- •Пәннің мақсаты мен міндеті
- •Лекция 1. Бухгалтерлік есептің ғылым ретінде қалыптасу тарихы
- •Лекция 2. Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде
- •Лекция 3. Ұйымның құралдарын түрлері және орналасуы бойынша топтастыру
- •Лекция 4. Ұйымның қайнар көзін қалыптастыру және мақсаттық тағайындалуы бойынша топтастыру
- •Лекция 5. Бухгалтерлік есеп әдістерінің элементтері
- •Лекция 6. Бастапқы бақылау – бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесінің негізі
- •Лекция 7. Ұйымның балансы, оның нысаны мен мазмұны
- •Лекция 9. Шоттардың мазмұны мен құрылымы
- •Лекция 8. Шаруашылық операциялардың орындалуы бойынша баланстағы өзгерістер
- •Лекция 10. Шоттардағы екі жақты жазу
- •Лекция 11. Дайындау және өндіріс процессінің есебі
- •Лекция 12. Сату және қаржылық нәтижені қалыптастыру процесінің есебі
- •Лекция 13. Бухгалтерлік есеп нысандары
- •Лекция 14. Қаржылық есептілік негіздері
- •Лекция 15. Бухгалтердің кәсіби этикасы
Лекция 15. Бухгалтердің кәсіби этикасы
«Концепция » деген сөз (conceptio – латын тілінен келген ) бір құбылыс жөніндегі әр түрлі түсінік, көзқарастар жүйесі деген мағынаны білдіреді. Концепциялар белгілі бір ғылымның теориялық бағытын айқындауға көмектеседі.
Есеп концепциясы туралы айтатын болсақ, ол- ұйымдардағы (барлық салалардың, қызметінің түрлері мен әртүрлі ұйымдық- құқықтық нысандарға негізделген) есеп жүргізуді қалыптастырушы ережелер мен ұсыныстарды айқындайтын есеп жүйесін құрушы негіз.
Бухгалтерлік есеп методологиясы үшін бухгалтерлік табыстың шамасы мен оның салық салынатын базамен қандай байланысы бар екендігін түсіну және оны түсіндіру маңызды мәселе болып табылады.
Есеп теориясында бухгалтерлік табыс пен салық салынатын табыс сомаларының өзара байланысының шын мәнінде бір- біріне тең екі концепциясы өріс алған.
Бірінші және екінші концепция өткен ғасырдың басында Пруссияда пайда болған. Яғни, бұл елде сол кезде баланстық пайданың сомасы салық салынатын шамаға тең болуғе тиісті деген ереже (тәртіп) енгізілген болатын. Салық концепциясы деген атқа ие болған бұл концепция осы уақатқа дейін әртүрлі модификацияларда Еуропада үстемдік етеді. Оның басты ерекшелігі: кез- келген қаржылық есеп беру мемлекеттік салық органдарының мүддесі үшін құрылуға тиісті.
Бұл концепцияның негізгі құндылығы оның қисындылығы мен қарапайымдылығында екенін мойындау керек. Ол жалғыз ғана тиянақты және беделді көз – заңға сүйенеді.
Ал екінші қарама-қарсы концепция ¦лыбританияда пайда болды және оның мазмұны мынадай –баланстық пайданың сомасы негізінен салық салынатын шамадан өзгеше.
Бұл концепцияны «Меншіктік» деп табуға болады және ол ағылшын тілінде сөйлеуші елдерде үстемдік етеді. Сонғы уақытта аталмыш концепция Еуропа континентінде үлкен әсер етіп отыр. Оның басты ерекшелігі: кез-келген каржылық қорытынды есеп меншік иесінің мүддесі үшін құрылуға тиісті. Концепциясының құндылығы оның шыншылдығында.
Концепция - бухгалтерлік есеп принциптердін жасаудың қисынды ізашары, яғни жол салушысы. Белгілі бір құбылысты түсіндіре отырып, концепциялар экономикалық өмір шындықтарының өзгеруіне байланысты түзетулерге ұшырауы мүмкін, сондықтан олар бір рет мәңгілікке берілген ақиқат болып табылмайды. Және де әртүрлі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру жүйесі туралы жалпы түсініктерге, яғни оған негіз болған концепцияларға сүйенеді.
Бухгалтерлік есептің халықаралық стандартында қаржылық есеп берудің төмендегі концепциялары айқындалған:
кәсіпорынның қаржылық есебін жүргізу мақсаты;
бухналтерлік ақпараттардың сапалық сипаттамасы;
бухгалтерлік ақпараттардың есепке алу принциптері;
қаржылық есеп беру элементтері.
Бухгалтерлік есептің принципі – сол ғылымның негізі, яғни бастауы. әрбір ғылым сол ғылымның өзінің мағынасынан туындайтын принциптерге негізделеді.
Бухгалтерлік есеп процесін жүргізу мен есеп беруді құруға негіз болатын принциптер ретінде төмендегі принциптерді атауға болады:
Есептеу
Үздіксіз қызмет ету
Бөлектенген (оңашаланған) кәсіпорын.
Екі жақтылық.
Ақшалай өлшем.
Ақпараттардың құпиялылығын сақтау.
Қаржылық есеп беру үшін пайдаланатын бухгалтерлік есеп принциптерін бір ізге салуға қол жеткізу үшін қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары жасалынды. Онда қаржылық есеп берудің төмендегі принциптері қарастырылған:
1. Есептеу;
2. Үздіксіздік;
3. Түсініктілік;
4. Орындылық;
5. Мәнділік;
6. Сенімділік;
7. Әділетті (бұрмалаусыз) көрсету;
8. Мәнділіктің (маңыздылықтың) нысаннан артық болуы;
9. Бейтараптық;
10. Сақтық;
11. Толықтық;
12. Салыстырмалылық;
13. Өз уақытында дайындап беру.
Этика дегеніміз - адамгершілік, өнегелілік, ар-ұят (ождан) туралы ілім. Ал, адамгершілік дегенді - әрбір адам мойындайтын этикалық құндылықтардың жүйесі деп түсіну керек.
Бухгалтер этикасының негізін құраушы принциптерге тоқталайық:
Адалдық.
Кәсіби біліктілік
Ақпараттардың құпиялылығын сақтау
Кәсіби мінез – құлық.
ПОӘК «Есеп және аудит» кафедрасының мәжілісінде қарастырылып және бекітілді.
Хаттама № 1 13.09.2013 ж.
Кафедра меңгерушісі ____________ С.А.Исакова
Құрастырған: ____________ А.Н. Игликова
