Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК 3 .docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
83 Кб
Скачать
☆

Дәрілік ерітіндіні теріге сылап жағу

Мақсаты: емдік.

Қолдану қөрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Қарсы көрсетілімдері: терінің қабыну аурулары, терінің зақымдануы.

Дайындаңыз: дэрілік ерітіндіні, сабынды, суды, сүлгіні, дэке

шариктерін немесе мақта тампондарын, қауіпсіз жоюга арналган

контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Дэрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

2. Дәрігердің ем тагайындайтын парагына сәйкес, науқасқа дәрілік ерітіндіні таңдап алыңыз.

3. Дэрілік ерітіндінің жарамдылыгын тексеріңіз (атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз), тагайындалган дозасымен салыстырыңыз.

4. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. Дэрілік препарат туралы мәліметті беріңіз.

5. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

6. Науқастың терісін үқыптап сумен сабынмен жуыңыз, сүлгімен қүргатып сүртіңіз.

7. Теріге қажет мөлшеріндегі дәрілік ерітіндіні арнайы қүралдармен жагыңыз (дәке шариктері, мақта тампондары жэне т.б.).

8. Науқастың терісіне дэрілік ерітіндіні жеңіл айналмалы қозғалыспен, науқастың терісі қүрғақ болғанша сылап жағыңыз.

9. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

10.Қолданылған мақта шариктерін, дэке тампондарын, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

Теріге майды сылап жағу

Мақсаты: емдік.

Қолдану қөрсетілімдері: дэрігердің тагайындауы бойынша.

Қарсы көрсетілімдері: терінін кабыну аурулары, терінің зақымдануы.

Дайындаңыз: майды, сабынды, суды, сүлгіні, дэке шариктерін немесе

мақта тампондарын, қауіпсіз жоюга арналган контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

2. Дәрігердің ем тагайындайтын парагына сәйкес, науқасқа майды таңдаңыз.

3. Майдың жарамдылыгын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз), тагайындалган дозасымен салыстырыңыз.

4. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, дэрілік препарат туралы қажетті мәліметті беріңіз.

5. Науқасқа емшараны жүргізу үшін ыңғайлы жагдай жасауына көмектесіңіз.

6. Май ды сылайтын терінің аймағын қараңыз.

7. Қолыңызды гпгненалық деңгейде тазартыңыз. Қолғаптьцсиіңіз.

8. Науқастың терісін сабындап жылы сумен жуып, сүлгімен қүрғатып сүртіңіз.

9. Арнайы қүралдарға майды қажет мөлшерде салып, жағыңыз (дәке шариктері, мақта тампондары және т.б.).

Ю.Тері бетіне майды жеңіл айналмалы қозғалыспен, терісі қүрғақ болғанша сылаңыз.

11.Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

12.Қолданылған мақта шариктерін, дәке тампондарын, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

Ескерту:

- дененің шашты бөлігіне жэне тері зақымданғанда майды сылап жағуға болмайды. Қажет жағдайда шашты қырып тастайды;

- егерде май теріні қатты тітіркендірмесе, онда науқас өз еркімен майды сылап жағады (саусақтарының үшымен). Саусақтардың қозғалысы жеңіл айналмалы болуы керек;

- науқасты қолын майды сылап жаққанға дейін жэне жаққаннан кейін жуу қажет екені туралы алдын-ала ескертіңіз.