- •Нейрофизиология және нейропсихология негіздері
- •050105 «Дефектология» мамандығына арналған
- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •1.1. Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2. Пән туралы мәліметтер:
- •1.5. Пәннің қысқаша мазмұны:
- •1.6. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі:
- •1.7. Әдебиеттер тізімі:
- •1.9. Курстың саясаты мен процедурасы:
- •2. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •2.1.Тақырыптық жоспар
- •1.8. Баға туралы ақпараттар:
- •2.2. Дәрістік сабақтар тезистері
- •1. Жүйке жүйесінің жалпы құрылысы.
- •Жұлын және бас миының бөлімдері.
- •Жоғары жүйке әрекеті (жжә).
- •2. Рефлекс жүйке жүйесінің қызметтік берлігі ретінде.
- •3.Ожж негізгі қасиеті: жүйке орталықтары арқылы қозуды біржақты өткізуі.
- •«Есту және көру анализаторларының сенсорлық және гностикалық қызметтері»
- •1.Көру анализаторының құрылысы мен қызметі.
- •2. Есту анализаторының құрылысы мен қызметі.
- •Тері сезімдері туралы жалпы түсініктеме.
- •2. Терідегі ауруды сезгіш (ауырсыну) сезімдері.
- •3. Терідегі тактильді сезім және оның жас ерекшеліктері.
- •Қозу мен тежелудің физиологиясы.
- •2. Балалардың шартты рефлекстері.
- •Жоғарғы жүйке әрекетінің топтары.
- •Зейіннің нейропсихологиялық негіздері.
- •2. Естің нейропсихологиясы.
- •3.Қозғалыс белсенділігінің нейропсихологиясы.
- •Бірінші және екінші сигналдық жүйелер және олардың дамуы.
- •Сөйлеудің негізгі қызметтері.
- •Афазиялар. Бас миының қыртыстарындағы сөйлеу орталықтары.
- •Бас миының ошақты зақымдалуындағы ойлаудың форма бойынша бұзылысы.
- •Бас миының ошақты зақымдалуындағы ойлаудың мазмұны бойынша бұзылысы.
- •3. Сандырақтың құрылымдық компонентерінің динамикасы.
- •Жалпы ойлау қабілеті туралы түсінік.
- •Жалпы нейропсихология туралы түсініктер.
- •А.Р.Лурия бойынша үш негізгі құрылымдық – қызметтік блоктар.
- •2. Бас миының зақымдалуы кезіндегі интеллектуалдық әрекеттердің ерікті реттелуі.
- •1. Антенатальді, неонатальді және емшектегі кезеңдегі жжә қалыптасуы.
- •3.Кіші мектеп жасындағы балалардың таным әрекеттері.
- •4. Жасөспірім кезеңіндегі жоғарғы жүйке әрекетінің қалыптасуы мен ерекшеліктері.
- •2.3. Семинарлық сабақтар жоспары
- •2.4. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары.
- •2.5. Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары.
- •2.6. Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары.
- •2.7. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедийлік толықтырылуы.
- •2.8. Өзіндік бақылау үшін тест сұрақтары.
- •Студенттердің білімін бағалау критериясы
- •2.9. Курс бойынша емтихан сұрақтары:
- •1.1. Оқытушылар туралы мәліметтер..............................................3
- •1.2. Пән туралы мәліметтер..............................................................3
- •Нейрофизиология және нейропсихология негіздері
- •050105 «Дефектология» мамандығына арналған
- •100012, Қарағанды қаласы, Гоголя көшесі,38.
Жұлын және бас миының бөлімдері.
Адамның жүйке жүйесі орталық және шеткі (перифериялық лат.периферикус - шеттік) жүйке жүйесі болып бөлінеді. Шеткі және орталық жүйке жүйелерінің қызметі:
мүшелерді бір-бірімен байланыстырып, организмнің бір тұтастығын іске асырады;
денедегі барлық мүшелердің және мүшелер жүйелерінің қызметтерін реттейді;
организмді сыртқы ортамен байланыстырады;
сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына организмді бейімдейді;
денедегі барлық клеткалардың, ұлпалардың, мүшелердің, бүкіл организмнің тіршілігін қамтамасыз етеді.
