- •Пәннің мақсаты мен міндеті
- •Лекция 1. Бухгалтерлік есептің ғылым ретінде қалыптасу тарихы
- •Лекция 2. Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде
- •Лекция 3. Ұйымның құралдарын түрлері және орналасуы бойынша топтастыру
- •Лекция 4. Ұйымның қайнар көзін қалыптастыру және мақсаттық тағайындалуы бойынша топтастыру
- •Лекция 5. Бухгалтерлік есеп әдістерінің элементтері
- •Лекция 6. Бастапқы бақылау – бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесінің негізі
- •Лекция 7. Ұйымның балансы, оның нысаны мен мазмұны
- •Лекция 9. Шоттардың мазмұны мен құрылымы
- •Лекция 8. Шаруашылық операциялардың орындалуы бойынша баланстағы өзгерістер
- •Лекция 10. Шоттардағы екі жақты жазу
- •Лекция 11. Дайындау және өндіріс процессінің есебі
- •Лекция 12. Сату және қаржылық нәтижені қалыптастыру процесінің есебі
- •Лекция 13. Бухгалтерлік есеп нысандары
- •Лекция 14. Қаржылық есептілік негіздері
- •Лекция 15. Бухгалтердің кәсіби этикасы
Лекция 13. Бухгалтерлік есеп нысандары
Бухгалтерлік шоттарды тіркеу үшін пайдаланылатын барлық нысандар есеп регистрлері болып табылады. Есеп регистрлері дегеніміз – бухгалтерлік ақпараттарды алғашқы тасымалдаушыларда көрсетілген шаруашылық операцияларын тіркеу және топтау үшін пайдаланылатын кестелер.
Есеп регистрлері алуан түрлі. Сондықтан есеп регистрлерінің мазмұнын түсініп – меңгерудің тиімді жолы оларды белгілі бір белгілері бойынша жіктеу болып табылады.
Есеп регистрлері мынадай белгілері бойынша төрт топқа жіктеледі:
Сыртқы түрі бойынша;
Операциялардың мазмұны бойынша;
Операцияларды жазу сипаты бойынша;
Регистрлердің құрылымы бойынша.
Бухгалтерлік есеп нысаны дегеніміз – шаруашылық операцияларын белгілі бір ретпен көрсету және жазуларды тиісті тәсілдер бойынша топтастыру үшін пайдаланылатын есеп регистрлерінің жиынтығы.
Қазақстан Республикасында қазіргі кезде бухгалтерлік есептің мынандай нысандары қолданылады:
Мемориалдық-ордерлік
Журнал-ордерлік
Автоматтандырылған
Жеңілдетілген (қысқартылған)
Кәсіпорынның есеп саясаты деп – бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есеп берудің мағынасын олардың принциптері мен негіздеріне сәйкес ашып көрсету үшін ұйымның басшысы пайдаланатын тәсілдердің жиынтығын айтады.
Есеп саясаты ең бірінші қаржылық есеп беруге түсіндірме хатта ашылып көрсетілуге тиісті. Егер есепті кезеңде есеп жүргізу саясатында өзгерістер болатын болса, онда оның себептерін көрсету арқылы ашып көрсету қажет. Егер бұл өзгерістер елеулі қаржылық және материалдық зиян шегуге әкелетін болса, онда есеп саясатын ашып көрсету кезінде осы өзгерістер нәтижесін бағалау қажет.
Лекция 14. Қаржылық есептілік негіздері
Қаржылық есеп беру деп – кәсіпорынның өткен кезеңдегі қызметінің жағдайы мен нәтижесін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін атаймыз. Ол белгілі бір кезеңде ұйымның шаруашылық қызметінің жағдайы мен нәтижелері туралы жинақталған мәліметтерден тұратын ағымдағы есептің қысқаша мәлімдемесі болып табылатын есеп жазбаларының ерекше түрі.
Қаржылық қорытынды есепті құру кәсіпорында жүргізілетін есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады. Қаржылық қорытынды есептің мәліметтері бойынша кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі қорытындыланады және де ол талдау жасау, кәсіпорынның шаруашылық қызметін жоспарлау үшін негізгі ақпарат көзі болып табылады.
Қаржылық қорытынды есеп мерзім сайын дайындалып тапсырылады және оны пайдаланушы қалың топтың ақпарат жөніндегі қажеттерін қанағаттандырып отырады. Кейбір пайдаланушылар өкілеттіктері болған жағдайда қаржылық қорытынды есепте бар ақпаратқа қосымша ақпарат талап ете алады. Пайдаланушылардың көпшілігі қаржылық мәліметтердің негізгі қайнар көзі ретінде қаржылық қорытынды есепке сенім артуға тиісті.
