- •1.Лабораторияға мест талаптарына сәйкестілігіне үлгіні зерттеу...
- •2.Лабораторияға өнімнің жаңалығына сәйкестілігі туралы...
- •3.Лабораторияға мест талаптарына сәйкестілігіне зерттеу қажеттілігі көрсетіліп, азық-түлік өнімдері қауіпсіздігіне қадағалау жүргізуші жетекші маман Махмутовамен а.Е. Жіберілген сүт үлгісі қабылданды.
- •6. Лабораторияға бактериологиялық зерттеу қажеттілігі көрсетіліп, азық-түлік өнімдері қауіпсіздігіне қадағалау жүргізуші жетекші маман Сидоровамен к.А. Жіберілген бұзау еті үлгісі қабылданды.
- •7. Жұмыс барысы мақсатында мырышпен байланысатын,
- •8. Ао цсээ тағам лабораториясына санитарлық-химиялық зерттеу үшін қалайы тара үлгісі-консерві банкілері қабылданған.
- •9.Цех барысында, құрамында хром түзушімен байланысатын «Хром» өндірістік бірлестігінің жұмыскерлері, таңертеңгі тегін асты емдік-профилактикалық тағам түрінде қабылдайды, ондағы енгізілген тағамдар:
- •10.Акт.Сырқат әртүрлі жанұяларда байқалған. Барлық зардап шеккендерге ортақ азық-түлік бір кәсіпорында дайындалған қайнатылған кремді торт болды.
- •13.Акт.Сәуір айының аяғында, жергілікті шұжық цехымен дайындалған пісірілген шұжықты қолданғаннан оқу орындарында оқитындардың арасында жаппай (52 адам) улану болды.
- •12.Акт.Қаланың ең ірі дүкендерінің біріне севрюгадан 80 кг балық партиясы келіп түсті.
- •14.Нан зауытын құрылыстауға бөлінген участік, қала қоқыстарынан 600 м қашықтықта орналасқан.
- •15.Ақтөбе қаласының мсэқб сараптамасына бұрынғы «Вино» дүкенінің жобасын, 20 отыратын орынымен «Чебуреки» тіскебасарына қайта құру ұсынылған.
- •16.Электрлі вакуумды приборларды жинайтын пультті конвейерлі оператор-жұмысының энергияға және негізгі тамақтық заттарға тәуліктік қажеттілігін есептеңіз.
- •17.Бастапқы мәліметтері:20 жастағы университетте оқитын студент қыздың бойы – 168 см, кеуде клеткасының аумағы – 75 см, салмағы – 58 кг
- •18. Бастапқы мәліметтер:
- •20. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорын жобасының көрсетілген кесіндісінде бөлмелердің орналасу дұрыстығын бағалаңыз.
- •22.Ақтөбе қаласының сэсо баклабораториясында бактериалды ластануына зерттеу керектігі көрсетіліп кесілген ет котлет үлгісі жеткізілді.
- •24. Азық-түлік дүкенін санитарлық-гигиеналық тексеру барысында анықталды: азық-түлік дүкені бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан.
- •25. Асхананы санитарлық-гигиеналық тексеру барысында анықталды: сүт-май өнімдерін салқындату камерасы...
- •26. Нан зауытын санитарлық-гигиеналық тексеру барысында анықталды: нан зауытының қуаты - тәулігіне 60 тонна.
- •27. Сүт зауытын санитарлық-гигиеналық тексеру барысында анықталды: сүт зауыты тұрғын үйлерге байланысты жел жақтан қаланың ішінде орналасқан.
- •28. Ет комбинатын санитарлық-гигиеналық тексеру барысында анықталды: ет комбинаты қала ішінде орналасқан. Кәсіпорынның қуаты – сменасына 100 тонна.
- •29. Облыстық көп профильді клиникалық аурухананың емдік тамақтануды ұйымдастыру
- •30. «А» тұрғылықты жерінде 16 адам ауырған. Сұрастыру кезінде барлығының тойда болғаны анықталды.
28. Ет комбинатын санитарлық-гигиеналық тексеру барысында анықталды: ет комбинаты қала ішінде орналасқан. Кәсіпорынның қуаты – сменасына 100 тонна.