Орталық жүйке жүйесі ми мен жұлыннан тұрады.
Жұлын омыртқа өзегінде орналасқан, ұзындығы ересек адамда жарты метрге жуық, салмағы 37-38г. Жұлынның жоғарғы жағы сопақша мимен жалғасады да, төменгі ұшы шашақтанып I және II беломыртқа тұсында бітеді. Жұлын арасы қосылып кеткен симметриялы оң және сол жақ екі жарты бөлімдерден тұрады.
Адамның жұлыны 31-33 сегменттен (лат. сегментум-бөлік, кесінді) тұрады, олар: 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз және 1-3 құйымшақ бөлімдері. Әрбір бөлімнен қос-қостан шыққан нерв түйіндері екі жұлын нервтеріне айналады ( қозуды орталыққа жеткізетін немесе сезгіш және орталықтан қозуды мүшеге жеткізуші немесе қозғаушы нервтер). Жұлын омыртқа жотасынан қысқалау болғандықтан аталған бөлімдер омыртқаның аттарына сәйкес келмейді. Жұлын нервтері жұлын өзегінен шығып дененің терісін, аяқ-қолдарын, дене түлғасының бұлшық еттерін нервпен қамтамасыз етеді. Әрбір бөлім дененің өзіне тән жерлерін нервтендіреді.
Жұлын жүйке жүйесінің маңызды бөлімдерінің бірі. Түрлі нерв әрекеттерінің бағытталуы мен реттелуі жұлын арқылы іске асады. Себебі жұлын өткізгіштік қызмет атқарады да, оның бойымен дененің барлық жерінен миға нерв импульстері тасымалданады, ал мидан бүкіл дененің бұлшық еттерін қозғайтын нерв импульстері мүшелерге барып, олардың қызметін реттейді. Дененің қаңқасының бұлшық еттерінің тонусын сақтайтын ағза үшін аса маңызды рефлекстер де, осы жұлындағы орталықтардың қатысуына байланысты. Жұлынның қозғаушы орталықтарынан үнемі келіп тұратын нерв импульстеріне байланысты адам кеңістікте белгілі орын алып қозғала алады.
Жұлындағы рефлекторлық доға – рефлекторлық кызметті атқаратын жол. Рефлекторлық доға рецепторлардың нейрондық тізбегінен, аралық және эффекторлы нейрондардан түзілген. Қозуды сезіп, орталыққ өткізу сездіргіш нервінен, орталықтан және қозуды қайтадан эффекторға әкелуші қимылдатқыш нервтерден түзілген.
Рефлекторлық доғаның схемасы: 1- рецептор; 2- нервтің сезімталдық талшығы; 3 - сезімталдық нейронның денесі; 4 - жұлының сезімталдық нейроны; 5 - интернейрон; 6 - жұлының моторлық нейроны; 7 - эфференттік жол; 8 - нерв-бұлшық ет синапсі.
Бас мидың анатомиясы мен физиологиясы. Бас миының бөлімдері: үлкен ми сыңарлары, аралық ми, орталық ми, артқы ми, сопақша ми. Бас миының 12 жұп жүйкелері құрылысы мен қызметі. Жұлын, оның атқаратын қызметтері. Вегетативтік жүйке жүйесі (ВЖЖ). Рефлекс. Рефлекстер топтамасы.
Жоғары жүйке әрекеті (жжә).
Өте ертеден-ақ адамның психикалық әрекетін ғылыми әдістермен тексеру мүмкін емес екендігін айтып келген. Себебі адам психикасы материалдык зат- мидың қызметі емес, ол мидан тыс болатын жан дүниенің әрекеті деп есептелетін. Француз философы Рене Декарт (1596-1650) нерв жүйесінің шағылдырғыштық (бейнелеу) касиеті туралы гипотеза үсынды, ол бұл өмірінде организм әрекеті сапаның қатысуынсыз болатын реакция деп түсіндірді.
