- •Әдістемелік папканың мазмұны
- •С ынып жетекшісінің циклограммасы
- •Ұ стаздық еткен
- •Сынып жетекшісінің жұмысының негізгі мақсаты:
- •Сынып жетекшісінің жұмысының негізгі міндеті:
- •Сынып жетекшісінің профессиограммасы
- •С ынып жетекшінің негізгі міндеттері
- •Әдістемелік папка
- •Жеке тұлғаны зерттеу схемасы
- •Ұжымды зерттеу схемасы
- •Дискуссия
- •Тәрбие сағатының қызметі
- •Әшекейлеу
- •Жанрлар
- •Басылым
- •Сынып құрамы.
- •Сынып жинақтылығы.
- •Сынып ұйымшылдығы.
- •Сыныптағы қоғамдық пікір.
- •Ұжымдық жолдастық қатынастрадың сипаты.
- •Сынып белсенділері.
- •Сынып ұжымының қоғаммен байланысы.
- •Сыныптың жинақтылығын іс-шаралар арқылы дамыту.
- •Сыныптан тыс өткізілетін сынақ шараларына талдау жасаудың жобасы
- •Сабақты жазып алу мен байқаудың түрі
- •Конференцияның табысты өтудің бірден-бір шарттары
- •Конференция өткізу қарсаңында
- •Ойынды жүргізу әдістері.
- •Ойынды басқару.
- •Ойын ережелері.
- •Сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмыс істеуі мына бағытта болады
- •Сынып жетекшісінің бала тәрбиелеуде ата-аналармен ынтымақтастығындағы мақсаттары
- •Сынып жетекшісінің бала тәрбиелеуде ата-аналармен ынтымақтастығындағы міндеттері
Дискуссия
Дискуссия – мәселені шешуге бағытталған ақиқатты іздеу жолдарының бірі.
Оқушыларда қоғам және адамдар өміріндегі оқиғалар мен күнделікті тыныс-тіршілік жайлы олардың көзқарасы мен сенімдерін, жрғары адамгершілік қасиеттері мен жағымды мінез-құлық нормаларын қалыптастырудың оңтайлы құралы. Дискуссия барысында оқушылар қоғамдағы құбылыстар мен оқиғаларды, олардың себептерін терең анықтау, жолдастарының және айналасындағы адамдардың әрекеттерін терең сезініп, ұғынуға үйренеді.
Дискуссияның негізгі мақсаты – оқушыларды ұжым болып пікір таластыруға, алмасуға, өз ойларын нақтылы жеткізе білуге, ең негізгісі өз беттерінше ойлай білуге үйрету.
Дискуссияның табысты өтуінің шарты алдын ала дайындық жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылуына үлкен мән беріліп,оған жауапкершілікпен қарау. Ол үшін алдын ала жоспар құрылып, оның тақырыбы айқындалады және өткізілетін күні белгіленеді. Сонымен қатар жекеленген оқушыларға тапсырмалар беріледі. Олар онымен қажетті әдебиеттерді іріктеп алады да, оларды оқйшыларға оқуға ұсынады және көрме ұйымдастырады. Көрнекті ақын жазушылар, мемлекет және өнер қайраткерлерінің еңбектерінен тақырыпқа сай нақыл сөздерді жазып іледі. Кейбір жағдайда сауалнамалық сұрақтар таратылып, оның қорытындысын талдап, дискуссия барысында оларды пайдаланады.
Дискуссияны өткізу кезінде ескерілетін негізгі мәселе, ол – дәлелді ой-пікірдің айтылуы, нақтылы деректермен тұжырымдалу. Оқушылардың белсене қатысуы, адалдықпен сөйлеуі.
Мектептегі әрбір мұғалімге оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы сыныптық сабақ екендігі түсінікті. Сол секілді орта мектептегі оқушылармен ұйымдастыратын тәрбие жұмысының негізгі формасы – сынып немесе тәрбие сағаты деп аталады. Соның негізінде оқйшфылар мұғалімдердің басшылығы арқасында өздерін қоршаған өмірге жүйелі қатынасын қалыптастыратын арнаулы ұйымдастырылған тәрбиелік әрекеттерге қатысады.
Тәрбие
сағаты –
оқушылардың адамгершілік қасиетін
қалыптастыруда, өнер саласындағы
талғам-тілектерін тәрбиелеуде, адамдар
өмірінде кехдесетін жағымды-жағымсыз
мінез-құлық нормаларына, олардағы дұрыс
көзқарасты қалыптастыруға, елжандылық
сезімдерін шындауда, сабақтан тыс кезде
өткізілетін тәрбие жұмысын ұйымдастырудың
негізгі бір формасы болып саналады.
Тәрбие сағатының қызметі
Ағартушылық қызметі – оқушылардың оқу бағдарламасында қамтылған білімдерінің көлемін кеңейтеді. Яғни, онда қарастыратын нысана өмірдің барлық құбылысын қамтиды.
