- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қарағанды мемлекеттік техникалық университеті з.М. Смағұлов, и.Д. Арыстан, т.К. Исабек
- •Қарағанды
- •1 Пайдалы кен орындары мен оның жекелеген бӨлІктерiн ашу жӘне даярлау
- •1.1 Табиғи көмір құрылымы және оның қасиеттері
- •1.2 Тау кен жұмыстары туралы ұғым
- •1.3 Кен қазбаларының маңызы мен топтасуы
- •1.4 Кен орнын ашу және ашу жүйелерiнiң
- •1.5 Шақты алабын ашу әдістерін анықтап шешетiн
- •1.6 Ашу жүйесiн таңдау мен негiзгi қазбалар орнын белгiлеуге байланысты қойылатын экономикалық талаптар
- •1.8 Жерасты шақты алабының бөлiмдерiн
- •1.9 Ашу жүйелерi
- •1.9.1 Жекелеген көмiр тақтасын ашу
- •1.9.2 Топты көмiр тақталарын ашу
- •1.9.3 Құранды ашу жүйелерi
- •1.9.4 Штольнялар арқылы ашу жүйелері
- •1.9.5 Руда кеніштерін ашып даярлау ерекшелiктері
- •1.9.6 Оқпан албары
- •2.1 Жеке дара қазбаның айналасындағы тұтас жыныстардың кернеулі-деформациялық күйі жөнінде деректер
- •Қазбаларды бекіту
- •2.3 Тiреу материалдары
- •Процестер
- •2.5.1 Жыныстарды бұрғылап-жару жұмыстары
- •2.5.2 Кенжар ауасын алмастыру
- •2.5.3 Жыныстарды тиеу
- •2.5.4 Қазба өткізердегі қосалқы жұмыстар
- •2.6 Ұңғылау жұмыстарының ерекшелiктерi
- •2.7 Тiк қазбаларды өткізу технологиясы
- •2.8 Жазық қазбаларды өткізу технологиясы
- •2.9 Көлбеу қазбаларды өткізу ерекшелiктерi
- •3 Тазартпа жұмыстары
- •3.1 Тазартпа жұмыстарындағы технологиялық процестер
- •3.2 Әртүрлi геологиялық жағдайда көмір қазу машиналарының жұмыс істеу схемалары
- •3.3 Тазартпа қазбалардағы қысымдар туралы түсiнiктер
- •3.4 Тазартпа қазбалардың жұмыс кеңiстiгiн бекемдеу
- •3.5 Тазартпа жұмысын жүргiзу кезiндегi тау-кен қысымын игеру
- •Тікелей төбе жыныстарының түрлері: т – тұрақты, от – орташа тұрақты, те – тұрақты емес.
- •3.6 Тазартпа қазбалардағы технологиялық үдірістерді ұштастыру жолдары
- •3.7 Кен қазу жүйесiне түсiнiк және оларды таңдағанда әсер ететiн себептер
- •3.8 Кен қазу жүйелерiнiң жалпы сипаттамалары
- •3.8.1 Көмiр кенiшi
- •3.8.2 Руда кеніштері
- •4 Кен Өндiрiсiндегi технологиялық тiзбеК
- •4.1 Кен өндiрiс транспорты
- •4.2 Кен көтермесi мен су ағызу жолдары
- •4.2.1 Кен көтермесi
- •4.2.2 Рудник суағары
- •4.3 Шақтының жерүстіндегі технологиялық комплексi
- •4.4. Пайдалы кенді байыту
- •4.4.1 Кен байыту әдiстерi мен негізі
- •4.4.2 Байытудағы дайындауыш процестер
- •4.4.3 Кен байыту процестерi
- •4.4.4 Кен байытуда қосалқы процестер
- •4.4.5 Кен байыту машиналарының қауiпсiз жұмыс iстеуiне қойылатын талаптар
- •5 Шақтыларды желдету, еңбек қорғау, қауiпсiздiк ережелерi
- •5.2 Желдетудiң негiзгi нышандары, желдету
- •5.3 Желдеткiштер және шақтыдағы желдетпе қондырғылары туралы деректер
