Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_bu_kaz_sillabus_2013.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
426 Кб
Скачать
☆

Лекция 7. Ұйымның балансы, оның нысаны мен мазмұны

Кәсіпорынның қаржылық жағдайының баланстағы өлшемімен тікелей байланысты элементтер болып- активтер, міндеттемелер және меншікті капитал танылады. Ал, кәсіпорын қызметінің нәтижесін кірістер мен шығыстар туралы есепте өлшеумен тікелей байланысты элементтер болып - табыстар мен шығыстар танылады.

Қазақстан Республикасы Призидентінің заң күші бар «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Жарлығына сәйкес активтер, меншікті капитал, міндеттемелер және кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін жүзеге асыру барысында орындалған шаруашылық операция-лары бухгалтерлік есеп объектілері болып табылады.

Бухгалтерлік есеп объектілерінің бірі кез келген кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізін құрайтын шаруашылық процесстері. Шаруашылық процессі жекелеген шаруашылық операцияларының жиынтығы болып табылады. Ал, шаруашылық операциялары дегеніміз – кәсіпорынның экономикалық ресурстары (активтері) мен олардың құралу көздерінің (меншікті капитал, міндеттемелер) қозғалысы мен өзгерісінің қарапайым элементі.

Бухгалтерлік баланс дербес есеп жүргізуші кез келген ұйымның нақты бір уақыт сәтіндегі қаржылық жағдайын көрсетеді.

Бухгалтерлік баланс көптеген каржылық коэффициенттерді (өтімділік, қаржылық оралымдылық, орнын толтыру коэфициенті және т.б.) есептеуге негіз болады. Сонымен бірге баланс кәсіпорын өндірісін және оның жаңа өндірісті игеру саясатын бағалауға , сондай-ақ активтерін бағалауға мүмкіндік береді.

Бухгалтерлік баланстың төмендегі түрлерін (типтерін) ажыратып көрсетуге болады:

Кіріспе баланс - кәсіпорын қызметінің басталумен ұштастырылатын баланс.

Жылдық (қорытынды) баланс - есеп беру мерзімдегі кәсіпорынның қаржылық жағдайы жөніндегі ақпараттар көзі болып табылады.

Жойылу балансы - шаруашылық жүргізуші субъект себептерге байланысты жойылған сәтте құрылатын баланс.

Брутто - баланс - реттеуші баптар еңгізілетін баланс.

Нетто-баланс (немесе тазаланған баланс) - реттеуші баптары алынып тасталған баланс.

Бөлуші баланс - көсіпорынның құрылымдық бөлмшесін өз алдын дербес кәсіпорын ретінде бөліп шығарған сәтте немесе кәсіпорын ретінде бөліп шығарған сәтте немесе кәсіпорынды бір-бірінен тәуелсіз бірнеше кәсіпорындарға бөліп жіберген кезде құрылады.

Ішкі баланс- қаржылық талдау жасау, жоспарлау, басқару және кәсіпорын мен оның филиалдарының, құрылымдық бөлмелерінің шаруашылық қызметіне бақылау жасау үшін пайдаланылады.

Сыртқы баланс - сыртқы пайдаланушылар үшін құрылады.

Қазақстан Республикасының нарықтық қатыныстарға өтуіне байланысты шоғырландырылған (консолидацияланған) балансты ролі артып отыр.

Шоғырландырылған (консолидацияланған) қаржылық есеп беруді құрудың негізгі мақсаты – бас кәсіпорын мен еншілес кәсіпорындардың қызметін бірегей шаруашылық ұйым ретінде көрсету.

Өзінің құрылымы бойынша бухгалтерлік баланс жиынтығы әр уақытта өзара тең болады. Бұл тепе – тендік жағдай - баланстың маңызды белгісі.

Екі жақты кесте түріндегі бухгалтерлік баланстың сол жақ бөлігінде ұйымның активтері (экономикалық ресурстары) көрсетіледі. Осы активтерге қатысты әртүрлі тұлғалардың талаптары «пассивтер» деп аталады. «Пассивтер» екі түрге бөлінеді:

  1. Міндеттемелер, яғни кредиторлардың талаптары.

  2. Кәсіпорын иелерінің капиталы, яғни, кәсіпорын иелерінің талаптары.

Бухгалтерлік есептің екі жақтылық принципінен туындайтын негізгі бухгалтерлік теңдеу:

Активтер = Міндеттемелер + Капитал

Бухгалтерлік есептің барлық процедуралары осы тендіктен туындайды.

Бухгалтерлік баланста активтер мен міндеттемелер «ұзақ мезімді» және «ағымдағы» болып жектеледі.

Қазақстан Республикасының қаржылық есептілік нысандарын бекіту туралы 22.12.2005 жылғы№ 427 бұйрығына сәйкес бухгалтерлік баланс активі келесі бөлімдерді қамтиды:

  1. Қысқа мерзімді активтер

  2. Ұзақ мерзімді активтер

Ал баланс пассиві мына бөлімдерден тұрады:

  1. Қысқа мерзімді міндеттемелер

  2. Ұзақ мерзімді міндеттемелер

  3. Капитал

Бухгалтерлік балансқа деген екі көзқарас:

  1. Ресурстар және талаптар.

  2. Қорлар көздері және оларды пайдалану бағыттары.

Бұл көзқарас бойынша негізгі бухгалтерлік тендеу-

Активтер = Міндеттемелер + Капитал

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]