- •Электртехнологиялық үрдістер және қондырғылар Электртермиялық үрдістер және қондырғылар Оқу құралы
- •1. Электротермиялық үрдістер мен қондырғылар.
- •1 Электротермиялық үрдістер мен қондырғылар,
- •1.1 Электротермиялық қондырғылардың
- •1.2 Электротермиялық қондырғылардағы жылу берілу
- •1.3 Электротермиялық қондырғыларда
- •1.3.1 Отқа төзімді материалдар
- •1.3.2 Жылу оқшаулағыш материалдары
- •1.3.4 Қыздырғыш элементтер
- •1.3.3 Қызуға төзімді материалдар
- •2 Кедергімен қыздыру үрдістері және қондырғылары
- •2.1 Электр тоғының өткізгіш материалдарды қыздыру механизмі
- •2.2 Қыздырғыш электр кедергі пештері
- •2.3 Балқытуға арналған электр кедергі пештері
- •2.4 Сұйық ортада кедергімен қыздыру
- •2.5 Металдарды қыздыруға арналған сұйықтық электр кедергі пештері
- •2.6 Тікелей (контактылы) қыздыру қондырғылары
- •2.4 Сурет - Тікелей қыздыру қондырғысының сұлбасы
- •2.7 Электр кедергі пештерінің электр жабдықтары
- •2.8 Электр кедергі пештерінің қуатын реттеу
- •2.5 Сурет - Тиристорлық қуат реттеу сұлбасы
- •2.6 Сурет - Екі позициялық пеш қуатын реттеу графигі
- •2.9 Электр қождық қайта балқыту және пісіру қондырғылары
- •2.8 Сурет - Электр қождық қондырғының жабдықтары
- •2.10 Контактілік пісіру қондырғылары
- •2.10.1 Электр контактілік пісірудің физикалық
- •2.10.2 Нүктелік пісіру
- •2.10. 4 Контактілік пісіру құрылғыларының электр қондырғылары
- •3 Электр доғалық үрдістер және қондырғылар
- •3.1 Электр доғалық қыздыру
- •3.1.2 Доғаның вольтамперлік сипаттамалары және оны реттеу
- •3.1.3 Айнымалы ток доғасы
- •3.7 Сурет - Әр түрлі әдістердің болат балқытудағы үлесі
- •3.2. Доғалық болат балқыту пештері
- •3.9 Сурет - Болат балқыту пешінің қуат және кернеу графигі
- •3.12 Сурет - Электр доғалық пешінің қысқа желі қосылу сұлбалары
- •3.15 Сурет - Доғалық пештің электрлік және жұмыстық сипаттамалары
- •3.3 Рудатермиялық пештер
- •3.4 Плазмалық үрдістер және қондырғылар
- •3.5 Доғалық вакуумдық пештер
- •3.24 Сурет - Вакуумдық доғалық пештер а) бітеу кристаллизаторлы және б) құйманы суырып алмалы
- •3.6 Электр доғалық пісіру
- •Әдебиеттер тізімі
1.3.3 Қызуға төзімді материалдар
Электротермиялық қондырғылардың ішкі құрылысында әртүрлі бөлшектер ретінде (қабырғалар мен күмбез, қыздырғыштар тіреуіштері, түптік тақталар, қорғағыш экрандар, тасымалдау жабдықтары, ыдыстар т. б.) жоғары температураға төзімді материалдар қолданылады.
Бұл материалдарға келесі талаптар қойылады:
1. Жеткілікті қызуға тұрақтылығы – жоғары температурада қоршаған ортаның (ауа, газ, бу) әсерінен химиялық бұзылуға төтеп беру мүмкіншілігі.
2. Жеткілікті қызуға төзімділігі - жоғары температурада механикалық беріктігін сақтау қасиеті.
3. Қанағаттанарлық физикалық қасиеттері (жылу өткізгіштігі, жылу сыйымдылығы, ұзындығының ұлғаю дәрежесі т.б.).
4. Қасиеттерінің жоғары температурада жеткілікті ұзақ уақыт ішінде сақталуы.
5. Технологиялығы – оңай өңделулігі.
6. Арзандығы және тапшылықсыздығы.
Қызуға төзімді материалдар ретінде темір негізіндегі арнайы қоспалы әртүрлі қорытпалар қолданылады.
