- •Нейрофизиология және нейропсихология негіздері
- •050105 «Дефектология» мамандығына арналған
- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •1.1. Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2. Пән туралы мәліметтер:
- •1.5. Пәннің қысқаша мазмұны:
- •1.6. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі:
- •1.7. Әдебиеттер тізімі:
- •1.9. Курстың саясаты мен процедурасы:
- •2. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •2.1.Тақырыптық жоспар
- •1.8. Баға туралы ақпараттар:
- •2.2. Дәрістік сабақтар тезистері
- •1. Жүйке жүйесінің жалпы құрылысы.
- •Жұлын және бас миының бөлімдері.
- •Жоғары жүйке әрекеті (жжә).
- •2. Рефлекс жүйке жүйесінің қызметтік берлігі ретінде.
- •3.Ожж негізгі қасиеті: жүйке орталықтары арқылы қозуды біржақты өткізуі.
- •«Есту және көру анализаторларының сенсорлық және гностикалық қызметтері»
- •1.Көру анализаторының құрылысы мен қызметі.
- •2. Есту анализаторының құрылысы мен қызметі.
- •Тері сезімдері туралы жалпы түсініктеме.
- •2. Терідегі ауруды сезгіш (ауырсыну) сезімдері.
- •3. Терідегі тактильді сезім және оның жас ерекшеліктері.
- •Қозу мен тежелудің физиологиясы.
- •2. Балалардың шартты рефлекстері.
- •Жоғарғы жүйке әрекетінің топтары.
- •Зейіннің нейропсихологиялық негіздері.
- •2. Естің нейропсихологиясы.
- •3.Қозғалыс белсенділігінің нейропсихологиясы.
- •Бірінші және екінші сигналдық жүйелер және олардың дамуы.
- •Сөйлеудің негізгі қызметтері.
- •Афазиялар. Бас миының қыртыстарындағы сөйлеу орталықтары.
- •Бас миының ошақты зақымдалуындағы ойлаудың форма бойынша бұзылысы.
- •Бас миының ошақты зақымдалуындағы ойлаудың мазмұны бойынша бұзылысы.
- •3. Сандырақтың құрылымдық компонентерінің динамикасы.
- •Жалпы ойлау қабілеті туралы түсінік.
- •Жалпы нейропсихология туралы түсініктер.
- •А.Р.Лурия бойынша үш негізгі құрылымдық – қызметтік блоктар.
- •2. Бас миының зақымдалуы кезіндегі интеллектуалдық әрекеттердің ерікті реттелуі.
- •1. Антенатальді, неонатальді және емшектегі кезеңдегі жжә қалыптасуы.
- •3.Кіші мектеп жасындағы балалардың таным әрекеттері.
- •4. Жасөспірім кезеңіндегі жоғарғы жүйке әрекетінің қалыптасуы мен ерекшеліктері.
- •2.3. Семинарлық сабақтар жоспары
- •2.4. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары.
- •2.5. Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары.
- •2.6. Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары.
- •2.7. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедийлік толықтырылуы.
- •2.8. Өзіндік бақылау үшін тест сұрақтары.
- •Студенттердің білімін бағалау критериясы
- •2.9. Курс бойынша емтихан сұрақтары:
- •1.1. Оқытушылар туралы мәліметтер..............................................3
- •1.2. Пән туралы мәліметтер..............................................................3
- •Нейрофизиология және нейропсихология негіздері
- •050105 «Дефектология» мамандығына арналған
- •100012, Қарағанды қаласы, Гоголя көшесі,38.
2. Рефлекс жүйке жүйесінің қызметтік берлігі ретінде.