Болжамдылық қызметі – оқушыларда ақиқат өмірге белгілі бір қарым-қатынасты қалыптастыру, оларда белгілі бір заттық және рухани құндылықтарды жасау болады. Егерде сынып сағатының ағартушылық қызметі айнала қоршаған өмірмен танысуға мүмкіндік берсе, ал болжамдылық оны бағалауға көмектеседі. Бұл оның негізіг қызметі. Дегенмен де ол сынып сағатының ағартушылық қызметімен өзара байланыста болады.
Бағыттаушылық қызметі – оқушылардың өмірін шынайы практикалық әрекетке бағыттауға көмектеседі. Егерде сынып сағатын өткізу барысында онда елгілі бір нақты бағытың болмауы, онда онда оның ықпал ету әсері төмендейді, білім сенімге айналмайды, соның нәтижесінде тұлғаның мінез-құлқында келеңсіз сапарлардың пайда болуына жағжай туады.
Қалыптастырушылық қызметі – жоғарыда аталған үш қызметтің орындалуымен байланысты және оқушыларда ойланып істеу және өздерін, сонымен бірге өздерінің өмірін бағалауды дағдыға айналдыруды қалыптастыруды, топпен диалог құра білу біліктілігін тәрбиелеу, өзнің пікірін қорғай білуді көздейді.
Бірінші түрі. Тәрбие сағатын өткізуде кең көлемде білімнің, мағлұматтың, өмірлік және педагогикалық тәжірибенің болуы талап етіледі. Мұндай жағдайда балалар әңгіме барысында тек кейбір сұрақтарды талқылауға, деректерді мен мысалдарды келтіруге тартылады. Мысалы, «Өзін-өзі тәрбиелеу туралы», «Өздігінен білім алу дегеніміз не?», «есте сақтау қабілетін қалай дамытуға болады?», «Көркемөнер тағлымы және сән» т.б. тәрбие сағаттарының тақырыптарын талқылауда ұстаздары, мамандарды, психологтарды, лекторларда шақырған жөн. Мұндай жағдайда сынып жетекшісінің мндеті – оқушылар алдында олардың шығып сөйлеуіне көмектесу, жағдай туғызу.
Екінші түрі. Мұғалімдер мен оқушылардың өзара бірлікте атқаратын әрекетімен сипатталады. Ондағы негізгі ойды анықтау негізінен мұғалімге жүктелсе, онығ жолдарын амал-тәсілдерін құру әрі жүзеге асыру мұғалімнің оқушылармен бірлесіп атқаруымен сипатталады. Оқушылар мұғалімнің басшылығымен тәрбие сағатының жоспарын және мазмұнын құрайды, мұғалім оқушыларды талқыланып отырған сұраққа шақырып, олардың сөздерін үйлестіріп, бағытын қадағалап, оның барысын өзі жүргізеді. Онда қаралатын мәселе тақырыбына: «Адамның сырт көрініс мәдениеті», «Адамның сырт көрінісі және ішкі мәдениетінің әдемілігіне тәрбиелеу», «Адам өміріндегі жолдастық, достықтың маңызы »т.с.с.
Үшінші түрі. Оқушылардың өзіндік дербес белсенді жұмысымен сипатталады. Яғни, тәрбие сағатын дайындау, өткізу барысы оқушылардың өздеріне немесе белгілі бір нақты топқа тапсырылады. Сынып жетекшісі оқушылармен бірігіп оның негізі ойын, бағытын және жоспарын құруда оларға көмектеседі. Тәрбие сағатын өткізу оқушылардың өздеріне жүктеледі.
Тәрбие сағатында ең көп қолданылатын тақырып – адагершілік тәрбиесі. Соған орай этикалық әңгімені ұйымдастыру: жолдастық және достық, әділеттілік және әділетсіздік, қарапайымдылық және озбырлық, жомарттылық және қатыгездік, біреуге шын жүректен жақсылық жасау қасиеттеріне қатысты мселелер қаралады. Осы мәселелерге қатысты өткізілген әңгімеде оқушыларға жалпы адамдық мораль ұстанымдарын жақсы ұғынуға, өмір тәжірибесін дұрыс та, нәтижелі қорытуға көмектеседі.
Әңгіменің негізгі бағыттары мыналар:
өз Отанына адал берілгендігі
өзі өмір сріп отырған қоғамның идеологиясына шынайы сенімділігі
шыншылдығы
қайрымдылығы, қарапайымдылығы, адалдығы
саналы тәртіп пен мінез-құлық мәдениетіне жауапкершілігі
жолдастық, достық қарым-қатынасқа адалдығы
немқұрайлыққа және жамандыққа төзбеушілігі
еңбекке, еңбек ададарына және халық мүлкіне ізгілікті қарым-қатынасы
Әңгіме өткізілгеннен кейін оқушыларға оның қаншалықты әсер еткендігі, олардың күнделікті өмірде: оқуда, жолдастарымен қарым-қатынастағы оның нәтижесінің сапасын бақылап, талдау жасап, соған қатысты келешекте тағы да басқадай нендей шаралар ұйымдастырылуы қажеттігіне көңіл бөлу керек.
Саяси хабарлама – саяси білім аса маңызды және кең тараған формасы. Мұның өзі оқушылардың еліміздегі және шет елдегі аса маңызды саяси оқиғалармен танысуына көмектеседі. Сонымен бірге ол ұлттық патриотизм сезімін, басқа елдердің халықтарына деген құрмет, өз елінің табыстары мен жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін тәрбиелеуге жағдай туғызады.