Жылдық қаржылық есеп беру есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейін тапсырылуға тиісті. Меншік иелері осы мерзім шегінде қаржылық қорытынды есепті тапсырудың мерзімін анықтап тағайындай алады, бірақ ол жылына 1 реттен аспауы тиіс.
Жылдық қаржылық қорытындысы есеп үшін есепті кезең болып 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл алынады.
Жаңадан құрылған ұйым үшін бірінші есепті жыл оның мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен басталып, сол жылдың 31 желтоқсанымен аяқталады.
Қаржылық есептер қаржылық есеп берудің құрамдас бөліктері болып табылады.
Өз бетінше есеп жүргізетін кез-келген ұйымның белгілі бір мезгілдегі қаржылық жағдайы бухгалтерлік баланста бейнеленеді.
Бухгалтерлік баланс ұйымның активтерін, міндеттемелерін және меншікті капиталын көрсетеді.
ҚЕХС 1 «Қаржылық есеп беруді ұсыну» стандартына сәйкес ұйымның «Кірістер мен шығыстар туралы есеп» 2-нысаны оның таза табысының қалай құралатындығын көрсетеді.
Ол мынадай көрсеткіштерден тұрады:
Өнімдерді сату мен қызметтер өрсетуден түскен кіріс
Сатылған өнімдер мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны
Жалпы пайда
Қаржыландырудан түскен кірістер
Өзге де кірістер
Өнімдерді сату мен қызметтер көрсетуге арналған шығыстар
Әкімшілік шығыстар
Қаржыландыруға арналған шығыстар
Өзге де шығыстар
Үлес қосу әдісімен есептелетін ұйымдардың пайдасының (залалының) үлесі
Жалғасатын қызмет кезеңіндегі пайда (залал)
Тоқтатылған қызметтен түскен пайда (залал)
Салық салғанға дейінгі пайда (залал)
корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар
Аздық үлесті шегергенге дейінгі кезеңдегі жиынтық пайда (залал)
Аздық үлесі
Кезеңдегі жиынтық пайда (залал)
Акцияға арналған пайда
Кезеңдік шығыстар – олар өнімдердің (жұмыстардың, қызметтердің) өндірістік өзіндік құнына апарылмайтын шығындар. Кезеңдік шығындарға:
әкімшілік шығыстары;
өнімді және қызметті өткізу бойынша шығыстар;
қаржыландыруға арналған шығыстар.
Ұйымның қаржылық қорытынды есебінің барлық нысандары белгілі бір мақсатпен құрылады. Баланста ұйымның экономикалық ресурстарының (активінің) белгілі бір мерзімдегі нақты бары мен оларды қаржыландыру көздерінің жағдайы көрсетіледі. Ұйымның кірістері мен шығыстары жөніндегі қорытынды есебінде оның есеп беру мерзімінде алған табысы көрсетіледі.
Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды есептің негізгі мақсаты:
Есеп беру мерзімі ішінде заңды тұлғаларға ақша ұаражаттарының келіп түсуі және шығуы жөнінде ақпараттарды беру;
Есеп беру мерзімінде заңды тұлғалардың операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметі жөніндегі ақпараттарды беру.
Операциялық қызмет дегеніміз – заңды тұлғаның табыс табу бойынша негізгі сонымен бірге қаржылық және инвестициялық қызметіне жатпайтын басқадай қызметі.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер операциялық қызметтен болған ақша қаражаттарының қозғалысын тікелей немесе жанама әдістерді пайдалана отырып ашып көрсетеді:
Тікелей әдіс – бұл ақшаның келіп түсуі мен төленуінің негізгі түрлері ашып көрсетілетін әдіс.
Жанама әдіс – бұл таза табысқа немесе зиянға ағымдағы активтердің, ақшасыз операциялардың табыстар мен зиянның және міндеттемелердің өзгеруіне байланысты түзету (корректировка) жасалынатын әдіс.
Инвестициялық қызмет дегеніміз – ұзақ мерзімді активтерді сатып алу және сату, өтелетін несиелерді алу және беру.
Қаржылық қызмет – заңды тұлғалардың (кәсіпорынның) нәтижесі меншікті капитал және қарызға алынған қаржылардың құрамы мен мөлшерінің өзгеруі болып табылатын қызмет.
