Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК 3 .docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
83 Кб
Скачать
☆

Суппозиторийді (балауызды) тік ішекке қолдану

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: анус сызаты, тік ішек айлануы (геморрой).

Дайындаңыз: тік ішектік суппозиторийді, қайшыны, мақта шариктерін, залалсыздандырылған қолғапты.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Дэрілік препаратты қолдану бойынша нұскаумен танысыңыз.

2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес, суппозиторийдің жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз).

3. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Дэрілік препарат туралы мәліметті беріңіз.

4. Науқасты сол жақ қырына қаратып жатқызып, тізе буыннан аяғын бүгіп ішіне келтіріңіз.

5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

6. Суппозиторийді енгізер алдында, оның орауының жіңішке шеті жагын қайшымен қиыңыз.

7. Сол қолмен науқастың бөксесін ажыратып, ал оң қолмен суппозиторийдің жіңішке шетін анал тесігіне енгізіп, оны ораудан сыгыңыз, ол толық тік ішектің сыртқы қысқышына (сфинктеріне) енуі керек (балауыздың қабығы қолда қалады).

8. Макта шаригін боксе арасына қаттастырып салыңыз.

9. Бірнеше минуттай науқастың төсектен тұрмауын сүраңыз.

10.Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, қүрғатыңыз.

Ескерту:

- суппозиторий мүздатқышта немесе салқын жерде сақталуы қажет;

- суппозиторийді үзақ үстауға болмайды, неге десеңіз ол жылдам ериді.

Майлы таңғышты орындау

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: тері аурулары.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: шпательді, салфетканы, мақтаны, бинтті, қайшыны, дәрігер тағайындаған майды, қолғапты, қауіпсіз жоюга арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Дэрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес майдың жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз).

3. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Дэрілік препарат туралы мәліметті беріңіз.

4. Науқасқа емшара жүргізу үшін ыңғайлы жағдайды көмектесіңіз.

5. Қолыңызды гигненалық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

6. Шпательді қолдана отырып, залалсыздандырылған салфеткаға қажетті мөлшердегі майды жағыңыз.

7. Май жағылған салфетканы науқастың терісіне салып, салфетканың үстінен кішкене қабатты мақта қойыңыз.

8. Салфетканы маймен, дәкемен немесе түтікті бинтпен ораңыз.

9. Шпательді зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

10.Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. 11 .Қолыңызды жуып кептіріңіз.

12.Таңғышты қанша уақыт ұстау қажет екенін науқасқа ескерту керек.

Теріге майды жағу

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: тері аурулары.

Дайындаңыз: дәрігер тағайындаған дэрілік майын,

залалсыздандырылған қалақты немесе шпательді, қауіпсіз жоюға арналған

контейнерді.

Іс-әрекег алгоритмі:

1. Дэрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

2. Дэрілік препараттын жарамдылығын тексеріңіз (майдын атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз).

3. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, дэрілік препарат туралы мәлімет беріңіз.

4. Емшараны жүргізу үшін науқасқа қолайлы жағдай жасауға көмектесіңіз.

5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолгапты киіңіз.

6. Науқасқа қажет мөлшердегі майды тюбиктен шыны қалаққа сығып шығарыңыз.

7. Шыны калақты қолдана отырып, теріге жіңішке қабатпен майды жагыңыз ( оны қолмен жасамаңыз, кейбір майлар зақымдалмаған тері арқылыда сорылады).

8. Науқастан май жаққан тері бетін 10-15 минуттай ашық үстауын сүраңыз.

9. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Шыны қалақшаны зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

10.Теріні карап, майдың сіңгеніне көзіңізді жеткізіңіз.

11.Қолыңызды жуып , кептіріңіз.