Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_angeom_A.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
16 Мб
Скачать
☆

10. Idef1x әдістемесін қолданып, ақпараттық жүйелерді логикалық және физикалық жобалау.

ERwin – деректер қорының құрылымын өңдеу құралы. ERwin – WINDOWS – тың графикалық интерфейсінен тұрады, яғни мұнда ER диаграмма салу үшін аспаптар орналасады, соның ішінде деректер моделінің логикалық және физикалық сипаттамасын құру үшін арналған редакторлар және белгілі ДҚБЖ – ның реляциялы түрлерін ұстанады. Erwin – нің көмегімен ДҚ кері жобалау (реинжеринг) немесе құруға болады. ERWiN – де моделдеуде реляциялық ДҚ теориясының базасында немесе IDEF1х методологиясында таратуға болады.IDEF1х методологиясы терминология стандарттарын анықтайды, олар ақпаратты моделдеуде және диаграммалардағы типтік элементтердің графикалық бейнелеулері кезінде қолданылады.

Ақпараттық модельдің екі көзқарасы, сәйкесінше екі модель деңгейі бар. Бірінші логикалық (пайдаланушы көзқарасы) - өндіріс бизнесінде қоланылатын деректер сипаттамасы. Екінші – физикалық – ДҚ ақпараттардың берілуін анықтайды. ERwin – оларды бірнеше деңгейі бар бір диаграммаға біріктіреді.

IDEF1X әдістемесіндегі диаграммалардың тағайындалуы мен мақсаты: Диграммалар негізінен реляциялық деректер қорын пайдаланады. Реляциялық моделде барлық деректер болмыс және байланыс факторлары түрінде беріледі. Мысалы, билеттерді резервтеу жүйесі пассажир және рейс болмыстары ақпараттарынан тұрады. Болмыстар арсында функциональды байланыс анықталған. Әрі қарай, пассажир және рейс болмыстары алып бару байланыстарын анықтайды (рейс көптеген пассажирлерді арып баруы мүмкін). Болмыс – бұл, мысалы, олар жайында сақталатын ақапараттар ол адам, орын, зат, оқиға, концепция болуы мүмкін. Болмыстар әдетте зат есіммен аталады, олар астып алушы, компьютер, жұмысшы, сату т.б.с.с. болуы мүмкін. Нақтырақ болмыс - бұл жекеленген обьектілер жиыны, бұл кездегі обьектілер әртүрлі болып табылады. Байланыс - болмыстар арасындағы функциональды тәуелділік мысалы, жұмысшы сауды жасауда. Әрбір болмыстың атрибуттары болады. Атрибут – бұл обьект қасиеті, ол оның экземплярын сипаттайды. Жұмысшы болмысының келесі атрибуттары болуы мүмкін – аты, туған күні және т.б. Жалпыға бірдей реляциялық деректер моделінің графикалық бейнесі түрінде ER – диаграмма алынады. Бұл диаграммада болмыстар (кестелер) төртбұрышпен бейнеленеді, мүмкін, олар өзара байланыс сызықтарымен (байланыстар) бірігеді.

Seti

1. Компьютерлік желi түсінігі. Желi типтері. Негiзгi топологиялар. Желiлердi жiктеу. Жергiлiктi және ауқымды желілер.

Компьютерлік желі (ағ. сomputer network)—барлық құрылғылардың бір бірімен деректер алмасуына мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған комп\ң ж\е басып шығарғыштар мен мәтін алатындар сияқты басқа құрылғылардың тобы. Желілер шағын н\е үлкен, кабельдер арқылы тұрақты жалғанған, телефон желілері мен сымсыз арналар арқылы уақытша жалғанған болуы мүмкін. Ең үлкен желі-Интернет, ол бүкіләлемдік желілер тобы болып табылады. Ең қарапайым желі өзара кабель арқылы қосылған 2 компьютерден тұрады. Бұл оларға деректерді ортақ пайдалануға мүмкіндік береді.

Желінің атқаратын қызметі – бір фирманың аумағында н/е одан тыс ресурстарды ортақ пайдалануды ж/е интерактивті байланыс орнатуды қамтамасыз ету.

Желіге қосылған компьтерлер келесілерді ортақ пайдалана алады:деректер, принтерлер, модемдер,басқа құрылғылар.

К.ж\ні пайдалану көптеген артықшылықтарға қол жеткізеді, соның ішінде:

  • деректерді ж/е сыртқы құрылымдарды ортақ пайдалану нәтижесінде шығындарды төмендетуге;

  • қосымшаларды стандарттауға;

  • деректерді уақытында алуға;

  • тиімді өзара әсерлесу мен жұмыс уақытын жоспарлауға.

Жергілікті желі – жоғарғы жылдамдықтағы адаптерлер арқылы желіге қосылған өзара жақын орналасқан компьютерлер тобы. ЖЕЖ шектеулі территорияның аумағында, м\ы, бір ғимараттың ішінде, өзара кабельдер арқылы қосылған бірнеше компьютерлер мен сыртқы құрылымдардан тұрады.

Ауқымды желі – байланыс жолы ретінде модемдерді ж/е алыс байланыс жолдарын(телефон н/е жерсерік) пайдаланатын, бір-бірінен алыста орналасқан компьютерлердің тобы. Желінің екі типі кең тараған:

1)Бір рангілі желілерде әрбір комп. клиент ретінде де, сервер ретінде де қызмет етеді. Бір рангілі желіні пайдаланған тиімді, егер: қолданушылар саны 10 аспаса; қолданушылар өзара жақын орналасқан болса деректерді қорғаудың маңызы болмаса; фирманы ұлғайтудың қажеті болмаса.

2)Сервердің негізіндегі желіні пайдаланған тиімді, егер: қолданушылар саны көп; деректерді кең ж/е кешенді түрде қорғау қажет болса.

Желі топологиясы д\з – компьютер, кабель, желінің басқа да компоненттерінің физикалық орналасуы. Барлық желілер базалық үш топология негізінде құрылады:

1)«Шина»–комп\р магистраль бойымен бір-біріне тізбектей қосылған. «Шина» желісіндегі деректердің осал жері— бүкіл желінің деректері әр желілік компьютерден өтеді. Кабельді үнемдейді. Беріліс ортасын пайдалану құны төмен, қарапайым, сенімділігі жоғары. Желіні жеңіл ұзартуға болады

2)«Жұлдызша»–компьютерлер кабель сегменттеріне бір нүктеден қосылады. Негізгі жетістігі: комп\р мен концентратор арасындағы жекелеген жалғағыштар істен шыққанмен, бүкіл желі жұмыс істей береді. Кемшілігі:егер концентратор бұзылса, онда ол бүкіл желіні түгел істен шығарады.

3)«Сақина»–кабель өзіне қосылған компьютерлермен сақинаға тұйықталған. «Сақинаның» «Жүлдызшадан» бір ерекшелігі—оған барлық желілік компьютерлер арасында үзіліссіз жол қажет, өйткені желінің бір жері істен шықса, бүкіл желі тоқтап қалады. «Сақинаның» осал жері-бір компьютердің істен шығуы желіні түгелдей тоқтатады. Желі конфигурациясын өзгерту үшін оның жұмысын тоқтатуға тура келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]