- •Нейрофизиология және нейропсихология негіздері
- •050105 «Дефектология» мамандығына арналған
- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •1.1. Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2. Пән туралы мәліметтер:
- •1.5. Пәннің қысқаша мазмұны:
- •1.6. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі:
- •1.7. Әдебиеттер тізімі:
- •1.9. Курстың саясаты мен процедурасы:
- •2. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •2.1.Тақырыптық жоспар
- •1.8. Баға туралы ақпараттар:
- •2.2. Дәрістік сабақтар тезистері
- •1. Жүйке жүйесінің жалпы құрылысы.
- •Жұлын және бас миының бөлімдері.
- •Жоғары жүйке әрекеті (жжә).
- •2. Рефлекс жүйке жүйесінің қызметтік берлігі ретінде.
- •3.Ожж негізгі қасиеті: жүйке орталықтары арқылы қозуды біржақты өткізуі.
- •«Есту және көру анализаторларының сенсорлық және гностикалық қызметтері»
- •1.Көру анализаторының құрылысы мен қызметі.
- •2. Есту анализаторының құрылысы мен қызметі.
- •Тері сезімдері туралы жалпы түсініктеме.
- •2. Терідегі ауруды сезгіш (ауырсыну) сезімдері.
- •3. Терідегі тактильді сезім және оның жас ерекшеліктері.
- •Қозу мен тежелудің физиологиясы.
- •2. Балалардың шартты рефлекстері.
- •Жоғарғы жүйке әрекетінің топтары.
- •Зейіннің нейропсихологиялық негіздері.
- •2. Естің нейропсихологиясы.
- •3.Қозғалыс белсенділігінің нейропсихологиясы.
- •Бірінші және екінші сигналдық жүйелер және олардың дамуы.
- •Сөйлеудің негізгі қызметтері.
- •Афазиялар. Бас миының қыртыстарындағы сөйлеу орталықтары.
- •Бас миының ошақты зақымдалуындағы ойлаудың форма бойынша бұзылысы.
- •Бас миының ошақты зақымдалуындағы ойлаудың мазмұны бойынша бұзылысы.
- •3. Сандырақтың құрылымдық компонентерінің динамикасы.
- •Жалпы ойлау қабілеті туралы түсінік.
- •Жалпы нейропсихология туралы түсініктер.
- •А.Р.Лурия бойынша үш негізгі құрылымдық – қызметтік блоктар.
- •2. Бас миының зақымдалуы кезіндегі интеллектуалдық әрекеттердің ерікті реттелуі.
- •1. Антенатальді, неонатальді және емшектегі кезеңдегі жжә қалыптасуы.
- •3.Кіші мектеп жасындағы балалардың таным әрекеттері.
- •4. Жасөспірім кезеңіндегі жоғарғы жүйке әрекетінің қалыптасуы мен ерекшеліктері.
- •2.3. Семинарлық сабақтар жоспары
- •2.4. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары.
- •2.5. Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары.
- •2.6. Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары.
- •2.7. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедийлік толықтырылуы.
- •2.8. Өзіндік бақылау үшін тест сұрақтары.
- •Студенттердің білімін бағалау критериясы
- •2.9. Курс бойынша емтихан сұрақтары:
- •1.1. Оқытушылар туралы мәліметтер..............................................3
- •1.2. Пән туралы мәліметтер..............................................................3
- •Нейрофизиология және нейропсихология негіздері
- •050105 «Дефектология» мамандығына арналған
- •100012, Қарағанды қаласы, Гоголя көшесі,38.
2.2. Дәрістік сабақтар тезистері
№1-2 дәрістердің тақырыбы:
«Нейрофизиология және нейропсихология негіздері» пәніне кіріспе. Ағзаның жүйкелік реттелуі.
Жоспары:
1. Жүйке жүйесінің жалпы құрылысы.
2. Жұлын және бас миының бөлімдері.
3. Жоғары жүйке әрекеті (ЖЖӘ).
1. Жүйке жүйесінің жалпы құрылысы.
Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметтері. Жүйке жүйесінің негізгі кұрлыс-функционалдық бірлігі - нерв клеткасы немесе нейрон болып табылады. Орталық жүйке жүйесінде нейрондарды қосымша клеткалар - глиялар қоршаған. Глиялар нерв клеткаларының тірегі болып, оны қоректеңдіреді және электр изоляторы қызметін атқарады.