1Бұл жерде ағымды санит/қ қадағалау жүргіз/ді. Нысан жеке аумақта орналасуы керек. Ет комбинаты тұрғын үй ғимараттарынан 50 метр қашықтықта орналасуы тиiс. Ет комбинатын тұрғын үйлерде орналастыруға тыйым салынады. Ұйымның аумағы қоршалып, оның кiретiн бөлек екi жолы болуы керек. Аумақтың құрылыс пен жолдан бос жерлерi, сондай-ақ, учаскенің периметрi бойынша 15% көгалдандыру керек. Гүлдеген кезде мақталар, талшықтар шашатын, мамықты тұқым беру арқылы жабдықтарды және тағам өнiмдерiн ластайтын ағаштар мен бұталарды отырғызуға рұқсат етілмейдi. Нысан аумағында төмендегідей негізгі аймақтар болуы керек: 1) әкімшілік - аумақтың, әкімшілік үй-жайлары орналасқан ғимараттан, бақылау жүргізіп жіберетін пункттен және жеңіл көліктер тұруға арналған аумақтан; 2) шаруашылық - аумақтың, қосалқы шаруашылыққа арналған ғимараттарды, бақылау пункттерінен, механикалық жолмен жөндеу жүргізетін мастерскойлардан, жағар май, құрылыс және қосымша материалдарды сақтауға, қоймалық үй-жайлардан, қоқыс пен қалдықтар жинайтын контейнерге арналған алаңнан, аулалық дәретханаларды орналастыруға арналған аумақтан; 3) малды союға жіберер алдында ұстайтын аумақ - оқшаулайтын карантиндік бөлімшеден және оқшаулағыштан, автокөлікті зарарсыздандыратын пункттен, мал союдың тазалық аумағы бар бөліктен. Санитарлық сою орнының жеке кіріп шығар жолы болуы керек; 4) өндірістік-негізгі өндірістік ғимараттар орналасқан аумақтың бір бөлігі; сондай-ақ өндірістік зертхана, (егер жұмыскерлер саны 50 мен 300-дің аралығында болса) медициналық пункт, ал 300-ден көп болса денсаулық пункттерін; тұрмыстық үй жайлар; егер ауысым ішіндегі жұмыскерлердің саны 30-дан көп болса асхана; егер ауысым ішінде жұмыскерлердің саны 30-ға дейін болса, тамақ қабылдайтын бөлме, сондай-ақ мал дәрігерлік инспекторлар үшін қызмет бабындағы үй-жай қарастырылуы керек; 5) су құбыры және канализациялық құрылғылар орналасқан аумақтан. Қоқыстарды жинау үшiн темiрден жасалған контейнерлердi қолданып, олар өндiрiстiк және қосымша үй-жайлардан 25 метрдей қашықтықта, асфальт төселген алаңда орналастырылуы тиiс. Стерильді бөлім екі бөлмеден тұрады. Малды бірінші реттік өңдеу цехының едені метлах плиткалармен жабылған, ал тері консервілеу цехының едені цементтелген б.к. Өндiрiстiк үй-жайлардың қабырғалары кем дегенде 1,8 метр биiктiкке дейiн глазурленген тақтайшалар немесе ашық түстi бояумен сырлануы тиiс.
