Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11111111111.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Ортопедиялық стоматология курсы

ДӘРІС

Тақырыбы: Дентальді имплантанттарды дайындауға қажетті жадиғаттар. Құрамы, қасиеттері.

TPDT 2232 «Тіс протезін дайындау технологиясы» пәні

Мамандық 051302 «Стоматология»

Курс: 2 (4 семестр)

Уақыты (ұзақтығы) 1 сағат

Қарағанды 2008

Курс отырыснда талқыланып бекітілді

Хаттама № __10___«__01_»____04________2008ж.

Ортопедиялық стоматология курсына жауапты м.ғ.к. _______ А.М.Ахметжан

Тақырыбы: Дентальді имплантанттарды дайындауға қажетті жадиғаттар. Құрамы, қасиеттері.

Мақсаты: Дентальды имплантанттарды дайындауға қажетті материалдардың құрамы мен қасиеттері.

Дәріс жоспары:

  1. Имплантанттарда бекітілген тіс протездері

  2. Стоматологияда қолданылатын имплантанттардың түрлері.

  • Бақылау сұрақтары:

  1. Имплантанттардың сүйек тіндерімен баланысу механизмі.

  2. Әр түрлі дентальды имплантанттарды орнықтыру әдістері.

Тіс қатары деформацияларының тістесу бұзылыстарын қалпына келтіруге арналған аспаптық– хирургиялық әдістер. Бұл әдістің мағынасы мынада: сүйектің ең аз икемді жері оның беткі қабаты – сүйектің тығыз қабаты жатады. Оны босату үшін қыртысты тілу әдісін жасайды. Бұл әдісте науқасты толық клиникалық тексерістен өткізеді, өйткені операция жасалатын болғандықтан. Жалпы тексерістен басқа жергілікті тексерітер жүргізіледі: тістердің ренгенографиясы, бұзылыстар аймағындағы альвеоляр өсіндісі, диагностикалық мүсіндер қайта қаралынады. Науқасты тексеру нәтижесінен, оның психологиялық ерекшелігінен, операцияның көмегімен, операция жасау жерінің сұрағы қарастырылады. Көп жағдайда операцияны амбулаториялық операциялық бөлмелерде , тек кейде ғана арнайы дәрі – дәрімектік дайындықты қажет ететін науқастарды емдеуге жатқызады. Бұл сұрақты шешкенде науқастың тек қана жалпы жағдайына көңіл аударылып қана қоймайды, сонымен бірге ауытқудың мінезіне, оның орналасуына (жоғарғы және төменгі жақ) және оның жасына көңіл аударылады. Операцияның жергілікті кері көрсеткіштерінен пародонтопатиялар тіс альвеоласының ұзаруының екінші пішіні бұл жағдайда тістердің мойыны жалаңаштанады, түбір ұшы периодонтының созылмалы қабыну ошақтары жатады.

Қыртысты тілу әдісі келесі ретпен жүргізіледі. Жергілікті жансыздандырудан кейін, қызыл иектен 0,5 см төмен П тәрізді немесе бұрыш тәрізді шырышты қабатқа және альвеолярлы өсіндінің сүйек үсті қабатына қиын жүргізіледі. Жоғарғы жаққа П тәрізді қиық жүргізу арқылы операция алаңына үлкен жол ашады, бірақ аздап ыңғайсыз, өйткені вестибуляр жақтан жүргізілген дистальды қиыққа тігін салу қиын болады. Опеарция алаңы жеткіліксіз көрінетін болса қосымша вертикальді қиық жүргізген жөн. Төменгі жақта бұрыш тәрізді қиық жүргізгенде операция алаңының аз ғана аумағын ашады, өйткені ол төменгі жағынан жақ – тіл асты бұлшық етімен шектелген. Бұл бұлшық етті ашу міндетті емес, операциядан кейінгі асқынуларды болдырмау үшін. Сондықтанда, төменгі жақта тіс аралық бүртіктер бойымен горизонтальды қиық жүргізген қолайлы, бірақта бұның бір кемшілігі қиындының қысқа болуы салдарының тіс мойыны жалаңаштанады. Жоғарғы және төменгі жақтарда жасалған вертикальды қиықтар сызығы альвеолярлы өсіндімен шырышты қабатының қиық сызығы қыртыс сызығынын дәл үстінен келмегені жөн. Сүйек жарасы инфекцияға ұшырамау үшін осылай істеген жөн. Қыртысты тілудің екі әдісі белгілі: сызықты немесе жолақты және торлы. Әр бір әдістің жағымды жақтарын айту қиын. Әдістерді таңдау қозғалған тістердің жылжымалы бағытына және анатомо – топографиялық жағдайларына байланысты.