Кез келген тітіркендіргішке жауап реакциясы – рефлекс. Рефлекс рефлекторлық доғамен орындалады Рефлекторлық доғаның бөлімдерінің ерекшеліктері: тітіркендіргішті қабылдағыш – рецептор; импульсті рецептордан орталыққа жеткізетін - афференттік жол; орталық жүйке жүйесіндегі ішкі жолдар; импульсті орталықтан шеткі мүшеге жеткізетін – эфференттік жол; эффектордың арнайы әрекетін орындаушы. Рецепторлардың түрлері: экстерорецепторлар, интерорецепторлар. Интерорецепторлардың түрлері: пропрорецепторлар, висцерорецепторлар, ангиорецепторлар. Шартты және шарсыз рефлестердің сипаттары.
3.Ожж негізгі қасиеті: жүйке орталықтары арқылы қозуды біржақты өткізуі.
Рефлекторлық доға арқылы қозу бір бағытта, яғни орталық нейрондарға қарай өтеді. Қозудің орталыққа өтуі кезіндегі синапстардың рөлі. Рефлекс уақыты ұғымы. Қозу ритмінің трансформациясы. Жүйке клеткаларының қажуылары. Орталық жүйке жүйесіндегі тежелулер. Жүйке жүйесіндегі үйлесімділік ұғымының сипаты. Индукция. Жүйке процесстерінің иррадиациясы.
Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер: 1,4,6.
Қосымша әдебиеттер:8,12,13,17
№4 дәрістің тақырыбы:
«Есту және көру анализаторларының сенсорлық және гностикалық қызметтері»
Жоспары:
1.Көру анализаторының құрылысы мен қызметі.
2.Есту анализаторының құрылысы мен қызметі.
1.Көру анализаторының құрылысы мен қызметі.
Көру анализаторының сезгіш бөлімі. Көз алмасы. Көру жүйкесі. Бас ми шүйде бөлімі қыртысындағы көру орталықтары. Көру анализаторының сегіш бөліміне жататын мүшелер:көздің қосымша құрылымдары; жарық өткізгіш және жарық сындырғыш құрылымдары; жарық қабылдағыш құрылымдар. Қосымша құрылымдарға жататын қас, кірпік, кірпік еттері, көз жасының безі мен оның қапшығы, көз еттерінің құрылысы мен қызметтері. Таяқша мен сауытша пішінді фоторецепторлар.Торлы қабықтағы сары дақ. Көздің қасаң қабығы, бұршағы және шыны тәрізді денесі-негізгі жарық сындырушы оптикалық жүйе. Аккомодация. Тауық соқыр. Дальтонизм. Астигматизм. Балалардағы көру анализаторларының жасқа сай ерекшеліктері.
Көру анализаторы, құрылысы және қызметі. Адам қоршаған ортадан түсетін ннформацияның 80% - көз арқылы қабылдайды. Заттың мөлшерін, түрін, түсін, күйін, формасын және кеңістіктегі орнын көз арқылы байқайды. Көру анализаторының перифериялық бөлімі көз алмасы мен көмекші мүшелерден (қабақ, кірпік, көз жасы бездері, көз еттері және қан тамырлары) турады. Көз алмасы - шар пішінді, сүйекті қуыста орналасқан. Оның алдынан артына қарай үзындығы 24 мм, ал жоғарыдан төмен қарай - 23,3 мм. Көз алмасының капсуласы 3 қабаттан турады. Сыртқы қабатында 2 бөлім бар: алдынғы түссіз және артқы ақ қабығы немесе склерасы. Екінші - тамырлы қабық, мұнда көзді қоректендіретін қан тамырлары көп болады. Мүның алдынғы бөлімі нурлы қабық деп атайды. Мұндағы пигменттер-дің санына байланысты адамды қой көзді, қара көзді, көк көзді дейді. Нұрлы қабықтың ортасында дөңгелек тесік - қарашық болады. Осы тесік арқылы жарық көздің торлы қабығына жетеді. Көз қарашығының мөлшері 2-8 мм болады. Оның мөлшері жарықтың қүшіне байланысты өзгереді: жарық күшті болса - кішірейеді, жарық қүші аз болса - үлкейеді. Нұрлы қабықты жиектей кірпікті дене орналасқан. Кірпікті денеден шыққан талшықтар көз бүршағының сыртындағы капсуламен жалғасады. Тамырлы қабықтың ішкі бетін торлы қабық астарлай жатады. Торлы қабық көру анализаторының перифериялық бөлімі. Бул жарық сезгіш нерв клеткаларынан турады. Олардың ұштарының пішіні біреулерінде колба тәрізді, келесілерінде таяқша тәрізді. Ересек адамның торлы қабығында 6 - 7 млн. колбочка мен 100-125 млн таяқша болады. Нерв клетқаларының аксондары көру нервін құрайды. Бұл нервтің торлы қабықтан шығатын орнын соқыр дақ дейді. Ол жерде көру рецепторлары болмайды (көлемі - 1,5 мм). Ол айқын көретін нүкте - сары дақтан 3 - 4 мм сыртта орналасқан. Торлы қабықта периферияға қарай колбочкалар азаяды да, таяқшалар көбейеді, сондықтан да бұл қабықтың перифериясында тек таяқшалар ғана болады, есесіне сары дақта колбочкалар көп.
