Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
нейропсихология жане нейрофизиология негиздери.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
629 Кб
Скачать
☆
  1. Сөйлеудің негізгі қызметтері.

Зерттеушілер сөйлеу қызметін негізгі үш түрге бөледі: коммуникативтік, реттеуші және бағдарлаушы. Коммуникативтік қызмет тіл арқылы адамдармен тілдесу. Сөйлесудің ақпараттарды алмасуы мен әрекетке бастаушы ретіндегі сипаттары. Сөйлеудің эмоцияға байланыстылығы. Сөйлеу қызметінің реттелуінің негізгі ерекшеліктері. Бағдарланған сөйлеу қызметінің сипаттары.

  1. Афазиялар. Бас миының қыртыстарындағы сөйлеу орталықтары.

Афазияның екі тобы: синтагматикалық және парадигматикалық. Сол жақ жарты шардың алдыңғы бөлімдерінің зақымдалуында және сөйлеу әрекетінің динамикалық ұйымдасуының бұзылыстарында кездесетін синтагматикалық афазия. Сол жақ жарты шардың артқы бөлімдерінің зақымдалуыда және сөйлеу кодының бұзылысында кездесетін парадигматикалық афазия. Үлкен жарты шардың үшінші маңдай иірімнің төменгі бөлімінде орналасқан Брок орталығы. Бұл аймақ сөйлеу реакцияларын бақылаудағы ерекшеліктері. Оның зақымдалуынан пайда болатын эфференттік моторлық (динамикалық) афазия кезіндегі белгілер. Жарты шардың самай бөлімінде орналасқан Верник орталығы. Осы орталықтың зақымдалуынан болатын сенсорлық афазияның белгілері.

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,4,6.

Қосымша әдебиеттер:12,13,14,16,17,18,20,22,29.

№10-11 дәрістердің тақырыбы:

«Бас миының ошақты зақымдалуындағы ойлау қабілетінің нейропсихологиялық негіздері»

Жоспары:

  1. Бас миының ошақты зақымдалуындағы ойлаудың форма бойынша бұзылысы.

  2. Бас миының ошақты зақымдалуындағы ойлаудың мазмұны бойынша бұзылысы.

  3. Сандырақтың құрылымдық компонентерінің динамикасы.

Ойлау-адам санасындағы объективтік шындықтың жоғарғы формалы бейнесі, бұл жаңа мәнді объективтік қасиеттердің беку процессі. Ойлау процессі кезінде адам заттардың мәнін танып, қоршаған ортаның екінші қырын ашады, яғни тікелей қабылдау бойынша жүзеге асады. Ойлаудың арқасында адам қоршаған ортаға белсенді әсер ете бастайды.

Ойлаудың негізі – түсінік болып табылады. Түсінік бұл заттардың қасиеттері туралы танымның жалпылануы. Ойлау процесі кезінде біз материалдарды сараптаймыз, салыстырамыз, шешімін тауып, қорытынды жасаймыз. Түсінік тіл мен сөйлеу мәніне байланысты қалыптасады. Ойлаудың 3 түрі бар:

  • нақты әсердегі немесе манипулятивті ойлау;

  • нақты бейнелік ойлау;

  • абстрактілі-логикалық ойлау.

Манипулятивті ойлау – ерте балалық шақтағы ойлау процессінің басты кезең болып табылады. Осы шақтағы ақыл-ойы айқын кем балаларда ойыншықтармен ойнау кезінде әрекеттері өте кем және бір типте болуы байқалады. Манипуляцияның еліктеу сипаты, қоршаған орта әрекеттеріне еліктеу байқалады, ал оларды өзінше түрлендіру әрекеттеріне қабілетсіз болады. Бас миының маңдай-қыртыс құрылымының зақымдалуында әрекеттердің ретсіздігі, хаостылығы және белгілі бір әрекеттерден екіншісіне жылдам ауысуы байқалып, манипулятивтік ойлаудың өнімділігі бірден төмендейді. Бас миының шүйде құрылымының зақымдалуында нақты ойлау әрекетінің бір варианты, конструктивті ойлау зақымдалады. Бала ұсақ элементтердің басын біріктіріп, бір бүтін пішінді дұрыс құра алмайды. Белгілі бір пішіндегі құрылымды екінші бір түрдегі пішін құрылымына ауыстырып құру мұндай балалар үшін қиындық тудырады.

Ойлаудың манипулативтік түрі белгілі бір нәтижеге жету үшін көптеген уақытпен күш-қуат жұмсалады.

Нақты бейнелік ойлау – белгілі бір объект бейнесі арқылы нақты ақиқатты қабылдаудың жаңа қатынастарын ашу. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін ойлаудың осы типі басты болып саналады. Мектеп жасына дейінгілер нақты-бейнелік ойлаудың бұзылыстары байқалады. Ақыл–ойы кем балаларда ойлаудың нақты – бейнелік түрі біріккен және бір типте байқалады. Олардың ойнау үлгісі бір типте және еліктеу стильінде болады. Бас миының шүйде бөлімінің құрылымының зақымдалуында баланың затты елестету түсінік әрекетінің зақымдалуы байқалады, түсініктің манипулативтік үлгі әрекеті бұзылады. Бұл балалар конструктивті есептерді шешуге қабілетсіз болады. Шизофрения кезінде бейнелік ойлау жақсы дамыған, бірақ шындыққа жанаспайды.

Абстркатілі-логикалық ойлау – бұл сөздік белгілерге сүйену арқылы ойлау. Ойлаудың бұл түрінің бұзылысы сөйлеу әрекеті дамыған барлық жастағы балалардың психикалық ауруларында кездеседі.