- •Пәннің мақсаты мен міндеті
- •Лекция 1. Бухгалтерлік есептің ғылым ретінде қалыптасу тарихы
- •Лекция 2. Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде
- •Лекция 3. Ұйымның құралдарын түрлері және орналасуы бойынша топтастыру
- •Лекция 4. Ұйымның қайнар көзін қалыптастыру және мақсаттық тағайындалуы бойынша топтастыру
- •Лекция 5. Бухгалтерлік есеп әдістерінің элементтері
- •Лекция 6. Бастапқы бақылау – бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесінің негізі
- •Лекция 7. Ұйымның балансы, оның нысаны мен мазмұны
- •Лекция 9. Шоттардың мазмұны мен құрылымы
- •Лекция 8. Шаруашылық операциялардың орындалуы бойынша баланстағы өзгерістер
- •Лекция 10. Шоттардағы екі жақты жазу
- •Лекция 11. Дайындау және өндіріс процессінің есебі
- •Лекция 12. Сату және қаржылық нәтижені қалыптастыру процесінің есебі
- •Лекция 13. Бухгалтерлік есеп нысандары
- •Лекция 14. Қаржылық есептілік негіздері
- •Лекция 15. Бухгалтердің кәсіби этикасы
Лекция 5. Бухгалтерлік есеп әдістерінің элементтері
Бухгалтерлік есеп ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметінің үлгісі (моделі) болып табылады. Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың әдістемелік негізін әдістер мен тәсілдер жүйесі құрайды. Бухгалтерлік есеп процесінің барысында төмендегі ерекше әдістер қолданылады:
1. Құжаттау
2. Шоттар және екі жақты жазу
3. Калькуляциялау
4. Бағалау
5. Түгендеу
6. Баланс
Құжаттау – шаруашылық операцияларын құжаттардың көмегімен олар жасалған сәтте және сол жерде бастапқы тіркеу.
Құжат бухгалтерлік жазбалар үшін міндетті негіз болып саналады. Әрбір шаруашылық операциясына ол жасалған сәтте құжат жасалады, онда құжаттың атауы, операцияның мазмұны, оның жасалған күні, өлшем бірлігі, операцияның жасалуына жауапты адамдардың қойған қолдары көрсетіледі.
Шоттар және екі жақты жазу. Бухгалтерлік есептің шоттары біртектес шаруашылық операцияларын топтастыруға және ағымдағы есебін жүргізуге арналған. Қорлардың әрбір түрі мен олардың көздерне жеке шот ашылады.
Екіжақты жазу – шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есептің шоттарында тіркеудің әдісі. Бұл әдістің мәні - әрбір шаруашылық операциясы екі рет тең омамен бір шоттың дебетінде және басқа шоттың кредитінде жазылады.
Калькуляция – шығындарды топтастыру мен сатып алынған материалдық құндылықтардың әзірленген өнімдірмен атқарылған жұмыстардың өзіндік құнын анықтау әдісі. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау нормативтік құжаттармен реттелінеді.
Бағалау – бұл натуралды көрсеткіштерді ақшалай көреткіштерге аударудың әдісі. Мұның өзі шаруашылық қорлар мен олардың қорлану көздері туралы жалпылама деректерді алу үшін бухгалтерлік есепте ақшалай көрсеткіштерді міндетті түрде пайдаланумен байланысты болып отыр. Кәсіпорынның мүлкі мен оның көздерін бағалаудың шынайлығы мен дұрыстығы бухгалтерлік есептің барлық жұйесін құру кезінде маңызды болмақ. Бағалаудың принциптері нормативтік актілермен реттелінеді.
Түгендеу – мүліктің нақты қолда барын бухгалтерлік есептің деректері бойынша заттай сәйкестігін тексерудің әдісі. Ол бухгалтерлік есеп деректерінің растығы пен кәсіпорын меншігінің сақталуын қамтамасыз ету мақатымен жүргізіледі.
