- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қарағанды мемлекеттік техникалық университеті з.М. Смағұлов, и.Д. Арыстан, т.К. Исабек
- •Қарағанды
- •1 Пайдалы кен орындары мен оның жекелеген бӨлІктерiн ашу жӘне даярлау
- •1.1 Табиғи көмір құрылымы және оның қасиеттері
- •1.2 Тау кен жұмыстары туралы ұғым
- •1.3 Кен қазбаларының маңызы мен топтасуы
- •1.4 Кен орнын ашу және ашу жүйелерiнiң
- •1.5 Шақты алабын ашу әдістерін анықтап шешетiн
- •1.6 Ашу жүйесiн таңдау мен негiзгi қазбалар орнын белгiлеуге байланысты қойылатын экономикалық талаптар
- •1.8 Жерасты шақты алабының бөлiмдерiн
- •1.9 Ашу жүйелерi
- •1.9.1 Жекелеген көмiр тақтасын ашу
- •1.9.2 Топты көмiр тақталарын ашу
- •1.9.3 Құранды ашу жүйелерi
- •1.9.4 Штольнялар арқылы ашу жүйелері
- •1.9.5 Руда кеніштерін ашып даярлау ерекшелiктері
- •1.9.6 Оқпан албары
- •2.1 Жеке дара қазбаның айналасындағы тұтас жыныстардың кернеулі-деформациялық күйі жөнінде деректер
- •Қазбаларды бекіту
- •2.3 Тiреу материалдары
- •Процестер
- •2.5.1 Жыныстарды бұрғылап-жару жұмыстары
- •2.5.2 Кенжар ауасын алмастыру
- •2.5.3 Жыныстарды тиеу
- •2.5.4 Қазба өткізердегі қосалқы жұмыстар
- •2.6 Ұңғылау жұмыстарының ерекшелiктерi
- •2.7 Тiк қазбаларды өткізу технологиясы
- •2.8 Жазық қазбаларды өткізу технологиясы
- •2.9 Көлбеу қазбаларды өткізу ерекшелiктерi
- •3 Тазартпа жұмыстары
- •3.1 Тазартпа жұмыстарындағы технологиялық процестер
- •3.2 Әртүрлi геологиялық жағдайда көмір қазу машиналарының жұмыс істеу схемалары
- •3.3 Тазартпа қазбалардағы қысымдар туралы түсiнiктер
- •3.4 Тазартпа қазбалардың жұмыс кеңiстiгiн бекемдеу
- •3.5 Тазартпа жұмысын жүргiзу кезiндегi тау-кен қысымын игеру
- •Тікелей төбе жыныстарының түрлері: т – тұрақты, от – орташа тұрақты, те – тұрақты емес.
- •3.6 Тазартпа қазбалардағы технологиялық үдірістерді ұштастыру жолдары
- •3.7 Кен қазу жүйесiне түсiнiк және оларды таңдағанда әсер ететiн себептер
- •3.8 Кен қазу жүйелерiнiң жалпы сипаттамалары
- •3.8.1 Көмiр кенiшi
- •3.8.2 Руда кеніштері
- •4 Кен Өндiрiсiндегi технологиялық тiзбеК
- •4.1 Кен өндiрiс транспорты
- •4.2 Кен көтермесi мен су ағызу жолдары
- •4.2.1 Кен көтермесi
- •4.2.2 Рудник суағары
- •4.3 Шақтының жерүстіндегі технологиялық комплексi
- •4.4. Пайдалы кенді байыту
- •4.4.1 Кен байыту әдiстерi мен негізі
- •4.4.2 Байытудағы дайындауыш процестер
- •4.4.3 Кен байыту процестерi
- •4.4.4 Кен байытуда қосалқы процестер
- •4.4.5 Кен байыту машиналарының қауiпсiз жұмыс iстеуiне қойылатын талаптар
- •5 Шақтыларды желдету, еңбек қорғау, қауiпсiздiк ережелерi
- •5.2 Желдетудiң негiзгi нышандары, желдету
- •5.3 Желдеткiштер және шақтыдағы желдетпе қондырғылары туралы деректер
- •5.4 Жерасты жұмыстарындағы еңбек қорғау, жұмыс
- •5.5 Электр жабдықтарын пайдалану ережелерi
- •5.6 Апат кезiндегi жүрiс-тұрыс шарты
- •5.7 Жұмыскерлердi қорғауға арналған құтқару аспаптары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
- •Зекен Майшекеұлы Смағұлов, Ибатолла Дайырұлы Арыстан, Тұяқ Көпейұлы Исабек
1.8 Жерасты шақты алабының бөлiмдерiн
даярлап алу тәртiбi
Шақты алабының этаждарын және панел ярустарын, үшiншi және жоғарғы категориялық метанды шақтыларда жоғарыдан төмен қарай, ал кейде газы аз, суы мол шақтыларда мемлекеттiк бақылау органдары рұқсатымен төменнен жоғары қарайда алуға болады. Этаж бен ярус iшiндегi көмiрді аларда тiкелей, не болмаса қайталай алу әдiстерi қолданылады (1.10-сурет). Бiрiншi жағдайда кен алу жұмысы ортадан басталып шақтының шекарасына қарай бағытталса (1.10, а-сурет), екiншiсiнде, керiсiнше болады (1.10, б-сурет).
