- •Электртехнологиялық үрдістер және қондырғылар Электртермиялық үрдістер және қондырғылар Оқу құралы
- •1. Электротермиялық үрдістер мен қондырғылар.
- •1 Электротермиялық үрдістер мен қондырғылар,
- •1.1 Электротермиялық қондырғылардың
- •1.2 Электротермиялық қондырғылардағы жылу берілу
- •1.3 Электротермиялық қондырғыларда
- •1.3.1 Отқа төзімді материалдар
- •1.3.2 Жылу оқшаулағыш материалдары
- •1.3.4 Қыздырғыш элементтер
- •1.3.3 Қызуға төзімді материалдар
- •2 Кедергімен қыздыру үрдістері және қондырғылары
- •2.1 Электр тоғының өткізгіш материалдарды қыздыру механизмі
- •2.2 Қыздырғыш электр кедергі пештері
- •2.3 Балқытуға арналған электр кедергі пештері
- •2.4 Сұйық ортада кедергімен қыздыру
- •2.5 Металдарды қыздыруға арналған сұйықтық электр кедергі пештері
- •2.6 Тікелей (контактылы) қыздыру қондырғылары
- •2.4 Сурет - Тікелей қыздыру қондырғысының сұлбасы
- •2.7 Электр кедергі пештерінің электр жабдықтары
- •2.8 Электр кедергі пештерінің қуатын реттеу
- •2.5 Сурет - Тиристорлық қуат реттеу сұлбасы
- •2.6 Сурет - Екі позициялық пеш қуатын реттеу графигі
- •2.9 Электр қождық қайта балқыту және пісіру қондырғылары
- •2.8 Сурет - Электр қождық қондырғының жабдықтары
- •2.10 Контактілік пісіру қондырғылары
- •2.10.1 Электр контактілік пісірудің физикалық
- •2.10.2 Нүктелік пісіру
- •2.10. 4 Контактілік пісіру құрылғыларының электр қондырғылары
- •3 Электр доғалық үрдістер және қондырғылар
- •3.1 Электр доғалық қыздыру
- •3.1.2 Доғаның вольтамперлік сипаттамалары және оны реттеу
- •3.1.3 Айнымалы ток доғасы
- •3.7 Сурет - Әр түрлі әдістердің болат балқытудағы үлесі
- •3.2. Доғалық болат балқыту пештері
- •3.9 Сурет - Болат балқыту пешінің қуат және кернеу графигі
- •3.12 Сурет - Электр доғалық пешінің қысқа желі қосылу сұлбалары
- •3.15 Сурет - Доғалық пештің электрлік және жұмыстық сипаттамалары
- •3.3 Рудатермиялық пештер
- •3.4 Плазмалық үрдістер және қондырғылар
- •3.5 Доғалық вакуумдық пештер
- •3.24 Сурет - Вакуумдық доғалық пештер а) бітеу кристаллизаторлы және б) құйманы суырып алмалы
- •3.6 Электр доғалық пісіру
- •Әдебиеттер тізімі
1.3 Электротермиялық қондырғыларда
қолданылатын материалдар
Электротермиялық қондырғыларда жоғары температурада жұмыс істейтін бірқатар арнайы материалдар қолданылады. Оларға жататындар:
-отқа төзімді материалдар - жұмыс кеңістігін ортадан оқшаулайды;
- жылу оқшаулағыш материалдар – сыртқа жылу жоғалымын шектейді;
- қызуға төзімді материалдар – жоғары температурада орналасатын көтергіш құрылымдар ретінде қолданылады;
- қыздырғыш элементтерін дайындайтын материалдар.
1.3.1 Отқа төзімді материалдар
Отқа төзімді материалдар 900 0С жоғары температурада жұмыс істейтін электр пештерінің жұмыс кеңістігін қалау үшін қолданылады.
Бұл материалдарға арнайы талаптар қойылады.
1. Отқа төзімділігі - материалдың жоғары температура әсерінен деформацияланбай және балқымай сақталу мүмкіншілігі. Отқа төзімділік дәрежесіне қарай олар үшке бөлінеді:
- отқа төзімді (1580-1770 0С );
- жоғары отқа төзімді (1770-2000 0С);
- өте жоғары отқа төзімді ( >2000 0С ).
2. Механикалық беріктігі. Отқа төзімді материалдар салынатын жүктеменің, тасымалдағыш құрылымдардың, ілінетін қыздырғыштардың салмағына жоғары температура кезінде төтеп бере алуы керек.
3. Термиялық тұрақтылығы - материалдың температура күрт өзгеруі кезінде (денелерді пешке жүктеу және одан шығару кезінде орын алады) бұзылмай шыдау мүмкіншілігі.