И. М. Сеченов өзінің белгілі «Ми рефлекстері» (1863) деген еңбегінде, табиғаттану тарихында бірінші болып ми жумысының табиғаты - рефлекстік реакция екендігін, адамның барлык іс-әрекеті, оның ішінде психикасы да рефлекс ұғымымен тікелей байланыстылығын айткан болатын. Бұл пікірді И.П.Павлов эксперименттік тәжірибе жүзінде дәлелдеп жоғары нерв әрекеті туралы рефлекстік теорияны дамытып, ол туралы Ым жасады, оның нервтік механизмін ашты, ол механизмді шартты рефлекс деп атады. Организм мен сырткы ортаның өзара әрекетін камтамасыз ететін ми қыртысы мен қыртысасты құрылымдардың күрделі әрекеттерінің жиынтығын жоғары жүйке әрекеті (ЖЖӘ) деп атайды. Бұл ілім сананың материалдык негізі - ми және онда жүретін процестер екенін көрсетті.
Шартсыз және шартты рефлекстер. Шартсыз рефлекстер - организмде туа біткен реакциялар, бүлар тукым куалайды. Бүл рефлекстер тұракты, организмнің тіршілігі барысында сақталады. Шартсыз рефлекстерінің орындалуы туа біткен дайын рефлекстік дога арқылы жүреді. Бұл рефлекстер орталық нерв жүйесінің барлык бөлімдеріне тән, бірақ көбіне оның төменгі бөлімдері жулын, ми бағаны, қыртыс асты ядролар қатысында орындалады. Шартсыз рефлекстердің түрлік сипаты болады.
Шартты рефлекстер - орғанизмнің жеке басының дамуы барысында тіршілігінде, қоршаған ортамен өзара әрекеті негізінде пайда болады. Бұл рефлекстер белгілі жағдайда нығая түседі немесе күшейіп азайтады, тіпті кейде өшеді. Шартты рефлекстер үлкен жарты шарлардың қыртыс тұтастығы жағдайында ғана жасалады, өйткені бүл рефлекстың доғасы қыртыстық орталықтар арқылы өтеді. Шартты рефлекстер организмнің жеке басының тәжірибесінің жиынтығын түзеді. Шартты рефлекс организмді шартсыз тітіреендіргішпен кездесуге дайындайды, сондықтан да бұл рефлекстің белгілі бір оқиға алдында өтетін сипаты болады. Міне, осымен бұл рефлекстің биологиялық маңызды ролі анықталады.
Адамдары маңызды шартсыз рефлекстерді мынандай топка бөлуге болады:
1) Тамақ рефлекстер. Буған ауыз қуысына тамак түскен кезде слекейдің бөлінуі, жаңа туған баланың ему рефлексі т. б. жатады:
2) Қорғаныш рсфлекстері - организмді әртүрлі жағымсыз әсерлерден қорғаушы рефлекстер.
3) Бағдарлау рефлекстері немесе И.П.Павлов атағандай «бұл не» рефлекстері. Бұлар организмнің жаңа тітіркендіргіштерге тудыратын жауаптары. Аталынған реакциялардың сыртқы қөрінісі: дыбыс шыққан жаққа қарай қүлақ түре тындай қалу, қөрінген затқа назар сала қарау, заттың пқлн ала бастау т.б. Бағдарлау рефлекстері адамның қоршаған ортаны білуге үмтылуында аса маңызды роль атқарады:
4) Ойын рефлекстері - жануарлар арасында қең таралған, негізінен ортаға бейімделуде мәні зор. Балалар ойынының өзіндік сапалық ерекшеліктері бар - ол дүние танудың белсеңді қурамына айналады және адамның басқа әреқеттері сияқты әлеуметтік сипатқа ие болады. Баланың ойын әрекеттері шартты рефлекстердің, қең «спекторына» тез айналады, міне сондықтан ойын бала психикасы түзілуінің маңызды механизмі тек есте сақтау деп те атайды, өйткені бүл ой жумысының жүруін қамтамасыз етеді.
