- •Нейрофизиология және нейропсихология негіздері
- •050105 «Дефектология» мамандығына арналған
- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •1.1. Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2. Пән туралы мәліметтер:
- •1.5. Пәннің қысқаша мазмұны:
- •1.6. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі:
- •1.7. Әдебиеттер тізімі:
- •1.9. Курстың саясаты мен процедурасы:
- •2. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •2.1.Тақырыптық жоспар
- •1.8. Баға туралы ақпараттар:
- •2.2. Дәрістік сабақтар тезистері
- •1. Жүйке жүйесінің жалпы құрылысы.
- •Жұлын және бас миының бөлімдері.
- •Жоғары жүйке әрекеті (жжә).
- •2. Рефлекс жүйке жүйесінің қызметтік берлігі ретінде.
- •3.Ожж негізгі қасиеті: жүйке орталықтары арқылы қозуды біржақты өткізуі.
- •«Есту және көру анализаторларының сенсорлық және гностикалық қызметтері»
- •1.Көру анализаторының құрылысы мен қызметі.
- •2. Есту анализаторының құрылысы мен қызметі.
- •Тері сезімдері туралы жалпы түсініктеме.
- •2. Терідегі ауруды сезгіш (ауырсыну) сезімдері.
- •3. Терідегі тактильді сезім және оның жас ерекшеліктері.
- •Қозу мен тежелудің физиологиясы.
- •2. Балалардың шартты рефлекстері.
- •Жоғарғы жүйке әрекетінің топтары.
- •Зейіннің нейропсихологиялық негіздері.
- •2. Естің нейропсихологиясы.
- •3.Қозғалыс белсенділігінің нейропсихологиясы.
- •Бірінші және екінші сигналдық жүйелер және олардың дамуы.
- •Сөйлеудің негізгі қызметтері.
- •Афазиялар. Бас миының қыртыстарындағы сөйлеу орталықтары.
- •Бас миының ошақты зақымдалуындағы ойлаудың форма бойынша бұзылысы.
- •Бас миының ошақты зақымдалуындағы ойлаудың мазмұны бойынша бұзылысы.
- •3. Сандырақтың құрылымдық компонентерінің динамикасы.
- •Жалпы ойлау қабілеті туралы түсінік.
- •Жалпы нейропсихология туралы түсініктер.
- •А.Р.Лурия бойынша үш негізгі құрылымдық – қызметтік блоктар.
- •2. Бас миының зақымдалуы кезіндегі интеллектуалдық әрекеттердің ерікті реттелуі.
- •1. Антенатальді, неонатальді және емшектегі кезеңдегі жжә қалыптасуы.
- •3.Кіші мектеп жасындағы балалардың таным әрекеттері.
- •4. Жасөспірім кезеңіндегі жоғарғы жүйке әрекетінің қалыптасуы мен ерекшеліктері.
- •2.3. Семинарлық сабақтар жоспары
- •2.4. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары.
- •2.5. Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары.
- •2.6. Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары.
- •2.7. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедийлік толықтырылуы.
- •2.8. Өзіндік бақылау үшін тест сұрақтары.
- •Студенттердің білімін бағалау критериясы
- •2.9. Курс бойынша емтихан сұрақтары:
- •1.1. Оқытушылар туралы мәліметтер..............................................3
- •1.2. Пән туралы мәліметтер..............................................................3
- •Нейрофизиология және нейропсихология негіздері
- •050105 «Дефектология» мамандығына арналған
- •100012, Қарағанды қаласы, Гоголя көшесі,38.
Тері сезімдері туралы жалпы түсініктеме.
Адам денесінің қалыпты немесе оның өзгерісін білдіретін теріде орналасқан рецепторлар арқылы сезілетіндігі туралы түсініктер. Терідегі жанасу, қысым, ыстықжәне суықты, ауырсынуды сезетін рецепторлар. Олардың саусақтың ұшында, алақанда, табанда, ерінде, бетте, қол-аяқтарда, жыныс мүшелерінде орналасулары. Тері рецепторларының құрамы: үлкен-кішілі, жалпақ, сауытша тәрізді, жіпше , түтікті. Тері рецепторларынан қозу толқынының жұлын-таламус жолы арқылы өтінің ерекшеліктері. Жоғары өрлеу жолында жіңішке Голь мен сына тәрізді Бурдах будалары арқылы сопақша миға өтуі. Бейімделу реті бойынша тері рецепторларының екі топқа бөлінулері: тез беймделетіндер (жылдам рецепторлар) және баяу бейімделетіндер (баяу рецепторлар).
2. Терідегі ауруды сезгіш (ауырсыну) сезімдері.
Ауыруды сезгіш рецепторлар адекватты, өзіне тән тітіркендіргіштерді қажет етпейтіндігінің ерекшеліктері. Ауру сезімдерін бос жүйке ұштары қабылдайды. Ауру сезгіш рецепторлар төніп тұрған қауіпті орталық жүйке жүйесіне жеткізетіндер. Ауруды сезіну сәби туғаннан кейін бір аптадан кейін пайда болуының ерекшеліктерінің сипаттары. Дененің ауырсынуын себептеріне қарай үш тоқа бөлеудің ерекшелігі: сыртқы әсерлерден туатын ауырсыну; жүйкеде туатын ауырсыну; ішкі мүшелерде туатын ауырсыну. Орналасуына, тітіркену және сезу нейрондарының түрлеріне қарай бөлінуі: жергілікті, қатты ауырсынатын және сыздайтын, шашыраңқы ауырсыну рецепторлары. Сезім талшықтары: А-d және С талшықтары. Адам ауырғанда ішкі мүшелерден берілетін ауырсыну сезімінің аймақтары.
