- •Матрицаларға қолданылатын операциялар
- •Анықтауыштар
- •Теңдеулер жүйесінің шешімі бар болатын болса, ондай жүйені үйлесімді жүйе деп айтады.
- •Формуланы, есте сақтауға ыңғайлырақ мына түрде жазуға болады:
- •Векторлар және оларға қолданылатын амалдар
- •Түзудің жалпы теңдеуі
- •Екінші ретті қисықтар
- •Жазықтықтың теңдеуі
- •Кеңістіктегі түзулер. Кеңістікте түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы
- •Нақты сандар. Функция. Функция шегі. Функцияның біржақты шегі
- •Функцияның үзіліссіздігі. Функцияның үзіліс нүктелерін классификациялау
- •Үзіліссіз функциялардың қасиеттері:
- •Туындының анықтамасы
- •Туындының геометриялық мағынасы
- •Дифференциал
- •Дифференциалдық есептеулердегі негізгі теоремалар
- •Лопиталь ережесі
- •Тейлор формуласы
- •Функцияны зерттеу және оның графигін тұрғызу
- •Алғашқы функция. Анықталмаған интеграл және оның қасиеттері
- •Анықталмаған интегралдар таблицасы. Интегралдаудағы негізгі әдістер
- •Анықталған интеграл. Анықталған интегралдың бар болуы шарты. Анықталған интегралдың қасиеттері
- •Анықталған интегралдардың қасиеттері
- •Интегралды бағалау. Орта мән туралы теорема
- •Анықталған интегралды қолдану мысалдары
- •Көп айнымалының функциясы ұғымы. Көп айнымалының функциясының шегі, үзіліссіздігі
- •0Xy жазықтығында берілген d обылысы анықталу обылысы болатын екі айнымалының
- •Көп айнымалының функциясының дербес туындылары
- •Екі айнымалының функциясының экстремумы
- •Элементарлық әдістермен интегралданатын жай дифференциалдық теңдеудің кей түрлері
- •Тұрақты коэффициентті екінші ретті сызықтық дифференциалдық теңдеулер
- •Ықтималдылықтың классикалық анықтамасы
- •Статистикалық ықтималдылық
- •Ықтималдылықтарды қосу және көбейту теоремалары
- •Лапластың локальдық және интегралдық теоремалары
- •Кездейсоқ шамалар. Кездейсоқ шамалардың түрлері. Дискретті кездейсоқ шамалардың таралу заңдары
- •Дискретті кездейсоқ шаманың математикалық күтімі мен дисперсиясы
- •Үзіліссіз кездейсоқ шаманың таралу функциясы мен тығыздығы
- •Нормаль таралу заңы
- •Қайталанатын және қайталанбайтын таңдаулар. Таңдаулардың өкілеттігі
- •Таңдау әдістері
- •Таңдаманың статистикалық таралуы
- •Эмпирикалық таралу функциясы
Қайталанатын және қайталанбайтын таңдаулар. Таңдаулардың өкілеттігі
Таңдама жиынды құрағанда бас жиыннан алынған объект зерттеліп болғаннан кейін бас жиынға қайтарылуы да қайтарылмауы да мүмкін.
Егер таңдама жиынды құраған кезде таңдап алынған объект зерттеліп болғаннан кейін келесі объектіні бас жиыннан алар алдында бас жиынға қайтарылатын болса, онда бұндай таңдауды қайталанатын таңдау дейді. Ал егер таңдап алынған объект бас жиынға қайтарылмайтын болса, онда бұндай таңдау қайталанбайтын таңдау деп аталынады.
Іс жүзінде көбіне қайталанбайтын таңдау қолданылады.
Таңдама жиынның объектілерінің қасиеттері арқылы бас жиынның объектілерінің қасиеттері туралы қорытындыны дұрыс жасай алу үшін таңдама жиын бас жиынды дұрыс сипаттай алатындай болып таңдалуы керек, яғни бас жиынның объектілерін өкілетті түрде көрсете алуы керек.
