиесінен босатады карборунд дискісінің көмегімен ,құиманы қалыптағыш материалдын қалдығынан құм шашқыш немесе сушашқыш аппаратта тазалаиды .Одан кеиін абразивті заттармен немесе жылтыратқыш дөңгелектермен металл қаңқанын бетін біркелкі болғанша өңдеиді ,металл мен фарфор шекарасына өтетін жерлерді тегістеиді.Бұл уақытта қаптаманын вестибуляр және бүиір қабырғаларынын қалындығы 9,3 мм, антагонист тістерге деиінгі ара қашықтық 2 мм,1,5 мм кіші болмауы керек .

Клиникада қаңқаны шақтап келтірген соң металл беткеиді соңғы рет механикалық өңдеуден өткізеді .Алмазды ұсақдисперсті заттармен металл қанқанын бетін бір бағытта өңдеиді ,кесу қырынан моиын бөлігіне деиін .Одан кеиін металл қаңқанын бетін шашқыш арқылы өңдеп, сол арқылы металдқ беттін аумағын үлкеитеді және біркелкілік береді . Металл қаңқанын бетіндегі құмнан тазалау үшін қаңқаны ыстық судын ағымында немесе ыстық парда жуады немесе 3-5 мин. Дистильденген суда қаинатады,немесе суда ультра дыбыстын көмегімен 1-2 мин тазалаиды

ТІРЕК ТІСТЕРГЕ ҚҰИЫЛҒАН КӨПІРТЕКТЕС ПРОТЕЗДІН ҚАҢҚАСЫН ШАҚТАП КЕЛТІРУ

1.ҚҰИЫЛҒАН КӨПІРТЕКТЕС ПРОТЕЗДІН ҚАҢҚАСЫНЫҢ САПАСЫН ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ .Тексеру керек .Қақпақшалардын біртұтастығын ,көпіртектес протездің қаңқасын, өңдеу және тегістеу сапасын .Көпіртектес протездің қаңқасының анатомиялық пішінің бағалау .Егерде құю ақаулары баиқалса, қаңқа қаитып жасалынады.

2 .Протез қаңқасын дәрі-дәрмектік өңдеу . Тірек тіістерге салмас бұрын протездің барлық беткеиін дәрі-дәрмектік өңдеиді .

3 .Тірек тістерге құиылған көпіртектес протездің қаңқасын шақтап келтіру және отырғызу .Құиылған көпіртектес протездің қаңқасы тістерге қысымсыз кигізілуі керек Тірек тістер және көпіртектес протез дұрыс даиындалғанда оны орнықтыру қиындық тудырмаиды. .Болашақ керамикалық беткеилі қаббаттын түсін тандау .

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]