Қысқа уақыттық есте сақтаудың механизмі нейрондар тізбегінен тузілген туйық шеңбер бойымен импульстер ағынының айнала журуіне байланысты болар деген болжам бар. Мидағы нейрондық құрылымдар арқылы импульстер өтуін бұзу - шартты байланыстың түзілуін де бұзады
Ұзақ уақыттық есте сақтаудың негізінде клетка денелерінде немесе синапстық аппаратта құрылымдық өзгерістер жататын болар. Жүйке импульстерінің қайталап өтуі кезінде қыртыстың нейрон дендриттер ішіндегі шипиктердің мөлшерлері артады, ал бүл өз қезенінде нейрондардың синапстық белсенділігін жоғарылатады деп жорамалдайды. Қәзіргі кезде есте сақтаудың тималды материал ретінде нуклеин қышқылдары мен белоктың ролі туралы көзқарас кең таралуда. Зерттеушілердің бір қатары үзақ уақыттық есте садтаудың материалдық субстраты нерв клеткасының ядросындағы ДНҚ, болады деп есептейді.
Мидың анализдің-синтездің қызметі және динамикалық стереотип. Табиғи жағдайда организмге көптеген тітіркепдіргіштер немесе олардың жеке компопенттері осе етеді. Бул тітіркендіргіштердің биологиялық және әлеуметтік жағдайларына сай ми талдайды, жіктейді. Мұнан соң берілген тітіркендіргіштерге организмнің адекватты жауап реакциясы мидың тітіркендіргіштерді синтездеуі арқылы орындалады, әртурлі бөлімдерден әрбір жеке тітіркендіргіштердің әсерінен туған қозуларды ми өзара байланыстырады, жинақтайды, біріктіреді.
Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер: 1,4,6.
Қосымша әдебиеттер:13,17
№3 дәрістің тақырыбы:
«Анализаторлар және ағзаның бейімделу әрекеттері»
Жоспары:
Анализаторлардың құрылысы мен маңызы.
Рефлекс жүйке жүйесінің қызметтік берлігі ретінде.
ОЖЖ негізгі қасиеті: жүйке орталықтары арқылы қозуды біржақты өткізуі.
1. Анализаторлар және олардың түрлері.
Жалпы анализаторлар туралы түсініктер. Адам ағзасы үшін анализаторлардың маңыздылығы. Есту анализаторның құрылысы мен атқаратын қызметтері. Көру анализаторларының құрылысы мен атқаратын қызметі. Сипап-сезу анализаторларының құрылысы мен қызметі. Жалпы анализаторларға ортақ қасиеттер.
Сыртқы және ішкі ортаның әсерлерін қабылдап, талдап, талқылайтын, олардың жағдайлары туралы сезім тудыратын мүшелер жүйесін И.П.Павлов анализаторлар деп атаған.
Организмде жеті түрлі анализаторлар бар: көру, есту, иіс, тері, қозғалыс, дәм және висцеральді (ішкі мүшелерге байланысты сезім).
Барлық анализаторлар үш бөлімнен тұрады:
1) перифериялық, немесе рецепторлық, немесе сезгіш бөлім,
2) өткізгіш бөлім,
3) орталық, немесе қыртыс, немесе сезім орталықтары.
Рецепторлық бөлім сезім мүшелерінде, немесе ішкі мүшелерде орналасқан сезгіш рецепторлардан тұрады. Сезгіш рецепторлар тітіркендіргіштердің әсерін қозуға айналдырады (рефлекторлы доғаның сезгіш, немесе перифериялық бөлімін есіңізге түсіріңіз).
Өткізгіш бөлім рецепторларда пайда болған қозуды сезім мүшелерінен шығып ми қыртыстарына таситын сезгіш нервтерден тұрады.
