- •Беті, лор-мүшелері мен мойны жарақаттанғандарға медициналық эвакуация кезеңдерінде медициналық көмек ұйымдастыру.
- •4.1. Алғашқы медициналық көмек.
- •4.2. Дәрігерге дейінгі көмек.
- •4.3. Алғашқы дәрігерлік көмек.
- •4.4. Квалификациялы(білікті) хирургиялық көмек.
- •4.5. Арнайы хирургиялық көмек.
- •5 Тарау
- •5.1. Жақ сынықтарының уақытша иммобилизациялау әдістері.
- •5.2. От жарақатынан кейінгі жақ сынықтарының тұрақты (емдік) иммобилизациясының консервативті әдістері.
- •5.3. Жақтың отжарақаты сынықтарын оперативті бекіту әдістері. (остеосинтез).
- •5.3.1. Жоғарғы жақ остеосинтезі.
- •5.3.2. Жоғарғы жақты бассүйектің зақымдалмаған сүйектеріне бекіту (Адамс әдісі).
- •5.3.3 Жоғарғы жақты ғаныш қалпақшасы, тістік шендеуіштер және байламдар арқылы репозициялау және бекіту (Дингман әдісі)
- •5.3.4 Киршнер біздері арқылы иммобилизациялау.
- •5.3.5 Сынықтарды сүйекүсті металлды шағын табақшалар және бұранда шегемен бекіту.
- •5.3.5 Сынықтарды сүйек тігісі арқылы ажырату.
- •5.3.6 Төменгі жақ остеосинтезі
- •5.3.8. Сынықтарды сүйекті тігіспен бекіту
- •5.3.9. Металл шағын пластинкалар мен бұранда шеге көмегімен иммобилизациялау
- •5.3.10. Сынықтарды металл қапсырма арқылы алдын ала берілген қасиеттері бойынша бекіту.
- •5.3.11 Ауыз сыртылық аппараттардың жiктелуi
- •5.3.12. Сүйек сынықтарын статикалық аппараттар арқылы бекіту.
- •5.3.13 Компрессиялық-дистракциялық аппараттар көмегiмен остеосинтездеу
- •5.4. Төменгi жақ оқ жарақаттарын хирургиялық өңдеу.
- •5.5. Жоғары жақтың оқжарақатын хирургиялық өңдеу.
- •5.6. Реперативті регенерацияны дәрі-дәрмекпен коррекциясы
- •5.6.1. Жақтың репаративті процесін оптимизациялау
5.3.1. Жоғарғы жақ остеосинтезі.
Бұл екі жақты шеңдеуішке қарағанда дамыған,физиологиялық әдіс болып табылады. Төменгі жақ функциясы сақталады, асқорыту жүйесі шамалы азап шегеді, организмнің энергетикалық және пластикалық шығындары толық орнын толтырады, сыртқы демалу, сөйлеу, ауыз қуысы гигиенасы бұзылмайды. Жоғарғы жақ иммобилизациясы үшін ашық ошақты остеосинтез қолданылады-сүйектік тігіс пен шағын табақшалы бұрама шеге(сынықтардың барлық түрлерінде), жабық ошақты-Киршнер бізі(Лефор-3) және жабық ошақты емес остеосинтез-Дингман, Адамс, Вижнелла-Бийе әдістері, бізі бар ғаныштан жасалған бас киім(барлық түрлерінде) және Киршнер бізі(Лефор -3). Жоғарғы жақты бекітуді тек шағылған(отраженный)сынық түзілгенде ғана жасауға кіріседі. Себебі жоғары жылдамдықты оқпен жарақаттанғанда,жоғарғы жақ толығымен жыртылып,бұзылады. Жағдайға байланысты жергілікті немесе жалпы жансыздандыру қолданылады.Жергілікті жансыздандыруда өткізгіштік,инфильтрационды анестезия жасалынады. Науқасқа мұрынның төменгі жолы арқылы интубация жасап, наркоз істейді.
5.3.2. Жоғарғы жақты бассүйектің зақымдалмаған сүйектеріне бекіту (Адамс әдісі).
Жоғарағы жақтың ошақты емес жабықостеосинтезін 1942 ж. W.M. Adams ұсынды,қазіргі кезде әлемдегі танымал әдістің бірі. Көрсеткіші: сынықтары жеңіл бекітілетін жоғарғы жақтың кез келген сынықтары.
Адамс
әдісінің негізінде сынған жоғарғы
жақтың бассүйектің зақымдалмаған
сүйектеріне лигатурамен бекіту жатыр.
Жоғарғы жақтың Лефор 2,3 сынығында
бағаналы,инфильтрационды анестезия
немесе наркоз арқылы маңдай мен самай
өсінділерінен құралған бассүйектің
бұрыштағы терісін скальпельмен теседі.
Ұзын доға тәрізді иілген инені түзілген
жарадан өткізеді,бетсүйектің ішкі
беткейін ,ауыз қуысы кіреберісін тиіп
өтеді. Бұл хирург саусағымен қадағаланады.
Ине тесігі арқылы лигатураны ауыз
кіреберісіне өткізіп, соның қысқышымен
бекітеді, ол инені йод ерітіндісін
жаққаннан кейін жоғары сыртқа шығарады.