Бухгалтерлік баланс – бұл ұйымның қаржылық есеп беру нысандарының басты нысаны болып табылатын екі жақты кесте.
Лекция 6. Бастапқы бақылау – бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесінің негізі
Кәсіпорынның шаруашылық қызметі барысында орындалатын әрбір операция өзінің түрі мен мазмұнына қарамастан міндетті түрде құжаттарда тіркеліп отырады.
Бухгалтерлік құжат дегеніміз – орындалған шаруашылық операцияларын растайтын немесе оларды орындауға берілген бұйрықтарды белгілейтін жазбаша өкім қағазы.
Шаруашылық операцияларын құжаттарда жаппай және үздіксіз тіркеп отыруды құжаттау деп атайды. Құжаттау есептің бастапқы сатысы болып табылады. Құжаттарда кәсіпорынның жұмысына оперативті басшылық жасау, оның қызметін бақылау үшін қажеттті бүкіл экономикалық хабарлама баяндалады.
Бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдастыруда құжаттардың ролі үлкен. Олар ең алдымен шаруашылықты күнбе-күн ойдағыдай басқару үшін қолданылады.
Пайдалану мақсатына қарай құжаттар өкімдік, растаушы, бухгалтерлік дайындау құжаттары және құрастырушы құжаттар болып бөлінеді.
Операцияның көлеміне қарай құжаттар бастапқы және жинақтаушы құжаттар болып бөлінеді.
Толтырылу орнына қарай құжаттар ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Толтырылу тәсілдеріне қарай құжаттар типтік және мамандандырылған болып бөлінеді.
Типтік құжаттар – экономиканың кез-келген салаларында толтырылу мүмкіндігі бар құжаттар.
Мамандандырылған құжаттар – экономиканың белгілі бір саласының нақты бір кәсіпорны үшін арнайы жасалынған құжаттар.
Құжаттарға түсірілетін мәліметтер сиямен немесе шариктік қаламсаппен, электрондық есептеу машиналарымен жазылады. Жазу таза, былғанышсыз, өшірусіз, түсінікті орындалуы керек. Құжаттардың нысанындағы бос қалған түзу жолдар мен тік жолдарға сызықша қойылады. Ақша қаражаттарының құжаттарында (чектер, кассаның кіріс және шығыс ордерлері) көрсетілген сомалар және сөзбен жазылып көрсетіледі.
Құжаттар көрсеткіштерін толтыруда қателер жіберілуі мүмкін. Мұндай қателер корректуралық түзету әдісін қолдану арқылы түзетіледі. Бұл әдіс бойынша қате жазудың үсті жіңішке сызықпен сызылып, осы жазудың үстіне дұрыс сан немесе дұрыс көрсеткіш жазылады. Осылайша түзетілген құжатқа қысқаша түсінік беріліп, орындаушы адамның қолы қойылып, мерзімі көрсетіледі.
Бухгалтерлік есеп тәжірбиесінде құжаттарды 3 топқа бөліп қарастырады:
алғашқы құжаттар /бір операцияға ғана/;
есеп регистрлері /операциялардың экономикалық мазмұнына қарай және типтеріне қарай жинақталған/;
есеп беру құжаттары /баланс және басқа да формалар/;
Ақпаратарды тереңірек қарастыру үшін алғашқы жазбалардың кітаптары қолданылады – ведомостар мен журнал-ордерлер.
Әрбір шаруашылық іс-әрекеттері үшін қолданылатын кесте журнал деп аталады. Журналға жазбалар хронологиялық ретпен енгізіледі. Мұндай жазбалар бухгалтерлік кітапқа /Бас кітапқа/ жазылады.
Ағымдағы есептің шаруашылық операциялары олардың жинақталу жағдайларына байланысты шоттарда жазылады. Егер экономикалық мазмұнына қарай біртекті іс-әрекеттер көп болса, алғашқы құжаттардың негізінде жинақ немесе топтастырылған ведомостер жасалады. Бұл шоттардағы жазбалар санын азайтуға мүмкіндік береді.
