Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shalgymbekova_MVR_2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
507 Кб
Скачать
☆
  1. Ойынды жүргізу әдістері.

Ойынды таңдамас бұрын, ең алдымен оның неге бағытталғанын білу қажет: сынып, жыл мезгілі, тәрбиелік тапсырмалар және т.б.

Қозғалыс рйындары. Ойынға дайындық:

  • Балалардың физикалық және ақыл сатысының дамуымен, тәрбиелік жұмыстарға сәйкес ойындар таңдау.

  • Ойын алаңын тексеріп, травмалық сәтсіздіктерге себеп болатындары алып тастау.

  • Керекті инвертарды дайындау.

  • Ойынды өткізуге және қорытынды жасауға керекті уақытты есептеу .

  • Қорытынды баға түрін анықтау.

Ойыншыларды ұйымдастыру:

  • Ойындардың мазмұны және міндеттерін түсіндіріп, ойынды қолданатын белгілерді үсіндіру.

  • Көмекшілерді анықтау, жинақтау пунктін көрсету. Аумақтық шектерін нақты қоршау.

  • Жүргізуші және капитандарды тағайындауға болады, бірақта олардың балалардың өздері таңдағаны бұрыс.

  • Жүргізуші командаға бөле алады.

  • Кезең бойынша міндеттер мен талаптарды еске түсіріп отыру.

  1. Ойынды басқару.

    • Жетекші балаларға алдын ала міндеттерді ескертеді, ойынды мұқият қадағалау барысында, қателіктерді шығарады.

    • Команданың қиналу сәтінде жетекші көмектесе алады.

    • Эмоционалдық және физикалық ауыртпалықтарды талдау.

Қортындыларды анықтау және ойынды талдау:

  • Алдын ала ойыншылардың саны олардың жинаған балдары, уақыттың регламенті анықталады.

  • Ойындар жеке және командалық сайыстар бойынша қортындылар бағаланады.

  • Блокнот және қалам бөлу.

  • Ойыншыларға көмекшілер тарату.

  • Ойын қортындысы жарияланғаннан кейін ойынға талдау жүргізу, үздік ойыншыларды белгілеу, ең басты қателіктерін көрсету.

Дамытушы ойындар.

Балаларды дамыту мүмкіндіктерінің бес шарты:

  1. Ерте бастау.

  2. Даму орталықтарын ашу.

  3. Олардың таңдау еркіндіктерін қамтамасыз ету.

  4. Максималды күш жұмсау ұйымы.

  5. Үлкендердің көмегі.

  1. Ойын ережелері.

Интеллектуалдық ұстанымға балалардың қызығушылығын дамыта және шақыра білу:

  • Алғашқы табыс шарты – күлкі, қуаныш, мақтау.

  • Сабақта ойындарды жалықтыру дәрежесіне дейін өткізбеу.

  • Ойын кезнде өкпелі ескертулерді айтпау.

  • Балаға ашық түрде көмек көрсетпеу, ол үшін тапсырманы орындамау, өз қатесін таба білуге үйрету.

  • Баланы ойнауға мәжбүрлемеу.

  • Даму ойындарын қарапайым ойынға айналдырмау.

  • Ең жеңіл ойыннан бастау.

  • Балалардың белсенділігін бөгемей, қиналмайтын жағдай туғызу.

  • Балалардың даму кезеңімен есептесу.

  • Үлкендермен сайыстар құрастырып, өздеріңізде қатысыңыз.

Ата-аналар жиналысын өткізу бойынша нұсқаулар

  • Ата-аналар жиналысында балаларының оқудағы сәтсіздіктері мен қателері емес, жлпы көрінісі бейнелеу керек.

  • Жиналыс тақырыбы оқушылардың жас ерекшелгін ескеруі қажет.

  • Жиналыс теоретикалық, сонымен бірге практикалық сипатта өтуі керек: жағдайды талдау, тренингтер, пікір-таластар, т.б.

  • Жиналыста оқушы тұлғасын сынап, оны кемсітуге болмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]