Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shalgymbekova_MVR_2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
507 Кб
Скачать
☆

Жеке тұлғаны зерттеу схемасы

Мектептен тыс байланыстар және сабақтар

оқушы

Тұрмыстық

Жалпы дерек

Денсаулығы

Тұлғаның бағыты

Идейно-саяси бағыттылық

Қызығушылықтары

Еңбекке баулуға көзқарас

Сынып ұжымымен қ-қ-с

Өз-өзіне деген

қ-қ-с

Күш-жігерлік және эмоционалдық қасиеттері

Танымдық мүмкіндіктері мен қабілеттіктерінің деңгейі

Ұжымды зерттеу схемасы

Қ останай Мемлекеттік Педагогикалық Институты

Әдістемелік папка

Орындаған: Хасенова Асем

тарих мамандығы, 3 курс студенті

Тексерген: Шалғымбекова Ә.Б.

Қостанай қаласы

Сыныптан тыс тәрбие жұмысы – тұлғанның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады.

Сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді.

Оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан-жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.

Сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дар қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде уақытқа қатысты қатаң шектеу болмайды.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысының нәтижесіне күнделікті бақылау мүмкіндігінің болмауы

Сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта ұйымдастырылады.

Сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адазат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады

.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысы

1. Балада өзіне қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және ондағы өзін-өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету. Бұл баланың одан әрі дара дамуының негізі болады. Себебі тәжірибе көрсеткендей «қиын балада» өзі туралы жағымсыз көзқарас қалыптасқан. Тәрбие жұмысы барысында мұғалімдер оны не күшейтеді, болмаса өзіне деген жағымды әсерді өзгертеді. Соған орай дұрыс ұйымдастырылған сабақтан тыс тәрбие жұмысы оқу процесіндегі шектеуді жоюға мүмкіндік береді және баланың өзі жөнінде жағымды көзқарастың қалыптасуына, өзінің күш-қайратына сенімнің орнауына жағдай туғызады.

2. Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысын қалыптастыру. Егерде балада өзіне қатысты жағымды көзқарас бар жағдайда жолдастарымен тіл табысу, олардың пікірін тыңдау, өзара міндеттерін бөлісу, басқа адамдардың мүддесін ескеру, көмектесу біліктілігі қалыптасқан жағдайда, онда толығымен ұжымдық өзара жағымды әрекеттесу дағдысы қалыптасады.

3. Балада әртүрлі көркемөнер әрекеттерінің түрімен тікелей танысу арқылы ондағы қажеттілікті қалыптастыру. Оған қызығушылықты баланың дара ерекшеліктерін және қажетті біліктілік пен дағды дәрежесін ескеру негізінде қалыптастыру. Басқа сөзбен айтқанда, сабақтан тыс жұмыста бала өзіне пайдалы әрекетпен шұғылдануы тиіс және оны өздік тұрғыдан ұйымдастыра алуы қажет.

4. Баланың дүниетанымының компоненттері: адамгершілік, эмоционалдық, ерік-жігерін қалыптастыру. Сабақтан тыс жұмыстарында бал адмгершілік түсінік арқылы қоғамдық мораль және мінез-құлық нормаларын меңгереді. Эмоциялық сала шығармашылық әрекетте эстетикалық көзқарас арқылы қалыптасады.

5. Баланың таным қызығушылығын дамыту. Мұндай міндетте сабақтан тыс жұмыс сабақта және сабақтан тыс әрекеттің сабақтастығын қамтамасыз етеді. Өйткені сабақтан тыс жұмыстағы сабақтағы тәрбиемен байланысты, мұндай көзқараста ол оқу процесінің нәтижесін арттыруға бағытталған. Баланың таным қызығушылығын дамыту, бір жағдайда, ол оқыту процесіне жұмыс істесе, екінші жағдайда, балаға тәрбиелік ықпалын күшейтеді.

Сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұны баланың сезіміне, әсерленуіне наөар аударуды міндеттейді.

Баланың практикалық әрекетін ұйымдастыру.

Жаңа мағлұматтарды іздеу, сабақтан тыс әртүрлі тәрбие жұмыстарын атқаруда өздігінен жұмыс істеу біліктілігн машықтандыру.

Коммуникативтік білітілік пен дағдысын тәрбиелеу

Этикалық нормаларын сақтай білуге дағдыландыру.

