Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Pitanie_zhauap_30_0.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
78 Кб
Скачать
☆

27. Сүт зауытын санитарлық-гигиеналық тексеру барысында анықталды: сүт зауыты тұрғын үйлерге байланысты жел жақтан қаланың ішінде орналасқан.

1.Бұл жерде ағымды санит/қ қадағалау жүргізіледі. Сүт зауыты тұрғын үй ғимараттарынан 50 метр қашықтықта орналасуы тиiс. Сүт зауытын тұрғын үйлерде орналастыруға тыйым салынады. Ұйымның аумағы қоршалып, оның кiретiн бөлек екi жолы болуы керек. Аумақтың құрылыс пен жолдан бос жерлерi, сондай-ақ, учаскенің периметрi бойынша 15% көгалдандыру керек. Гүлдеген кезде мақталар, талшықтар шашатын, мамықты тұқым беру арқылы жабдықтарды және тағам өнiмдерiн ластайтын ағаштар мен бұталарды отырғызуға рұқсат етілмейдi. Сүт зауытын тұрғын территориясы мен халықтың демалу аймағының ық жағынан орналастыру керек. Объектінің территориясы қоршалуы және көркейтілуі керек. Объектінің территориясы жауын-шашынды канализациямен жабдықталуы қажет және атмосфералық, қардың еріген суларының өзіндік ағып кету үшін еңісті болу керек. Территорияға кірер алдында дезинфекциялық барьерлер орналасуы керек. Олар автокөлік дөңгелектерін дезинфекциялау үшін эпидемиологиялық жағдайларға байланысты дезинфекциялық ерітінділермен толтырылуы қажет. Территорияның келесі негізгі аймақтары болуы керек: 1) әкімшілік аймақта әкімшілік, санитарлық өткізгіш және кір жуу бөлмелерімен жабдықталған тұрмыстық ғимараттар, қызметкерлердің демалу алаңдары, жеңіл автокөлік үшін тұрақтар орналасады; 2) өндірістік аймақта бақылау өткізгіш пункті, өндірістік ғимараттар (сиыр тұратын орын), сүт блогы, жем өндіру цехы, сүт таситын автокөліктерге арналған алаңдар орналасады; 3) шаруашылық қойма аймағы - қосалқы тағайындалу ғимараттарымен; құрғақ жемді, саууға арналған аппараттарды, жабдықтарды жуу және дезинфекциялық құралдарды, жағармайларды сақтауға арналған қойма бөлмелерімен; жөндеу механикалық шеберханалармен; қазандықтар және градирнямен; насос станциясымен; құрылыс материалдары мен отынды сақтайтын алаңдармен; қоқыс жинағыш тұратын алаңдармен; аула дәретханасымен жабдықталған. Шаруашылық зона өндiрiстiк зонаға жел соғатын жағынан 25 метр ара қашықтықта орналасып, енi кем дегенде үш метр болатын жасыл екпе ағаштармен (ағаштар мен бұталар) бөлiнiп тұруы тиiс. Аумақтағы көлiк және жаяу адамдар жүрiп өтетiн жолдарға асфальт немесе тас төселуi тиiс. Қоқыстарды жинау үшiн темiрден жасалған контейнерлердi қолданып, олар өндiрiстiк және қосымша үй-жайлардан 25 метрдей қашықтықта, асфальт төселген алаңда орналастырылуы тиiс. Қалдықтар мен қоқыстарды контейнердiң үштен-екi бөлiгi толған кезде, күнiне бiр рет төгiп отыру қажет. Босатылғаннан кейiн контейнерлер жуылып, зарарсыздандырылады. Өндірістік және қойма бөлмелерінен қоқыс жинағыш шұңқырына дейінгі қашықтық – 25 м, отын және күл алаңдарына дейін – 50 м б.к. Өндiрiстiк үй-жайлардың қабырғалары кем дегенде 1,8 метр биiктiкке дейiн глазурленген тақтайшалар немесе ашық түстi бояумен сырлануы тиiс. Ұйымның территориясында оқшаулау немесе сиыр тұратын ғимаратқа қосылған сауу құралдарын сақтау және санитарлық өңдеу, жуу және дезинфекциялық құралдарын дайындау, сүтті уақытша сақтау және мұздату, алғашқы өңдеу, жинауға арналған бөлмелермен сүт блогы орналастырылуы керек. Сүт блогында лабораторияны ұйымдастыру үшін жеке бөлме бөлінуі қажет. Территорияның функционалды аймақтарының санитарлық ара қашықтығы 25 метрден (бұдан әрі - м.) кем болмауы керек. Қатты отынды және басқа шаңданатын материалдарды сақтайтын ашық қоймалар ық жағынан орналасуы керек және жақын орналасқан өндірістік ғимараттардың ашық терезелерінен 50 м және тұрмыстық бөлмелерден 25 м кем болмауы керек. Аула дәретханаларынан өндірістік ғимараттар мен қоймаларға дейінгі ара қашықтық 30 м кем болмауы керек. Өндірістік, қосалқы, тұрмыстық бөлмелері және жуухана кірісті-шығарысты вентиляция жүйелерімен немесе жергілікті вентиляция қондырғыларымен жабдықталуы тиіс. Барлық бөлмелердің едендері тегіс, түзу келетін су өткізбеуші материалдармен қапталып, жұмыс орындарынан алшақ орналасқан траптарға қарай еңісті болуы тиісті.

2."Сүт тағамдарын дайындауға арналған объектілерді ұстап-күтуге және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық-санитарлық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық-санитарлық ережелер мен нормаларды бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 9 наурыздағы № 105.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]