- •Электртехнологиялық үрдістер және қондырғылар Электртермиялық үрдістер және қондырғылар Оқу құралы
- •1. Электротермиялық үрдістер мен қондырғылар.
- •1 Электротермиялық үрдістер мен қондырғылар,
- •1.1 Электротермиялық қондырғылардың
- •1.2 Электротермиялық қондырғылардағы жылу берілу
- •1.3 Электротермиялық қондырғыларда
- •1.3.1 Отқа төзімді материалдар
- •1.3.2 Жылу оқшаулағыш материалдары
- •1.3.4 Қыздырғыш элементтер
- •1.3.3 Қызуға төзімді материалдар
- •2 Кедергімен қыздыру үрдістері және қондырғылары
- •2.1 Электр тоғының өткізгіш материалдарды қыздыру механизмі
- •2.2 Қыздырғыш электр кедергі пештері
- •2.3 Балқытуға арналған электр кедергі пештері
- •2.4 Сұйық ортада кедергімен қыздыру
- •2.5 Металдарды қыздыруға арналған сұйықтық электр кедергі пештері
- •2.6 Тікелей (контактылы) қыздыру қондырғылары
- •2.4 Сурет - Тікелей қыздыру қондырғысының сұлбасы
- •2.7 Электр кедергі пештерінің электр жабдықтары
- •2.8 Электр кедергі пештерінің қуатын реттеу
- •2.5 Сурет - Тиристорлық қуат реттеу сұлбасы
- •2.6 Сурет - Екі позициялық пеш қуатын реттеу графигі
- •2.9 Электр қождық қайта балқыту және пісіру қондырғылары
- •2.8 Сурет - Электр қождық қондырғының жабдықтары
- •2.10 Контактілік пісіру қондырғылары
- •2.10.1 Электр контактілік пісірудің физикалық
- •2.10.2 Нүктелік пісіру
- •2.10. 4 Контактілік пісіру құрылғыларының электр қондырғылары
- •3 Электр доғалық үрдістер және қондырғылар
- •3.1 Электр доғалық қыздыру
- •3.1.2 Доғаның вольтамперлік сипаттамалары және оны реттеу
- •3.1.3 Айнымалы ток доғасы
- •3.7 Сурет - Әр түрлі әдістердің болат балқытудағы үлесі
- •3.2. Доғалық болат балқыту пештері
- •3.9 Сурет - Болат балқыту пешінің қуат және кернеу графигі
- •3.12 Сурет - Электр доғалық пешінің қысқа желі қосылу сұлбалары
- •3.15 Сурет - Доғалық пештің электрлік және жұмыстық сипаттамалары
- •3.3 Рудатермиялық пештер
- •3.4 Плазмалық үрдістер және қондырғылар
- •3.5 Доғалық вакуумдық пештер
- •3.24 Сурет - Вакуумдық доғалық пештер а) бітеу кристаллизаторлы және б) құйманы суырып алмалы
- •3.6 Электр доғалық пісіру
- •Әдебиеттер тізімі
3.9 Сурет - Болат балқыту пешінің қуат және кернеу графигі
Балқыту барысында қуат пен кернеу (40-100) % аралығында өзгереді. Сондықтан пеш трансформаторы икемді қуат реттеуді қамтамасыз етуі қажет. Бұл трансформатордың кернеу сатыларын ауыстырып қосу және доға ұзындығын өзгерту арқылы жүзеге асырылады.
Доғалық
болат балқыту пештері электр жүйесі
үшін қуатты және жағымсыз электр
тұтынушысы болып табылады. Оның қуат
коэффициенті
=0,7-0,8,
желіден тұтынатын қуаты балқыту барысында
өзгеріп отырады, режимі доғаның үзілуі
және технологиялық қысқа тұйықталуына
байланысты токтың жиі кенет өзгеруімен
сипатталады. Доға басқа тұтынушыларға
жағымсыз және электр желісінде қосымша
жоғалыстар туғызатын, жоғары жиілікті
гармоникалар шығарады. Қуат коэффициентін
жоғарылату үшін нәрлендіру подстанциясының
шиналарына конденсаторлық топтар
қосады. Жоғары жиілікті гармоникалармен
фильтрлерді пайдалану арқылы күреседі.