29. Облыстық көп профильді клиникалық аурухананың емдік тамақтануды ұйымдастыру
1.Емдік тамақтанудың дұрыс ұйымдастырылуы рационалды емделудің негізгі шарты б.т. Емдік тамақтануды ұйымдастыруда ж/е оны барлық денсаулық сақтау ұйымдарына адекватты қабылдауда дәрігер диетологтың жауапты екенін ескерген жөн. Ол мед бикелермен яғни ас блогының жұмысын бақылайтын қызметкерлермен жұмыс жасайды. ЕПМ де 500 койкадан көп болған жағдайда диетолог қыхметіндегі дәрігерді бір ставкада қабылдайды. Ал әрбір 200 койкаға 1 диет медбике. 300-500 койка 0,5 ставка дәрігер диетолог қабылдануы к/к. 30 койкаға 1 буфетщица б.к. Есептің берілгені б/ша 600 койкалы көп профильді мекемеде 1 дәрігер диетолог, 3 диет медбике б/к. Облыстық көп профильді клиникалық аурухананың емдік тамақтануды ұйымдастыру және оның жағдайын тексеру үшін мамандандырылған арнайы дәрігер диетолог ж/е диет медбике тағайындалуы к/к. ЕПМ де 100 койкадан артық болғанда емдік тамақтану б/ша кеңес құрылады. Оның құрамына кіретіндер: бас дәрігер, дәрігер диетолог, бөлімнің меңгерушілері – анестизиолог реаниматолог, гастроэнтеролог, терапевт, трансфузиолог, хирург дәрігерлері, шаруашылық жөніндегі орынбасарлары, диет медбике, өндірістің меңгерушісі. Емдік тамақтану б/ша құрылған кеңестің негізгі тапсырмалары: ЕПМ де емдік тамақтануды дұрыс ұйымдастыру, профилактикалық, диеталық ж/е энтеральды тамақтануда жаңа технологияларды енгізуді қадағалау, 7 күндік менюді бекіту, әртүрлі ауруларда диетатерапияның нәтижелілігіне талдау жасау. ЕПМ де емдік тамақтануды ұйымдастыру емдеу үрдісінің маңызды бөлігі б.т. Әрбір ЕПМ де тұрақты диеталардың номенклатурасы оның профиліне б/ты емдік тамақтану кеңесінде бекітіледі. Барлық ЕПМ де 4 реттік тамақтану режимі бекітіледі, көрсеткіш б/ша жеке ауруларының категорияларына б/ты (12 елі ішектің ауруы, асқазанға ота жасалғанда, қант диабеті) жиі тамақтану ұйымдастырылады. Дайын тамақты аурухананың буфет бөлiмшелерiне жеткiзген кезде термостар немесе қақпақтары тығыз жабылатын ыдыс пайдаланылады. Тасымалдау арнайы таңбаланған арбалардың көмегiмен жүзеге асырылады. Дайын тағамды таратуды буфетшiлер және бөлiмшенiң кезекшi мейiрбикелерi «тағам таратуға арналған» деп таңбаланған халаттарда жүргiзедi. Тағамды таратуды бақылауды тағайындалған диетаға сәйкес аға мейiрбике жүзеге асырады. Тарату кезiнде бiрiншi тағамдар мен ыстық сусындарда температура +75оС, екiншiлерде +65оС төмен болмауы, салқын тағамдар мен сусындарда +7-ден 14оС дейiн болуы тиiс. Тарататын сәтке дейiн бiрiншi және екiншi тағамдар дайындалған сәтiнен бастап eкi сағатқа дейiн ыстық плитада тұруына болады.
2.ЕПМ дегі дәрігер диетологтың қызметі: емдік тамақтанудың дұрыс тағайындалуын және қолдануын қамтамасыз етеді, күнделікті менюді, диеталық тағамдарды дайындау технологиясының сақталуын, дайын тағамдардан сынама алуын бақылайды. Диетсестраның қызметі: жеті күндік меню құрастырады; күнделікті меню-сұрыптама құрастырады; азық-түліктердің дұрыс қолдануына бақылау жүргізеді; дайын тағамның күнделікті бракеражын жүргізеді; бөлімшелерге ас блогынан тағамдардың жіберілуіне бақылау жүргізеді: тәуліктік сынама алу, өнімнің қоймаға түсу кезінде сапасын тексеру, өнімдер қорының сақталуына, ас блогының санитарлық жағдайына, санитарлық минимумның жүргізілуіне, жоспарлы медициналық қараудан дер кезінде өтуіне.
3.Ас блогында № 1, 5, 7, 15 диеталық столдар үшін тағамдар дайындалады. Бұл аз тағы да №10 кардиолог/қ, №9 эндокринолог/қ қосылу к/к.
4.Духовка шкафы жұмыс істеу к/к. Ас үй ыдыстарын жуу 3 ұяшықты ваннада, ал шыны ж/е шай ыдыстарын 2 ұяшықты ваннада жүргізілу к/к. 5 тақтайша мен 5 пышақ б.к. ж/е олар маркерленген б.к. Шикі ж/е піскен тағамдардың тақтайшалары маркерленіп, бөлек б.к. Жинау құралдары маркерлену к/к ж/е дезинфекц/қ құралдар б.к. Барлық қызметкерлер мед қараудан өтулері к/к.
