- •Сабақ кезеңдерін жоспарлау
- •Ақпараттар блогы Дәрілік заттардың энтеральді және сырттай қолдану әдістері.
- •Белсенді үлестірмелі материал
- •Таблетканы, капсуланы, дражені, пилюланы қабылдау
- •Тұндырманы, қайнатпаны, микстураны (қоспалы сұйық дәріні) қолдану
- •Тұрындыны, экстракты (шырсөл) қолдану
- •Науқасқа ¥нтақты қолдану
- •Мұрынға дәрілік тамшы тамызу
- •Көз майын қаттастырып салу
- •Көзге тамшы тамызу
- •Құлаққа дәрілік ерітіндіні тамшылатып тамызу
- •Жеке ингаляторды қолдану
- •Пластырьді (жабысқақ дәрілік қыздырғышты) салу
- •Сеппе (Ұнтақ) дәріні сыртқа қолдану
- •Дәрілік ерітіндіш теріге майлау
- •Суппозиторийді (балауызды) тік ішекке қолдану
- •Майлы таңғышты орындау
- •Теріге майды жағу
- •Дәрілік ерітіндіні теріге сылап жағу
- •Теріге майды сылап жағу
- •Тест тапсырмалары
- •Тест тапсырмалары
- •Сөйлемді мағынасы бойынша аяқтаңыз
- •Вариант: II. Вариант
Пластырьді (жабысқақ дәрілік қыздырғышты) салу
Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: құяң, невралгия, миозит, бұлшық еттің қабынуы, тері мүйізгегі.
Қарсы көрсетілімдері: тері аурулары, аллергиялық дерматит.
Дайындаңыз: дэрілік пластырьді, қайшыны, мақта немесе дэке
шариктерін, лотокті, шымшуырды (пинцетті), антисептикалық ерітіндіні.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Дэрілік препаратты қолдану бойынша нұскаумен танысыңыз.
2. Дэрігердің тагайындауына сэйкес, пластырьдің жарамдылыгын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз, оның сыртқы түрін багалаңыз).
3. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. Науқасқа пластырь туралы қажетті мәліметті беріңіз.
4. Гигиеналық деңгейде қолга тазартуды жүргізіңіз. Қолгапты киіңіз.
5. Науқастың терісін антисептикалық ерітіндінің бірімен немесе сабынды сумен тазартыңыз оны қүргатып сүртіңіз, шашы болса - қырыңыз.
6. Пластырьды қажетті көлемін қайшымен қиыңыз. Пластырьдегі қоргамыш жүқа қабықты ашыңыз.
7. Науқастың терісінің үстіне пластырьді салып, аздап қана басыңыз.
8. Пластырьді алар алдында шетін спиртпен сүртіңіз, оны шаштың өсу жолы бойымен ақырындап алып тастаңыз.
Ескерту:
- пластырьді 2 тэулік бойы алуга болмайды, егерде қатты тітіркендіруі сезілмесе;
- пластырь қатты күйдірсе, оны алып, сол жердегі теріге вазелин жагыңыз.
Сеппе (Ұнтақ) дәріні сыртқа қолдану
Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: баздануда, тершеңдікте теріні құрғату.
Дайындаңыз: сеппені, сүлгіні немесе сүрткіні, суды, қолғапты.
Іс-әрекег алгоритмі:
1. Дэрілік препаратты қолдану бойынша нүсқаумен танысыңыз.
2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес, сепппенің жарамдылыгын тексеріңіз. (атын, сақталу мерзімін оқыңыз).
3. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Науқасқа үнтақ дәрі туралы мәліметті айтыңыз.
4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз.
5. Науқастың үнтақ себетін терісі аймагын жылы сумен жуып, сүлгімен (сүрткімен) сүртіп қүргатыңыз.
6. Сеппесі бар ыдыстың түбін жогары қаратып тоңкеріп, сілкіген қозгалыспен бір қалыпта терінің қажетті бетіне үнтақты себіңіз (теріге «опа» жаққандай).
7. Қолгапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Дәрілік ерітіндіш теріге майлау
Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: тері аурулары.
Даярлаңыз: дәрігер тағайындаған дэрілік ерітіндіні,
залалсыздандырылған дэке тампондарын, пинцетті, лотокты, қауіпсіз жоюға
арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Дэрілік препаратты қолдану бойынша нүсқаумен танысыңыз.
2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сэйкес, дэрілік ерітіндіні наукасқа таңдаңыз.
3. Дэрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз).
4. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. Дэрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті наукасқа түсіндіріңіз.
5. Қолыңызды гпгиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
6. Дэке тампонын қажетті ерітіндіге сулаңыз.
7. Науқастың терісіне дэрілік ерітіндіні ұзын бойлық жеңіл қозғалыспен (шаштың өсу бағыты бойынша) жағыңыз.
8. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
9. Пайдаланған тампондарды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Ескерту: терінің іріңді ауруларында, зақымдалған ошақтың айналасына
шетінен орталыққа қарай бағытпен дәріні майлайды.