- •5.4 Жерасты жұмыстарындағы еңбек қорғау, жұмыс
- •5.5 Электр жабдықтарын пайдалану ережелерi
- •5.6 Апат кезiндегi жүрiс-тұрыс шарты
- •5.7 Жұмыскерлердi қорғауға арналған құтқару аспаптары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
- •Зекен Майшекеұлы Смағұлов, Ибатолла Дайырұлы Арыстан, Тұяқ Көпейұлы Исабек
4.2 Кен көтермесi мен су ағызу жолдары
4.2.1 Кен көтермесi
Тiк қазбалар арқылы жүк тасуды – көтеру деп атайды, ол жұмыс шақтының көтеру құрылғыларымен іске асады. Кен өндiрiсiнде көтеру құралдарымен жабдықталған екi оқпан жүргiзiледi, бiрiншiсiн негiзгi оқпан, екiншiсiн қосалқы оқпан дейді. Негiзгi оқпан пайдалы қазбаны сыртқа шығару үшін пайдаланылады, ал қосалқы оқпан - кеншiлердi, материалдарды, жабдықтарды түсiрiп, шығару, желдету жұмыстарын іске асырады.
Жүктер жер астынан клетпен (4.8, а-сурет) не скиппен (4.8, б-сурет) шығарылады.
Жүк тасу сауыттары түріне байланысты оқпандар - клеттi, не болмаса скиптi деп аталады. Көтергiш қондырғы (4.9-сурет) жоғарғы сөресiнде бағыттауыш шкиві орналасқан дiңнен тұрады. Көтергiш машина барабанынан, бағыттауыш шкив арқылы, көтергiш сауыттар iлiнген екi арқан жiберiледi. Ал клетпен көтерген кезде, пайдалы қазба (жыныстар) вагонеткалармен шығарылады. Вагонеткалардағы жүк жер үстіне түсiрiледi. Бос вагонеткалар шақтыға қайта түсiрiледi.
4.8 - сурет. Тiк оқпандар арқылы көтеру схемалары:
а) клеттi оқпан; б) скиптi оқпан; 1 - тиелген вагонетка; 2 - айналмалы аударғыш; 3 - өлшеуіш қондырғы; 4 – түсiрiп-тиейтін скип; 5 - жербетi бункері
Ал скиппен көтергенде, пайдалы қазба оқпан албарында, әдейi орнатылған, тиегiш құбырлармен атқарылады. Оқпан албарына жүкпен келген вагонеткалар (4.8, б-сурет) аудармашыларға кiргiзiлiп, жүктерi бункерға (шұңқырға) түсiрiледi. Жүктер бункерден, төменгi жағындағы орналасқан өлшеушi қондырғылармен, скипке тиеледi. Жербетiне скиппен көтерiлген жүк қабылдауыш бункерге тиеледi. Скиптiң көтеру мүмкiншiлiгi 16 т дейiн жетедi. Скиптi қондырғылар құлама оқпан, еңiс арқылыда жүк тасу үшiн қолданылады.
4.9 - сурет. Көтеру қондырғылар схемасы:
1 – көтеру қондырғысы; 2 – дің; 3 – бағыттаушы шкив; 4 – көтерме сым арқан; 5 – көтергіш құбырлар
4.2.2 Рудник суағары
Жерастында пайдалы қазбалар бөтен ылғалды (сужинағыш) жыныстарда кездеседі. Тау-кен жұмысы кезінде осындай су қазбаларға құйылады. Судың ең үлкен жиналысы тазалау жұмыстарын төбені опырып құлата жүргізгенде байқалады. Пайда болған жарықшақтардың арасымен жер астындағы судан басқа, жер бетiндегi суларда төгiледi. Жерасты қазбаларында судың қаптауы, жүргiзiлiп жатқан кен жұмысына кедергi жасап және санитарлы-гигиеналық жағдайды нашарлатады. Сондықтан қазбаларға ағып келетiн суды мезгiлiмен сыртқа шығарып отыру керек.
