Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖМ_биология.doc-1387198353ЖМ_биология.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Жазықтықтың теңдеуі

Кеңістікте Oxyz декарттық координаталар системасы берілсін. M0(x0,y0,z0) нүктесі мен N={A,B,C} векторы берілген болсын. Мынадай теңдеуді қарастыралық:

A(x-x0)+B(y-y0)+C(z-z0)=0 (1)

Бұл теңдеу M0(x0,y0,z0) нүктесі арқылы өтетін, N={A,B,C} векторына перпендикуляр жазықтықты анықтайды. Осы теңдеудегі жақшаларды ашсақ Ax+By+Cz-(Ax0+By0+Cz0)=0 аламыз. Соңғы теңдеудегі жақшадағы санды

-D деп белгілесек жазықтықтың теңдеуі мынадай түрде жазылады:

Ax+By+Cz+D=0. (2)

(2) теңдеу жазықтықтың жалпы теңдеуі деп аталынады. N={A,B,C} векторын жазықтықтың нормаль векторы деп атайды.

Егер жазықтықтың жалпы теңдеуіндегі коэффициенттер нольден ерекше болса, онда теңдеуді – D санына бөліп, теңдеуді мына түрге келтіруге болады:

Мұнда a=-D/A, b=-D/B, c=-D/C. Бұл теңдеуді жазықтықтың кесінділік теңдеуі деп айтады. Мұндағы а, b, с сандары жазықтықтың сәйкес абсцисса, ордината, аппликата осьтерінен қиятын кесінділердің ұзындықтары.

Бізге П1, П2 жазықтықтары берілсін:

A1x+B1y+C1z+D1=0 , A2x+B2y+C2z+D2=0 (4)

онда бұл жазықтықтардың қиылысуынан шыққан екі жақты бұрыштардың біреуі осы жазықтардың нормаль векторларының арасындағы бұрышқа тең болады, сондықтан ол бұрышты төмендегі формула арқылы есептеуге болады:

Егер П1, П2 жазықтықтары өзара параллель болса олардың нормаль векторлары коллинеар болады және керісінше де дұрыс. Сондықтан:

Бұл екі жазықтықтың параллельдік белгісі болады.

Егер П1, П2 жазықтықтары өзара перпендикуляр болса, олардың нормаль векторлары да перпендикуляр болады, демек олардың скалярлық көбейтіндісі нольге тең, яғни:

A1A2+B1B2+C1C2=0.

Бұл екі жазықтықтың перпендикулярлық белгісі.

Кеңістіктегі түзулер. Кеңістікте түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы

Кеңістікте түзуді екі жазықтықтың қиылысу сызығы деп қарауға болады, сондықтан осы екі жазықтықтың теңдеулерінен тұратын жүйені түзудің кеңістіктегі теңдеуі есебінде қарастыруға болады.

(1) жүйені теңдеудің жалпы теңдеуі деп атайды. Нақты есептерді шешкен кездерде түзудің теңдеуін (1) қолдану кейде едәуір ыңғайсыздық тудырады. Сондықтан ондай кездерде түзудің басқа түрде берілген теңдеулерін пайдаланады.

Бізге L түзуі мен нольден ерекше a{l,m,n} векторы берілсін, бұл вектор түзуде жатсын, немесе оған параллель болсын. L түзуінің бойынан M(x1,y1,z1) нүктесін алалық. Онда қарастырып отырған түзудің теңдеуін мына түрде жазуға болады:

Бұл теңдеуді түзудің канондық теңдеуі деп атайды.

t параметрін енгізу арқылы канондық теңдеуден түзудің параметрлік теңдеуін алуға болады:

Бізге екі түзу өздерінің канондық теңдеулері арқылы берілсін:

Осы екі түзу құрап тұрған бұрыштардың бірі a1{l1,m1,n1}, a2{l2,m2,n2} векторларының арасындағы ϕ=(a1^a2) бұрышқа тең болады. Ол бұрышты мына формула арқылы есептеуге болады:

Кеңістіктегі екі түзудің сәйкес параллель немесе перпендикуляр болу белгісі мынадай болады:

Енді түзуі мен Ax+By+Cz+D=0 жазықтығының өзара орналасуын қарастыралық. Олардың арасындағы бұрыш былай анықталады:

Түзу мен жазықтықтың сәйкес параллельдік, перпендикулярлық белгілері мынандай болады: