Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга ОГР (оконч.ред).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
16 Мб
Скачать
☆

5.7 Жұмыскерлердi қорғауға арналған құтқару аспаптары

Барлық шақтыларда жұмыс iстейтiн адамдар, қауiптен сақтайтын арнаулы киiмдер, аяқкиiм және керектi қорғаныш тетiктерiмен қамтамасыз етiледi. Жер астындағы жұмыскерлер, жұмыс уақытында қорғаушы каска арнаулы киiм, аяқкиiм киiп жүрулерi керек және жарылыстан қорғанған шамы болуы керек. Шақтыға түсердiң алдында, әрбiр жүмыскерлерге түзу, өзiне бекiтiлген жеке құтқарғыш берiлуi керек. Шақтыда және жұмыс орнында құтқарғышсыз болуға болмайды. Шақтыға түсетiн жұмыскерлердiң, не болмаса жер астындағы жұмысқа ауысқандардың құтқарғышты қолдана бiлуiн, түтiндi жерде тексеруден өткiзу керек. Кейiнде, мұндай тексерудi жылына бiр рет, жұмыскерлерге құтқарғыштарды кигiзiп қосалқы шығыстан шығарып жүргiзу керек.

Шақтыда екi түстi құтқарғыштар қолданылады: - тазартпа (сүзгiш) және жекелеушi құтқарғыштар. Сүзгiш құтқарғышқа жататыны СПП - 2 (5.12, а-сурет).

Б ұл құтқарғыш адамның тыныс орнын көмiртегi тотығынан, шаң мен түтiннен қорғайды. Атмосферада оттегi 17 % ден кем болмаса және көмiр тегi 1% тен аспаса, СПП - 2 құтқарғышысының күшi 60 минутқа дейiн жетедi.

Ж

5.12 - сурет. СПП-2 тазалаушы құтқарушы аспабының жалпы көрiнiсi

екелегiш құтқарғыш ретiнде ШС - 7 құтқарғышы қолданылады, бұл құтқарғыш уланған, не болмаса оттегi аз ортада, ондағы газдардың болуына қарамай, 20 - 40°С температурада адамның тынысын қорғай алады. Құтқарғыш ШС - 7 дегi, химия жолымен сiңiрген оттегiнiң қоры, апатқа ұшыраған учаскеден шығу кезiнде, жұмыскерлердi 45 мин-қа дейiң қорғай алады. Құтқарушы ШС - 7 схемасы 5.13-суретте көрсетiлген.

ШС - 7 нiң жұмыс iстеуi, шығарылған дем, емiзгiш арқылы, шланг бойымен тазартпа патронға жетiп көмiртегiмен тазартылып, оттегiмен байытылып, патронның iшкi және сыртқы қорабтарының арасындағы саңлаумен дем алатын қапшыққа барады (ауаның артығы арнаулы клапан арқылы шығарылады). Дем алғанда, ауа патрон мен шланг арқылы адамның өкпесiне жетедi. Құтқарушыларды жүмыс iстету үшiн құлып алынып, қорабтың қақпағы ашылып, ауызға түтiк салынып, мұрын қысқышпен қысылып содан кейiн барып дем ала беруге болады.

Әскери тәртiптi құтқарушы бригадалардың тыныс мүшелерiн қорғау үшiн жекеленген респираторлар Р - 12 және РВЛ - 1 қолданылады. Бұл респираторлардың баллондарында 400 және 200 л ден оттегi қоры болып 2 сағаттан 4,5 сағатқа дейiн қорғай алады. Газ, көмiр және жынстардың қауырт жарылу қаупi бар көмiр тақталарында жекелеушi құтқарушы құралдар қолданылуы керек. Жұмыс үстiнде жұмыскерлердiң тыныс мүшелерiн шаңнан қорғау үшiн (егерде шаң басу мен өзге техникалық әректтер шаң тозаңын санитарлық межеге жеткiзiп баса алмаса) шаң сүзгiш респираторлардың екi түрi қолданылады: - қысқа мерзiмдi, клапансыз респиратор "Лепесток"; сүзгiштерiн талай рет ауыстырып қолданылатын респиратор У - 2К.

5.13 - сурет. Шақтылық ШС - 7 жеке дара құтқарушы аспабының

жалпы көрiнiсi: 1 - тазалау патрон; 2 - iске қосу қондырғысы; 3 - тыныс қапшығы; 4 - қысым артылғанда ашылатын клапан; 5 - кеңiрдектi шланг; 6 - түтiк; 7 - мұрын қысқышы; 8 - футляр; 9 - футляр қақпағы; 10 - қақпақты бекiтiп тұратын темiр таспа.

Тiзе мен шынтақ буындарының қапшықтарының iсiп қызарып кететін бурситпен ауырмау үшiн алып-салмалы, қалыңдығы 8 - 12 мм резинадан жасалған тiзе, шынтақ қапшықтары пайдаланылады. Жұмыскерлердiң қолдарын зақымнан қорғау үшiн арнайы қолғап берiледi.

Электр қондырғыларын басқаратын адамдарды, электр тоғынан қорғау үшiн, арнайы жасалған диэлектрикалық етiк, галош, клемшiк (боты), қолғап пен қамтамасыз етiледi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]