Таяқшалар ымыртта көруді қамтамасыз етеді, ал колбочкалар күндізгі жарықты және түрлі түсті қабылдайды. Таяқшалардағы родопсин пигменті түскен жарық әсерінен бөлініп, ретинин (витамин А туындысы) және опсин белогына ажырайды. Жарықта ретинин А витаминіне айналады да, торлы қабықтың пигментті қабатындағы клеткаларына келеді. А витамині клетка мембранасының өткгізгіштігін арттырады. Қараңғыда родопсин қайта қалпына келеді. Көру үшін организмде А витамині жеткілікті болуы керек. А витамині жетіспегенде адамдарда «ақшам соқыр» деген ауру пайда болады, қараңғы тускенде адам көрмей қалады. Колбочкалардың 3 түрі бар, бірі - қызыл, екіншісі - жасыл, үшіншісі - қүлгін түсті сәулеге жауап береді. Міне, осы 3 түсті негізгі деп алады да, осылардың бір-бірімен араласып қосылуынан басқа көп түстер пайда болады.
Адам көзінің ең жоғары сезгіштігі жасыл мен сары түске, ал ең нашар сезгіштік - қүлгін мен қызылға байқалады. Кейбір адамдарда осы түрлі түсті ажыратуы бұзылады (ол ерлерде көбірек 8%) яғни жеке түсті (қызыл, жасыл, қүлгін, немесе екі-үш түсті) ажырата алмайды. Оларды дальтониктер дейді.
Адаптация. Көру анализаторының рецепторлары жарыққа өте сезімтал, 1-2 квант жарық бір таяқшаны қоздыруға жеткілікті. Күндізгі жарыққа адаптация деп көз рецепторларының жарыққа сезімділігінің төмендеуін, ал қараңғыға адаптация деп, керісінше рецепторлардың сезімталдығының өсуін айтады. Қараңғылық адаптациясында олардың сезімталдығы 2 млн есе артады.
Көздің оптикалық жүйесі түссіз қабат пен көз бүршағынан және шыны тәрізді денеден қүралған. Көз алмасының шар пішіні ішкі сұйықтық қысымымен сақталып тұрады. Көз бұршағы мөлдір, екі жағы дөнес, линза пішінді тығыз дене. Көз бұршағының алды нұрлы қабыққа жанасса, арты шыны тәрізді денеге еніп жатады. Көз бұршағының сыртындығы капсула кірпікте дене талшықтарымен жалғасады.
Шыны тәрізді дене торлы қабық пен көз бұршағы арасында орналасқан. Бұл мөлдір, қоймалжын, сұйық зат.