Диспут – оқушыларда қоғам және адамдар өміріндегі оқиғалар мен күнделікті тыныс тіршілік жайлы ойлардың көзқарастары мен сенімдерін, жоғары адамгершілік қасиеттері мен жағымды мінез-құлық, нормаларын қалыптастырудың оңтайлы құралы.

Диспут барысында:

  • Оқушылар қоғамдағы құбылыстар мен оқиғаларды;

  • Олардың себептерін терең анықтау;

  • Жолдастарының және айналасындағы адамдардың әрекеттерін терең сезініп, ұғынуға үйренеді.

Диспуттың мақсаты – оқушыларды ұжым болып пікір таластыруға, алмасуға, өз ойларын нақтылы жеткізе білуге, ең негізгісі - өз беттерінше ойлай білуге үйрету.

Диспуттың табысты өтуінің негізгі шарты:

  • Алдын ала жоспар құру;

  • Оның тақырыбын айқындау, күнін белгілеу;

  • Негізгі сұрақтарын ойластырып, топқа/жекелеген оқушыларға тапсырма беру;

  • Диспут өткізу жайлы хабарландыру ілу;

  • Оған қажетті әдебиеттерді іріктеу;

  • Көрме ұйымдастыру;

  • Көрнекті ақын-жазушылардың т.б. тақырыпқа сай нақыл сөздерді ілу;

  • Сауалнамалық сұрақтар тарату;

  • Оның қорытындысын талдау.

Диспут өткізу барысында баяндама жасалмайды. Диспут мәдениетті түрде, қатысушылардың бір-бірінің көңілін қалдырмай, дөрекі жауап бермей, әркімнің өз пікірін сыйлау, құрметтеу жағдайында өткізіледі.

Жүргізуші кіріспе сөз сөйлеп, оның мақсатын түсіндіреді, одан әрі қарай пікір алмасу басталады. Диспут кезінде сөйлеген адамдарға сұрақ қойға болады. Сұрақтар талданып болғаннан кейін жүргізуші, сынып жетекшісі, қатысқан мұғалімдер тарапынан қорытынды жасалып, дұрыс және теріс пікір қайшылықтарын көрсетеді. Сонымен тілек айтылып, белгілі бір әрекеттерді атқаруға шешім қабылданады.

Диспут өткізу кезінде ескерілетін негізгі мәселе, ол – дәлелді ой-пікірдің айтылуы, нақтылы деректермен тұжырымдалу. Оқушылардың белсене қатысуы, адалдықпен сөйлеуі.

1. Адамды сыйлау ережесі – дискуссияның негізгі ережесі. Кісіге деген қарым-қатынас міндетті түрде сыйпайы болуы керек. Оны ешбір сөзбен немесе қылықпен ренжітіп алмау керек.

2. Көңіл қойып тыңдау ережесі – есту және тыңдау – екі түрлі сезім мен қасиет. Сөйлеп жатқан кісіні түсіну үшін тыңдай ала білу керек. Дискуссия бұл жөніндегі жалғыз заңы – бір адам сөйлейді, бірақ сөйлеп жатқан кісінің сөзін бөлуге болмайды.

3. Еркін микрофон ережесі - әр адам өз пікірін білдіре алады, бірақ алдындағы сөйлеуші сөзін аяқтағаннан кейін немесе уақыт өтіп кеткен соң.

4. Сөйлеу үшін екі минут ережесі – 2 минут ішінде айтатынын негізін ғана айтуға үлгіру керек.

5. Қисын және аргументтілік ережесі - ең жақсы сөз – жинақталған, жүйелі және аргументті сөз. Ең мықты аргумент – факт және қисын.

6. Ашық, әділ өзін ұстау ережесі – дискуссияға қатысушылар өздерін ашық, еркін ұстауға тырысады, фактілер мен басқа адамдардың сөздері мен ойларын бұрмалай дұрыс, түсінікті етіп сөйлеу керек. Егер қатысушы өз ойына өзі сенімді болмаса, ол бұны мойындауы қажет.

7. Қол көтеру ережесі – егер маңызды бірдеңе айтқың кеп тұрса, қолыңды көтер – сені тыңдайды. Егер бірнеше қол көтерілсе, жүргізуші өзі кезекпен сұрайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]