Ауыз қуысын протездеуге дайындағанда жүргізілетін терапиялық әдістер.

Арнайы терапиялық әдістерге тістердің ұлпасын алып тастап жатады. Ұлпаның алып тастау көрсеткіштеріне:

  1. Тістің қатты тіңдерінің қалың қабатын алып тасатағанда (жартылай қаптама , салма, пластмассалы қаптама, егерде рентгеналогиялық тексеру кезінде тістің кең қуысы анықталғанда) жүргізіледі. Бұл жағдайда тістің қатты тіңдерін көп мөлшерде алғанда жұқа қабатты дентин қалады да ол ұлпаны сақтай алмайды. Сонымен бірге ұлпа ашылып кетуі де мүмкін.

  2. Тістер айтарлықтай медиальды бағытта қисайғанда, көпір тектес протездің тірек тістеріне бір – біріне параллельдігін қалыптастыру үшін.

  3. Тістесу беткейіне кедергі жасап тұрған тіс сауытын айтарлықтай қысқартқан уақытта.

  4. Пародонты зақымдалған алдыңғы тістерді шеңдеу алдында, клиникалық сауытының биіктігі кішірейген уақытта.

Әдебиеттер

  1. Гаврилов Е.И., Щербаков А.С. «Ортопедическая стоматология»;

  2. Демнер Л.М. «Зубопротезная техника»;

  3. Гаврилов Е.И., Альшиц И.М. «Ортопедическая стоматология»;

  4. Ортопедическая стоматология. Прикладное материаловедение*

  5. Учебник для медицинских вузов. Под редакцией проф. В.Н.Трезубова. Санкт-Петербург* Специал

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТІРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

Аубакиров С.Е.

Ахмадишин И.М.

Кубжасарова Г.У.

ТІС ПРОТЕЗІН ЖАСАУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

БОЙЫНША ДӘРІСТЕР КУРСЫ

(Оқу - әдістемелік құрал)

Қарағанды 2007 ж.

ӘОТ 616.314-089.21./.22

КБТ 56.6 я 7

А 91

Тіс протезін жасаудың технологиясы бойынша дәрістер курсы (оқу - әдістемелік құрал) Қарағанды: ҚММА, 2007ж 73 б.

Авторлары: Аубакиров С.Е., Ахмадишин И.М., Кубжасарова Г.У.

Пікір берушілер:

1. Рузуддинов Сауырбек Рузуддинович – м.ғ.д. профессор, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің ортопедиялық стоматология кафедрасының меңгерушісі.

2. Жұмабекова Аманжан Мұхамеджановна – ҚММА-ның хирургиялық стоматология кафедрасының ассистенті.

3. Закишева Сауле Мусагалиевна – ҚММА-ның хирургиялық стоматология кафедрасының доценті.

Жұмыстың қысқаша сипаттамасы

Оқу - әдістемелік құралы стоматологияның өзекті мәселелеріне арналған. Медицина жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, тіс-техникалық колледждер студенттеріне, дәрігер – интерндерге, дәрігер стоматологтарға арналған.

ҚММА Әдістемелік Кеңесі

№8 Хаттамасынан көшірме

11.04.07ж

ҚММА Ғылыми Кеңесі

№10 Хаттамасынан көшірме

26.04.07ж

Қысқартулар тізімі

ҚММА – Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы

МОИ сықпасы - Мемлекеттік Оптикалы Институт

ММСИ – Москвалық Медициналық Стоматологиялық Институт

КХҚ – Кобальт хром құймасы

1- ші Дәріс: Тістердің функциональды анатомиясы және олардың сауыт бөліктерінің құрылымдық жалпы сипаттамасы

  1. Студенттерге тістердің функциональды анатомиясымен таныстыру .

  2. Сауыт бөліктерінің құрылымы.

  1. Тіс топтарының функциональды бағытталған 3 түрі болады: фронтальды (тістеуші), екі топ бүйір тіс топтары (шайнаушы). Тістердің пішіндері олардың қызметіне сәйкес келеді. Тістердің тістеуші топтарын күрек және ит тіс құрайды. Тістеуші тістер 12, олар 6 тістен әрбір жақта, үш - үштен ортаңғы сызықтан оңға және солға қарай орналасады.

Шайнаушы тістер топтарын кіші азу тістер және үлкен азу тістер құрайды. Кіші азу тістер саны 8, әрбіреуінде төртеу, ит тістен кейін екі – екіден орналасады; үлкен азу тістердің саны 12, әрбір жақта алтаудан, үш – үштен кіші азу тістен кейін орналасады. Шайнаушы тістер көп бұдырлы және шайнау беткейлері бар: жоғарғы жақ үлкен азу тісінде 4 бұдыр, төменгі жақ үлкен азу тісінде 5 және 4 бұдыр; кіші азу тістерде 2 бұдырдан болады.