Пештер подстанциясын басқа тұтынушылармен
110, 220 кВ кернеумен байланысқан жеке
нәрлендіруге бөлу кеңінен қолданылады.
3.2.2 Болат балқыту пешінің электр жабдықтары және электрмен жабдықтау сұлбасы
Болат балқыту пешінің электр жабдықтарының және электр жабдықтау сұлбасының бірқатар ерекшеліктері бар. Электрдоғалық пештің ток тізбегіне кіретін негізгі электр жабдықтарына келесілер жатады (3.10 сурет):
1) Электр доғалық пеш, электродтары және ваннамен бірге;
2) Пешті трансформатормен қосатын шина және кабельдер жүйесі, қысқа желі. Қысқа желі деп трансформатордың екінші сыртқа шығарушы өткізгіші мен электродтарды қосатын ток өткізгішті атайды.
3) Пештік трансформатор;
4) Реактор, қысқа тұйықталу тогын шектейді және доғаның балқыту сатысында тұрақты жануына ықпал жасайды;
5) Коммутациялық аппаратура: бас жоғары вольтты ажыратқыш, айырғыш, реакторды тұйықтайтын ажыратқыш;
6) Өлшегіш және қорғағыш аппаратура (кернеу, ток трансформаторлары, аспаптар т.б.).
|
|
|
|
3.10 сурет - Электр доғалық пештің электр жабдықтары
1,6-ажыратқыштар; 2-жоғары вольтты шина; 3-айырғыш; 4-жоғары вольтты желі; 5-реактор; 7-пештік трансформатор; 8-қысқа желі; 9-электродтар; 10-пеш
Электр доғалық пештің 3.10 суретке сәйкес қағидалық электр сұлбасы 3.11 суретте келтірілген.
3.11 сурет - Доғалық электр қондырғысының қағидалық
электрлік сұлбасы
1- жоғары вольтты шина; 2-айырғыш; 3-ажыратқыш;
4- реактор; 5-пештік трансформатор; 6-өлшегіш (ток,
кернеу) трансформаторлар; 7-қысқа желі; 8-автоматтық
қуат реттегіш; 9- бақылау аспаптары
Қысқа желі ұзындығының аздығына қарамастан оның активтік, әсіресе индуктивтік кедергісі пештің жалпы кедергісінде елеулі орын алады. Олар пештің энергетикалық көрсеткіштеріне (қуаты, энергетикалық пайдалы әсер коэффициенті, қуат коэффициенті т.б.) едәуір ықпал етеді. Сондықтан қысқа желіні құрағанда оның активтік және индуктивтік кедергілерін азайтуға және фазалар бойынша тегістеуге, фазалардың өзара индукциясын төмендетуге тырысады. Қысқа желі фазаларының өзара индукциясының айырмашылығы болуы қуаттың бір фазадан басқаларға ауысуына әкеліп соғады. Бұдан кернеу симметриялы, ток және активтік кедергі тең болғанымен, фазалардың активтік қуаты әртүрлі болып шығады. Нәтижесінде бір фазаның қуаты жоғары (жабайы фаза), екіншісінікі төмен (өлі фаза) болады. Толық қуат сақталғанмен, қуат ауысуы пештің технико-экономикалық көрсеткіштеріне теріс ықпалын тигізеді. Себебі пеш ваннасы көлемінде бірқалыпты жылу бөлінуі бұзылады. Жабайы фаза маңында футеровка тозуы ұлғаяды, электрод шығыны өседі.
Аталған кемшіліктерді жою мақсатында әртүрлі қысқа желінің қосылу сұлбалары пайдаланылады (3.12 сурет):
1) трансформатор шығарыс шиналарындағы үшбұрыш (3.12 а сурет);
2) симметриялық емес үшбұрыш (3.12 б сурет);
3) электродтардағы үшбұрыш (3.12 в сурет).
а) б) в)
