- •Сабақ кезеңдерін жоспарлау
- •Ақпараттар блогы Дәрілік заттардың энтеральді және сырттай қолдану әдістері.
- •Белсенді үлестірмелі материал
- •Таблетканы, капсуланы, дражені, пилюланы қабылдау
- •Тұндырманы, қайнатпаны, микстураны (қоспалы сұйық дәріні) қолдану
- •Тұрындыны, экстракты (шырсөл) қолдану
- •Науқасқа ¥нтақты қолдану
- •Мұрынға дәрілік тамшы тамызу
- •Көз майын қаттастырып салу
- •Көзге тамшы тамызу
- •Құлаққа дәрілік ерітіндіні тамшылатып тамызу
- •Жеке ингаляторды қолдану
- •Пластырьді (жабысқақ дәрілік қыздырғышты) салу
- •Сеппе (Ұнтақ) дәріні сыртқа қолдану
- •Дәрілік ерітіндіш теріге майлау
- •Суппозиторийді (балауызды) тік ішекке қолдану
- •Майлы таңғышты орындау
- •Теріге майды жағу
- •Дәрілік ерітіндіні теріге сылап жағу
- •Теріге майды сылап жағу
- •Тест тапсырмалары
- •Тест тапсырмалары
- •Сөйлемді мағынасы бойынша аяқтаңыз
- •Вариант: II. Вариант
Белсенді үлестірмелі материал
Пән «Медбикелік ісі негіздері» |
ЦӘК «Мебике ісі» |
Тәжірибелік сабақ №3 Тақырыбы: «Дәрілік заттардың энтеральді және сырттай қолдану әдістері». |
Мамандығы «Медбикелік іс» |
Оқытушы: |
Курс – 2 Семестр – 3
|
Мақсаты:
Білім алушылардың мақсатты жұмыс атқаруын қамтамасыз ету, дәрі-дәрмектерді эртеральды және сыртқы тәсілмен қолдану кезінде асептика мен антисептика ережелерін сақтау.
Дәрі дәрмектерді науқастарға энтеральді және сыртқа енгізуді стандарт бойынша білу.
Емделушіге энтеральды және сыртқа енгізу тәсілдері өте маңызды екендігін түсіндіру.
Дәрі дәрмектерді науқастарға қолдану кезіндегі асқынулардың алдын алу
Жұқпалы қауіпсіздікті сақтау барысында өздеріне қажетті заттарын дұрыс пайдалануды, оған аурулардың көзін жеткізуге білім алушыларды үйрету.
Бақылау сұрақтарына жауап беру
Энтеральді жолмен дәрілік заттарды енгізу. Сыртқа және ингаляциялық жолмен дәрілік заттарды енгізу тақырыбына тест тапсырмаларына, ситуациялық есептерге жауап беру
Бақылау сұрақтары:
Энтеральді қолдануға арналған дәрілік заттар
Инъгаляциялық қолдануға арналған дәрілік заттар
Сыртқа қолдануға арналған дәрілік заттар
Дәрі таблеткаларды энтеральді жолмен енгізу.
Ұнтақтарды энтеральді жолмен енгізу.
Микстураны энтеральді жолмен енгізу.
Капсулаларды энтеральді жолмен енгізу.
Дәрілік заттарды сублигвалдық жолмен пайдалану.
Ингаляторды пайдалану техникасы.
Дәріліерді өзінің қолдануына қарай және сақтануына қарай бөліп көрсету.
Дәрілік заттарды көзге тамызу.
Дәрілік заттарды мұрынға тамызу.
Дәрілік заттарды құлаққа тамызу.
Теріге әр түрлі тәсілмен май жағу.
Теріге әр түрлі тәсілмен ұнтақ себу
Таблетканы, капсуланы, дражені, пилюланы қабылдау
Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімі: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Дайындаңыз: дәрігер тағайындаған таблеткаларды (түймедақтарды)
капсулаларды, дражені, пилюланы (дәрінің домалақ түрін) қайнатылған суы
бар стаканды немесе мензурканы.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрілік препаратты таңдап алыңыз.
2. Дәрілік препараттарды қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.
3. Дәрілік препараттың жарамдылығын тексеріңіз (дәрінің атын, мөлшерін (дозасын) сақталу мерзімін оқыңыз).
4. Науқасқа дәрі- дәрмектер туралы қажетті мәліметті беріп, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.
5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.
6. Капсуланы немесе таблетканы ораудан босатып алыңыз немесе оны қабынан (конвалютадан) қайшымен кесіп босатып алыңыз.
7. Науқастан ауызын ашуын сүраңыз.
8. Таблетканы, капсуланы, дражені немесе пилюланы науқастың тілінің түбіріне салыңыз.
9. Науқастан дэрілік препаратты аз мөлшердегі сумен ішуін сүраңыз.
Ескерту:
- қабығы бар таблетканы науқастын жүтынуы қиын болса, онда оны сумен ылғалдатуға болады;
- науқас таблетканы жүта алмай қиналса, онда мейірбике оларды үнтак гап беруі қажет;
- дражелер, капсулалар, пилюлалар өзгермеген түрде қолданылады.