Тіс үш бөліктен тұрады: сауыт, мойын, түбір. Сауыт қызыл иек жиегінен шығып тұрады. Түбір жақтық альвеолаға енгізілген, сыртқы қабаты цементпен жабылған.

Тісте бірнеше беткей бар :

  1. Шайнау немесе окклюзиялық.

  2. Бүйір немесе апроксимальды.

  3. Вестибулярлы (сыртқы беті).

  4. Оральды (ішкі беті).

2. Тістер- шырышты қабықшаның тағамды механикалық өңдеуге арналған сүйектенген өсінділері болып табылады. Филогенез жағынан тістер сүиектердің жиегінде өсіп, бұл жерде жаңа қызметке ие болған қабыршақтарынан пайда болған. Тозу салдарынан олар әлденеше рет жаңарып алмасып отырады: Қарапайым омыртқалыларда өмір бойы көп рет жаңарады да, ал адамда екі рет алмасады. Кейде үш рет ауысады.

Акула қабыршығы қуысында тістің ең басты бөліктері – тіс кіреукесі мен дентин көрінеді, содықтан акула тәрізді балықтардан адамға дейінгі эвалюция процессінде тістердің гомологиясы туралы айтуға болады. Эвалюция барысында жорғалаушылардың тістері жақсүйектерінде беріктеу орнығып, соның нәтижесінде жақтың ұяшықтарында орналасқан түбір бөлігі мен тағамды механикалық өндейтін сыртқы бөлігін - тіс сауытын ажыратады. Соның өзінде құрлықта тіршілік етуге, қоректің түріне байланысты көптеген тістер дамып, жетіле бастайды. Соның нәтижесінде балықтардағы тек қоректі ұстауға арналған біріңғай сүйір тістердің орнына сүтқоректілерде әр алуан қорек түрін ұстап, өндеуге арналған түрлі пішінді тістер пайда болады, атап айтқанда: айырып-үзу , кесу , ұсақтау және ұстау үшін.

Талғаусыз қоректенгенге жататын адамда осы тістердің барлық түрлері сақталған. Алайда ұстап алу қызметінің сүиектердің қолға ауысуына байланысты оның жақ сүйектері кішірейіп, тістерінің саны азайған. Мәселен, плацентті сүтқоректілерде тіс саны 44-ке жетеді. Жаңа Дүниенің кентану маймылдарының тістері аздау, ал Ескі Дүниенің тартанау маймылдарында және адамда тіс саны оданда аздау: 2·1·2·3= 32, соның өзінде адамда 3-азу тіс (ақыл тіс) өте кеш шығады, бұл тістердің регрестену бағытын көрсетеді. Ауытқу ретінде тісі шықпаған адамдар сипатталып жазылған. Тістер өте ертедегі омыртқалардың денесінде қаңқаның басқа бөліктерінен пайда болған бірінші қатты құрлымдар болып табылады. Палеонтологтар палеозойдтың аяқ кезінде омыртқалылардың пайда болғаннан осы кезге дейін сақталып қалған тістерінен ғана білген. Олардың пішіні қоректену тәсілі мен тіршілік бейнесіне сәйкес келетіндіктен, палеонтологтар тістеріне қарап жануарлар мен адамның қазба қаңқаларын анықтай алған.

Тістердің дамуы. Адам тістері шамамен ұрықтық дамудың жетінші аптасында құрыла бастайды. Осы кезде болашақ жоғарғы және төменгі жақ сүиегінің альвеолярлы өсінділері аймағында ауыз қуысын қаптайтын эпителийің қалындаған жері пайда болып, ол доға тәрізді табақша түрінде астыңғы жақтан мезенхимаға бітісе өсе бастайды. Көп ұзамай бұл эпителий табақшасы тереңге бойлай өсуін жалғастыра, ұзына бойына бір-бірімен тік бұрыш жасай орналасқан екі табақшаға бөлінеді.

Алдынғы, немесе жақ – ерін, табақшасы одан әрі ажырап, ерін мен жақтардың қызыл иектерін бөлетін және сөйтіп, ауыз қуысының түзеуге әкелетін ашық эпителий қатпарына айналады.

