Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга ОГР (оконч.ред).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
16 Мб
Скачать
☆

1.4 Кен орнын ашу және ашу жүйелерiнiң

топтасуы

Пайдалы қазба орнын барлап, не болмаса, пайдалану iсiн жүзеге асыратын кәсiптердi кен кәсiпорны деп атайды. Кендi жерасты қазып алып тiкелей пайдаланушыларға және орталық байыту фабрикасына жiберетiн кен кәсiпорны - шақты. Шақты деген ұғымға жерүсті құрылыстарымен қатар шақты алабындағы барлық қазбалар жатады. Шақты алабына шақты үлесiне тиген кен орны не оның бөлегi жатады.

Қазба жұмысы кезiнде көмiр тақталарынан метан және көмiр қышқыл газы шығады.

Метан газының шақты ауасына араласу деңгейіне қарай, шақтылар 5 категорияға бөлiнедi: егер бiр тәулiк ішінде өндірілген көмiрдiң 1 тоннасынан 5 м3 метан шығатын болса – І категорияға, 5 тен 10 м3/т дейiн – ІІ категорияға, 10 нан 15 м3/т дейiн – ІІІ категорияға, 15 м3/т нан жоғары болса, не суфлярлi, қауiптi түрiнде көмiр тақталарынан шығып жатса – ең жоғары категорияға жатқызылады. Көмiр, не жыныс арасынан газ кенеттен жарылып атылатын болса онда, шақтылар - ерекше категорияға жатады.

Кен қазып өндiру жұмысы 3 кезеңге бөлiнедi: бірінші - шақты алабын ашу, екінші – шақты алабын даярлау, үшінші - кендi қазып алу. Олар бiрiмен-бiрi тығыз байланысты. Ашу жүйесi қазбалардың кеңiстiкте орын алу схемаларын анықтаса, ашу әдiсi жұмыстың технологиялық сапасын сипаттайды.

Шақты алабын ашу дегенiмiз жер асты пайдалы кендеріне жер бетiнен өткізiлген күрделі қазбалар арқылы жету және даярлаушы қазбаларды өткізудi қамтамасыз ету.

Шақты алабын даярлау дегенiмiз дайындық қазбаларын өткізiп, тікелей кен алуға жол ашу.

Кендi алу деп пайдалы кендерді қазып алып, сыртқа шығаруды айтады.

Шақты алабын ашатындарды күрделі деп, ал әзiрлiк кезiнде өткізiлетiн қазбаларды даярлаушы қазбалар деп атайды.

Көмiр тақталары жер асты орналасу жағдайына (санына, ара қашықтығына, құлама бұрышына, геологиялық бұзылыстарына) байланысты жекелеп, не болмаса, бiрге ашылуы мүмкiн.

Ашу айырмашылықтары: а) жер бетiнен өткізiлетiн негiзгi қазбаларға байланысты - тiк, не құлама оқпандармен, штольнямен, араластырма ашу; б) қазылған кендi сыртқа шығаратын горизонт санымен - жеке горизонтты және көп горизонтты болуы.

Жер бетiне шығатын негiзгi қазбалардан басқа, шақты алабын не болмаса оның бөлiгiн ашатын, жер бетiне шықпайтын қазбалардың бiрнеше түрi болады: квершлаг, гезенк, тұйық оқпан, құлама т.б. Осы көрсетiлген қазбалар өзiнiң атқаратын жұмысына байланысты ашу жүйесiнiң қосалқы топтасуына кiредi. Мысалы, бiр горизонтты ашу әдiсi, тiк оқпан мен күрделі квершлаг арқылы, ал көп горизонтты - тiк оқпанмен және горизонтты не болмаса этажды квершлагтар арқылы ашу.

1.5 Шақты алабын ашу әдістерін анықтап шешетiн

факторлар

Ашу жүйесiн таңдағандағы факторлар геологиялық және техникалық болып екi топқа бөлiнедi. Геологиялық факторларға жататындары – көмiр тақталарының саны, құлама бұрышы, аралық қашықтықтары, үйiндi қалыңдығы, не болмаса бос жыныс қабаттары, қорыс, сулы жыныстар, геологиялық бұзылыстар, қазбаның тереңдiктерi, көмiр тақтасының газдылығы, жер бетiнiң кедір бұдырлылығы. Техникалық факторларға жататындары: шақтының жылдық қуаты, жұмыс атқару мерзiмi, шақты алабының мөлшерi, кен өндiру техникасының жетiстiгi. Аталған себептерді, ашушы қазбаларды таңдағанда, горизонт санын, оқпан төңірегiндегi қоймалар түрiн, жақын жатқан көмiр тақталарын ашу мен өндiру мерзiмiн, күрделі қазбалар қиығын, оларға тiреу таңдағанда қолдану керек. Мысалы, өте терең қабаттағы кен орнын құлама оқпан орнына тiк оқпанмен ашқан орынды. Таулы жерде кен орнын штольнямен ашқан дұрыс. Құлама және тiк жатқан көмiр тақталарын тек қана көп горизонтты әдiспен ашқан дұрыс. Газды көмiр тақталарын ашатын күрделі қазбалар мол ауа өткiзетiндей, қауiпсiздiк ережесiне сай кең болуы тиiстi. Ашу жобасын жасағанда геологиялық және техникалық себептер бiрдей қаралуы керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]