Басқа тірі клеткалар тәрізді нейронның мембранасы, ядросы, ядрошығы мен органоидтары болады. Нейронның басқа клеткалардан айырмашылығы-денесінің көптеген өсінділерден тұрады. Нейронның құрамында рибонуклеин қышқылы (РНҚ) бар. Қауіпті жағдайларда РНҚ-ның мөлшері азаяды да, нейронның тірлігі жойылады.
Нейронын функционалдық құрылысы (структурасы):
Сома (нейроның денесі)- коректендіру қызметі;
Денесі және дендриттері - информация қабылдау;
Аксонды төмпекше – электроимпульс қоздыру;
Басқа нейронға не болмаса эффекторға қозу жүрегізетін жол – аксон;
Басқа клетколарға информация берілетің жер – синапстар.
Нейронның денесін - сома деп атайды. Оның пішіні әртүрлі: сопақша, ұршық тәрізді, дөңгелек, домалақ, ұш бұрышты, төрт бұрышты, жұлдыз тәрізді т.б. Денесінен ұзынды-қысқалы өсінділері - нерв талшықтары шығады. Ұзын талшығын - аксон (грекше аксон — тірек деген мағынада), қысқа талышқтарын дендрит деп атайды (грекше дендрон - ағаш). Аксонның сыртын қоршаған миелин қабығы бар. Миелин - ақ май тәрізді (липид) заттан түзілген. Ол әрбір 1,5-2 см сайын үзіліп, Ранвье белдеуіне айналады. Аксон арқылы нерв клеткасының денесінен басқа нейрондарға, жұмысшы мүшеге нерв импульстері тасылады. Мүшелерге келген аксондардың ұшы тармақталып нерв ұштарына айналады. Дендриттер - тармақталған қысқа өсінділер. Олардың ұштары сәл жуандау болып келеді. Бұл - нейрондардың басқа клеткалармен ұштасу ауданын үлкейтеді. Нерв клеткаларының аксоны көбіне біреу-ақ болады. Бірен-саранында ғана екі аксон кездеседі. Олар ұзын болады: бірнеше сантиметрден 1-1,5 метрге дейін. Дендриттер көп болады. Олар - нейронның кірер есігі, ал аксондар - шығар есігі.
Нейрондар өзінің атқаратын қызметтеріне байланысты келесі топтарға бөлінеді:
1. Рецепторлар немесе сезімтал нейрондар.
2. Орындаушы немесе қозғалғыш.
3. Аралық нейрондар (контактілі интернейрондар).
Нейрондардың бір-бірімен байланысы синапс деп аталатын арнайы ерекше құрылым арқылы іске асады. Синапс-электро-химиялық байланыс жері. Осы арқылы нейрондар бір-бірімен байланысып, информация беріліп тұрады да, синапс арқылы нейрондар ағзалармен тіндерге өз әсерін тигізеді. Синапс 2 бөлімнен тұрады: пресинапстық (синапстың алдындағы) және постсинапстық (синапстың соңындағы) бөлімдер. Пресинапстық бөлімнің пресинапстық мембранасы бар. Пресинапстық мембрана нейронның аксонының жуандаған ұшы - синапс түймешесінің қабығы. Синапс түймешесінің іші синапстық көбікке толы болады. Бұл көбік - медиатор деп аталатын белсенді химиялық заттан тұрады (лат. медиатор- екі арада жүруші). Қабылдаушы нейронның пресинапстық бөлімімен жалғасатын жерінің қабығын постсинапстық мембрана деп атайды. Пресинапстық және постсинапстық мембраналардың арасында синапс аралығы болады. Ол - клетка аралық сұйыққа толы кеңістік.
Әрбір нейронның денесіндегі синапстардың саны 100, тіпті бірнеше мыңға дейін болуы мүмкін. Ал әрбір нерв талшығы 10 мыңға дейін синапс түзей алады. Қазіргі кезде жұлын мен мидың түрлі бөлімдерінде 2 түрлі синапстар бар екені анықталды, олар: қоздырушы және тежеуші синапстар. Орталық жүйке жүйесіндегі тежеуші нейрондардың аксондарының ұштарында тежеуші медиатор болады да, ол қабылдаушы нейронға тежеп әсер етеді.