Артқы тіс табақшасы тіркеу орналасқан. Осы табақшанын жиегінде тостаған тәрізді томпайған эпителий өсіп, ұлғайып, болашақ сүттістердің бастамасын қалайды. Бұл томпақтар тіс тостағандары, немесе кіреукелі мүшелер түзілгеннен кейін тіс табақшасына тереңдей өсіп, кіреукелі мүшелер оның алдыңғы (яғни ерін немесе жақ сүйектеріне қарай) жағында орналасқан.

Дамып келе жатқан кіреукелі мүше пайда болғаннан кейін көп ұзамай тостаған немесе қоңырау пішінге келеді, соның өзінде сәйкесті шұқыр - ойыс тіс бастамасын түзетін мезенхимамен толады.

Кіреукелі мүшелер біртіндеп тіс табақшамен байланысын жоғалтып, тіс бұдыр бастамалары мүлде оқшауланады.

Оқшауланған тіс бастамаларында тістің құрам бөліктері пайда болады, бұл кезде эпителий жасаушалары кіреукеге бастама береді, сүйірлі бұдырдың мезенхима тінінен дентин мен ұлпа түзеліп, ал алғашқы кезде кіреукелі мүшені тіс қапшығы түрінде қоршап тұрған мезенхимадан цемент пен түбір қабықшасы пайда болады.

Тіс бастамасы өскен сайын тіс ұяшықтарының сүйекті қабырғалары да биіктей береді.

Альвеолярлы өсінділерді жабатын тін қызыл иек деп аталады. Бұл жерде шырышты қабықша фиброзды тін арқылы сүйек қабығымен тығыз тұтасып - өседі; қызыл иек тіні қантамырларға бай да, ал нервтерге жарлы болады.

Тіс пен қызыл иектің бос жиегі арасындағы науа тәрізді батыңқы ойыс орналасып қызыл иек қалтасы деп аталады.

Әрбір тіс мына біліктерден тұрады:

  1. тіс сауытынан

  2. тіс мойнынан

  3. тіс түбірінен

Тіс сауыты қызыл иектен шығып тұрады, мойыны қызыл иекпен қауысырылады, ал түбір тіс ұяшығында орналасып, тіс ұшымен аяқталады, онда жай көзбен – түбір ұшында кішкене тесігі көрініп тұрады. Осы тесік арқылы тіске қантамырлар мен нервтер келеді. Тіс сауытының ішінде қуыс болады, ол қуыстың ең көлемді бөлігі - сауыт бөлігі мен қуыстан тарылатын бөлігі – түбір өзегі деп аталатын түбір бөлімнен тұрады. Өзек тіс төбесінде жоғарыда аталған төбе тесігімен ашылады. Тіс қуысын қантамырлар мен нервтерге бай тіс ұлпасы толтырып тұрады. Тіс түбірлері қантамырларына бай альвеолярлы сүйек қабығы, тіс ұяшықтары бетімен тығыз тұтасып өседі. Тіс, периодонт, альвеола қабырғасы мен қызыл иек тіс мүшесін құрайды. Тістің қатты заты мыналардан тұрады: 1) дентин, 2) кіреуке, 3) цемент. Тіс қуысын құрайтын заттың көбісі – дентин. Кіреуке сыртынан тіс сауытын жауып, ал цемент тіс түбірін қаптайды.

Сүттістердің бірқатар ерекшелігі бір: олардың көлемі кішілеу, төмпешіктері мен ажырасатын түбірлері аздау. Сүттістер мен тұрақты тістердің түбірлері саны бірдей.

Сүттістердің шығуы яғни қызыл иектің жұқарып, ауыз қуысында тіс сауытының пайда болуы туғаннан кейін 7 айда басталып, 3 жасқа қарай аяқталады. Барлығы 20 сүттіс шығады. Олардың тіс формуласы былай болады: 2·1·2.

Цифрлар әрбір жақ сүйегінің жартысындағы тіс санын көрсетеді: екі күрек тіс, бір иттіс, екі үлкен азу тіс. Алты жыл өткеннен кейін сүттістер тұрақты тістермен ауыса бастайды: жиырма сүттіске қосымша жаңа тістер шығып, әрбір сүттіс тұрақты тіспен ауысады. Тұрақты тістердің шығуы бірінші үл-кен азу тістен басталып, үшінші азу тістен басқа тістер 12-13 жаста шығып болады. Үшінші үлкен азу тіс 18 бен 30 жас арасында шығады. Адам жақсүйегінің тұрақты тістер формуласы былай болады: 2·1·2·3, барлығы 32. Стоматологиялық тәжірибеде бірінші күрек тістен бастап соңғы үлкен азу тіспен аяқтап реттік саны ыңғайлы формуланы пайдаланады: 1,2 (күректістер), 3 (иттіс), 4,5 (кіші азу тістер), 6,7,8 (үлкен азу тістер).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]