Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қондырғылар - Дәрістер.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

2.10 Контактілік пісіру қондырғылары

2.10.1 Электр контактілік пісірудің физикалық

            негіздері және оның түрлері

Электр контактілік пісіру металл бөлшектерінен электр тогы өткенде оларды қыздыру, балқыту және қысу, соңынан пісіру аймағын пісірілетін бөлшектер денесінің жылу өткізгіштігі есебінен суыту нәтижесінде ажырамас біріктіру пайда болу үрдісі болып табылады.

Контактілік пісіру алынатын біріктіруі сенімді, автоматтандырылуы және механизацияландырылуы жоғарғы деңгейлі, өндіріс мәдениеті және үрдіс өнімділігі жоғары пісіру әдістеріне жатады.

Біріктіруді алу әдісі бойынша түйістіріп, нүктелік және тігістік контактілік пісіру болып бөлінеді (2.10 сурет).

Пісіру трансформаторынан ток пісіру бөлшектеріне (2) сумен салқындатылатын электродпен (1) өткізіледі. Пісіру орнында (3) джоульдік жылу бөліну және қысылу есебінен бөлшектердің пісірілуі жүреді.

Электродтардың арасында бөлінетін энергияның Q (Дж) жалпы мөлшері

                                            (3.1)

мұнда Rк – бөлшектер расындағы контактілік кедергі, Ом;

Rд – электродтан пісіру орнына дейінгі бөлшек кедергісі, Ом;

I – пісіру тогы, А;

τ – токтың өту уақыты, с.

Формуладан бөлшектердің контакт нүктесіндегі кедергісінің аздығынан пісіруге қажетті энергия бөлшектердің барлық массасын қажетсіз қыздыру және жылу шығынын азайту үшін қысқа уақыт аралығында (секунд бірліктерінде) контакт кедергісі арқылы өтетін токтың (жүздеген және мыңдаған ампер) үлкен мәндерінде алынуы керек екендігі көрінеді. Контактілік пісірудің ПӘК жоғарылату үшін пісіру тогының тізбегінің және пісіру электродтарының кедергілері неғұрлым аз болуы қажет. Сондықтан нәрлендіру көздерін кедергісі төмен материалдардан жасап, пісіру орындарына мүмкіндігінше жақын орналастырады. Пісіру машиналарының электродтарындағы кернеу 1-16 В шаманы құрайды.

Біріктірілетін метал бөлшектерінің қызуы олардың жанасу жазықтығында контакт орнында жүреді. Бұның себебі кедергі контакт орнында ең жоғары болады. Металл беті идеалды тегіс болмайтындықтан, электр тогы пісіру бөлшектерінің қысылуы кезінде жанасатын жеке нүктелері арқылы ғана өтеді. Жанасу нүктелерінің ауданы өте кіші болғандықтан, ток өтуіне үлкен кедергі пайда болады, бұл металдың қатты локалды қызуын тудырады. Пісіру орнында температураның жоғарылауынан оның кедергісі өседі, бұл жылу бөлінуін ұлғайтып, металдың балқу температурасына дейін қызуын тездетеді. Металл балқыған немесе пластикалық күйге дейін қызған кезде, бөлшектердің сығылуы нәтижесінде олардың пісірілуі болады. Пісіру нүктесінде металдың қатуы ток ажыратылғаннан кейін пісіру бөлшектерінің жылу өткізгіштігі арқылы жүреді.

(3.1) формуласынан контактілік пісіру кезінде қыздырылу токтың өту уақытына тәуелді екені көрінеді. Жоғары күшті токтарды қолданып бөлшектерді тез немесе төмен токтарды пайдаланып баяу және біртіндеп қыздыруға болды. Қыздырудың минималды уақыт ішінде жоғары күшті токтарды қолданып пісіру режимін «қатаң» деп атау қабылданған. Олар қыздыруға сезімтал легирленген болатты және оңай балқитын түсті металдарды пісіруде қолданылады. Мысалы, алюминий және оның қорытпалары келесі көрсеткіштерде пісіріледі: ток тығыздығы j=160-400 А/мм2; қысымы p=0,4-1,2 ГПа; пісіру уақыты tпіс=0,1-1,0 с.

Токтың ұзақ өту және біртіндеп қыздыру режимі «жұмсақ» деп аталынады. Олар қыздыруға сезімталдығы азырақ қарапайым көміртегілік болатты пісіруде қолданылады және келесі көрсеткіштермен сипатталады: j=80-160 А/мм2; p=0,15-0,4 ГПа; tпіс =0,5-3 с.

