Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_bu_kaz_sillabus_2013.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
426 Кб
Скачать
☆

Лекция 8. Шаруашылық операциялардың орындалуы бойынша баланстағы өзгерістер

Түрлі шаруашылық операцияларының әсерінен болатын баланс көрсеткіштері өзгерісінің төрт түрі (типі) болады.

Бірінші түрлі өзгерістер баланстың «Активтер» бөліміндегі баптардың құрамында болады. Белгілі бір сомаға бір бап көбейіп, екінші бап азаяды. Баланстық тендік бұзылмайды.

АКТИВ + Х - Х = ПАССИВ

Өзгерістердің екінші түрі баланстың «Меншікті капитал» немесе «Міндеттемелер» бөлімдерінде болады . Белгілі бір сомаға «Меншікті капитал» немесе «Міндеттемелер» бөлімінің бір бабы азайып екінші бабы көбейеді. Ол операциялардың нәтижесінде баланстың жалпы қорытындысы өзгермейді.

АКТИВ = ПАССИВ + Х - Х

Үшінші түрлі өзгерістер баланстың «Активтер» бөлімін де «Меншікті капитал немесе Міндеттемелер» бөлімін де қамтиды. Екі бөлім де белгілі бір сомаға көбейеді. Мұндай операциялардың нәтижесінде баланстың «Активтер» бөлімінің де «Міндеттемелер» бөлімінің де жалпы қорытындысы көбейеді.

АКТИВ + Х = ПАССИВ +Х

Төртінші түрлі өзгерістер керісінше баланстың «Активтер» бөлімін де «Міндеттемелер» немесе «Меншікті капитал» бөлімін де азайтады. Ол операцияладың нәтижесінде баланстың жалпы қорытындысы азаяды.

АКТИВ - Х = ПАССИВ - Х

Лекция 9. Шоттардың мазмұны мен құрылымы

Кәсіпорынның шаруашылық қызметі алуан түрлі шаруашылық операцияларынан тұрады. Бұл операциялар активтер мен олардың құралу көздерінің қозғалысын құрайды. Әрбір орындалған операция оның көлемі мен сипатына қарамастан бухгалтерлік есепте көрсетілуге тиісті.

Сондықтан ағымдағы кезең ішінде орындалған шаруашылық операцияларын мазмұнына қарай жүйелеп жинақтау үшін бухгалтерлік шоттар пайдаланылады.

Бухгалтерлік шоттар деп – шаруашылық операцияларын кәсіпорын активтері мен олардың құралу көздерінің (меншікті капитал, міндеттемелер) экономикалық мазмұны жағынан біртекті объектілері бойынша жүйелеп топтастыруды айтады.

Шоттар активтердің әрбір түрін, олардың құралу көздерін (меншікті капитал, міндеттемелер) және шаруашылық процесстерін бухгалтерлік есепте қабылданған жүйелеп топтастыруға сәйкес есепке алу үшін баланс баптарын дамыту ретінде ашылады. Әрбір шотта сол шот пайдаланылатын шаруашылық операциялары жүйеленеді.

Шот – бұл ақпарат жинақтаушы.

Сыртқы түрі жағынан шот Т әріпі бейнесіндегі екі жақтан тұратын кесте. Кестенің сол жағы «Дебет» деп, ал оң жағы «Кредит» деп аталады.

«Дебет» және «Кредит» деген терминдер латын сөздерінен шыққан: debet – берешек, kredit – сену деген мағынаны білдіреді. Кестенің жоғарғы жағына шоттың атауы жазылады.

Бухгалтерлік шоттардағы қалдықты бейнелеу үшін «сальдо» (С) деп аталатын терминді пайдаланады. С1 –бастапқы сальдо – есеп беру мерзімінің басындағы, яғни операциялар орындалмай тұрған кездегі есеп объектісі бойынша қалдықты көрсетеді, ал есеп беру мерзімінің соңындағы, яғни операцилар орындалғаннан кейінгі қалдық С2 арқылы көрсетіледі.

Есепті кезеңнің (айдың) басында есеп объектілері бойынша шоттар баланс баптары негізінде ашылады. Сондықтан балансқа қатысты бухгалтерлік шоттар активті және пассивті болып бөлінеді. Кәсіпорын активтерінің әрбір жекелеген түрлерінің нақты бары мен олардың қозғалысының есебін жүргізу үшін пайдаланылатын шоттарды активті шоттар деп атайды.

Бұл шоттар есепті кезеңнің (айдың) басында баланстың «Активтер» бөлімінің баптары бойынша ашылады. Есеп объектілері бойынша бастапқы және ақырғы сальдо (қалдық) активті шоттардың дебетінде жазылады.

Активті шоттың дебеті жағында – есеп объектісі бойынша есепті кезеңнің басы мен аяғындағы сальдо және бастапқы сальдоны көбейтетін шаруашылық операцияларының сомалары, ал кредит жағында – бастапқы сальдоны азайтатын шаруашылық операцияларының сомалары жазылады.