Пайдалы қазбаның гирогеологиялық жатыс жағдайына байланысты, әр шақтыда, су тасуы әртүрлi болады. Шақтыдағы ағылатын су мөлшерiн молшылық коэффициент арқылы анықтайды. Аталған коэффициент, бiр тәулiкте жер бетiне көтерiлген (м3) судың, сол тәулiкте жер бетiне шығарылған көмiрдiң (тонна) бөлiмiне тең, әдетте бұл коэффициент көрсеткiшi бiр санынан артық болады.
Жазғытұрым, қар еріген кезде су тасқыны әдеттегiден 1,5 - 2 есе көбейедi. Шақтының сулары тұздылығы мен қышқылдығы салдарынан iшуге, не болмаса техникалық мұқтаждарға қолдануға жарамайды. Тұздылығы - суда кальций, магний тұздарының болуына, ал қышқылдылығы - суда бос күкiрт қышқылының кездесуiне байланысты. Қышқыл суларды қызғылт түрiнен айыруға болады. Бұл қышқыл сулар насостардың, металдан құралатын машиналардың бөлшектерiн, рельстердi т.б iстен шығарады. Осыған қоса, шақты сулары, органикалық заттармен iш ауруын қозғайтын микроорганизмдерге толы болады. Сондықтан мұндай суды iшуге қатты тыйым салынады.
Шақты суларын жер бетiне шығару, арнайы су көтергiш басшы және қосалқы қондырғылар арқылы атқарылады. Басшы су тартқыш қондырғы, барлық шақтыда жыйналған суды шығаруға қолданылады. Қосалқы қондырғылар әр учаскелерден, қазбалардан келген суларды басты су жыйнағышқа жеткiзедi.
4.10 - сурет. Су жүретiн жыралар:
тiрелген: а) бетонмен; б) ағашпен; в) темiрбетонмен
Тазалау жұмысы жүргiзiлгенде, сулар босаған кеңiстiкке жиналып, тасыма штрегіне құйылады. Штректегi су жүретiн жырақтармен (4.10-сурет), шақтының су жинағышына шоғырланады. Жиналма су құмнан басқа қосындылардан тазарады, одан кейiн коллекторлар арқылы қабылдауыш құдыққа, одан оқпан албарындағы су тартқыш камерасында орналасқан насоспен жер бетiне шығарылады. Су тартқыш камерасында үш насос қойылады - бiреуi жұмыс iстейдi, екiншiсi жөндеуде тұрады, үшiншiсi кезекте тұрады. Насостар өнiмi сағатына 400 м3, ағын күшi 600 м дейiн болады. Тосыннан су ағыны болған жағдайда, су тартқыш камераларды су басып қалмау үшiн, оқпан албарындағы басқа қазбалардан 0,5 м жоғары орналастырады. Насостардың суды итергiш құбырлары, клеттi оқпанмен қосылған жүрiс жолдарында орналасады. Керек болған жағдайда, су тартқыш камераны басқа қазбалардан бөлiп тастау үшiн, кейде су тартқыш камераны саңлаусыз жабылатын есiк орналасқан жазық жүрiс жолдарымен, оқпан албарындағы қазбалардың бiрiмен қосады. Оқпан албарынан төмен, көлемдерi 8-10 сағатта жиналатын суды сыйдыратындай қылып, екi су жинағыш жүргiзiледi. Бұл су жинағыштардың бiреуiне су жыйналады, екiншiсi тазартуда болады. Қазіргi шақтыларда су жыйнау жұмысы автоматтандырылған.