Қыртыс бөлімі ми сыңарларының қыртысында орналасқан сезім орталықтарынан тұрады. Мысалы, көру талдағышының сезгіш рецепторларына көзде орналасқан таяқша және колба пішінді жарық қабылдағыш рецепторлар – фоторецепторлар жатады, ал өткізгіш бөлімі көру нервінен тұрады да, қыртыс бөлімі желке түсында орналасқан ми сыңарларының көру орталығынан тұрады. Көру анализаторында жоғары дәрежедегі талдау мен талқылау жасалады да заттың бейнесі тұралы сезім пайда болады.
Анализаторлардың рецепторлық бөлімінде ең алғашқы анализ (талдау) - алғашқы қарапайым саны мен сапалақ талдау жүргізіледі.
Тітіркендіргіштің әсерінен рецепторларда қозу толқындары, немесе нерв импульстері пайда болады. Олардың жиілігі тітіркендіргіштердің күшіне байланысты келеді.
Өткізгіш бөлімде шетте пайда болған қозуды орталыққа өткізіп қана қоймай, аралық нервтерде алғашқы қарапайым талқылау (синтез) жасалады. Айталық, көру төмпешігінің ассоциативтік ядроларында талқылағаннан кейін рецепторлардан келген біраз невр импульстері қосылады.
Орталық, немесе қыртыс бөлімінде тітіркендіргіштердің тек қана саны мен сапасына қарап талдау жасалып қоймай, жоғары дәрежелі биологиялық маңызына қарай талдау мен талқылау жасалады. Мұндай анализ мен синтезге жеке қара басының талдау мен талқылау жасалады.
Анализаторлардың әрқайсысының жеке-жеке қасиеттері мен қызметі болады. Бірақ олардың ортақ, бәріне бірдей қасиеттері де бар:
1) Анализаторлардың рецепторлары тек қана өзіне тән тітіркендіргіштердің әсерін ғана қабылдайды. Ондай адекватты (өзіне тән) тітіркендіргіштерге өте сезімтал болады. Көру талдағышы үшін жарық сәулелері, есту анализаторы үшін дыбыс толқындары, иіс анализаторына – жеңіл химиялық заттар т.с.с. адекватты тітіркедіргіштер болып есептеледі.
2) Анализаторлардың рецепторлары тітіркендіргіштердің күші өзгерсе жаңа тітіркендіргіш күшіне тез бейімделеді. Мысалы, жарық бөлмеден қараңғы бөлмеге кіріп келгенде алғашқы кезде ештеңе көрінбегенімен, біраздан кейін заттар көріне бастайды.
3) Анализаторлар бір-бірімен байланысты қызмет атқарады. Сондықтан бірінің қызметі күшейгенде, екіншісінің қызметі төмендейді. Мысалы, бар зейінімен сабаққа дайындалып кітап отырған (көзімен ішінен кітап оқып отырған) оқушы маңайындағы дыбыстарды естігенімен мағынасын сезбейді.
4) Бір анализаторлық қызметі бұзылғанда қалғандары оның қызметін жартылай болса да өзіне алады. Мысалы, соқыр адам таяқтың дыбысынан қай жерде келе жатқанын аңғарады, немесе сипап тұрып затты таниды, дауысынан адамды таниды.
5) Анализаторлардың рецепторларының сезімталдығын жаттықтыру арқылы не күшейтіп, не төмендетуге болады. Мысалы, ұшқыштар вестибулярлық аппаратын жаттықтыру арқылы оның сезімталдығын төмендеткендіктен ұшып келе жатқан самолеттің ішінде еркін қозғалып жүре алады. Ал жай жолаушылар ұзақ түрегеліп жүрсе жүрегі лоблып, басы айналып құсуы мүмкін.
Әр түрлі қашықтықта орналасқан заттардың бейнесін қабылдауына байланысты талдағыштарды екі топқа бөледі: дистантты немесе контактты талдағыштар.
Дистантты (қашықтағы) анализаторларға көру, есту, иіс талдағыштары жатады, ал қалғандары (дәм, тері, висцеральдық, қозғалыс) контактты анализаторларға жатады.