Керiсiнше алудың тiкелейге қарағандағы артықшылығы:
1. Этаж бен ярус штректерiнiң тiреулерiн сақтап тұру арзанға түспек.
2. Этаж не ярус тасыма штректерiне берiлiп тұратын таза ауаның кен алынған қуыстарға сiңiп кетуi шектеледi және кен алынған орындарда өрт шығу мүмкiншiлiгi азаяды.
Егер өрт шыға қалса, өрт шыққан жердi бөлiп тастап (1.10-сурет), жаңа кенжар ашып, жұмысты әрi қарай жалғастыра беруге болады.
3. Тазартпа және даярлау жұмыстары арасында сәйкессіздiк болмайды. Сонымен қатар дайындық барысындағы жүк тасу, жабдықтар мен механизмдердi қолдану жұмыстары жақсарады.
4. Алдын ала штректер өткізу көмiр тақталарын толық зерттеуге мүмкiншiлiк туғызады.
К
ен
орнын тiкелей алудың тиiмдi жақтары:
тазартпа кенжарлары даярлау мезгiлiнiң
қысқалығы және алдын ала өткiзiлетiн
штректерге жұмсалатын қаржының азаюы.
Кемшiлiгi,
штректер ұзарған сайын ауа алмастыру
жұмысының қиындай түсуi.
1.10 - сурет. Этажбен, ярустарды тiкелей не болмаса керiсiнше алу
әдiстері: 1- далда; 2 - тазартпа тiлме қазба; 3 - тасыма штрек;
4 - желдетпе штрек; 5 - бремсберг; 6 - жүрiс жол; 7 - кроссинг
Шақты алабын панел тәсілiмен даярлағанда, ярустарды керiсiнше алу керек, ал этаж тәсілiмен даярлағанда, керiсiнше алуды, ауа алмастыру жағдайына байланысты, шақты қанатының мөлшерi 2000 м. аспағанда қолдану керек.
Ш
ақты
алабын панел тәсілiмен даярлағанда,
алабтың бремсберг жағын жазық бойымен
оқпан тұсынан шақты алабының шетiне
қарай алу керек. Бұл жағдайда бiрiншi
панелдi даярлауға өткізiлетiн негiзгi
штректердiң аумағы азаяды. Панелдiң еңес
жағы бiртiндеп шақты алабының шетiнен
оқпанға қарай алынуы керек. Негiзгi
штректердің қажетсіз бөліктері құлатылып
отырылады.
Даярлау тәсілiне, алу бағытына және шақты оқпандарының орналасу жағдайына байланысты, шақты алабында әртүрлi желдетпе схемалары қолданылады (1.11-сурет).
О
1.11
- сурет. Шақты
алабын оқпандардың орналасуына
байла-нысты желдету: а) ортада орналасқанда; б)
ортада алшақ ор-наласқанда;
в) шетте орналасқанда
Оқпандар бiрiнен-бiрi алшақ ортада орналасқанда (1.11, б-сурет), ластанған ауа жоғары қарай желдетпе оқпанға қарай жылжиды. Бұл схеманың өзiне тән кемшiлiктерi де бар, сондықтан шақтыларда сирек кездеседi.
Оқпандар шақты алабының шетiнде орналасқанда (1.11, в-сурет), ауа ағынының жолы қысқа және тазартпа кенжарлар орналасуына байланысты емес. Оқпандардың осылай орналасуының да өзіне тән кемшiлiктерi бар, бiрiншiден оқпандарды қосатын түйiлiспелердiң (сбойкалардың) ұзындығынан оларды өткізу қиыншылыққа түседi, екiншiден шетте орналасқан оқпандарды қосалқы жұмысқа қолдану ыңғайсыз жағдайда болады. Оқпандардың шетте орналасу варианты көбiнесе шақты алабын құлама оқпанмен ашқанда қолданады.
Тақтаның құлама бұрышы 100 асса және жоғары газдылық жағдайында, шақты алабтарын ашуда оқпандардың аралас орналасқан әдiсiн пайдаланады.
