Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК 3 .docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
83 Кб
Скачать
☆

Тұндырманы, қайнатпаны, микстураны (қоспалы сұйық дәріні) қолдану

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша. Дайындаңыз: дәрі- дәрмектерді, бөлшек белгісін салған мензурканы немесе шайлы, десертті, асханалық касықтарды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Емшараның мақсаты мен барысын науқасқа түсіндіріп, дэрілік препарат туралы мәлімет беріңіз.

2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес дэрілік ертіндінің жарамдылыгын тексеріңіз (ерітіндінің атын, сақталу мерзімін оқыңыз, ерітіндінің сырткы түрін багалаңыз).

3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.

4. Дәрігердің тагайындаган дозасындагы дәрілік ерітіндіні мензуркага немесе қасыққа қүйыңыз:

- 1 шай қасықта - 5 мл

- 1 десерт қасыгында - 7,5- 10 мл

- 1 ас қасықта - 15 мл

5. Науқастың дэрілік ерітіндіні ішуін сүрап, сумен ішкізіңіз.

6. Қолданылган мензурканы немесе қасықты зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

Тұрындыны, экстракты (шырсөл) қолдану

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы. Даярлаңыз: дәрігердің тағайындауы бойынша дәрілерді, тамызғышты, мензурканы, қайнатылған суды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

2. Дәрі-дәрмектерді қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз.

3. Дәрігердің тағайындауына сәйкес дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін, мөлшерін оқыңыз, ерітіндінің сырткы түрін байқаңыз).

4. Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргізіңіз.

5. Мензуркага қажет мөлшерде тамшыны дэрілік ерітіндіні алыңыз.

6. Аз гана мөлшерде суды қосыңыз.

7. Даярланган ерітіндіні науқасқа ішкізіңіз.

8. Қолданылган мензурканы зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

Науқасқа ¥нтақты қолдану

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Дайындаңыз: дәрігер тағайындаган дэрілік ұнтақты, қайнатылган суы бар стаканды немесе мензурканы.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Дэрігердің ем тагайындайтын парагына сэйкес ұнтақ дәріні таңдап алыңыз.

2. Дэрілік препаратты қолдану бойынша нүсқау^ен таңысыңыз.

3. Дэрілік ұнтақтың жарамдылығын тексеріңіз (атын, дозасын сақталу мерзімін, оқыңыз).

4. Науқасқа дәрілік ұнтақ туралы қажет мәліметті беріп, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазатыңыз.

6. Дэрілік үнтақты ораған қағазды бүктеуінен жазып, оған ойық түр беріңіз.

7. Науқасты басын көтеріуін ауызын ашуын, тілін шығаруын сүраңыз.

8. Науқастан тілінің түбіріне абайлап үнтақты себіңіз.

9. Үнтақты ішуге суы бар стаканды беріңіз.

Ескерту: үнтақты алдын ала суға ерітіп, сосын науқасқа ішкізуге болады.

Мұрынға дәрілік тамшы тамызу

Мақсаты: емдік

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокты, көз тамызғышын, мақта шариктерін, мақта турундаларын, дәрі-дәрмектерді (дәрігердің тағайындауы бойынша), қолғапты, вазелин майын, қауіпсіз жоюға арналган контейнерді. қайнатуға арналған ыдысты, су моншасын.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес дэрінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлыгын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз, дэрілік ертіндінің сыртқы түрін бағалаңыз). Дәрілік ерітіндіні су моншасында 1-36-37°С дейін жылытыңыз.

3. Тамызғыштың бүтіндігін тексеріңіз.

4. Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргізіңіз, қолғапты киіңіз.

5. Мүрын жолдарын қараңыз, егерде бөлініс немесе қабыршақ болса, онда вазелин майына суландырған мақта турундасымен тазартыңыз.

6. Науқастың сәл басын артқа қарай шалқайтып, қырына қарай бүрып немесе тамшы тамызатын немесе екінші мүрын жолына қарама-қарсы жастықсыз арқасымен жатқызыңыз.

7. Оң қолга мақта шаригін алып. оны V саусақпен алақанға қысыңыз.

8. Пластикалык флакондағы мүрынға арналған залалсыздандырылған тамшыны қолданғанда, оның түбін жоғары қаратып төңкеріңіз (аударыңыз) жэне тамызғанда оның қабырғасын қысыңыз.

9. Оң қолға тамызғышты алып, мүрынның екі жағына есептей отырып, дэрілік ертіндіні сорып алыңыз.

10.Сол қолдың IV саусақтарын науқастың маңдайына қойып, ал үлкен саусақпен мүрынның үшын жоғары көтеріңіз.

11.Мүрын жолына 1-1,5 см тереңдікке тамызғышты енгізіңіз, оның қабырғасына тигізбеуге тырысыңыз.

12.Мүрынның шырышты қалқасына 4-5 тамшы дэрілік ертіндіні тамызыңыз.

13.Мүрынның қанатын сүйек қалқасына мақта шаригімен қысып, жеңіл қозгалмалы айналысты жасаңыз.

14. Дәрілік ертіндіні енгізген жағына қарай науқастың басын еңкейтіңіз.

15.1-2 минуттан кейін екінші мүрын жолында дэрілік ертіндіні сол реттілікпен тамызыңыз. Науқастан қал жағдайын сұраңыз.

16.Қолыңызды жуып кептіріңіз қолғапты шешіңіз.

17.Тамызгышты қайнатуға арналған ыдысқа, пайдаланған мақта шариктерін, мақта турундаларын, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерғе салыңыз.

Ескерту: майлы ертіндіні мұрынға тамызғанда науқас тамшының дэмін сезуі қажет жэне бірнеше минут жатуы қажет, тамшы жұтқыншақтың артқы қабырғасына түсуі керек (мұрын канатын сүйек қалқанына баспаңыз).