3. Терідегі тактильді сезім және оның жас ерекшеліктері.
Терідегі тактильді сезім рецепторлары жанасуды және қысымды сезетін болып бөлінеді. Сезім тітіркендіргіштің күшіне қарай бөлінуінің ерекшеліктері. Мейснер денешігі, Меркелдің дискісі, Паччини денешіктернің сипаттары. Жаңа туған нәрестенің аузының, көзінің, маңдайы мен аяқ-қолдарының терісінің тактильді сезімталдығының ерекшеліктері.
Тері анализаторы, құрылысы және қызметі. Мүның 1-ші шеткі (перифериялық) бөлімі теріде орналасқан; 2-ші өткізгіш бөлімі тері рецепторларынан орталық нерв жүйесіне баратын сезім нервтерінің талшықтары; 3- орталық бөлімі үлкен жарты шарлар қыртысындағы орталық алдынғы және артқы иірімдер орналасқан соматосенсорлық аймақ.
Тері сезімінің түрлері және қасиеттері. Тері рецепторларының төрт түрін ажыратады: жанасуды сезу немесе тактилдік (жанасу және қысым түйсіктерін тудырады), жылылықты, суықты және ауру түйсіктерін тудыратын. Мектепке дейінгі балаларда ересектегілермен салыстырғанда жанасуды сезу сезімталдығы жоғары, өйткені олардың терісі жүқа және жаттыруға бейімділігі жоғары. Бүл жастағы балалардың аталмыш рецепторлары үзіліссіз тітіркендіргіштерге тез адаптацияланады.
Жанасуды сезгіш рецепторлар - майда қан тамырларын бойлай жатқан және тері тереңінде орналасқан, түк қапшығын қоршай жатқан нерв талшықтарының ұштары. Түктің жанасуға жоғары сезімталдырын қамтамасыз ететін Меркел дискалары немесе менискалары саусақ терісінде жиі орналасқан. Бүлар эпидермистің. астыңғы қабатындағы нерв ұштары мен эпителиальды клеткалардан түзілген құрылым. Жанасуды сезу рецепторларына терінің түгі жоқ жерде орналасқан Мейсснер денешіктерін де жатқызады. Бүлар қонус пішінді, ішкі құрылысы қүрделі, сыртынан қапсуламен қоршалған құрылым. Олар қол мен аяқтың саусақтарында және алақан мен табанның дермалық қабаттарында, тілде, ерінде.т. б. орналасқан. Қысым мен діріл рецепторларына Пачинни денешіктері жатады. Бүлар да капсулалы және Мейсснер денешіктерінен терең жатады сезудің кеңістіктік табалдырығы да әртүрлі: тілдің ұшында 0,5 мм, арқа терісінде 66 мм. Ауырту түйсігін рецептолар теріде және шырышты қабатта орналасқан нерв талшықтарының бос ұштары түзеді. Бүл талшықтардың ұштары клетка ішіне - цитоплазмаға еніп жатады. Ауырту түйсігін тудыратын рецспторлардың адеқватты ті-тіркендіргіші клеткалар мен тканьдердің тұтастығын бұзатын факторлар (механикалық, химиялық, температуралық және электрлік тітіркендірулер). Кейде ішкі мүшелердің аурулары кезінде тері бетінің белгілі бір жерлері ауырады.
Температуралық сезім жылылық пен суықтықтын түйсігін тұдыратын рецепторларға байланысты. Олар теріде, көздің, мұрынның, ауыздың, ас қорыту жолы бөлімдерінің шырышты қабатында болады. Бұл рецепторлар арқылы біз ауаның, тамақтың т. б. заттардың температурасын анықтаймыз. Аталынған рецепторлар екі бетінде біркелкі орналаспаған: олардың санының ең көн жері құрсақ терісі, ең азы көкірек және аякққол терілері. Тітіркендіргіштердің тек белгілі бір түріне ғана жауап беру тері рецепторларының кейбіреулеріне ғана тән. Олардың көпшілігі әртүрлі тітіркендіргіштерге жауап береді.
Терінің әртүрлі жеріне тигізілген екі тітіркендіргіштің екеу екенін білу қабілетін ажырату сезім деп атайды. Мұның кеңістік табалдырығы - тітіркендіргіштердің екеу болып қабылданатын нүктелерінің ең қысқа аралығы және ол терінің әртүрлі жерінде әрқалай (тілдің ұшында ол 1 мм, қол саусақтарының ұшында 2 мм, арқа мен көкіректе 40 - 70 мм).
Тері рецепторларының адаптациясы. Адаптация тітіркендіргіштің үзақ әсері кезінде пайда болады. Жанасуды сезуге беімделгендіктен киімнің біздің денемізге тусіретін әсері сезілмейді. Қолымызды жылы суға батырғаннан соң біраз уақыттан қейін ол судың жылылығы туралы түйсігіміз жойылады. Теріге ине сүғып оны қозғамаса, қайтып суырып алмаса да ауру түйсігі шамалы уақыттан соң басылады.
Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер: 1,3,4,6.
Қосымша әдебиеттер:12,13,17,18,26,30.
№6 дәрістің тақырыбы:
«Жоғарғы жүйке әрекеті. Орталық жүйке жүйесінің қозуы мен тежелуі. ЖЖӘ типтері»
Жоспары:
Қозу мен тежелудің физиологиясы.
Балалардың шартты рефлекстері.
Жоғарғы жүйке әрекетінің топтары.