Контактілік пісіру қондырғылары екі негізгі бөлшектерден тұрады: электрлік және механикалық. Электрлік бөлігі арнайы құрылымды пісіру трансформаторынан, ток өткізгіш бөліктерінен және пісіру тогын ажыратып-қосу құрылғысынан тұрады. Қондырғының механикалық бөлігі пісіру бөлшектерін импульстық қысатын құрылғы болып табылады.

2.10.2 Түйістіріп пісіру

Түйістіріп пісіру – бұл бөлшектердің бірігуі барлық жанасу аудандары бойынша жүргізілетін контактілік пісіру әдісі. Арматура, құбырлар, рельстер т.б. осы сияқты бұйымдарды пісіріп біріктіруге қолданылады.

Түйістіріп пісірудің кедергімен және балқытумен жүргізілетін екі жолы бар.

Кедергімен пісіру кезінде пісіру бөлшектері (2) ток өткізгіштерде (1) бекітіледі және Fқыс күшімен қысылады (2.10 а сурет). Олар арқылы ток өткенде металдың балқу температурасына жақын (0,8-0,9 Тбал) температураға дейін бөлшектердің түйіндесу жерінде (3) қыздырылу болады. Одан кейін сығылу әрекетін жылдам ұлғайтады (бөлшектердің отыруы). Соның нәтижесінде қатты фазада пісірілу бірігуі пайда болады.

Балқытып пісіруді қыздырып және үзіліссіз балқытып пісіру деп бөледі.

Үзіліссіз балқытып пісіру кезінде бөлшектер пісіру трансформаторы қосылып тұрғанда жақындатылады және қысу жолымен түйістіріледі. Содан кейін қысу күшін азайту нәтижесінен контактілік кедергі ұлғайып, пісіру тогы төмендейді. Жанасу қысымын азайтқанда жазықтық бойынша бөлшектердің жанасуы бөлек нүктелердегі жанасуға көшеді. Бұл нүктелерде қыздыру әсері жоғарылап, бөлек шығып тұрған жерлері балқиды. Металдың бұл шығып тұрған жерлерінің жойылуынан кейін пісіру тогының жаңа өту жолдарын туғызатын келесі шығып тұрған жерлердің жанасуы басталады.

Пісіру бөлшектерінің ұштарының балқуы олардың арасында сұйық металдық қабатша пайда болғанша жүреді. Осыдан кейін аздаған күш салысы арқылы балқыған түйіндесудің жаппай метал біріктіруі туындайды.

Балқыған металдың артығы пісірілген бөлшектер арасындағы саңылаудан сығылып шығарылады («грат» деп аталады).

Қыздырып балқытып пісіру кезінде бөлшектердің алдын-ала ұштарын қысқа уақытқа тұйықтап қыздырып, содан кейін балқытады.

Бөлшектердің түйіндесуін балқытып пісірудің балқытпай пісірумен салыстырғанда келесі артықшылықтары бар: көп механикалық өңдеуді қажет етпейтін берік тігіс береді; пісіру қондырғысының қуатының аздығы; электр энергиясының төмендетілген меншікті шығыны; түрлі-түсті металдарды пісіру мүмкіндігі.

Кемшіліктеріне пісіру бөлшектерінің түйісуінде «граттың» болуын және аздаған металл шығынын жатқызуға болады.

Түйістіріп пісіруге арналған машиналарды пісіру әдісі (түйіндесудің балқытылуы арқылы және балқытылуынсыз), тағайындалуы (универсалды және арнайы) және қондыру әдісі (стационар және жылжымалы) бойынша бөлуге болады.

Сонымен қатар машиналарды қуаты, қыстыру құрылғысының типі және беру механизмі бойынша ажыратады.

Жалпы тағайынды машиналар үш топқа бөлінеді: кедергімен пісіруге арналған автоматты емес аз қуатты, кедергімен және балқытумен пісіруге арналған орташа қуатты және балқытып (қыздырып балқытып) пісіруге арналған автоматтандырылған орташа және көп қуатты.

Универсалды машиналар аздаған және жекеленген өндірісте әртүрлі бөлшектерді пісіруде, ал арнайы машиналар үлкен және салмақты өндіріс жағдайында біртекті бөлшектерді пісіруде қолданылады.