Егер шоттың дебеті бойынша айналым сомасы – ДТ айналым, ал кредиті бойынша айналым сомасын – КТ айналым деп белгілейтін болсақ, онда активті шот бойынша ақырғы сальдо сомасы төмендегі формула арқылы анықталады:

С2=С1+ДТ айналым – КТ. айналым.

Кәсіпорын активтері құралу көздерінің әрбір жекелеген түрлерінің нақты бары мен олардың қозғалысының есебін жүргізу үшін пайдаланылатын шоттарды пассивті шоттар деп атайды.

Пассивті шоттар есепті кезеңнің басында баланстың «Меншікті капитал» және «Міндеттемелер» бөлімдерінің баптары бойынша ашылады . есеп объектілері бойынша бастапқы және ақырғы сальдо пассивті шоттардың кредитінде жазылады.

Пассивті шоттың кредиті жағында – есеп объектісі бойынша есепті кезеңнің басы мен аяғындағы сальдо және бастапқы сальдоны көбейтетін шаруашылық операцияларының сомалары, ал дебеті жағында – бастапқы сальдоны азайтатын шаруашылық операцияларының сомалары жазылады.

Пассивті шоттар бойынша ақырғы сальдо сомасы төмендегі формула арқылы анықталады:

С2=С1+КТ айналым – ДТ. айналым.

Есепті кезеңнің аяғында кәсіпорын активтері көрсетілген активті шоттар және олардың құралу көздері (меншікті капитал, міндеттемелер) көрсетілетін пассивті шоттар бойынша қалдықтар баланстың тиісті бөлімдеріне жазылады.

Осы Бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулық (негіз) (бұдан әрі - Нұсқаулық) ұйымдарға қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына көшу кезінде жәрдемдесуге арналған.

Нұсқаулық бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын (бұдан әрі – шоттардың жұмыс жоспары) әзірлеу жөніндегі жалпы талаптарды айқындайды.

Шоттардың жұмыс жоспарын әзірлеу Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік мәселелері жөніндегі заңнамасының талаптарына, осы Нұсқаулыққа және бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бухгалтерлік есепті жүргізу растығы қағидатына сәйкес жүзеге асырылады.

Шоттардың жұмыс жоспары бухгалтерлік есептегі операцияларды тіркеу және топтау жүйесін білдіреді және бухгалтерлік есепті жүргізу үшін қажет синтетикалық және талдамалық шоттардың (қосалқы шотты қоса алғанда) толық тізбесін қамтиды.

Ұйым шоттарының жұмыс жоспары ұйым қызметінің ерекшелігіне сәйкес осы Нұсқаулыққа сай әзірленеді. Ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Нұсқаулықта белгіленген тәртіппен құрылтай құжаттарына сәйкес ұйым қызметінің қажеттіліктеріне негіздей отырып синтетикалық және талдамалық шоттарды ашады.

Шоттардың жұмыс жоспарын ұйымның басшысы бекітеді.

Шоттардың жұмыс жоспарындағы бухгалтерлік есептің синтетикалық шоттары осы Нұсқаулықта елгіленген өтімділікті азайту ретінде ашылады. Шоттардың жұмыс жоспарына Нұсқаулыққа қосымшада анықталған бухгалтерлік есеп шоттары жұмыс жоспарының синтетикалық шоттар топтарының тізбесіне сәйкес ұйымның қызметін көрсету үшін қажет синтетикалық шоттар енгізіледі.

Шоттардың жұмыс жоспарындағы бухгалтерлік есеп шоттарының нөмірлері төрт белгіден тұрады. Нөмірдің бірінші саны бөлімге тиістілігін, өтімділікті азайту тәртібімен орналасқан екіншісі – кіші бөлімге тиістілігін, үшіншісі – синтетикалық шоттардың топтарына тиістілігін, төртінші сан – синтетикалық шоттардың орналасу өтімділігі тәртібімен ұйым дербес анықтайды.

Шоттардың жұмыс жоспарының бөлімдері

Шоттардың жұмыс жоспары мынадай бөлімдерді қамтиды:

1-бөлім – «Қысқа мерзімді активтер»,

2-бөлім – «Ұзақ мерзімді активтер»,

3-бөлім – «Қысқа мерзімді міндеттемелер»,

4-бөлім – «Ұзақ мерзімді міндеттемелер»,

5-бөлім – «Капитал мен резервтер»,

6-бөлім – «Кірістер»,

7-бөлім – «Шығыстар»,

8-бөлім – «Өндірістік есепке алу шоттары».

Шаруашылық операцияларының әсерінен кәсіпорын активтері мен олардың құралу көздерінің (меншікті капитал, міндеттемелер) құрамында болатын екі жақты өзгерістер бухгалтерлік есептің екі объектісіне өзгеріс енгізеді.

Кәсіпорында орындалған шаруашылық операциялары бухгалтерлік шоттарда екі жақты көрініс табады. Ол екі жақты жазу әдісін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]