Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қондырғылар - Дәрістер.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

2.7 Электр кедергі пештерінің электр жабдықтары

Электр кедергі қондырғыларының электр жабдықтары:

1)     Электр пеші;

2)     Электр, пневмо, гидрожетекті жүктемені салып-түсіруді және жұмыс камерасында қозғалысты қамтамасыз ететін көмекші механизмдер;

3)     Толымдаушы  электр жабдықтары – электр қалқандары, пульттер, басқару панельдері, трансформаторлар немесе автотрансформаторлар, тиристорлық ауыстырып-қосқыштар, нәрлендіру көзі;

4)     Өлшегіш аппаратура: температура өлшегіш және реттегіш датчиктері, вакуум өлшегіш және бақылағыш аппаратура, су ағынын және температурасын бақылағыш аппаратура т.б.;

Электр жабдықтар ретінде трансформаторлардың  құрғақ түрі, қысқа тұйықталған роторлы асинхрондық қозғалтқыштар, әдеттегі қорғауыш және толықтауыш аппаратура (автоматтар, сақтандырғыштар, контакторлар, магниттік жүргізгіштер т.б.) және басқару аппаратурасы (кілттер, нүктелер, реле) пайдаланылады.

Электр кедергі пештерінің көпшілігі трансформаторсыз бірден 220, 380 В желіге қосылады.

Трансформаторлар карборундтық, графиттік, көмірлік, вольфромдық қыздырғыштарының кедергісі температурамен күрт өзгеретін қондырғыларда қолданылады: тұз ванналары, жоғары температуралы пештер.

500В дейінгі пештерді қосу және басқару үшін әдетте толықтауыш қалқандар мен басқару станциялары шығарылады.

2.8 Электр кедергі пештерінің қуатын реттеу

         Электр кедергі пештерінің қуаты екі түрлі қағидалық жолмен реттеледі:

1) үздіксіз меңгеру;

2) сатылы меңгеру.

Бірінші тәсіл кез келген күштік күшейткіштер көмегімен іске асырылуы мүмкін (генератор, тиристорлық түзеткіш, электромагниттік күшейткіш). Практикада көп қолданылатыны - тиристорлық кернеу реттеу сұлбасы бойынша жинастырылған тиристорлық нәрлендіру көздері. Тиристорларлық нәрлендіру көздері параллель-тізбектеп қосылған импульстік-фазалық реттеу жүйесімен (ИФРЖ) жабдықталады (2.5 сурет).

2.5 Сурет - Тиристорлық қуат реттеу сұлбасы

Жүктемедегі кернеу нәрлендіру көзіне берілетін сыртқы кернеуге тәуелді  басқару бұрышымен анықталады. Шығыстағы кернеу бойынша теріс

кері байланыс  пештің жылулық режиміне сыртқы кернеудің әсерін азайту үшін қарастырылған. Пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК) 98%, қуат коэффициенті .

Сонымен қатар пеш қуатын кернеуді өзгерту арқылы реттеуді келесі амалдармен жүзеге асыруға болады:

– реттегіш трансформаторлар мен автотрансформаторларды қолдану;

– потенциал-реттегішті қолдану;

– қыздырғыш тізбегіне қосымша кедергіні дроссель және реостат түрінде қосу;

Реттеудің екінші жолында қуатты реттеу пештің күштік тізбегіне қосу ретін ауыстырып, қыздырғыштардың кернеуін сатылап өзгертеді.

Бұл әдіс пешті тоқ көзіне периодты қосып-ажырату (екі позициялық реттеу); пеш қыздырғыштарын жұлдыздық қосылу сұлбасынан үшбұрыштыққа ауыстыру немесе тізбектік сұлбадан параллелдікке ауыстыру арқылы іске асырылады (үш позициялық реттеу).

Көбінесе екі позициялық сатылық реттеу әдісі қолданылады. Бұл жолмен пеш бірде электр желісіне қалыпты қуатқа қосылады, бірде толық желіден ажыратылады (2.6 сурет).

Екі позициялы реттеу кезінде жұмыс кезіндегі температура термопарамен, кедергі термометрімен, фотоэлементтермен бақыланады. Пеш температурасы берілген мәнге жеткенде термореттегіш пешті ажыратады. Қыздырылатын дененің жылу жұтуы және оның қоршаған ортаға сейілуі нәтижесінде температура берілген мәннен  төмендегенде температура реттегіші пешті электр желісіне қосуға қайта бұйрық береді. Температураның