Нерв талшығы арқылы келген қозу синапстық көбіктегі медиатордың пресинапстық мембранасынан өтіп синапс аралығына құйылуына түрткі болады. Ол медиатор синапс аралығындағы клеткаралық сұйықта диффузды түрде тарап, постсинапстық мембрананы тітіркендіреді. Постсинапстық мембранада медиатордың өсері қайтадан қозуға айналады. Бір нейроннан екінші нейронға импульсті тарататын аппараттың жүйке мембраналары мен синапстарының зақымдалуы өте қатерлі жағдай туғызады, ол кейде тіпті адамның өліміне дейін жеткізеді. Мұндай жағдай арнаулы улар және токсиндермен уланғанда байкалады. Оларға өрмекші тәріздестердің, жыландардың, қосмекенділердің, балықтардың улары жатады.
Нерв талшықтары 2 түрлі болады: миелинді жөне миелинсіз. Миелинді нерв талшығының сыртын миелин қабығы қоршаған, ал миелинсіз талшықтың сыртын тек қана эндотелий қабығы қоршаған, миелині болмайды.
Егер нерв талшығының миелині болмаса, оның бойымен қозу үздіксіз жүреді. Бір жерде пайда болған әрекет потенциалы көрші жердің әрекет потенциалын тудырады. Әрекет потенциалының пайда болуы клеткалық мембрананың бойында натрий мен калий иондарының мөлшерінің өзгеруіне байланысты пайда болады. Бірақ клеткалық мембрананың бойымен ештеңе қозғалмайды. Тек қана оның бір жерінен екінші жеріндегі иондардың кезекпе-кезек өзгеруінен болады. Сонда нерв талшығының бойымен әрекет потенциалы ғана тарайды. Әрекет потенциалы, нерв импульстері, қозу толқыны деген сөздердің мағынасы бірдей. Мысалы, нерв талшығының белгілі бір жерінен 1 секундта 100 өрекет потенциалы, немесе 100 нерв импульстері, немесе 100 қозу толқыны өтті деуге болады.
Миелинді нерв талшығы арқылы нерв импульстері үздіксіз өте алмайды. Мұндай жағдайда бір Ранвье белдеуінен екінші белдеуге нерв импульстері секіріп өтіп, қозудың қозғалысы жылдамданады. Нерв талшығы арқылы қозудың өтуі талшықтың диаметріне де байланысты: диаметрі жуандаған сайын қозудың өту жылдамдығы тездейді. Нерв талшықтарын олардың диаметріне байланысты 3 топқа бөледі: А, В, С талшықтары. А талшықтарының диаметрі 22 мк, оларда миелин қабығы болады. Бұл талшықтар арқылы қозудың өту жылдамдығы секундына 120 м. В тобының нерв талшықтарының да миелин қабығы болады. Олардың диаметрі 3 мк-ға дейін, қозуды өткізу жылдамдығы секундына 5 м. С тобының талшықтарының диаметрі өте жіңішке: 1 мк-ға дейін. Олардың миелин қабығы болмайды, қозуды өткізу жылдамдығы секундына 2 м. Балалардың денесінде С тобының талшықтары көбірек болады. Бірақ бала өскен сайын нерв талшықтары жуандап, орталық жүйке жүйесінде де, шеткі жүйке жүйесінде де қозуды өткізу жылдамдығы артады.
Нерв талшықтары организмде топтасып дәнекер ұлпадан тұратын қабықпен қапталып нервтерге айналады. Бір нервтің қүрамында қозуды орталық жүйке жүйесіне откізетін және орталықтан жүмысшы мүшеге өкелетін талшықтар болады. Қозуды орталыққа өткізетін нервтерді орталыққа тепкіш немесе афференттік нервтер деп атайды, ал қозуды орталықтан жұмысшы мүшеге таситын нервтерді орталықтан тепкіш немесе эфференттік нерв дейді. Нервтердің көпшілігі аралас нервтер. Олардың құрамында афферентік және эфференттік нервтер болады.
