- •Сабақ кезеңдерін жоспарлау
- •Ақпараттар блогы Дәрілік заттардың энтеральді және сырттай қолдану әдістері.
- •Белсенді үлестірмелі материал
- •Таблетканы, капсуланы, дражені, пилюланы қабылдау
- •Тұндырманы, қайнатпаны, микстураны (қоспалы сұйық дәріні) қолдану
- •Тұрындыны, экстракты (шырсөл) қолдану
- •Науқасқа ¥нтақты қолдану
- •Мұрынға дәрілік тамшы тамызу
- •Көз майын қаттастырып салу
- •Көзге тамшы тамызу
- •Құлаққа дәрілік ерітіндіні тамшылатып тамызу
- •Жеке ингаляторды қолдану
- •Пластырьді (жабысқақ дәрілік қыздырғышты) салу
- •Сеппе (Ұнтақ) дәріні сыртқа қолдану
- •Дәрілік ерітіндіш теріге майлау
- •Суппозиторийді (балауызды) тік ішекке қолдану
- •Майлы таңғышты орындау
- •Теріге майды жағу
- •Дәрілік ерітіндіні теріге сылап жағу
- •Теріге майды сылап жағу
- •Тест тапсырмалары
- •Тест тапсырмалары
- •Сөйлемді мағынасы бойынша аяқтаңыз
- •Вариант: II. Вариант
Құлаққа дәрілік ерітіндіні тамшылатып тамызу
Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: дэрігердің тағайындауы бойынша құлактағы ауру сезімі жэне қабыну процессі.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокты, тамызгышты, мақта шариктерін жэне турундаларын, дэрілік ерітінділерді (дэрігердің тағайындауы бойынша), қолғапты, қайнатуға арналған ыдысты, су моншасын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа емшара барысын мен мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес дэрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз; дэрілік ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз).
3. «Су» моншасында 36-37°С температурасына дейін дэрілік ерітіндіні жылытыңыз.
4. Тамызгыштың бүтіндігін тексеріңіз.
5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, қолғапты киіңіз.
6. Науқасты отырғызыңыз немесе қырына қаратып жатқызыңыз.
7. Науқастың басын сау қырына қарай бүрыңыз.
8. Қүлақтан бөлініс болса, қүлақ жолын мақта турундасымен тазалаңыз.
9. Пластикалық флакондағы залалсыздандырылған қүлақ тамшысын қолданғанда, оны төңкеріп аударып, тамызғанда оны қабырғасынан қысыңыз.
10.Оң қолға тамызғышты үстап, дәрілік ерітіндіні оған сорып алыңыз.
11.Сол қолмен науқастың қүлақ сырғалығынан артқа қарай және жоғары қарай тартып, ал оң қолмен тамызғышты үстап қүлаққа 2-3 тамшы дэрілік ерітіндіні тамызыңыз.
12.Сыртқы қүлақ ішіне тамызғышты немесе флаконның тамызғышын енғізбеңіз.
13.Науқастың сыртқы күлағына мақта шаригін енгізіп, 10-15 минуттай басын еңкейген қалыпта үстап түруын сүраңыз, кейін осы қүлақты залалсыздандырылған мақтамен сүртіңіз.
14.Қүлақ пердесіне тамшының жанасуын күшейту үшін қүлақ қалқанын бірнеше рет саусағыңызбен басыңыз.
15.Науқастың басын ауыратын қүлақ жағына енкейтіңіз, қүлақ жолын мақта шариғімен қүрғатыңыз.
16.Қолғапты шешіңіз.
17.Пайдаланған турундаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге, ал тамызгышты қайнатуға арналған ыдысқа салыңыз.
18.Қолыңызды жуыңыз, кептіріңіз.
Жеке ингаляторды қолдану
Мақсаты: емдік, науқасқа өз-өзіне қолдануын үйрету.
Қолдану көрсетілімдері: қан айналу жэне тыныс алу органдары ауруларында дәрігердің тағайындауымен.
Дайындаңыз: аэрозольді ингаляторды, оның сақталу мерзімін тексеріңіз.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа емшара жүргізу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
2. Науқасқа өз-өзіне ингаляторды қолдануын үйрету.
3. Науқасқа отыру немесе түру қалпын жасаңыз.
4. Баллоншаның мундштугінен қорғаныш қалпағын алыңыз.
5. Баллоншаны аэрозольмен жоғарғы жағын төмен қаратып бүрып, бірнеше рет жігерлі сілкілеңіз.
6. Науқасқа асықпай ауыз арқылы терең демді шығаруды сүраңыз.
7. Баллоншаны аэрозольмен қолыңызға алып, ауызға жақындатып, балоншаның мундштугін еріндерімен қамтып үстап, басын сәл артқа қарай шалқайтуын сүраңыз.
8. Науқастан терең дем алуын сүрап жэне бір мезетте баллоншаның түбін тығыз басыңыз - осы мезгілде ауыз қуысына дэрінің дозасы аэрозольді түрінде түседі.
9. Науқасқа аэрозольді ішке тартып, 10-12 секунд демін үстауын сүраңыз. Ауызынан мундштукті шығарып, сосын наукас ақырын мүрын арқылы демін шығарады.
10.Баллоншаның мундштугіне қорғаныш қалпағын кигізіңіз.
Ескерту:
- аэрозольмен дем алғанда клапанның шашырататын басын 1 реттен артық басуға болмайды;
- аэрозольдің дозасын дәрігер анықтайды.