Саяси шолуға арналған хабарда бір-екі жұма ішінде біздің елміз бен шетелдерде болған оқиғалар туралы хабар беріледі, мысалы, бұл хабарды мынадай жоспар негізінде өткізуге болады:
Бір аптадағы әлемдегі саяси жағдайларға қысқаша сипаттама
Біздің еліміздегі, республикамыздағы ең маңызды, ең көрнекті табыстар, жаңалықтар туралы хабар
Халықаралық жағдайдағы негізгі оқиғалар туралы хабар
Шетелдердегіжастар өмірі туралы хабар
Қорытындылар
Тапсырмалар, кеңестер, ұсыныстар
Саяси хабарламалардан кейін оқушылардың альбом, плакаттар дайындап, кестелер жасағаны орынды. Газет-журналдардан алынған аса маңызды материалдарды қиынды түрінде сыныпқа, арнайы жасалған тақтайшаға іліп отыру орынды. Мұның бәрін кейінірек сабақ кезінде және бос уақыттарында, белгілі бір тәрбие сағатында пайдалануға болады.
Саяси хабарламаны ауызекі журнал, дөңгелек стол басынағы әңгіме, баспасөз маслихаты, саяси радио хабары секілді формаларда өткізуге болады.
Саяси хабарлама оқу жылының барысында ғана емес, сонымен бірге оқушылардың жазғы демалысы кезінде де, өндіріс бригадалары, жазғы еңбек тынығу лагерлерінде өткізіп отыру қажет.
Конференцияларды өткізу әдістемесі – бұл сынып сағатының бір формасы.
түрлері
л
оқырмандар
тақырыптық
баспа сөз
оирлорр
Оқырмандар конференциясы – мектеп оқушыларның оқудан тыс кездерінде қызықты әдеби-көркем шығармалары мен ғылыми-көпшілік әдебиеттерін оқуға деген ынтасын дамытудың аса маңызды тәрбие формасы.
Тақырыптық конференция – белгілі бір нақтылы тақырыпқа негізделе отыра, көкейкесті мәселелерді шешуге арналады. Оның ауқымы кең. Ондағы қаралатын мәселелер өмірдің кез келген саласына арналады.
Баспасөз конференциясы – сыныптан тыс тәрбие жұмысының бұл формасы оқушылар үшін өте ұнамды әрі қызықты болып келеді. Ол әрбір оқушыны сынып ұжымының алдында ғана емес, сонымен бірге бүкіл мектеп оқушыларының және ата-аналардың алдында өз пікірін білдііріп сөз саптауға дағдыландырады.
Мектепте өткізілетін конкурстар оқушылардың ой-өрісін, тапқырдығын, шеберлігін, қабілетін жетілдіру, шыңдай түсу мақсатын көздейді. Сондай-ақ оқушылардың конкурсқа қатысуы олардың жақсы мінез-құлықтарының қалыптасуына басталған істі тыңғылықты аяқтап шығуына, ұжымдық іске жауапкершілікпен қарауға септігін тигізеді. Нәтижесінде, ойлаған істің сәтті шығуына, оған белсене қатысуға мүмкіндік туғызады.
Конкурсты шығармашылық сипатта ұйымдастырып өткізуге, әсіресе оны қызықты, әсерлі, тартымды, әзіл-оспақ араластыра жүргізуге көңіл бөлген жөн.
Конкурсты түрлері әралуан: конкурс-ыикторина, конкурс-инценировка, мәнерлеп оқу, фото-сурет т.б.
Конкурсты өткізбес бұрын, конкурстың түрі анықталып, оған қатысушыларға қойылатын шарттар белгіленеді және соған сай кімдердің қатынасуы тиіс екендігі жайында алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіледі. Соған сәйкес хабарландыру ілініп, әділ қазылар алқасы тағайындалады. Залды безендіру, оның ұйымдастырудың үлгісін жасау жұмыстары атқарылады. Конкурсқа қатысамыз деген командалар, ұйымдастыру тобына алдын ала тапсырыс береді.
Конкурсты өткізу барысында, жүргізуші оның өту шартымен, әділ қазылар алқасы мүшелерімен таныстыру жұмыстарын хабарланудан бастайды. Содан кейін конкурсқа тапсырыс берген командаларды ортаға шақырып, оларды таныстырады. Конкурстың бағыты, формасына қатысты сұрақтар немесе тапсырмаларды командалардың орындауы, оның негізгі міндеті болып табылады. Конкурстың өту барысында әділ қазылар алқасы оның белгілі бір кезеңінде жоспарға сай сараптау, бағалау жұмыстарын жүргізеді. Соңында оның нәтижесі қортындылап, марапаттау рәсімі атқарылады.
Қабырға газеті – сыныптық және мектептік қабырға газеті қоғамдық ойдың күшін пайдалануға көмектеседі, қатысушылардың тәртібінің жетіспеушілігіне және олардың қымбаи саласының қалыптасуына әрекет жасайды.