Бас жиынның көлемі тым үлкен болып, таңдама жиын оның тек мейлінше аз бөлігін құрайтын болса, онда қайталанатын және қайталанбайтын таңдаулар арасында айырма шамалы болады, ал егер бас жиынның көлемі шексіз үлкен болып, таңдама жиынның көлемі шектелген болатын болса, бұл екі түрлі таңдаманың бірінен бірінің айырмасы жоқ деуге болады.
Таңдау әдістері
Іс жүзінде қолданылатын таңдау әдістерін екі топқа бөлуге болады.
Бас жиынды бөлшектемей жасалатын таңдаулар. Бұған қарапайым кездейсоқ қайталанбайтын таңдау мен қарапайым кездейсоқ қайталанатын таңдау жатады.
Бас жиынды әртүрлі бөліктерге бөліп барып таңдау жүргізу. Бұған типтік таңдау, механикалық таңдау, сериялық таңдаулар жатады.
Егер объектілер бас жиыннан бір бірлеп таңдалатын болса, ондай таңдауларды қарапайым таңдаулар деп атайды.
Егер бас жиынды объектілердің типтік қасиеттері бойынша топтарға бөліп барып, таңдама жиынды құрған кезде объектілерді топтың әрқайсысынан таңдайтын болса, мұндай таңдауды типтік таңдау деп атайды. Мысалы детальдар бірнеше станокта жасалған болатын болса, таңдама құрған кезде детальдар станоктардың әрқайсысынан жасалған детальдарды сипаттай алатын болуы керек. Сондықтан детальдар әр станоктың әрқайсысынан жасалған детальдардан таңдалуы керек.
Таңдама жиынды құрмастан бұрын бас жиын механикалық түрде (еш ережесіз) таңдама жиында қанша объект болуы керек болса, сонша топқа бөлінеді де әр топтан бір бірден объекті таңдама жиынға алынады. Бұл механикалық таңдама болады.
Егер таңдама жиынды құрған кезде объектілер бас жиыннан бір бірлеп емес сериямен алынып, сериядағы объектілер тұтас зерттелетін болса, бұндай таңдау сериялық таңдау деп аталынады.
Іс жүзінде осы таңдамалардың комбинациясы жиірек қолданылады. Мысалы бас жиын әуелі көлемдері бірдей серияларға бөлінеді, сосын қарапайым таңдау әдісімен сол сериялардан біраз сериялар бөлініп алынады да, әр сериядан қарапайым таңдау әдістерімен объектілер таңдап алынады.
Таңдаманың статистикалық таралуы
Бас
жиыннан таңдама жиын бөлініп алынсын
делік. Сонда х1
қасиеті n1
рет, х2
-n2
рет, xk
-nk
рет байқалсын делік. Таңдама көлемі
болады. Байқалған xi
қасиеттері варианталар
деп аталынады, варианта шамалары өсу
ретімен орналасқан варианталар тізбегі
вариациялық
қатар
деп аталынады. Қасиеттің байқалу саны
жиілік
деп аталынады, ал олардың таңдама жиынның
көлеміне қатынасы, яғни ni/n=Wi
саны салыстырмалы
жиілік
деп аталынады.
Варианталар тізімі мен олардың орналасу ретіне қарай сәйкестендіріліп келтірілген жиіліктер немесе салыстырмалы жиіліктер тізімі таңдаманың статистикалық таралуы деп аталынады. Статистикалық таралуды варианталар жататын аралықтар мен сол аралыққа түскен варианталардың жиіліктерін көрсетіп те беруге болады.
Ықтималдылықтар теориясында таралу заңы деп кездейсоқ шамалар мен сәйкес ықтималдылықтардың тізімін айтқан болатынбыз. Ал математикалық статистикада статистикалық таралу деп варианталар мен оларға сәйкес жиіліктер тізімін айтамыз.