Бет сүйектің сыртқы беткейі, ауыз
кіреберісін тигізе отырып, инені сол
жарадан қайта өткізеді. Лигатураның
сыртқы шетін ине тесігінен өткізіп,
ауыздан шығарады. Бет сүйектің беткейі
мен лигатураның арасындағы тіндер
қысылып қалмау үшін лигатура шеттерін
аздап тартады. Тері жарасына бір тігіс
салады. Беттің басқа жағына дәл сол
отаны жасайды. (сур.
8.6, а).
Сур.
8.6. Лефор
1
(а)
и Лефор II
и
III
(б)
сынықтары кезінде Адамс
бойынша жоғарғы жақтың иммобилизациясы..
Жоғарғы жақтың Лефор 1сынығында бағаналы инфильтрационды анестезия немесе наркоз жасап,сүйекке дейінгі доға тәрізді ұзындығы 2см тілік жасайды,көз ұяның жоғарғы сыртқы бұрышы аймағында (бетсүйек-маңдай тігіс аймағында). Отадан кейінгі тыртықтың жасырылуы үшін науқастың қасын қырқып алады және тілікті шаштың өсу зонасының ішіне жасайды. Сүйекқапты қабыршақтың үстінде және маңдай сүйегінің көзұялық беткейінде қыртыстайды. Жараның ішінде сынық саңылауын анықтайды және сүйекте саңылаудан 1см жоғары ойық жасайды. Түзілген ойық арқылы лигатураның бір шетін өткізіп,оны көз ұясынан шығарады. Доға тәріздес ине арқылы лигатура шеттерін ауыстыра отырып,ауыз кіреберісіне өткізеді,инені бетсүйектің ішкі бетіне тигізеді. Бір шетін жоғарғы бірінші үлкен азу тіс аймағында,ал екінші шетін жоғарғы бірінші кіші азу тіс аймағына шығарады. Тері жарасын тігіп тастайды. Жоғарғы жақтың симметриялық емес сынығында (мысалы, бір жағынан Лефор 2,екінші жағынан Лефор 1) оның сынығын бір жағынан бетсүйекке, ал басқа жағынан-маңдай сүйегіне бекітеді.
Жоғарғы жақтың сол жақ Лефор 2 және оң жақ Лефор 1 сынықтары. Сол жағынан сым лигатура бетсүйек арқылы асыра лақтырылады, ал оң жағынан-маңдай сүйектің бетсүйек өсіндісіне бекітіледі. Лигатураның төменгі шеттері төменгі жақ шеңдеуішіне бекітілген. Жоғарғы жақтың репозициясынан кейін (ликворея тоқталады,тістем дұрысталады) лигатура шеттері бетсүйек альвеолярлы айдаршыққа (Чернятина Т. В., т.б., 1981),тіске салынатын сым шеңдеуіш-қапсырмаға, алмалы-салмалы тіс протезіне, тісқызылиектік, қызылиектік шеңдеуішке бекітіледі. Лигатураның шеттері шеңдеуішке немесе протезге екі жағынан екі нүктеде бекітіледі.
8.7.
сурет. Тік проекциядағы бассүйек
рентгенограммасы. Жоғарғы жақ сынығы.
Лефор ІІ сол жақты. Лефор І оң жақты.
У.М.Адамс нені ұсынбады. Көп жағдайда жоғарғы жақтың жылжуын дұрыстауға болады,бірақ бір жерлерде әлі де аздаған сүйек баспалдақтарын пальпациялайды; тістем жақсарады,бірақ толық дұрысталмайды Ол үшін төменгі жақты уақытша қолдануды ұсынады. Осы мақсатпен лигатура шеттерін уақытша бұрап, жоғарыға иілтіп, ілмек түзеді немесе лигатураның біреуіне бірнеше резеңке сақинанын кигізіп бұрайды. Дәл осыны басқа жағынан орындайды. Резеңке сақиналарды төменгі тістегі шеңдеуіштің ілмектеріне кигізеді. Осылайша,жоғарғы жақтың бассүйектік-төменгі жақтық репозициясын жасайды. (8.7.сурет) Бұл әдіс жоғарғы жақты орнына жылжыта және «қаға» (вколачивая)отыра жақсы нәтиже береді. Әдетте 2-3 тәуліктен кейін сүйек баспалдақтары жойылып,тістем қалпына келеді. Резеңке сақиналарды алып тастағаннан кейін жоғарғы жақтың аздаған қозғалғыштығы байқалады. Бірақ лигатура шеттерін босатып, жоғарғы жақ шеңдеуішке (немесе протезге) бекіту керек, әйтпесе, жоғарғы жақ төмен түсіп қалуы мүмкін.
8.8.сурет.
Бассүйектің алдыңғы жартылай аксиальды
проекциядағы рентгенограммасы. Жоғарғы
жақтың симметриялы емес сынығы. Адамс
және S-тірізді ілмектер арқылы
бассүйекті-төменгі жақты репозиция
жасалған.
Жоғарғы жақ Лефор 3 сынығында сынықты бекіту үшін мұрын кесіндісінің қабырғасын немесе алдыңғы мұрын сүйегін қолдануға болмайды, себебі, біріншіден, жақтың тек аса жылжып кеткен алдыңғы бөлімі ғана бекітіледі, екіншіден, жоғарыдан төмен жүретін лигатура үнемі қызылиекте жатады және бірнеше тәуліктен кейін оның астында шырышты қабатта, кейін сүйекте ойылған жер (пролежень) пайда болады. Кейде балық қабыршағына ұқсас жұқа сүйек табақшаларының секвестрациясы жүреді