Болатқа хром қосу (20-30%) оның қызуға тұрақтылығын және жұмыс температурасын арттырады. Бұл материалдар салмақ түспейтін немесе салмақ аз түсетін бөлшектер мен құрылымдар (қорғаныс экрандары, муфельдер т.б.) дайындауға пайдаланылады.
Қорытпадағы никель үлесін көбейту оның өңделулігін және механикалық беріктігін арттырады. Сондықтан механикалық жүктелген құрылымдарды (конвейерлер бөлшектері, итергіш пештерінің бағыттағыштары т.б.) жасау үшін қолданылады.
Қызуға төзімді болаттар қымбат болғандықтан, оларды мүмкіндікке қарай хромдық және хромникельдік шойынға айырбастайды.
1.3.4 Қыздырғыш элементтер
Қыздырғыш элементтер қызуға төзімді материалдар сияқты жоғары температуралық аймақтарда жұмыс істейді. Олардың жоғарыда аталғандармен қатар электрлік қасиеттеріне ерекше талаптар қойылады.
1. Жоғары меншікті электрлік кедергісі - жеткілікті жылу бөлінуін қамтамасыз ету үшін.
2. Электр кедергісінің температуралық коэффициентінің төмендігі, кедергісінің, соған байланысты қуатының, температураға (қызу, суу) байланысты өзгермеуі.
3. Электрлік кедергісінің тұрақтылығы, пайдалану уақытында өзгермеуі («ескірмеуі»).
4. Өлшемдерінің тұрақтылығы, пайдалану уақытында ұзындығының өспеуі, құрылымдық және қауіпсіздік жағынан ыңғайсыздық тудырмау үшін.
5. Технологиялығы (өңделуге оңайлығы)
6. Арзандығы және тапшылықсыздығы.
1200 0С температураға дейінгі қыздырғыш элементтер жасау үшін кең тараған материалдар: нихромдар, фехральдар, хромникельдік қыздыруға төзімді болаттар (1.3 кесте).
1200-1500 0С- дан жоғары температурада метал емес материалдардан (карборунд, молибденннің дисилициді) немесе баяу балқитын металдардан (вольфрам, молибден, тантал) жасалған қыздырғыштар қолданылады. Графиттік қыздырғыштар 3000 0С дейін температурада жұмыс істей алады.
1.3 кесте - Қыздырғыш материалдар
Материалдар |
, кг/м3 |
, 20 0С, 10-6 Омм |
, 1/ оС 103 |
tбалқ, 0С |
tмах, 0С |
|
Қорытпалар |
||||||
Нихромдар |
Х20Н80-Н |
8400 |
1,10 |
0,035 |
1400 |
1100 |
Х20Н80-Т3 |
8200 |
1,27 |
0,02 |
1400 |
1100 |
|
Х15Н60-Н |
7900 |
1,10 |
0,10 |
1390 |
1000 |
|
Темірхромникелдік қорытпалар |
Х52Н20С2 |
7840 |
0,92 |
0,38 |
1420 |
900 |
Х23Н18 |
7800 |
0,90 |
0,40 |
1420 |
900 |
|
Алюминийлік нихромдар
|
ХН70Ю |
7900 |
1,34 |
- |
1400 |
1200 |
Х15Н60Ю3 |
7900 |
1,21 |
- |
1390 |
1200 |
|
Темірхромалюминийлік қорытпалар |
ОХ27Ю5А |
7200 |
1,42 |
0,02 |
1525 |
1300 |
ОХ23Ю5А |
7270 |
1,35 |
0,05 |
1525 |
1200 |
|
Х13Ю4 |
7300 |
1,26 |
0,15 |
1450 |
800 |
|
Таза баяу балқитын металдар |
||||||
Молибден Тантал Вольфрам Ниобий |
|
10200 16600 19340 8500 |
0,05 0,15 0,05 0,17 |
5,10 4,00 4,30 4,00 |
2525 3000 3400 2470 |
1700/2200 2500/2800 2500/2800 1700/2200 |
Металл емес материалдар |
||||||
Карборунд Графит Көмір Молибден дисилициды |
|
2300 1600 1600 5600 |
800 - 1900 8 – 13 40 – 60 0,2 – 0,4 |
айнымал. айнымал. айнымал. 4,8 |
- - - - |
1500 2300/2800 2300/2800 1700 |
