Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга ОГР (оконч.ред).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
16 Мб
Скачать
☆

1.3 Кен қазбаларының маңызы мен топтасуы

Кен жұмыстарын атқару барысында жыныстар арасында қазба атты қуыстар пайда болады.

Қазбалар - орны, атқаратын жұмыстары, формасы және жату тереңдiгi бойынша әр түрлi болып келеді. Атқаратын жұмысына байланысты өткізілетін қазбалар, пайдалы кенді iздеп тауып, анықтауға арналса - барлаушы, ал кендi қазып алуға арналса – пайдаланушы қазбалар деп аталады. Жер бетiндегi ойылымдар ашық қазба, ал одан төменгілері жерастылық болып саналады. Жерастылық қазбалардың жер бетiне шығатын тұсын - ауызы деп атайды. Қазбалардың кен жұмыстарын жүргізуге байланысты жылжып тұратын бетiн кенжар дейді. Жерасты орналасу бағытына байланысты қазбалар - тiк, құлама, жазық болып бөлiнедi.

Тiк қазбалар қатарына жататындары - оқпан, тұйық оқпан, шурф, өрлеме, гезенк (1.6-сурет).

Оқпан – тікелей, жер бетiне шығатын қазба. Атқаратын жұмысы - қазып алынған кендi жер үстіне шығару, ауа алмастыру, кеншiлердi, материалдарды түсiрiп шығару т.б. Басты оқпан - тек қазып алынған кендi жер үстіне шығару функциясын атқарса, қосалқы оқпан арқылы кеншiлердi, материалдарды, басқа да жабдықтарды көтерiп-түсiру, шығару үшiн қолданылады.

Тұйық оқпан - тiк бағытты, жер бетiне шықпайтын және төменгi горизонттар кенiн жоғары көтеру үшін механикаландырылған көтергiшпен жабдықталатын қазба.

Ш урф (шыңырау) - жер бетiнен бастап тiк (сирек құлама) өтетiн, жаппай жару кезiнде жарылғыш заттарды орналастыратын, шақтыларға жел жiберу, тiреу, материалдарды түсiрiп-шығару үшін қолданылатын қазба.

1.6 - сурет. Тау-кен қазбалары: 1, 2 – тік оқпандар, 3 - тұйық оқпан, 4 - гезенк, 5 - шурф, 6 – көлбеу оқпан, 7 - бремсберг, 8 - еңес, 9 – құлама қазба, 10 - жүрiс жол, 11- орт, 12 – көлбеу шурф, 13 – штольня (тауашар), 14 - штректер, 15- квершлагтар, 16 - жапсырмақаз, 17- тiлме қазба

Гезенк (оқпақ) - жер асты жыныстарын жоғарыдан төмен түсiретiн, ауа алмастырып, кеншiлердi, материалдарды, жабдықтарды жеткiзетiн құлама (тік) қазба.

Жазық қазбаларға - штольня, квершлаг, штрек, жапсырмақаз және орт жатады.

Штольня (тауашар) – тікелей жер бетiне шығатын және жерасты жұмыстарының бар мұқтажын қамтамасыз етуші қазба. Оның барлаушы, пайдаланушы түрлерi болады.

Квершлаг (қылует) - жерастылық көмiр тақталарының жазылым жатысына кесе көлденең өтетiн, жүк тасып, кеншiлердi қатынастыру және ауа алмастыру жұмыстарын атқаруға арналған, жер бетіне шықпайтын жазық қазба.

Штрек (қуақаз) - жерастылық пайдалы қазбаның жазылым бойымен, не жанасты өтетiн, ауа алмастыру, адам-жүк тасу жұмыстарын атқаратын қазба. Штректердiң екi түрi кездеседі: бiрiншiсi - тасыма штрегi, екiншiсi - желдетпе штрегi.

Жапсырмақаз (просек) - жерастылық жазық көмiр тақтасы бойынша өткізiлiп, ауа алмастыру және жұмысшылар қатынасын қамтамасыз ететiн қосалқы қазба.

Орт - жерастылық қалың көмiр қабаттарына көлденең өтетiн, барлау, ауа алмастыру, жүк тасу жұмыстарын атқаратын қазба.

Қөлбеу қазбаларға жататындары – қөлбеу оқпан, көлбеу шурф, бремсберг, еңес, құлама, жүрiс жол, тiлме қазба және түйiлiспе.

Көлбеу оқпан атқаратын жұмыстары тiк оқпан мен тiк шурфтың атқаратын жұмыстары. Айырмашылығы олардың құлама орналасқандығы.

Бремсберг (өрлейқаз) - пайдалы қазбаны жоғарыдан төмен түсiретiн, жер бетiне шықпайтын қазба.

Еңес (уклон) – пайдалы қазбаны төменнен жоғары шығаратын, жер бетiне шықпайтын қазба.

Құлама (скат) - пайдалы қазбаны жоғарыдан төмен түсiретiн, жер бетiне шықпайтын қазба.

Жүрiс жол (ходок) - жұмысшылар қатынасуына, ауа алмастыруға, түрлi жабдықтарды жеткiзуге арналған құлама (кейде жазық) қазба. Жүрiс жол әрқашан бремсберг, еңестерге жанаса өтетiн, көбiнесе жұмысшыларды тасу үшiн механикаландырылған қазба.

Тiлме қазба (печь) - кен қабатымен өткізiлетін, жер бетiне шықпайтын қазба. Атқаратын жұмысы - жұмысшылардың қатынасуы, ауа алмастыру, жүк тасу, материалдарын жеткiзу.

Түйiлiспе (сбойка) - ауа алмастыру үшін арналған құлама, не жазық қазба. Жоғарыда келтірілген қазбалардың барлығында көлденеңдiгiнен ұзындығы артық, ал ұзындығы мен көлденеңi шамалы қазбаларды – камералар (кенүңгір) деп атайды.

Камераларда машина, механизмдер орналасады, әр түрлi материалдар сақталынады. Камералар көбiнесе оқпан маңайында орналасады. Камералар атқаратын функциясына байланысты - аялдама камерасы, электровоз гаражы, насос станциясы, диспетчер, медициналық пункті, су жинағыш т.б. түрлерге жіктеледі

Кен қазылатын орынды тазартпа кенжар деп атайды. Жерастылық кен алатын ұзын кенжарды - лава деп те айтады. Қазба өткізу жұмыс орнын ұңғыма кенжар дейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]