Есептік процедура шаруашылық операцияларын талдаудан бастап шоттарды жабу мен қаржылық есепті құруға дейінгі есеп процесі кезеңдерінің жүйесін айқындайды. Ол процедура кейде есептік цикл деп аталады.
Есептік цикл дегеніміз – қаржылық есеп беруді құруға алып барушы жүйелі кезеңдер (қадамдар) сериясы. Бұл цикл әрбір есептік кезеңде қайталанады.
Есептік циклдың кезеңдері (қадамдары) және олардың мақсаты:
есепке тіркеу үшін операцияны немесе фактілерді айқындау. Мақсаты: Негізінен операциялар немесе фактілер жөніндегі бастапқы құжаттар түріндегі ақпараттарды жинау;
Тиісті журналдарда шаруашылық фактілерін (операцияларын) тіркеу. Мақсаты: Операциялардың кәсіпорынға тигізетін экономикалық әсерін айқындау және оларды хронологиялық тәртіппен шоттарға жазуға мүмкіндік беретін нысанда (журналға) жазу;
Журналдан Бас кітапқа (есеп регистрлеріне) көшіру. Мақсаты: Ақпараттарды журналдан тиісті шоттар бойынша бас кітапқа (есеп регистрлеріне) көшіру - ақпараттарды шоттарда сақтау тәсілі;
Айналым ведомосін (тексеруші балансты) дайындау. Мақсаты: дебеттік және кредиттік айналымдардың және бастапқы сальдолардың тепе-теңдігін тексеру үшін шоттардың ыңғайлы тізімін құру;
Шаруашылық операцияларын тіркеу журналына түзетуші (корректировкалаушы) жазуларды тіркеу. Мақсаты: Есептеу, бағалау фактілерін және бастапқы құжаттарда фактілерді тіркеу;
Түзетілген тексеруші (сынама) балансты дайындау. Мақсаты: шоттардың дебеті мен кредитінің жиынтық сомаларының теңдігін тексеру және қаржылық қорытынды есепті дайындауды жеңілдету;
Қаржылық қорытынды есепті дайындау. Мақсаты: Бухгалтерлік балансты, кірістер мен шығыстар туралы есепті және ақша қозалысы туралы есепті пайдалана отырып, шешім қабылдаушы сыртқы пайдаланушыларға талдап қорытындыланған қаржылық ақпараттарды тапсыру;
Шаруашылық операцияларын тіркеу журналына (есеп регистрлеріне) шоттардың жабылуын тіркеу. Мақсаты: Уақытша шоттарды жабу және таза табыс сомасын бөлінбеген таза табыс (жабылмаған зиян) шотына аудару;
Шоттар жабылғаннан кейін қорытынды балансты дайындау. Мақсаты: Шоттар жабылғаннан кейін дебет пен кредиттің теңдігін тексеру;
Бас кітапқа тұрақты шоттардың қалдықтарын жазу.
Шаруашылық өмірдің фактілерін, яғни, операцияларды тіркеу үш кезеңде жүргізіледі:
бастапқы құжаттар бойынша талдау жасау;
шаруашылық операцияларын журналға жазу;
шаруашылық операцияларын журналдан шоттарға (есеп регистрлеріне, Бас кітапқа) көшіру.
Шаруашылық операцияларын тіркеу журналындағы бухгалтерлік жазуларды Бас кітапқа немесе ағымдағы есеп регистрлеріне көшіру процесі тарату (разноска) деп аталады.
Халықаралық тәжірибеде Бас кітаптың шоттары бойынша дебеттік және кредиттік сальдолардың тепе-теңдігі тексеруші баланстың көмегімен тексеріледі.
Келесі есепті кезеңнің (жылдың) басында қорытынды баланстың (келесі есепті кезең үшін ол кіріспе баланс болып табылады) мәліметтері, яғни тұрақты (баланстық) шоттар бойынша сальдо Бас кітапқа көшіріледі.