Көздің оптикалық жүйесінде жарық сәулелерінің сынуы жүреді, оның оптикалық күші диоптрия бірлігімен өлшенеді. Көздің оптикалық жүйесінің жарық сындыру қабілетін рефракция деп айтады. Адам көзінің жарық сындырғыштығы алыстан қарағанда 59 Д, ал жақыннан қарағанда оптикалық жүйеге байланысты торлы қабыққа зат бейнесі төңкеріліп, әрі кішірейіп түседі.
Көру органдарының гигиенасы. Көрудің нашарлауы көбіне алыстан көре алмаушылық түрінде байқалады. Алыстан көре алмаушылық, 3 жастағы балаларда 1,5%, 7 жаста 3,0%. Көрудің нашарлауы ішкі және сыртқы қолайсыз факторлардың әсерлерінен болатыны белгілі. Сыртқы факторларға: көзге күш түсіріп көру (оқу, жазу, жумыс істеу), жарықтың жетіспеушілігі, турмыстық гигиенаның нашар жағдайлары, активті қимыл-қозғалыстардың аз болуы т.б. ал ішкі қолайсыз фақторларға ауруға шалдығулар, дене дамуының нашарлауы жатады. Аталынған факторлар, әсіресе көзге ұзақ уақыт және жиі қүш түсіру өте зиянды. Өйткені, бүл жағдайда алыстан көре алмаушылық және қылилық дамиды. Сондықтан да көру кемшілігін болдырмау ушін сабақты дұрыс ұйымдастыру қажет. Бала бақшада, кіші жастағы топтарда сабақтың узақтығы 5-10 мин, ал орта және дайындық тобында 15-20 мин аспауы тиіс. Мұндай сабақтан кейін 2-3 мин бойы дене тәрбиесі немесе көзғе ауырлық түспейтін әрекеттер, өлең айту, оқығанын баяндау т. б. орындалады. Көздің дұрыс жүмысы үшін орындалатын зат көзден 15-20 см қашықта болғаны жөн. Сонымен қатар бірінші және екінші сабақтан соңғы 10 мин үзілістерде балаларды 2-3 мин бойы алысқа қаратып, демалдыру керек. Содан соң балалар көзді жаттықтыруларға арналған комплексті орындағаны жөн. Мысалы, «минуттық» комплекс жаттығулары кезінде көзді жыпылықтату, көзді жүмып, орындыққа шалқайтын бір мезгіл тыныштықта отыру, мунан кейін 2-3 рет көзді бірдей қимылдату жаттығуларын жасау орындалады. Балалардың үйде орындалатын сабақтарына жүмсалатын жалпы уақыты 3-тен 5 жасқа дейінгілерде 40 мин, 6-7 жасарларда 60 минуттан аспағаны дұрыс. Бул сабақтардың жартысы таңертеңгісін, келесі жартысы түстен кейін орындалғаны дұрыс. Әрбір 10-15 мин өткен сайын, көзді демалдыру керек. Бұл үзілістерде бірнеше жаттығу жұмыстарын (алысқа қарау және 1 минуттай көзін жүмып орындыққа шалқая отырып тынығу) жасайды. Диафильм, телехабарларды қарауды да дұрыс уйымдастыру керек. Диафильм ұзақтығы кішкене жастағы балаларда 20-30 мин, орта топтағы балаларда 35-40 мин, жоғары топтағы балаларда 45-50 мин аспағаны жөн. 3-5 жастағы балалардың фильм көру уақыты 20 мин, 6-7 жастағылар үшін 20-25 минуттен аспауы тиіс. Телехабарларды гигиеналық норма бойынша жетісіне екі реттен көп қарамағаны жөн. Теледидарды еденнен 1-1,2 биіктікте қою керек, оған 2 м-ден жақын, 5 м алыс отырмағаны дұрыс. Теледидар қарау уақыты 3-4 жастағы балалар үшін 10-15 мин, ал 5-6 жастағылар үшін 25-30 мин. Балалардың оқу, жұмыс істеу кезінде жарық сол жағынан түсетін болу керек.