4. Химиялық нейтралдығы. Қыздырылатын денемен, қаланған материалмен, қыздырғышпен, газ ортасымен химиялық әсерге түспеуі керек.
5. Төмен электр өткізгіштігі. Электр пештерінде қыздырғыштар отқа төзімді материалдардан қаланатын қабырғаларға бекітіледі. Сондықтан олар жоғары температурада электр оқшаулағыш қасиеттерін сақтауы қажет.
6. Төмен жылу өткізгіштігі. Жылу жоғалысын және пеш қабырғасының қалыңдығын азайтуға мүмкіндік береді.
7. Бағасының арзандығы, оңай өңделулігі.
Бұл талаптарға кремнезем SiO2 (1700 0С), глинозем Al2O3 (2050 0С), магний тотығы MgO (2800 0С) негізінде дайындалатын отқа төзімді материалдар сай келеді (1.1 кесте).
1.3.2 Жылу оқшаулағыш материалдары
Жылу оқшаулағыш материалдар электротермиялық қондырғының қабырғаларынан жылу жоғалуын азайту үшін қолданылады.
Тағайындалуына байланысты жылу оқшаулағыш материалдарына келесі талаптар қойылады.
1. Аз жылу өткізгіштігі
2. Аз жылу сыйымдылығы
3. Жеткілікті отқа төзімділігі
4. Жеткілікті механикалық беріктігі
5. Арзандығы
Көп тараған жылу оқшаулағыштарға диатомит, қождық және минералдық мақталар, пеношыны т.б., асбест негізінде құрамдастырылған материалдар жатады (1.2 кесте).
1.1 кесте - Отқа төзімді материалдар
Материал |
Химиялық құрамы |
Тығыздығы, , кг/м3 |
Жылу өткізгіштік коэффициенті, , Вт/(м оС ) |
Отқа төзімділігі оС |
Макс. жұмыс температурасы tж, оС |
Қолданылуы |
Динас |
94-97% SiO2 |
1900 |
0,93+0,710-3tор |
1700 |
1650 |
Доғалық пештердің төбесі, аркасы, қабырғасы |
Магнезит |
95% MgO |
2600-2800 |
6,15+2,6710-3tор |
2000 |
1500-1600 |
Доғалық пештердің төбесі, аркасы, қабырғасы |
Хромомагнезит |
|
2800-2900 |
1,8 – 2,0 ( 0 ден 700 0С дейін) |
1920 |
1500 |
|
Шамот |
35-45% Al2O3 қалғаны SiO2 |
1800-1900 |
0,7+0,6410-3tор |
1730 |
1450 |
Электр кедергі пештері |
Шамот жеңіл салмақты |
1000-1300 |
0,5+0,16310-3tор |
1670 |
1300 |
Доғалық пештердің жылу оқшаулағышы |
|
Жоғары глиноземдік отқа төзімді ВГО-62 |
|
2300 |
1,4-2,5 (600 – 1000 оС) |
1830 |
4250 |
Электр кедергі пешінің отқа төзімді қалауы |
Жоғары глиноземдік жеңіл салмақты ВКЛДС-0,8 |
|
800 |
0,425-0,12510-3tор |
1700 |
1300 |
|
Корунд |
|
2600-2900 |
2,08+1,8510-3tор |
1900 |
1700 |
Жоғары температуралы пештердің бөлшектері |
1.2 к е с т е - Жылу оқшаулағыш материалдар
Материал |
Тығыздығы, кг/м3 |
Жылу өткізгіштік коэффициенті, Вт/(м 0С) |
Максималдық қолдану температурасы, 0С |
Диатомит ұнтағы |
600 – 400 |
0,1+2,4410-3 tор |
900 |
Диатомиттік кірпіш маркасы 500 |
500 |
0,131+0,31410-3 tор |
900 |
Диатомиттік кірпіш маркасы 700 |
700 |
0,159+0,31410-3 tор |
950 |
Пенодиатомиттік кірпіш |
400 |
0,078+0,31410-3 tор |
900 |
Қождық (минералдық) мақта маркасы 150 |
150 |
0,05+0,15110-3 tор |
750 |
Қождық мақта маркасы 250 |
250 |
0,059+0,12810-3 tор |
750 |
Зонолит |
150 |
0,072+0.25510-3 tор |
1000 |
Перлит (ұнтақ) |
300 – 400 |
0,45+0,16310-3 tор |
900 |
Шынылық мақта |
200 |
0,037+0,25610-3 tор |
600 |
Каолиндік талшық |
0,2 – 0,6 |
0,23 – 0,42 800-1200 0С |
1200 |
